Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Прокуратура туралыword.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
72.95 Кб
Скачать

12 Тарау Прокуратураны ұйымдастыру мен оның қызметiнiң өзге де мәселелерi

     

56-бап. Прокуратура органдарын қаржыландыру

      Қазақстан Республикасының прокуратура органдарын қаржыландыру бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

Ескерту. 56-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2004.12.20 №13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енеді) Заңымен.

       

57-бап. Мөр мен куәлiктер

      1. Республиканың Бас Прокурорына, оның орынбасарларына белгiленген үлгiдегi куәлiктi Республика Президентi бередi.

      2. Республиканың Бас Прокуроры, комитет төрағасы, облыстардың прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлар қарауындағы қызметкерлерге белгiленген үлгiдегi куәлiктердi бередi.

      3. Республика Бас прокуратурасының және оған бағынысты прокуратуралардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген әрi қазақ және орыс тiлдерiнде өз атауы жазылған мөрлерi, Қазақстан Республикасының банк мекемелерiнде тиiстi шоттары болады. Ескерту. 57-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.12.29 №374-IV (алғашқы ресми жарияланғаны нан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      58-бап. Осы Заңның күшiне ену тәртiбi

      Осы Заң жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

      59-бап. Осы Заңды iске асыру жөнiндегi шаралар

      1. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мыналарды әзiрлеп, Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына:       1) Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында қызмет өткеру тәртiбi туралы Ереженi;       2) прокуратура органдарының қызметкерлерi Антының мәтiнiн ұсынсын.       2. "Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы" 1992 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 5, 104-құжат; 1993 ж., N 8, 179-құжат; 1994 ж., N 9-10, 148-құжат, 158-құжат; 1995 ж., N 3-4, 34-құжат) күшi жойылған деп танылсын.

      Қазақстан Республикасының       Президентi