Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД_Инф_для ХК_каз__3 кр.doc
Скачиваний:
29
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
2.49 Mб
Скачать

Білімді бағалаудың жалпы шкаласы

Аттестациялық әріптік баға

Балдардың сандық эквиваленті

Оқу пәнін меңгеру дәрежесінің %-дық мөлшері

Дәстүрлі жүйе бойынша

баға

А

4,0

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

Жақсы

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

С

2,0

65-69

С-

1,67

60,64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз

Пән бойынша қорытынды бағаның пайыздық мөлшері төмендегідей анықталады:

Егер де модуль бір пәннен құралса, онда сол пән бойынша қорытынды бақылаудың нәтижесі модуль бойынша қорытынды баға болып табылады.Мұнда пәннің оқу бағдарламасында қарастырылған жұмыс түрлері (практикалық, зертханалық, есеп-графикалық, курстық) бойынша бағалар да қорытынды бағаға кіреді және төмендегі формула бойынша есептеледі:

мұндағы:

Р1 және Р2 – бірінші және екінші аралық бақылау бағалары;

Э – емтихан бағасы;

ИМ – пән модуліне қорытынды емтихан бағасы;

0,4 және 0,6 – сәйкесті емтихан бағасы мен аралық бақылау бағасының салмақ коэффиценті.

Егер модуль бірнеше компоненттерден тұратын болса, онда емтихан негізгі компоненттен (Эок) болады, ал басқа компонентердің қорытынды бақылау түрі реферат, эссе, жобалық жұмыс, курстық жұмыс (Эдк) болып табылады және төмендегі формула бойынша есептеледі:

мұндағы:

Эок – негізгі компонент бойынша емтихан;

Эдк – басқа компоненттер бойынша емтихан;

ККМ – модульдің компоненттер саны;

0,4 және 0,6 – сәйкесті емтихан бағасы мен аралық бақылау бағасының салмақ коэффиценті.

ИМ – пәндер модуліне қорытынды емтихандық баға.

Студенттердің бiлiмдерiн бағалау шкаласы

«Өте жақсы» бағасы (А; 4,0;95-100%; А-; 3,67;90-94%) егер студент бағдарлама материалын толық меңгергенін көрсетсе және қандай да қателіктер, дәлсіздік жібермеген болса, жұмыстың бақылау тапсырмаларын, коллоквиумдарды, үй жұмыстарын өз уақытында және дұрыс орындаса, егер ерекше ойлау қабілетін көрсетсе, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысса, пәнді оқу барысында өз бетімен қосымша ғылыми әдебиеттерді қолданса, өз бетімен бағдарлама материалдарын жүйелей алатын болса қойылады.

«Жақсы» бағасы (В+;3,33; 85-89%; В; 3,0; 80-84%; В-; 2,67; 75-79%) егер студент бағдарлама материалының 75% -нан төмен емес бөлігін меңгерген, есептеулерде (жауаптарда) өрескел қате жібермеген, бақылау жұмыстарын, тапсырмаларды, коллоквиумдарды, үй тапсырмаларын өз уақытында орындаған және оларды принципиалды ескертулерсіз тапсырған, оқытушылардың нұсқаулары бойынша қосымша әдебиеттерді қолданған, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысқан, жіберілген принципиалды емес дәлсіздікті немесе принципиалды қателіктерді студенттің өзімен түзетілген, оқытушының көмегімен бағдарлама материалын жүйелей алатын болса қойылады.

«Қанағаттанарлық» бағасы (С+; 2,33; 70-74%; С – ;2,0; 65-69%; С-; 1,67; 60-64%; D+; 1,33; 55-59%; D; 1,0;50-54%) егер студент бағдарлама материалының 50% -нан төмен емес бөлігін меңгерген болса, бақылау және лабораториялық жұмыстарын, үй тапсырмаларын орындау барысында оқытушының көмегін қажет етсе, коллоквиум тапсыру барысында дәлсіздік және принципиалды емес қателіктер жіберсе, зерттеу жұмыстарында белсенділік көрсетпесе, тек оқытушы көрсеткен оқу әдебиеттерімен ғана шектелсе, материалды жүйелеуде ауыр қиыншылық көрген жағдайда қойылады.

«Қанағаттанарлық емес» бағасы (F; 0; 0-49%) егер студент бағдарламада қарастырылған негізгі материал білімінде кемшіліктерді байқаса, бағдарламамен қарастырылған материалдың жартысынан көбін меңгермеген, пән бағдарламасының жартысынан көбін меңгермеген, жауаптарда принципиалды қателіктер жіберген болса, ағымдық, аралық және қорытынды бақылау түрлерімен қарастырылған жеке тапсырмаларды орындамаған, бағдарламамен қарастырылған барлық негізгі әдебиетпен жұмыс істемеген болса қойылады.

Апелляцияға беру тәртібі. Қорытынды бақылау нәтижесімен келіспеген студент емтихан өткізілген соң келесі жұмыс күнінен кешіктірмей апелляцияға береді. Емтихан сессиясы кезінде (аралық аттестаттау) ректордың бұйрығымен біліктілігі апеллирленетін пәннің профиліне сәйкес келетін оқытушылардан тұратын апелляциялық комиссия құрылады.

Берілген күннен бастап екі күн ішінде арызды студент пен оқытушының қатысында апелляциялық комиссия қарайды.

Апелляция нәтижелері хаттамамен оформляется және оның шешімі негізінде студентке жеке емтихандық ведомості жасалады. Ол негізгі емтихандық ведомостіге қоса тіркеледі.

Апелляция нәтижелері хаттамамен рәсімделеді және оның шешімі негізінде студентке жеке емтихан ведомостісі жасалады да, ол негізгі емтихан ведомостісіне қоса тіркеледі.

Студент апелляция нәтижелерімен таныстырылуы (ауызша немесе жазбаша) қажет.

Апелляция пәні болып табылмайтын емтихандар бойынша бағаны өзгертуге рұқсат етілмейді.