
- •Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі
- •Қазақ гуманитарлық заң университеті
- •Экономика, бизнес және әлеуметтік ғылымдар жоғары мектебі
- •Гуманитарлық және жаратылыстану пәндері кафедрасы
- •Дәріс, семинар, практикалық, тәжірбиелік сабақтардың тақырыптық жоспарлары (тәжірбиелік жұмыстар) Модуль атауы: Қазақстан тарихы. Қазақстанның экономикалық дамуы
- •Соөж және сөж тапсырмаларын орындаудың тақырыптық жоспарлары
- •Әдебиеттер тізімі
- •Қосымша
- •Глоссарий
- •Білімдер бағалау жалпы шкаласы
- •Студенттердің білімін тексеру өлшемдері
- •Студенттер тарапынан түскен шағымның рәсімделуі.
- •Карта учебно-методической обеспеченности дисциплины
- •Дәріс сабақтарының курсы
- •№ 6 Дәріс. Қазақстан монғол жаулаушылығы дәуірінде (XIII ғасыр)
- •Монғолдардың Қазақстан территориясын жаулап алуы. Ұлыстық жүйенің қалыптасуы.
- •Ұлық-Ұлыс және Ақ-Орда тарихы.
- •Монғолдардың Қазақстан территориясын жаулап алуы. Ұлыстық жүйенің қалыптасуы.
- •Ұлық-Ұлыс және Ақ-Орда тарихы. Қазақстан территориясын монғолдардың жаулап алуы. Ұлыстардың қалыптасуы.
- •XVI ғасырда Қазақ хандығының нығаюы мен дамуы.
- •XVII-ші ғасыр мен XVIII басындағы Қазақ хандығының саяси тарихы.
- •XVIII ғасырдың аяғындағы Ресейдің қазақ жеріне жүргізген әскери-саяси жүйесі.
- •1822 Және 1824 жылдардағы Жарғылар.
- •XVIII-ші ғасыр мен XIX ғасырдың іі жартысындағы әскери-казактары мен шаруаларының Қазақстан жерлерін отарлауы.
- •Қазақстанның саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуы.
- •1886, 1891 Жж. Реформалар. Қазақстан территориясына алғаш қоныс аударушылар
- •XIX ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстан Экономикасы.
- •XIX ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстан мәдениеті.
- •Тесты к теме № 12
- •13 Дәріс. Хх ғ. Басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуы.
- •1916 Жылғы Ұлт-азаттық қозғалыс.
- •1917 Жылғы революция қарсаңындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдай.
- •1916 Жылғы ұлт-азаттық көтеріліс.
- •Тесты к теме № 13
- •№ 14 Дәріс. Қазақстанда кеңес билігінің орнауы
- •1917 Ж. Қазан төнкерісі және кеңес билігінің орнатылуы.
- •1917-1918 Жж. «Алаш» және «Үш жүз » партиялары.
- •Тесты к теме № 14
- •Жоспар:
- •1946-1964 Жылдардағы Қазақстанның экономикалық дамуы. Тың игеру жылдары.
- •1946-1964 Жылдардағы саяси жағдай.
- •Семинар №1 Семинар сабағының тақырыбы Қазақстан тарихына кіріспе
- •Семинар № 2 Семинар сабағының тақырыбы
- •Семинар № 3 Семинар сабағының тақырыбы
- •3.5.Түркі мәдениеті
- •Семинар № 4 Семинар сабағының тақырыбы
- •Семинар № 5 Семинар сабағының тақырыбы
- •Семинар № 6 Семинар сабағының тақырыбы
- •Семинар № 7 Семинар сабағының тақырыбы
- •Семинар № 8 Семинар сабағының тақырыбы
- •XiXғ. 22-24, 60-90 жылдардағы реформалар Отарлаудың аяқталуы.
- •Семинар № 9 Семинар сабағының тақырыбы
- •XiXғ. II жартысындағы Қазақстандағы экономикалық жағдай. Капиталистік қатынастардың дамуы.
- •Семинар № 10 Семинар сабағының тақырыбы
- •10.3. Алаш-Орда автономиясы тарихы
- •Семинар № 11 Семинар сабағының тақырыбы
- •Семинар № 12 Семинар сабағының тақырыбы Қазақстандағы бұқаралық Қуғын-сүргін
- •Семинар № 13 Семинар сабағының тақырыбы
- •Семинар № 14 Семинар сабағының тақырыбы
- •1965-1991 Жж. Қазақстан. Қайта құру жылдарындағы қазақстан.
- •Семинар № 15 Семинар сабағының тақырыбы
- •1991-2007Жж. Тәуелсіз Қазақстанның тарихы
- •Гуманитарлық және жаратылыстану бағытындағы пәндерді өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулық
- •1.2. Білімді бақылауға арналған материалдар
- •1.3. Дәріс сабақтары бойынша әдістемелік нұсқаулық
- •1.4. Семинар, сөож сабақтары бойынша және сөж тапсырмаларын орындау жөніндегі әдістемелік нұсқаулық
- •Гуманитарлық және жаратылыстану пәндер кафедрасында қолданылатын дәстүрлі әдістерге жалпы шолу
- •Оқытудың инновациялық-техникалық құралдарын қолданылуына шолу
- •Назарларыңызға рақмет!
Гуманитарлық және жаратылыстану бағытындағы пәндерді өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулық
Аудиторияға және аудиториядан тыс жұмыстарға арналған материалдар
Гуманитарлық және жаратылыстану пәндері кафедрасының пәндері бойынша аудиторияға арналған материалдық жұмыстар барлық сабақтар кредиттік жүйеге сәйкес оқытудың дәстүрлі және интерактивті үлгісін ескере отырып дайындалған. Пәндер бойынша әртүрлі сабақ түрін өткізу және рейтинг тапсырмаларын орындау сабақтары уақытпен белгіленуі тиіс.
Дәрістердің қысқаша курсы (тезистер) оқу бағдарламасының материалдарынан (силлабусс), яғни мазмұны жағынан тиімді көлеммен және керекті ақпараттардан құралған, жалпы алғанда жүргізіліп отырған пән бойынша барлық мәліметті қамтамасыз етеді. Дәріс курсының мазмұнында қазіргі заман ғылымының жетістіктері мен ғылымның даму болашағы жөнінде қарастырылуы міндетті.
Семинар (практикалық) сабақтарын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулықтарды орындау барысында, кафедраның пәндері бойынша зертханалық және әртүрлі үлестіріліп берілетін материалдар қосымша дайындау қарастырылған, практикалық және семинар сабақтарына арналған материалдар дәріс курсының материалдарын бекітіп және қайталауға арналған, сонымен қатар пәннің кейбір бөлімдері бойынша дәріс курсында қарастырылмаған тақырып бойынша білімін толықтыруға арналған.
Кредиттік жүйе бойынша студенттің өзіндік жұмысы екі түрге бөлінеді: (СӨОЖ) – оқытушының басшылығымен оқытылатын аудиториялық жұмыс, аталған сабақ оқытушының сабақ кестесінде белгіленген және педагогикалық жүктемесінде енгізілген, СӨЖ – студенттің өзіндік жұмысы, яғни аудиториядан тыс студенттің кітапханадағы және ғаламтор торабындағы тәжірибелік жұмысы. Өзіндік жұмыс – студенттің терең және сапалы білім алуына және білім сапасын арттырудағы маңызды фактор болып табылады.
Студенттердің өзіндік жұмысына арналған материалдарының мазмұны мемлекеттік типтік оқу жоспарынан құралған. Өзіндік жұмысқа (СӨОЖ), (СӨЖ) арналған сұрақтар оқытылатын курстың мақмұнын толықтырып, тереңдетіп отыруы қажет. Тапсырмалар тақырыптардың негізгі сұрақтарынан құралуы тиіс.
Тапсырмалардың түрі мен мазмұны пәндердің ерекшелігін және күрделілігін ескере отырып, сонымен қатар ОӘК дайындаушы-оқытушының жеке авторлық көзқарасымен дайындалады. Өзіндік жұмысқа арналған материалдар кафедраның шешімімен талқыланып, бекітіледі.
Тапсырмалардың сандық есебі кредиттік технология бойынша ПОҚ педагогикалық жүктемесіндегі сағат санымен сәйкестендіріліп ЖОО Ғылыми кеңесімен, сонымен қатар пәндерді оқытуға бөлінген кредит санын ескере отырып әзірленген.
1.2. Білімді бақылауға арналған материалдар
Студенттердің білімін бақылауға арналған материалдар бірыңғай білімді бақылау ережелері мен қағидаларына сәйкестендірліп дайындалады. Ағымдық бақылауға арналған тапсырмаларды СӨОЖ сабақ аясында ауызша немесе жазбаша сұрақ түрінде және тест түрінде алуға болады.
Емтихан материалдары (ауызша сұрақтар, тесттер) пән бойынша типтік оқу бағдарламасына және СӨЖ тапсырмаларының материалдарына сәйкестендіріліп дайындалуы тиіс. Емтихан материалдарын дәріс оқытушысы дайындайды, дайындалған материалдар кафедраның құрамымен талқыланып, бекітіледі.
ОӘК студенттерге қажетті әдебиеттер тізімі көрсетіледі (негізгі және қосымша), осы әдебиеттер бойынша студенттер ағымдағы және қорытынды бақылау жұмыстарының сұрақтарына дайындалады, сонымен қатар СӨЖ тапсырмаларын орындау үшін беріледі. Студенттердің пән бойынша сабақтың барлық түрінен дайындалуға бағытты және тапсырмаларының мазмұнын қазіргі ғылыми және әдістемелік деңгейдегі әдебиеттермен дайындалу үшін, әдебиеттер тізімі ұсынылады.