Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекции каз по эко.doc
Скачиваний:
43
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
220.67 Кб
Скачать

Глоссарий

Экология- адамның тіршілік ортасы мен онымен қарым- қатынастары, табиғат және қоғам туралы ғылым.

Адам экологиясы- адам мен оны қоршаған ортасының жеке, табиғаттың экономикалық, әлеуметтік қарым- қатынастарының ғылыми негіздегі заңдылықтарын зерттейтін кешенді дисциплина.

Қоршаған орта- адамды қоршап тұрған және оның өмір сүруіне объективті әсер ете алатын, оның түрлі қажеттілігін (биологиялық, мәдени және басқадай) қанағаттандыра алатын объектілер бірлестігі.

Табиғи қоршаған орта- адамның өмір сүру іс- әрекетіне және оның қажеттілігін қанағаттандыратын, тірі және өлі табиғат объектілерінің, өзін қоршаған ортасының бөліктері.

Вернадский В.И. – XX ғасырдың 20- жылдарында биосфера туралы тамаша ілім қалыптастырған орыстың (совет) белгілі геологы.

Биосфера- Жер қабатының «тірі денелер», сондай- ақ «денелер» сияқты ұғымдарды ұстап тұратын бөлігі.

Геосфера- Жердің тірі емес бөліктері атмосфераны, гидросфераны және литосфераны біріктіретін географиялық бөлігі.

Биогеоценоз- тірі ағзалар мен қоршаған ортадағы өлі компаненттердің белгілі бір географиялық территорияда өзара байланыстағы, ішінде біртекті және табиғи шектеулі биосфераның ең кіші құрылымдық бірлігі.

Биоценоз- белгілі территориядағы немесе акваториялардағы түрлердің түрлі (жануарлардың, өсімдіктердің, микроорганизмдердің) дараларының өзара және қоршаған ортамен байланысып жатқан бірлестігі.

Экожүйе- бір-бірімен заңдылықты қарым-қатынаста болшатын, зат алмасу мен энергия мөлшерінің таралуымен байланысты, тіршілік ортасындағы әртүрлі ағзалардың және өмір сүру талаптарының бірлестігі.

1.9. Постреквизиттері (оқытылатын біліміне қолданатын тізімі).

Экология дүние таным әдістемелері, жертану және өлкетану, ботаника мен зоология, жалпы биология, қазіргі заманға жаратылыстану тұжырымдамаларымен пәнаралық байланыста.

Экология табиғат туралы кешенді ұғымға жатады. Оқу құралында қоршаған табиғи ортаны қорғаудың мәселелері, экологияға байланысты проблемалар, деректер, мәліметтер, ұсыныстар және ғылыми теориялық негізде қарастырылып, жинақталған.

Оқулықтың әрбір бөлімінде, қайталауға арналған тапсырмалар, сұрақтар, рефераттар тақырыптары беріледі.

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Бастауышты оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығына арналған.

1.Экологияны оқытудың теориялық негіздері

1.1 Экология ұғымының мазмұны

1.1.1 Курс мәні мен міндеттері

Экология –тірі ағзалардың өзішілік және оларды қоршаған органикалық емес табиғатпен. органикалық жүйелермен байланысы, олардың құрылысы мен жүйелердің қалыптасуы туралы ғылым.

Экология ғылым ретінде жер бетіндегі тірі ағзалардың әртүрлілігі мен олардың өмір сүру жағдайларының ерекшеліктері туралы көптеген деректер жинақталған соң ғана, өткен жүзжылдықтың ортасында ғана қалыптасқан ғылымдар қатарында. «Экология» деген терминді алғаш рет белгілі неміс зоологі Э.Геккель (1866 жылы) енгізді.

Жер бетіндегі тіршіліктің ерекшеліктері, олардың сыртқы орта жағдайларына тәуелділігі, жан –жануарлар мен өсімдіктердің жер бетіне таралуы мен ерекшеліктері туралы мәліметтер өте ерте кезден – ақ жинақталған.Тіпті Аристотель (біздің э.д. 384-322 ғ.) 500 – ден астам жануарлардың өзіне белгілі болған түрлері мен олардың мінез – құлық ерекшеліктері туралы, балықтар тіршілігіндегі қысқы ұйқыға кету мен көбею кезіндегі өрістеулері, құстардың суық мезгіл жақындағанда жылы жаққа қоныс ауыстыруы, жануарлардың тіршіліктегі іс-әрекеттері, көкектің паразиттік тіршілік нышаны мен каракатицалардың өзін -өзі қорғау ретіндегі өзгерістік іс-әрекеттері жайында көптеген мәліметтер қалдырған екен. Аристотельдің оқушысы, «ботаниканың атасы» атанған Теофраст Эрезийский (б.э.д. 371-280 ғ.) өсімдіктердің топырақ пен тұрғылықты жер климатына байланысты формалары мен өсу ерекшеліктерін салыстыра келе, олардың өсу ортасына тәуелділігін атап көрсетеді.

Алғашқы систематиктер А.Цезальпин (1519-1603), Д.Рой (1623-1705), Ж.Турнефор (1656-1708) және басқалар өсімдіктің өсу ортасына және оған жасалған жағдайларға, өнуіне және отырғызу ерекшеліктеріне, өсірілген жеріне және қоректенуіне тікелей байланысты деп атап көрсеткен.

17-18 ғасырдағы экологиялық мәліметтер А.Реомюр еңбектерінде жәндіктер (1734), Л.Трамбле еңбектерінде гидра мен тышқандар (1744) жайында сақталған.

18 ғасырдағы С.Т.Крашенинников, И.И.Лепехин, П.С.Паллас еңбектеріндегі мәліметтер жергілікті Ресей жерінің әртүрлі бөліктеріндегі өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің климатпен өзара тығыз байланысы айтылады.

Жануарлардың құрылысына сыртқы ортаның әсері жайында 18 ғасырдың екінші жартысындағы француз жаратылыстанушы Бюффон (1707-1788) еңбектеріндеде жазылған.

Эволюциялық ғылымның бірінші авторы болып саналатын Жан-Батис Ламарк (1744-1829), жан-жануарлар мен өсімдіктердің эволюциялық дамуында «сыртқы жағдайлар» - ағзаның бейімделушілік қасиеттерінің негізгі себептерінің бірі деп атап көрсеткен.

19 ғасыр: А.Гумбольт (1807),ғылымғы ландшафт «физиономиясын» өсімдіктердің сыртқы қалпымен анықтауға болады деген пікір енгізді.

Сондай-ақ экологиялық мәліметтер К.Ф.Рулье (1814-1858), Н.А.Северцов (1827-1885) еңбектерінде де беріледі.

1859 жылы Ч.Дарвин, тірі ағзалардың өзара қарым-қатынасы және олардың сыртқы ортадағы неорганикалық компаненттерімен байланысы («тіршілік үшін күрес») – ғылымдағы өзалдына жеке қаралатын бөлім екендігін дәлелдеді.

Даттық ботаник Е.Варминг өсімдіктің тіршілік формалары деген ұғымды негіздеді.

Неміс гидробиологі К.Мебиус (1877) биоценоз туралы ұғымды енгізді.

20 ғасырдың басында гидробиолгтардың, фитоценологтардың, ботаниктер мен зоологтардың жеке экологиялық мектептері шығып, әрқайсысы осы саладағы өздері меңгерген мәселелер туралы экология ғылымының сол сала бойынша негізін салды: мысалы, СССР-да В.Н Сукачев, Б.А.Келлер, В.В.Алехин, Л.П.Шенниковтардың, шет елдерде : Америкада Ф.Клементс, Данияда К.Раукиер, Швецияда Г.Дю Рие, Швейцарияда И.Браун-Бланкалар болды.

1938 жылы Д.Н.Кашкаров елімізде бірінші рет жануарлар экологиясы негіздері оқулығын басып шығарды.

Популяциялық экологияның негізін салушы Элтон (1927) болды.Ал 1935 жылы ағылшын ғалымы А.Тенсли экожүйе ұғымын ұсынса, 1942 жылы В.Н.Сухачев биогеоценоз туралы пікірлердің негізін қалады.

20 ғасырда белгілі жаратыластану биосфера туралы ғылыми еңбегін жасады.

1964 жылдан бастап барлық елдер экологтары халықаралық биологиялық бағдарлама (ХББ) бойынша жұмыс істейді.