Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лабы.doc
Скачиваний:
27
Добавлен:
09.02.2016
Размер:
1.03 Mб
Скачать

Зертханалық жұмыс №7.

Тақырыбы: «Цикл. For цикл операторы.»

Жұмыстың мақсаты: For цикл операторын пайдаланып бағдарлама құрып үйрену.

Теориялық бөлім:

Параметрлі қайталану For операторы.

For (цикл_инициализациясы; шарт; шартты белгілер жинағының тізімі) <цикл денесі>;

Цикл_инициализациясы – бұл үтір арқылы ажыратылатын анықтамалар мен шартты белгілер жиынының тізімі. Цикл_инициализациясына құрамына кіретін барлық шартты белгілер цикл ішінде тек бір рет қана есептеледі. Көбінесе мұнда цикл параметрлерінің бастапқымәндері орнатылады. Шарт – бұл while цикліндегі сияқты, яғыни егер параметр мәні 0-ге тең болса, онда циклдің орындалуы тоқталады. Шартты белгілер жиынының тізіміндегі формулалар цикл денесіндегі операторлар орындалып болғаннан кейін және келесі шарт тексерілгенге дейін есептеледі. Цикл денесі блок, жеке оператор, құрама оператор немесе бос оператор болуы мүмкін.

Мысал. 1, 2, ..., 15 сандары квадраттарының қосындысын есептеу программасын құру.

using System;

class Program

{

static void Main(string[] args)

{

int x,y;

int s = 0;

for (x = 1; x <= 15;x++)

{

y = x * x;

s += y;

Console.WriteLine("y=" + y);

}

Console.WriteLine("s="+ s);

}

}

: Тапсырмалар.

Нұсқа

Тапсырмалар

1

Берілгені: х[-10,10]. Табу керек: осы аралықтағы функциясының мәнін.

2

Табу керек:

3

1-ден 31-ге дейінгі аралықтағы 5-ке бөлінетін сандардың квадраттарының қосындысын табу керек.

4

Табу керек:

5

Берілген: х [-10,10] функциясының берілген аралықтағы мәндерін анықтаңыз.

Бақылау сұрақтары

  1. for цикл операторы қандай қызмет атқарады?

  2. while және for цикл операторларының бір бірінен айырмашылығы қандай?

  3. for цикл операторларының жалпы жазылу түрі қандай?

  4. for цикл операторында қадамды қалай көрсетеміз?

Зертханалық жұмыс №8.

Тақырыбы: «Бір өлшемді массивтер.»

Жұмыстың мақсаты: Бір өлшемді массивтерге бағдарлама құру.

Теориялық бөлім:

Егер бір типті өлшемдер тобымен жұмыс жасау керек болса, онда оларды жадта тізбектей орналастырып, оларға ортақ ат береді, ал оларды бі-бірінен реттік нөмірі арқылы ажыратады. Осындай тізбектелген бір типті өлшемдерді массивтер деп атайды. Массив элементтері нөмірленеді. Массивтің әрбір элементімен индексін көрсету арқылы жұмыс істеуге болады. Массивті кез келген басқа объектілер секілді мәліметтер сегментіндегі немесе стектегі сипаттау операторларының көмегімен, немесе жадтың динамикалық облысындағы жадты бөлу операцияларының көмегімен орналастыруға болады.

Бір өлшемді массивті сипаттау келесі түрде болады:

<тип>[ ] <объявители>;

int[ ] a,b,c;

int[ ] a=new int[5], b=new int[5], c=new int[5];

Массивті сипаттаған кезде, оның элементтеріне мәнді меншіктеуге болады, мысалы:

double [ ] x= {5.5, 6.6, 7.7};

Егер меншіктелетін мәндер массив элементтерінің санынан аз болса, онда қалған элементтерге нөлге айналады, егер мәндер көп болса – артық мәндер меншіктелмейді. Массив элементтері 0-ден бастап нөмірленеді. Біздің жағдайымыздағы массив элементтерінің нөмірі 0-ден 9-ға дейін.

Мысал. Әр түрлі 10 сан енгізіп, оң сандардың қосындысын, теріс сандардың нешеу екенін анықтау қажет.

using System;

class Program

{

static void Main(string[] args)

{

int s = 0;

int k=0;

int[] x ={ 1, 3, -5, 1, -2, 1, -1, 3, 8, 4 };

for (int i = 0; i < 10; i++)

{

if (x[i] > 0) s = s + x[i];

if (x[i] < 0) k++;

}

Console.WriteLine("s="+s+" "+"k="+k);

}

}

А(10) массив элементтерінің теріс сандарының ең үлкенін анықтайтын бағдарлама құру. Массив элементтері нақты сандар.

using System;

class Program

{

static void Main(string[] args)

{

double[] a =new double[10];

double max = a[0];

Console.WriteLine("Massiv elementterin engiziniz:");

for (int i = 0; i < 10; i++)

a[i] = Convert.ToDouble(Console.ReadLine());

for (int i = 0; i < 10; i++)

{

if (a[i] > 0 & a[i] > max) max = a[i];

}

Console.WriteLine("max="+max);

}

}