Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экзамен муг багыттары.docx
Скачиваний:
407
Добавлен:
11.02.2016
Размер:
74.15 Кб
Скачать

39. Оқу сапасын жақсарту мақсатында сабақта әңгімелесуді пайдалану әдістемесі

Мектепке дейінгі кездегі тілдің дамуына мынадай практикалық әдістер тән: еліктеу әдісі, сөйлесу (әңгімелесу) әдісі, қайталап айту әдісі, әңгімелеп беру (құрастыру) әдісі.

Сөйлесу (әңгімелесу) әдісі. Бала үшін орындауы анағұрлым қиыны онын тілін үйрету әдісі — сөйлеу әдісі, мұны қосымша сүрақ пен жауап әдісі, әңгімелесу әдісі деп те атайды. Әңгімелесу әдісі үйретушінің сұрауынан, ал үйренушінің жауап беруінен тұрады. Демек, олардың екеуі де сөйлейді, бірақ бір сөзді емес (еліктеу әдісіндегідей), әр түрлі сөздер сөйлейді: үйретуші өзінің сұрағымен баланың өзіне таныс сөздерді, дыбыстарды, грамматикалық формаларды немесе дәнекер тексті еске түсіруге және оны орнымен қолдануға итермелейді. Үш жасқа аяқ басқан балалардың сөйлеу органдарын жаттықтыру үшін дыбыстарды артикуляциялауда [ж] — [з] тәрбиеші сөйлесу әдісінің әр түрлі тәсілдерін пайдалана алады.

Құрастыру (әңгімелеп беру) әдісі. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілінде құрастыру (әңгімелеп беру) әдісіне кең дербестік беріледі. Оньң мәні мынада: балалардың ертегілерді өз бетінше «құрастыруын», олардың өз өмірлерінде кездескен нақты жағдайларды әңгімелеп беруін, көркем әдебиеттегі тақырыптарды араластырып айтуын, картинкаларды, нақты объектілерді — заттарды, хайуанаттарды, өсімдіктерді — суреттеуін тәрбиеші көтермелеп отырады.

40. Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз не?

Сыни тұрғыдан ойлау деген –әр жеке тұлғаның кез –келген жағдайдағы мәселені ойлап, зерттеп қорытып, өз ойын еркін ортаға жеткізе алуы.Сыни тұрғыдан ойлау, өзіндік, жеке ойлау болып табылады.Ол – өз алдына сұрақтар қойып және үнемі оларға жауап іздеу, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтау, әр мәселеге байланысты өз пікірін айту, оны дәлелдей алу, сонымен қатар басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыруды және сол дәлелдемелердің қисынын зерттеу дегенді білдіреді. Сыни тұрғыдан ойлау» технологиясы бойынша, үш кезеңнен тұратын модульдік сабақты пайдаланады: Шақыру (қызығушылықты ояту) Іске асыру (мағынаны ашу) ұғыну, мәнін түсіну Рефлексия (ой толғаныс)  сананың өзіне, өзінің психикалық күйіне назар аударуы.

Шақыру Оқып үйренушінің өткен білімі мен тәжірибесін өзекті ету;- Оқушылардың іс-әрекетін белсенді ету;- Оқу іс-әрекетіне уәж (негіздеме) қалыптастыру; - Оқу іс-әрекетінде оқып үйренушілердің жекелей мақсаттарын қою; Тәсілдері Кесте «Б–Б–Б» Кластер Сұрақтар, мәтіннен тауып жауап беруге болатын жауаптар тұжырымы Альтернативті тест (дұрыс немесе дұрыс емес пікірлер) Қажетті сөздер бойынша болжам Болжам (сурет, портреті бойынша) «Миға шабуыл»

Тәсілдері: INSERT – оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Ол бойынша оқушыға оқу, тақырыппен танысу барысында

V – “білемін”, ― - “мен үшін түсініксіз”, + - “мен үшін жаңа ақпарат”, ? – “мені таң қалдырады” белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады.

Рефлексия - Жаңа білімді беру; Пән туралы бүтіндей көрініс жасау; Мәселе өрісін кеңейту, оқу іс - әрекетінде жаңа мақсаттарды қою; Оқып үйренушінің пәндегі дамуын бағалау және өзін-өзі бағалау бойынша жұмысы;

Сыни тұрғыдан ойлай білетін адам сұрақтар қоя біледі: Мен не білемін? Мен жаңаша нені білдім? Менің білімім қалай өзгерді? Мен осы біліммен не істей аламын? Білуі қажет: алдын-ала сенімділік туғызу; білімдерін бір-біріне жеткізу; бұл мәселені шешуге осы білімдерінің әсер етуі;