Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Прокуратура / namefix-2

.docx
Скачиваний:
15
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
43.36 Кб
Скачать

Аталмыш актілер мен құжаттарды орындау тәртібі «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» ҚР Заңымен реттеледі. Сонымен қатар, атқарушылық іс жүргізудегі құқықтық қатынастар кешені басқа да заңнамалық актілермен реттеледі. Мысалы, АІЖК, «Банктер және банктік қызмет туралы», «Төлемдер және ақша аударулар туралы» заңдарымен, ал кейбір санаттағы атқарушылық құжаттардың орындалу тәртібі заңға бағынысты актілермен реттеледі.

«Атқарушылық іс жүргізу туралы және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңның 9-бабына сәйкес атқарушылық құжаттар қатарына келесі құжаттар кіреді: 1) сот актiлерiнiң негiзiнде берiлетiн атқарушылық парақтар; 2) ҚР-ның азаматтық iс жүргiзу заңнамасына сәйкес берiлетiн сот бұйрықтары; 3) ҚР-ның аумағында халықаралық, шетелдiк соттардың және төрелiк соттардың шешiмдерiн мәжбүрлеп орындату туралы сот актiлерiнiң негiзiнде берiлетiн атқарушылық парақтар; 4) аралық соттардың шешiмдерiн мәжбүрлеп орындату туралы соттың ұйғарымы негiзiнде берiлетiн атқарушылық парақтар; 5) ҚР ӘҚбТК-де көзделген жағдайларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша шығарылған сот қаулылары; 6) ҚР-ның ӘҚбТК-де көзделген жағдайларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi органның (лауазымды тұлғаның) қаулылары; 7) талаптарын мәжбүрлеп орындату туралы прокурордың қаулылары; 8) атқару санкциясын өндіріп алу туралы сот орындаушысының қаулылары; 9) сот орындаушысының атқарушылық іс-әрекеттер жасау кезінде келтірілген шығыстарды өтеу туралы қаулысы; 10) жеке сот орындаушысының өзінің қызмет ақысының сомасын бекіту туралы қаулысы.

Осы Заңның 7-бабына сәйкес аталмыш атқарушылық құжаттарды орындау сот орындаушыларына жүктеледi. Аталмыш тұлғалар мемлекеттік және жеке сот орындаушылары болып жіктеледі. Олардың қызметін үйлестіруші уәкілетті мемлекеттік орган – ҚР Әділет министрлігі және оның жергілікті (аумақтық) бөлімшелері. Жеке сот орындаушылары өз қызметін дербес жүзеге асырады, олардың қызметін жеке сот орындаушылары палаталары ұйымдастырады.

Заңмен көзделген жағдайларда атқарушылық құжаттарды орындау ішкі істер органдары және өзге де мемлекеттік органдар қызметкерлерінің жәрдемдесуімен жүзеге асырылады

Атқарушылық іс жүргізудің тараптары ретінде өндіріп алушы және борышкер бола алады.

Аталмыш бағыттағы прокурорлық қадағалаудың пәні ретінде атқарушылық іс жүргізу органдарының жоғарыда айтылған істер бойынша құжаттар мен сот актілерінің орындауына бағытталған қызметі.

Бұл бағыттағы прокурордың қызметі әртүрлі және өзіне сот орындаушыларының қызметінде заңдылықтың сақталуын қадағалаумен қатар, атқарушылық құжаттарды орындау сатысындағы шығарылған сот актілерінің заңдылығын қадағалау қамтиды, оның ішінде сот орындаушыларының әрекеттері мен актілерін даулау туралы істер бойынша, сондай-ақ банкрот деп танылған кәсіпорындардың банкроттық іс жүргізу сатысындағы шығарылған сот актілері де бар.

Атқарушылық іс жүргізудің бұл бағытындағы прокурорлық қадағалаудың басымдықтары Бас Прокурордың 2010 жылғы 28 желтоқсандағы №88 бұйрығымен бекітілген Атқарушылық іс жүргізудің заңдылығын прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру бойынша нұсқаулығының 4-тармағында айтылған.

Атап айтқанда, олар:

      1) атқарушылық іс жүргізуде денсаулық жағдайына немесе жасына байланысты өзін дербес қорғай алмайтын жеке тұлғалардың конституциялық құқықтары мен мүдделерін және мемлекеттің мүддесін сақталуын қадағалау;

      2) атқарушылық құжаттардың орындалуы бойынша үәкілетті органның, оның аумақтық органдарының және олардың лауазымды тұлғаларының атқарушылық іс жүргізу туралы заңнаманы нақты және біркелкі қолдануын қадағалау;

3) атқарушылық құжаттардың орындалуы бойынша үәкілетті органның, оның аумақтық органдарының және олардың лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) дау айту, атқарушылық іс жүргізу саласындағы басқа да істер, оның ішінде сотпен банкрот деп танылған ұйымдардың конкурстық өндірісі шеңберіндегі істер бойынша сот актілерінің заңдылығын қадағалау. Прокурор атқарушылық құжаттардың орындалуы бойынша үәкілетті органның, оның аумақтық органдарының және олардың лауазымды тұлғаларының, жеке сот орындаушыларының актілері мен әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) заңдылығын тексеруді атқарушылық іс жүргізу құжаттарын зерделеу, тікелей атқарушылық құжаттардың орындалуы бойынша үәкілетті органда және оның аумақтық бөлімшелерінде, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдарда тексеру жүргізу арқылы жүзеге асырады.

Аумақтық прокурорлар өзінің орналасқан жерінде, осы Нұсқаулықпен атқарушылық құжаттардың орындалуы бойынша үәкілетті органның аумақтық бөлімшелері орналасқан жердегі арнайы прокурорлардың қарауына жататын санаттарды қоспағанда, барлық атқарушылық құжаттар бойынша аумақтық бөлімшелерінде және жеке сот орындаушыларының атқарушылық іс жүргізу заңдылығына қадағалауды қамтамасыз етеді.

      Арнайы мамандандырылған әскери прокурорлар орналасқан жері бойынша:

қылмыстық (мүліктік өндіріп алу бөлігінде), азаматтық істер бойынша әскери соттармен шығарылған;

әскери прокурорлардың, Қарулы күштер ұйымдарының, басқа да әскерлердің немесе әскери құралымдардың бастамасы бойынша не олардың қатысуымен қаралған қылмыстық (мүліктік өндіріп алу бөлігінде), азаматтық және әкімшілік істер бойынша өзге де соттармен шығарылған атқарушылық іс жүргізу құжаттары бойынша, - атқарушылық құжаттардың орындалуы бойынша үәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды тұлғаларының, жеке сот орындаушыларының актілерінің, әрекетінің (әрекетсіздігінің) заңдылығына қадағалауды қамтамасыз етеді.

      Арнайы мамандандырылған көлік прокурорлары өздерінің орналасқан жері бойынша атқарушылық құжаттардың орындалуы бойынша үәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды тұлғаларының, жеке сот орындаушыларының актілерінің, әрекетінің (әрекетсіздігінің) заңдылығына, сотпен атқарушылық құжаттары жазылған төмендегі:

көлік прокуратуралармен қозғалған (мүліктік өндіріп алу бөлігінде) немесе соттармен олардың қатысуымен қаралған;

сотқа дейінгі тергеп-тексеру көліктегі ішкі істер органдарымен жүргізілген қылмыстық істер бойынша;

даудың мәні көлік инфрақұрылымының объектісі немесе тараптың бірі ретінде темір жол, автокөлік (жолаушыларды, жүктерді және багаждарды халықаралық автомобильдік тасымалдау бөлігінде), теңіз, ішкі сулар, әуе, қалалық рельстік және магистральдық көлік құбыры, космос жүйесі ұйымдары;

аталған нысандар мен субъектілерге өздерінің өкілеттігін іске асыратын мемлекеттік органдар және көлік прокуратурасы болып табылатын, жергілікті және арнайы мамандандырылған экономикалық соттармен қаралған азаматтық істер бойынша;

әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуі көлік прокурорларының немесе темір жол, автокөлік (жолаушыларды, жүктерді және багаждарды халықаралық автомобильдік тасымалдау бөлігінде), теңіз, ішкі сулар, әуе, қалалық рельстік және магистральдық көлік құбыры, космос жүйесі ұйымдарына қатысты өкілеттіктерін іске асыратын уәкілетті органдардың бастамасы бойынша қозғалған, жергілікті және арнайы мамандандырылған әкімшілік соттарда қаралған әкімшілік істер бойынша, - қадағалауды қамтамасыз етеді.

      Арнайы мамандандырылған табиғатты қорғау прокурорлары өздерінің орналасқан жері бойынша табиғатты қорғау прокурорының бастамасы бойынша қозғалған не олардың қатысуымен қараған қылмыстық (мүліктік өндіріп алу бөлігінде), азаматтық және әкімшілік істер бойынша сотпен шығарылған атқарушылық құжаттар бойынша атқарушылық құжаттардың орындалуы бойынша үәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды тұлғаларының актілерінің, әрекетінің (әрекетсіздігінің) заңдылығына қадағалау жүргізуді қамтамасыз етеді.

      Прокурордың талап қоюы (арызы) негізінде берілген атқарушылық құжаттың орындалу заңдылығына қадағалауды оның орындалу орны бойынша прокуратура жүзеге асырады, ал осы жұмыстың үйлестірілуі және бақылауы (есепке алынуы), орындалу орнына қарамастан (атқарушылық іс жүргізудің заңдылығына қадағалауды жүзеге асыратын прокуратура органдарының бөлімшесімен не қызметкерімен), осы талап қоюды (арызды) ұсынған прокуратурамен қамтамасыз етіледі.

      Қадағалау қызметі барысында мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының, жеке және заңды тұлғалардың тарапынан заң бұзушылықтарды анықтаған жағдайда, осы тармақта көрсетілген прокурорлар, оларды, сондай-ақ, заңды бұзуға әкеп соққан себептер мен жағдайларды жоюға және кінәлі тұлғаларды заңда көзделген жауапкершілікке тарту туралы шаралар қолданады.

Осы қарастырылып отырған салада прокурорлар келесі жағдайларда азаматтық процеске түседі және істер бойынша қорытынды береді:

1) прокурордың арызы немесе прокурорлық қадағалаудың басқа да актісі бойынша шығарылған сот актісінің негізінде қозғалған атқарушылық іс жүргізу бойынша атқарушылық әрекеттерге дау айтылғанда;

2) атқарушылық іс жүргізудің бір жағы денсаулық жағдайына немесе жасына байланысты өзінің құқықтары мен заңды мүддесін дербес қорғай алмайтын жеке тұлға немесе мемлекеттік мекеме болғанда;

3) өндіріп алушымен немесе борышкермен, сонымен қатар, үшінші тұлғалармен және прокурормен атқарушылық іс жүргізу органдарының және олардың лауазымды тұлғаларының актілері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) дау айтылғанда.

Прокурорлар апелляциялық, кассациялық тәртіпте атқарушылық іс жүргізу немесе азаматтық және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша сот шешімін, қаулысын орындау және сотпен банкрот деп танылған ұйымдардың конкурстық өндірісі барысындағы шығарылған заңға сәйкес келмейтін сот актілеріне наразылық келтіреді.

Прокурорлар сапалы және заңда белгіленген мерзімде жеке және заңды тұлғалардың ҚР Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау департаментінің (бұдан әрі - САОД), оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды тұлғаларының, мемлекеттік және жеке сот орындаушыларының әрекеттері (әрекетсіздігі) мен актілеріне және атқарушылық іс жүргізу саласындағы сот актілеріне қатысты өтініштерін қарап, шешеді.

     Өтініш атқарушылық іс жүргізу, ал қажет болғанда азаматтық, қылмыстық, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді талап етумен шешіледі.

Атқарушылық құжаттың заңда белгіленген орындау мерзімі аяқталмаған атқарушылық іс жүргізулер прокуратураға келіп түскен кезден бастап үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде зерттеліп, кері қайтарылуға тиіс.

Прокурор атқарушылық іс жүргізуді зерттеу кезінде сот орындаушымен атқарушылық әрекеттерінің, мемлекеттік бажды, атқарушылық санкцияны бюджетке өтеп алу шараларының, әрекеттерінде ҚР ӘҚбТК-нің 669-бабында және 33-тарауының өзге де нормаларында көзделген құқық бұзушылықтар белгілері көрінетін борышкерге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің қозғалуының, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастау мәселесін шешу үшін қылмыстық қудалау органдарына сот шешімін орындамайтын тұлғаларға қатысты материалдарды тапсырудың заңдылығын, уақтылығын және толықтығын тексереді.

Атқарушылық құжатының орындалу мерзімі аяқталмаған атқарушылық іс жүргізу бойынша өндіріп алушының немесе борышкердің құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделеріне едәуір зиян келтірілуі мүмкіндігіне әкеліп соғатын анық заң бұзушылықтары және атқарушылық әрекеттердің толық емес екендігі анықталғанда, мемлекеттік сот орындаушысына немесе сот орындаушыларының аумақтық бөлімінің жетекшесіне прокурор өз құзіретінің шеңберінде заң бұзушылықты жою туралы, ал қажеті болған жағдайда, нақты атқарушылық әрекеттер жасау туралы ұйғарым енгізеді.

    Мемлекеттік немесе жеке сот орындаушысы заңсыз қаулы шығарған жағдайда прокурор өз құзыретінің шеңберінде тиісінше сот орындаушыларының аумақтық бөлімінің жетекшісіне, жеке сот орындаушысына оны бұзу туралы талаппен наразылық келтіреді. Атқарушылық іс жүргізу заңсыз тоқтатылған жағдайда наразылықта оны тез арада қайта жаңғыртып, атқарушылық құжатын орындауға шара қолдану туралы мәселе қойылады.       Заңның бір рет өрескел немесе жүйелі түрде бұзылуын анықтаған жағдайда прокурор өз құзыретінің шеңберінде аумақтық әділет органдарына немесе атқарушылық құжаттардың орындалуы бойынша үәкілетті органның аумақтық бөлімшелесінің басшысына, жеке сот орындаушыларының аумақтық палатасына тиісінше мемлекеттік немесе жеке сот орындаушысымен жіберген заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұсыныс енгізеді.

      Мемлекеттік сот орындаушысының, атқарушылық іс жүргізу органының басқа да лауазымды тұлғасының немесе жеке сот орындаушысының тарапынан анық және дөрекі заң бұзушылық анықталған жағдайда прокурор өз құзыретінің шеңберінде кінәлі тұлғаны тәртіптік немесе заңда көзделген басқа да жауапкершілікке тартуға бағытталған шаралар қолданады.

Прокурорлар прокурорлардың талап қоюлары бойынша мемлекет кірісіне, денсаулық жағдайына немесе жасына байланысты өздерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды дербес жүзеге асыра алмайтын адамдардың пайдасына ақшалай және өзге де өндіріп алулар туралы атқарушылық құжаттар бойынша жекелеген негіздемелерге сәйкес республикалық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және бұдан әрі пайдалану жұмысын ұйымдастыру бойынша уәкілетті органның, оның бөлімшелерінің және басқа да мамандандырылған ұйымдардың қызметінде заңдылықтың сақталуын тексереді.

Соседние файлы в папке Прокуратура