Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1237_4-1-.doc
Скачиваний:
144
Добавлен:
06.02.2016
Размер:
322.05 Кб
Скачать

9 Тақырып: Кешенді кәсіпкерлік лицензия мен

конкурстық міндеттемелер

ДӘРІС МАҚСАТЫ:

- студенттерді кешенді кәсіпкерлік лицензия мен конкурстық міндеттемелер анықтамасы,сипаттамасы, нысаны және мазмұнымен таныстыру;

- студенттерде кешенді кәсіпкерлік лицензия мен конкурстық міндеттемелер түрлері жөніндегі біліктілерін қалыптастыру.

СҰРАҚТАР:

  1. Кешенді кәсіпкерлік шартының анықтамасы, сипаттамасы, нысаны

мен элементтері. Шарттың мазмұны.

2. Конкурстық міндеттемелер анықтамасы мен түрлері.

1. Кешенді кәсіпкерлік шартының анықтамасы, сипаттамасы, нысаны мен элементтері. Шарттың мазмұны.

Кешенді кәсіпкерлік шарты (франчайзинг), Қазақстан Республикасы азаматтық құқығындағы шарттардың жаңа бір түріне жатады. Ресей азаматтық кодексында - ол коммерциялық концессия деп аталады. Онда тапсырма, комиссия және сақтау шарттарының элементтері бар. Шарт ұғымы ҚР АК-ның 896 бабында келесі түрде берілген: кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты бойынша, бірінші жақ (кешенді лицензиар) екінші жаққа (кешенді лицензиатқа) ақы үшін, айрықша құқықтар кешенін (лицензиялық кешенді): лицензиардың фирмалық атауын пайдалану құқығын, қорғалатын коммерциялық мәліметтерді және айрықша құқықтардың өзге де объектілерін (тауарлық белгісін, қызмет белгісін, патентін және т. б.), кәсіпкерлікте пайдалануға беруге міндеттенеді. Яғни бұл шарт кәсіпкерлік шарттарына жатады, сондықтан оның жақтары кәсіпкерлер ретінде тіркеуден өтуі қажет болады. Шарт консенсуалды, екі жақты, ақылы болады; шарт нысаны – жазбаша. Тәжірибеде франчайзинг шартының қолдану үлгісі – ол Қазақстандағы «ХЕRОХ», Макдональдс, Кодак, Донер және т.б. фирмалық атаулары бар кәсіпорындардың қызметі. Азаматтық кодекс пен қоса, қазірғі кезде, бұл шарт «Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) туралы» ҚР Заңымен реттеледі.

Лицензиар міндеті - лицензиатқа техникалық және коммерциялық құжаттарды беру; шартта көзделген мерзімде және көлемде өзге де мәліметтер беру; айрықша құқықтар кешенін жүзеге асыру мәселелеріне байланысты лицензиатқа кеңес беріп, оны оқыту болып табылады. Лицензиат міндеттері ҚР АК- 899 бабында көзделген және келесі болады - шартта көзделген әрекеттерді жүзеге асыру кезінде лицензиардың лицензиялық кешенін шартта көзделген түрде пайдалану; берілген айрықша құқықтардың дұрыс пайдаланылуын тексеру үшін лицензиарды өзінің ондірістік аумағына еңгізу; оған қажетті құжаттарды беру және қажетті мәліметтер алуға жәрдем беру; пайдалануға берілген айрықша құқықтарды пайдалану жағдайлары, тәсілдері мен мінездері жөніндегі лицензиардың берген нұсқауларын орындау; лицензиардың өндіріс құпияларын және одан алған өзге де құпия болып танылатын мәліметтерді жария етпеу; ол кешенді лицензиялық шарт негізінде фирмалық атауды, тауарлық белгіні, қызмет белгісін немесе өзге де дараландыру құралдарын қолданылатыны жөнінде сатып алушыны мәліметтендіру болады. Кешенді кәсіпкерлік лицензия шартында, лицензиар мен лицензиатты, шектейтін жағдайлар да көзделуі мүмкін. Тауарлар, жұмыстар немесе қызметтер сапасы жөнінде лицензиатқа қойылатын талаптар бойынша лицензиар бірлесіп қосымша жауап қайтарады.

  1. Конкурстық міндеттемелер. Сыйақыға жария үәде беру.

Аукцион. Тендер.

Бір жақты әрекеттерден туындайтын міндеттемелер, шарттардан емес, заңды болып танылатын бір жақты шарттық мәмілелерден туындайды. Сондықтан да, бұл міндеттемелер шарттық және шартсыз міндеттемелер арасына орналастырылған. Жаңа азаматтық заңдарда, олар конкурстық міндеттемелер деп аталады және сыйақыға жария үәде беру, аукцион мен тендер, ойындар мен бәс тігуден (АК 46 Тарауы). Бұл міндеттемелерді түсіну үшін, бір субъектімен жасаған мәміледен екінші жақта міндеттер мен құқықтар қандай жағдайда пайда болатынын, яғни бұл міндеттеме қалай пайда болатынын анықтау, өте маңызды болады. Бір жақты мәміле - өзі ғана емес, өзге де заңды тұлғалармен бірге міндеттемелік-құқықтық қатынастардың пайда болуына әкелдіреді.

Сыйақыға жария үәде беру (ҚР АК 911б.), қажетті мақсатқа жету үшін, бір талай тұлғалардың назарын тез арада тарту үшін қолданылады. Оның нәтижесі тиімді болуы мақсатында, оған жете алған тұлғаға немесе тұлғаларға сыйақыға жария үәде беру болады. Бірақта олардың барлығы заңды нәтижелерге әкелдіре бермейді. Ол үшін келесі талаптар орындалуы тиіс: ол жария болуы, яғни белгісіз тұлғаларға жасалуы; үәде берілген сыйақы мүліктік болуы қажет (ақша немесе жолдама); онда оның нәтижесіне нұскау жасалуы қажет; одан сыйды төлеуге үәде бергені көрініп туруы қажет. Үәде нысаны ауызша немесе жазбаша болуы мүмкін. Жақтары - бастамашы (ұйымдастырушы) және қатысушы (қатысушылар) деп аталады. Жақтардың құқықтары мен міндеттері, үәдеде аталған нәтижеге жеткенде ғана пайда болады. Сыйақы төлеу жөнінде үәде берген тұлға, хабарландыруда аталған әрекеттерді жасаған тұлғаға, сыйақысын төлеп беруге міндетті болады. Нәтижесі бірде бір және қайталанбастай болуы тиіс. Мысалы: жоғалған бір телефонды немесе итті, екі рет тауып алу мүмкін емес. Бірақта кей бір жағдайларда, сыйақы төлеуге үәде беру жөніндегі хабарландыруда, аталған әрекеттер бір неше тұлғалармен жасалуы мүмкін. Бұл жағдайда сыйақы алу құқығы бірінші болғанда ғана пайда болады. Оның біріншісін анықтау мүмкін болмаса, сый барлығына тең бөлінеді. ҚР АК 913 бабында сыйақыға жария үәде беру туралы ережелер бойынша лотерея, тотализатор және өзге де ойындар өткізіу көзделеді. Бұл әрекет тиісті лицензия болғңанда ғана жасалады. Шарттың жасалуы - билет, квитанция немесе өзге құжат берумен рәсімделеді. Жеңіске жеткен тұлғаға, шарт жағдайларында көзделген мерзімде, мөлшерде және нысанда сыйақы төленуі қажет. Аталған құқықтар бұзылған жағдайда, сотта қорғалады.

Тендер немесе аукцион түрінде өткізілетін сауда жария, конкурстық болады. Олардың нәтижесінде, ұйымдастырушылар тиімді ұсынысжасағанжармен, тиісті шартқа отыруға міндеттенеді. Аукционда, тендерге қарағанда, ең жоғары баға берген тұлға женеді (ҚР АК 915, 916 б., б.). Егер оларға екіден кем тұлға қатысқан болса, немесе өзге негіздер бойынша аукцион және тендер өткізілмеген болып табылады.

Бақылау сұрақтары:

- Кешенді кәсіпкерлік шарты.

  • Конкурстық міндеттемелер.

  • Сыйақыға жария үәде беру.

  • Тендер немесе аукцион түрінде өткізілетін сауда.

Әдебиеттер тізімі: Жұмыс бағдарламасында келесі номерлерде берілген: 2, 3, 4, 5, 7, 9, 14, 15.