
- •2 Семестр практикалық тақырыпқа арналған тапсырмалар.
- •Тілдер туралы мағлұмат. Болымсыз етістік.
- •Тілдер туралы мағлұмат
- •1. Жақшаны ашып, сөз тіркесін құрастырыңыз. Орысшаға аударыңыз.
- •Белгілі түркітанушы-ғалымдар. А.Байтұрсынов. Болымсыз етістік.
- •Ахмет байтұрсынұлы
- •Ә.Қайдаров – түркітанушы-ғалым.
- •Ә.Қайдаров – түркітанушы-ғалым
- •Қазақстандағы білім беру жүйесі.
- •(Білім туралы). Салт етістік, сабақты етістік.
- •Білім де бәсекеге түседі.
- •1. Мәтінді мәнерлеп оқыңыз, сөздікті пайдаланыңыз.
- •2. Мәтін мазмұны бойынша сұрақ құрастырыңыз.
- •3. Мәтіннен сын есімдерді тауып жазып, сын есімнің шырайларын жасаңыз.
- •4. Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін мына кеңестерге назар аударыңыз. Сіз не қосар едіңіз?
- •1. Мәтінді мәнерлеп оқыңыз.
- •2. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
- •3. Курстасыңызбен денсаулықты сақтау жөніндегі ілімнің даму тарихы жайлы сұхбаттасыңыз.
Белгілі түркітанушы-ғалымдар. А.Байтұрсынов. Болымсыз етістік.
І. Сөйлемдерді аударыңыз. Болымсыз етістіктердің жасалу жолын түсіндіріңіз.
Өз үйін ұнатпаған адам өзі өскен жұртын ұнатпайды. Ал өзі өскен жұртын ұнатпаған адам өз елін, өз халқын сүйіп жарытпайды. Ал онсыз адамзатқа деген сүйіспеншіліктің болуы мүмкін емес (М.Ганди). Соғыста қорықпадым, түршікпедім деп тек ақымақ, мақтаншақтар айтады. Қорықпайтын пенде болмайды... Бұл жерде ең бастысы – сол қорқынышты жеңе білу. Егер өзіңді-өзің жеңбесе, жауды да жеңе алмайсың. Ол үшін намыс керек. Халқымның қасиетіне қара таңба бастырмаймын, елімнің еркіндігіне кісен салдырмаймын деген үлкен адамгершілік мағынадағы намыс болу қажет (Б.Момышұлы).
Ахмет байтұрсынұлы
Ахмет Байтұрсынұлы – Шоқан, Ыбырай, Абайдың ағартушылық істерін жалғастырушы, ірі ғалым-лингвист, түркітанушы, ақын, аудармашы, әдебиет жинаушы һәм зерттеуші, бірқатар оқулықтар мен оқу құралдарының авторы. Туған жері – бұрынғы Торғай уезінің Тосын болысы (қазіргі Қостанай облысының Жангелдин ауданындағы Ақкөл ауылы).
А.Байтұрсынұлы 1886-1891 жылдары Орынбордағы мұғалімдік мектепте, 1881-1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдік мектепте оқып білім алады.
Ол 1913-1917 жылдары «Қазақ» газетінде редактор болды. А.Байтұрсынұлы республика халық-ағарту комиссары, Бүкіл Ресейлік Орталық Атқару Комитетінің мүшесі, Қазақстан Академиялық Орталығының жетекшісі, Жоғары оқу орындарында профессор болды.
А.Байтұрсынұлы орыс әдебиеті үлгілерін пайдаланып, аударма жұмысымен айналысады. И.А.Крыловтың мысалдарын аударып, «Қырық мысал» деген атпен кітап етіп шығарды. А.Байтұрсынұлының Ташкентте 1926 жылы «Әдебиет танытқыш» деген кітабы жарыққа шықты.
Қазақтың классик жазушысы Мұхтар Әуезов: «Ахаң ашқан қазақ мектебі, Ахаң түрлеген ана тілі, Ахаң салған әдебиеттегі елшілдік ұраны – «Қырық мысал», «Маса», «Қазақ» газетінің қан жылаған қазақ баласының істеген еңбегі, өнер-білім, саясат жолындағы қажымаған қайраты, біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайтын істер болатын» деген еді. Бірақ зорлықпен, күшпен дегенін болдырып үйренген большевиктер бұл ақиқатты теріске шығарып, оның есімін де, еңбегін де тарихтан өшіруге тырысып бақты. Оны бар ғұмырын адал қызмет етуге арнаған туған халқына жау етіп көрсетіп, «халық жауы» деген жала жауып, атқызды, атын атағандарды қуғынға салды. Бәрібір олар мақсатына жете алмады. Ұлтын сүйген ұлтжанды Ахаң, Ахмет Байтұрсынұлы өз халқымен қайта табысты.
Қазір ҚР Ұлттық Академиясының Тіл білімі институты Ахмет Байтұрсынұлы атымен аталады. Алматыда Ахмет Байтұрсынұлы атында үлкен көше бар. Сол көшеде Ахмет Байтұрсынұлының мұражайы орналасқан. (А.Исанова. «Мәтіндер жинағы», Алматы, РБК, 2002 ж.).
І. Сұрақтарға жауап беріңіз:
1. А.Байтұрсынов қай жылдары өмір сүрген?
2. Ол қай жерде дүниеге келген?
3. Ол кімдердің ісін жалғастырушы?
4. А.Байтұрсынов қандай қызметтер атқарған?
5. И.Крыловтың қандай еңбегін аударған?
6. А.Байтұрсыновтың Ташкенттен қандай еңбегі жарық көрді?
Ә.Қайдаров – түркітанушы-ғалым.
ТҰЙЫҚ ЕТІСТІК.
І. Берілген тұйық етістіктерге көптік, септік, тәуелдік жалғауларын жалғап, олармен сөйлем құрастырыңыз: бару, келу, тыңдау, апару, әкелу, сөйлеу, беру, алу, білу, жазу, оқу, көру.
ІІ. Сөйлемдегі тұйық етістіктердің астын бір сызықпен, модальдық көрсеткіштерді екі сызықпен сызыңыз.
Дүниеде әркімнің бір қалағаны болады. Біреу үй салуды сүйсе, біреу өлең жазуды арман етсе, біреу ұшқыш болуды мәңгілік тілегі етеді. (І.Есенберлин). Қазақ күресінің дұрыс орындалғанына комиссия құрылуы қажет екенін айтты. Бұл – қашып кетудің айласы. – Міне, атты осылай тоқтату керек. Жер жүзіндегі елдердің палуанымен кездесуің де мүмкін. Ауырды көтеру үшін оның әдісін үйрену керек (Қ.Әбдіқадыров). - Әңгіме оның жығылу, жағуында емес. ...Палуандар тас көтеру, темір бұрау, кеудеге қойып тас сындыру, рельске мінгізіп кісі көтеру, тісімен тістеп арба тарту, шалқасынан жатып үстінен ат арба жүргізу сияқтыларды үйренді. Тілеген уақытында нұсқау беріп күрес өнерін үйретуді жетекші палуандарға тапсырды (Қ.Әбдіқадыров).