Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Тланы ыты леуметтенуі

.doc
Скачиваний:
10
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
118.27 Кб
Скачать

13-дәріс. Тұлғаның құқықтық әлеуметтенуі

1. Тұлғаның әлеуметтенуінің мәні

2.Тұлғаның әлеуметтенуінің көпқырлылық мәні

3 Тұлғаның құқықтық әлеуметтенуі

4. Тұлғаның құқықтық әлеуметтенуінің факторлары.

1. Әлеуметтену ұғымы әлеуметтанулық ғылымда жалпы мағынада дара тұлғаның, оның мәнінің жасалуы мен дамуы, қоғамның және әр түрлі әлеуметтік топтардың жасаған әлеуметтік нормаларын, құндылықтарын, түсініктерін, таптаурындарын, дәстүрлерін игеру үдерісін бейнелейді. Әлеуметтену - көп қырлы, күрделі үдеріс. Ол биологиялық алғышарттармен қатар жеке адамның тікелей әлеуметтік ортамен өзара тығыз әсерлестігін де білдіреді. Әлеуметтену үдерісінде тәжірибелік қызмет, өсу арқылы өмірге қажетті дағдылар мен ептіліктер қалыптасады, ал олар адамның қоғамдық қатынастарға, әлеуметтік болмысқа икемделуі мен сіңісуін жеңілдетеді. Нәтижесінде жеке адамның даралығы жасалынады.

Жеке адамның даралануы, жекеленуі - ол өзінің қоғамдық қызметін атқаруды тиімді орындау үшін қажетті әлеуметтік талаптардың, құндылықты нормалық ұйғарымдардың, жекелік және іскерлік қасиеттердің үдерісі мен нәтижесі. Сөйтіп, құндылықты қазыналарды игеру барысы мен қорытындысында жеке адамдардын мінез-құлқының ішкі әлеуметтік реттелу жүйесі қалыптасады. Бұл жүйе меңгерілген әлеуметтік реттеуіштер арқылы әлеуметтік талаптардан туындайтын үлгіге сай келетін тұлғаның жүріс-тұрысын қамтамасыз етеді.

Әлеуметтендіру адам мен әлеуметтік ортаның байланыстарына ғана емес, осы қоғамның даму дәрежесіне де тәуелді әрі үздіксіз үдеріс. Әлеуметтену өзіне, бір жағынан, қоғамда қабылданған түсініктер, мәдени құндылықтар жүйесіне адамды тарту, қатыстыру мақсатында әлеуметтік жағдайлардың, әр түрлі әлеуметтік институттардың мақсатты бағыттағы оған жасайтын ықпалын қосады. Екінші жағынан, адамның өзінің әлеуметтену, қалыптасу үдерісі барысында жасайтын қызметі кіреді. Адамды әлеуметтік ортадағы әрекет өзгертеді, жетілдіреді және сол бір мезгілде өзінің мәнін де өзгертеді, өзінің жаңа салалары мен қасиеттерін қалыптастырады. Сондықтан адам әлеуметтену үдерісінде сыртқы дүниеге және өзінің ішкі, рухани дүниесіне ықпал ететін объект пен субъект ретінде шығады.

Осыдан келіп әлеуметтенуді адамның өзі тұратын қоғамның мәдени жүйесін үғыну деп қарайды. Ең алдымен, жалпыға маңызды жеке адамның әлеуметтік кейпін белгілейтін және оның қоғамдық пен жеке тұлғалық өзін-өзі көрсетуге мүмкіндік туғызатын мәдени жүйесін құратын ұжымдық мөлшерлерді меңгереді. Ұжымдық жүріс-тұрыс мөлшерлерін кісінің игеру дәрежесі жоғары болуы соншалық, олар енді тұлғаның ажырағысыз бөлігіне айналады жәпе түптің түбінде оның барлық қылықтарын еріксіз, өздігінен әрі аңдаусыз бағыттап тұрады.

Әлеуметтену тұлғаның әлеуметтік касиеттерін қалыптастыру үдерісі ретінде танылады. Әлеуметтену үдерісі, ең алдымен осы субъект құрамында болатын немесе өзіне-өзі таңдап алатын әлеуметгік топтармен өзін ұқсастырудан білінеді. Адам өмір бойы жағрапиялық немесе тарихи негізі бар топтардың, отбасының, таптың, ауыл мен аймақтың, ұлыс пен ұлттың құрамына табиғи енгізіледі. Адам бір уакытта үш бірдей ұйымдастыру үдерісіне: биологиялық жаратылыс, даралық ерекшелік және белгілі әлеу- меттік топтың мүшесі ретінде қатыстырылады.

Жеке адамның осындай қатыстылығы, тиістілігі әлеуметтік топтың өткені мен қазіргі тәжірибесін және болашақ жоспарын бейнелейтін топтық құндылықтар мен нормаларды мойындау және дербес түйсіну арқылы көрінеді. Осы жағдайда кісінің білім деңгейі және оның жеке мәртебесі анықталады. Егер жеке тұлғаның даралық қасиеттерінің көрінулері жемісті болғаны көзделсе, онда ол қоғамның мәдени мұраларының неғұрлым көп бөлігін және күнделікті көп тараған түсініктерді және сезімдерді меңгеруі керек. Сөйтіп әлеуметтену ағымында жеке адамға қоғамның мәдени жетістіктерін неғұрлым көбірек өз бойына дарытып, сіңіріп алу мақсаты тұрады. Осының негізінде ғана дара адамның жасампаздык әлеуеті артады, оның әлеуметтік қызметінің шығармашылық кепілі жасалынады.

2. Ал құқықтык әлеуметтену тұлғаның жалпы әлеуметтену үдерісінің табиғи бөлігі ретінде жеке саяси және құқықтық сананың, құкықтық мәдениеттің қалыптасуы мен дамуының жалпы заңдылықтарының ерекше көрінісі. Құқықтық әлеуметтену үдерісінде адам өзінің әлеуметтік рөлін, қоғамның әлеуметтік құрылымдағы орнын жете түсінуді, тап өкілінің, партия, ұйым мүшесінің сана-сезімінің дағдылануын, тұлғалық мазмұнымен толықтырылған әлеуметтік-құқықтық қатынастарға кең түрде қосылуын білдіреді. Бұл адамның бүкіл саналы өмірі бойы үздіксіз өтеді.

Демократиялық тәртіп жағдайындағы жеке адамның құқықтық әлеуметтенуінің негізгі мазмұнды мәні мен ерекшелігі - оны саяси және құқықтық нормаларға, құндылықтарға, құқықтық мәдениет пен тұтас тәжірибеге, саналы әлеуметтік-белсенді іс-әрекетке қатысуында болып табылады. Сонда ғана әлеуметтену әмбебапты тәсіл ретінде әлеуметтік ортаны жаңартуды және сонымен бір мезгілде дара тұлғаның қалыптасуын қамтамасыз етеді.

Адамның, адамзаттың өмір сүретін ортасы мен оның көрсететін белсенділігі белгілі бір қоғамда болатындықтан, өз тарихы және қисыны бар әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-саяси, әлеуметтік-құқықтық, экономикалық кызмет атқаратын жүйенің ықпалы құкықтық әлеуметтенуді қатал нақтылық, бағыттылық және анықтылықпен ерекшелендіріледі. Әрбір мемлекет ұлттық қауымдасудың тұрпатын, қоғам ісіне араласу ережелері мен әдістерін, билік катынастардың құрылымын және беделін, мемлекеттік құрылыстың түрін белгілейді. Қоғамда тарихи дәстүрлер және саяси тәртіп жүйесі, әлеуметтік-демографиялық, экономикалық құрылымдары, заңдар әрекет жасайды, олардың көмегімен қоғамдық қатынастар ұйымдастырылады және тұлғаның әлеуметтік әрі құқықтық мәртебесі анықталады. Қоғамдык мекемелер мен мемлекет арасындағы өзара қарым-қатынастың қалпы мен тарихи әлеуметтену үдерісіне шарттасатын қуатты қозғаушы күшін кұрайды.

Осы құбылыстар туралы әлеуметтік түсініктердің өзі қоғамда мойындалған құқықтың ауқымына тәуелді әр түрлі қалыптасады. Ал құқығы шектеулі коғамда даралық түсініктер де шектеулі қалыптасады. Адамның идеологиялық ұнатуларының үдемелі карқындылығы мен сипаты оның өмір сүретін тарихи жағдайларына екпінділікті мүлдем өзгертулер кезеңінде немесе бұрын қалыптасқан орнықты әлеуметтік-мәдени көзқарастар жүйесінде өтіп жатқанына тікелей тәуелді. Басқарушы мен басқарылатындардың арасындағы қатынастарды, мемлекет және адамдарға қаншалықты жақын тұрғанына, қамқорлығының дәрежесіне, жеке мүдделер ортасына, әсіресе әлеуметтік қорғалу аясына енуіне байланысты түрленіп тұрады. Әрине, бұның бәрі тұлғаның саяси-құқықтык әлеуметтенуіне тікелей әсер етіп, оның әлеуметтік өміріндегі барлық іс-әрекеттерінде, жүріс-тұрысында көрініс табады. Сондықтан құқықтық әлеуметтену дерексіз қаралуы мүмкін емес, оның қоғамдық қатынастардың қозғаушы себебі болатын бөлшектерінің нақты жиынтығын алып зерттейді.

Саяси-құқықтык әлеуметтендірудің тиімділігі, деңгейі қоғамдық мәнді жайттардың жиынтығымен өлшенеді, айқындалады. Қоғамның өзі қалыптастыру ортасы болғандықтан, оның негізгі тіршілік ететін жағдайларын анықтау қажет. Әлеуметтену, әсіресе құкықтық әлеуметтену, даудың бастауларының түйіні болып келеді. Дау-дамайды, пікірлердің туындауын топтық жіктелу түсініктерінен іздеу керек. Даудың себептеріне топтардың көптігі - әлеуметтік, саяси, жасының, отбасының, мәдени мүдделері, қазыналары мен мөлшерлері қарама-қарсы тұру түсінігі мүмкіндік береді. Дара тұлға өмірінде кең ауқымды жағдаяттарға үйлесімді үндестіктен толық үйлеспеушілікке дейін қарсы келеді. Демек, құқықтық әлеуметтену осындай сан алуан тәжірибеден сұрыпталып алынған, бір-бірін үйлесімді толықтырушы және байытушы әлеуметтік құндылықтардың жиынтығы деп түсіндіруге болады. Ол түрлі ұғымдар, тұғырлар мен құндылықтар арасындағы күрес, қақтығыстың нәтижесін суреттейді, бірақ сонымен бірге оларға тән көпшілік қолдайтын ортақ өзек бар.

Сөйтіп, құқықтық әлеуметтену үдерісінде тұлға өзінің әлеуметтік тобының ерекше мөлшерлері және құндылықтарымен қатар, оған қайшы келетін жалпы қоғамдық құндылықтарды қабылдауы тиіс. Жеке адамның құқықтық әлеуметтену ағымында ескі, жат нормаларға қарсылық көрсетуге, оларды жоюға немесе жаңартуга қолайлы жағдайлар пайда болады. Дара тұлға қайшылықты нормаларды және құндылықтарды осындай қысыммен зорлап міндеттелудің аясында жүріп қалыптастырады. Оның бәрін жеке адам өз бойына сіңіреді, дарытады. Бұл ұрпақтан-ұрпаққа өтетін жүріс-тұрыстың орнықты пікірлері мен қалыптарын жай ғана қайталау емес. Сабақтастықтың болуы ұйғарылады.

Бірақ бірте-бірте, кезеңнен-кезеңге көзге көрінбейтін өзгерістерді, "түзетулерді” үнемі әлеуметтік болмыстың ағымының бағыты өзі жасайды. Соған байланысты жеке адамдардың ұнатулары, бейімділіктері, көзқарастары өзгеріске ұшырайды. Бұрынғы дәстүрлер, қалыптар, таптаурындар, ұстанымдар, бейімділіктер мен ұнатулар біршама сақталып, жаңа жағдайларға байланысты белгілі бағытта жаңаруға ұшырайды. Жаңа әлеуметтік-экономикалық, саяси-кұқықтық, әлеуметтік-мәдени құбылыстардың оңды ықпалымен қатар барлық қарама-қарсылықтары да ажырағысыз қабыстырылып тұлғаның өн бойына енгізіледі. Бұл біздің өтпелі, жаңа экономикалық-саяси құрылымға көшуге байланысты қалыптасқан тарихи жағдайда айқын көрінеді. Нарықтық қатынастардың дамуы, осымен тығыз байланысты құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамды құруды мұрат тұту жаңа талаптар мен құндылықтарды игеруге жол ашты, жаңа әлеуметтік мәртебелер мен рөлдерді орындауға мүмкіндік берді, сонымен қатар жаңа қайшылықтар, ауытқулар, әлеуметтік дерттер мен күйзелістерді әкелді. Бірақ мүлдем өзгеру мүмкін емес және жасы ұлғайған сайын оны жасау қиынға түседі, өйткені тұлға әлеуметтік ортаның әсеріне қарайды, бұрын қабылданған әлеуметтік қасиеттерге сүйеніп, жаңаны іріктеп алады. Сөйтіп, түбегейлі өзгеру адамдардың басым көпшілігіне тән емес. Сондықтан жеке адамның қасиеттері, даралығы (табиғаты), жасы, ал оның негізгісі - оның әлеуметтік-мәдени даму жағдайлары әлеуметтенудің ең маңызды факторы болады, қоғамның мәдени қазыналарын игеріп алу мүмкіндігін анықтайды.

Құқықтық әлеуметтену білім алу мен тәжірибе беру арқылы өтеді. Үйрету арқылы әлеуметтену бәрінен бұрын әлеуметтік рөлдердің, саяси және құқықтық жүйенің белгілі көлемдегі аса керекті ережелеріне сыйластықты, құрмет сезімін білдіріп дағдыландыратын мөлшерлерді тану мен игеруге негізделеді. Бұл үдеріске саяси және құқықтық мөлшерлерді, қоғамдық және саяси институттарды, олардың міндетті қызмет атқару тетігін білу кіреді. Осындай білім байлығы оқиғалар өрбуін, барысын түсінуге және өзінің азаматтық парызын орындауға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда дара тұлғаның алған білімі бастапқы жорамалдардың өзгеше жиынтығы есебінде ұсынылады. Бірақ бұл үдеріс объективті сипатта болуы мүмкін емес, өйткені тұлғаның түйсінуі бейтарап болмайды. Пән туралы кез келген ұғымдар, әр түрлі түсініктер кабылдаушы адамның тәжірибелік құндылықтар жүйесімен арақатынаста болуымен анықталады. Жеке адамның өзі оларды тұтастыққа біріктірілген түрде меңгеруге және оқып білуге әрекет жасайды және өзінің бағалау жүйесіне сүйенеді.

Тәжірибе беру арқылы әлеуметтендіру тұлғаның әлеуметтік саяси және құқықтық жүріс-тұрысының және іс-әрекетінің жемісі ретінде көрінеді. Адам атқаратын міндетті қызметтері арқылы қоғамның ұйымдастырылуының әр алуан қағидаларын және саяси басқару тәртібін жете ұғына бастайды. Тәжірибеде ол игерген нормалар мен құндылықтардың дұрыстығын сынай алады. Жеке тәжірибеде көргені мен жазылған мөлшерлердің араларындағы алшақтықтың тереңдігі оның алғашқы ұстанымдарына қай бағытта ықпал ететінін көрсетеді: олар әлсіреп, мүлдем өзгереді, не күшейеді. Білім алу және тәжірибені иеленумен қатар, бейнелі түрдегі әлеуметтену арнасы сана мен жүріс-тұрыстың қалыптасуына маңызды ықпал жасайды, яғни жеке адамның тікелей тәжірибесі мен оқудан басқа жолы болатын құқықтық әлеуметтенудің түрі. Бұл жағдайда тұлғаның түсініктері өзі кіретін партия тобының, таптың, тағы басқа қауымдасулардың мүшелерінің пікірлері, бағалаулары, сыртқы ықпалға берген жауаптары арқылы қалыптасады. Солай қалыптасқан ұғымдарға - “ел”,“отан", “ұлт”, "отбасы” т.с.с. бейнелі сөздерге саяси, құқықтық, әлеуметтік мағына беріледі. Ол әр қауымдасу түрғысынан өзіндік мәнге ие болады және оны дәл осы деңгейде зерттеу керек.

Тұлға өзінің басқа пікірлермен арақатынасының мағына жүйесін белгілеп, өзінің саяси және кұқықтық ойлауындағы әр түрлі түсініктері мен ұғымдарды ассоциативті (ойда байланыстыру арқылы) біріктіріп тұрады. Дерексіз ойлаудың құдіреті сол, кей кезде тұлға нақты тәжірибемен байланыстырмай, сезу арқылы әлеуметтік-құқықтық ғажайыптардың кез келгенін түйсінуге қабілетті. Себебі, барлық үғымдардың мағынасын бұрын танылған басқа саяси және құқықтық шындықтың құбылыстарымен жанама түрде ойша байланыстырады. Бірақ ешқандай түсінік, тіпті өте дерексізі де, айналадағыларға жайдан-жай тәуелді болып табылмайды. Даралық әлеуметтік және басқа да түсініктердің бәрі де, әрбір жеке адамның өзінің даму сатысына лайықты, тәжірибенің және саяси, әрі құкықтық ойлау заңдарына сай әрдайым өзгертілген және таңдалып алынған күйде қалыптасқан.

Адамның мәні қоғаммен бірге өзгереді және дамиды. Оның қоғамға енуі, қосылуы әр түрлі әлеуметтік қауымдасулар, жіктер, топтар арқылы өтеді және осыған байланысты сан алуан әлеуметтік жүйелерге енгізіледі. Бұл жүйелер адамға ықпалын тигізеді. Бірақ адамның дүниетанымының өзгешелігі табиғи ерекшіліктердің негізінде қалыптасады. Адам өзіне ғана тән ұстанымдар мен құндылықтардың, ойлау таптаурындары мен жүріс-тұрыстың қалыптарының, сүйіспеншілікгер мен жек көрушіліктерінің, мақсаттары мен ниеттерінің, нанымдары мен теріс түсініктерінің кешенін, жиынтығын иеленеді. Бұл адамның балалық шақтан бастап қандай әлеуметтік ортада, отбасында, көшеде, мектепте және т.б. өскенін бейнелейтін жағдайларды көрсетеді. Әлеуметтік ортаның өзгеруіне бейімделу ағымында адамның үнемі өзгеріп, дамуына әсері тиеді.

Әлеуметтену жеке адамды қоғамның әлеуметтік маңызды ерекшеліктері мен әлеуметтік қатынастарының тұлғада айқын тұтаскан жүйесі ретінде түсіндіреді. Адамның қоғамға ену үдерісі, оның әлеуметтік байланыстарға қосылуы және әр түрлі әлеуметтік қауымдасуларға интеграциялануы (біріктірілуі, тұтастыққа кірігуі) барысында даралықтың әлеуметтілігі қалыптасады. Биологиялық тірлік иесі ретінде адамның әлеуметтік тіршілік жаратылысына айналуының бүкіл үдерісі әлеуметтендіру деп аталады. Әлеуметтік кеңістік биологиялық, табиғи жағдайлар сияқты адамның ішкі негізіне сай лайықты қасиеттср мен белгілерді қалыптастырады.

Бақылау сұрақтары

1. Тұлғаның әлеуметтенуі ұғымы нені білдіреді?

2. Тұлғаның әлеуметтенуінің көпқырлылық мәнін қалай түсінесің?

3. Тұлғаның құқықтық әлеуметтенуі дегеніміз не?

4. Тұлғаның құқықтық әлеуметтенуінің үдерісі қалай өтеді?

5. Тұлғаның құқықтық әлеуметтенуінің факторлары қандай?

13-дәріс. Тұлғаның құқықтық әлеуметтенуі

1. Тұлға туралы түсінік.

2. Тұлғаның әлеуметтенуінің мәні

3. Тұлғаның құқықтық әлеуметтенуі

4. Тұлғаның құқықтық әлеуметтенуінің факторлары.

1. Тұлғаның әлеуметтік жүйенің негізгі элементі екені студенттерге алдыңғы тақырыптардан белгілі. Алайда, оның әлеуметтік мәніне ол кезде жеткілікті көңіл бөлінген жоқ. Мұны түсіндіру үшін тұлғаның "адам", "индивид" деген ұғымдармен ара қатынасын, мазмұндық айырмашылықтарын нақты айқындау керек.

Адамзат баласының басқа биологиялық әлемнен өзгеше қасиеттерін сипаттайтын жалпылама атау - "Адам". Ол – бар адами қасиеттері қоғамда, әлеуметтік ортада жетіліп, қалыптасатын, күнделікті іс‑әрекет, мінез‑құлық үдерісінде жекелік қасиеті байқалатын белсенді де саналы жан. Адам туғаннан әлеуметтік ортамен тығыз байланыста, қатынаста болып, сол ортаның (топтың, ұйымның, алуан түрлі басқа қауымдастықтардың) салт-санасын, әдет-ғұрпы мен мәдени құндылықтарын өзінің бойына сіңіреді. Осы ортадағы қарым-қатынас үдерісінде адам өзіне қажетті қасиеттерге ие болады, тұлғаға айналады.

«Адам» деген кім деген мәселеге әлі еш ғылым толық жауап бере алған жоқ. Сондықтан да француздың атақты биолог-ғалымы, хирург-тәжірибешісі, Нобель сыйлығының лауреаты Алексис Каррель өзінің бір кітабына «Адам - бұл бейтаныс» деп ат қойған. «Әр адам ашылмаған бір роман» деп қазақтың көрнекті ақыны Қайнекей Жармағамбетов жырлағандай, адам феномені сан ғасыр зерттеліп келеді, бірақ ол туралы мағлұмат әлі жеткіліксіз.

"Иңдивид" - адам тегінің нақты өкілі болса, ал «индивидуалдық» деген ұғым адамның өзіне ғана тән, оны даралайтын әлеуметтік жеке қасиеттер жиынтығын білдіреді.

Сәби - туғанынан жеке индивид, оны алғашқы кездерден-ақ аңғаруға болады. Оның тұлға болып жетілуі үшін негізгі екі шарт қажет: 1) биологиялық және генетикалық даму; 2) әлеуметтік ортаның болуы. Сондықтан тұлға құрылымында үш деңгей бар: биологиялық, психологиялық және әлеуметтік. Әлеуметтанулық тұрғыдан нағыз маңыздысы үшінші деңгей болып табылады. Әрбір сәби - әлеуметтік ортаның өзіндік белсенді мүшесі. Онсыз сәби жан-жақты тұлға болып дами алмайды. Оған адамзат тарихы куә.

«Тұлға» ұғымына тоқтағанда мынандай екі мәнді ұғымды ескеру керек. Алдымен кезкелген адам баласын әлеуметтік тұлға деуге болады. Сонымен қатар тұлға деп қоғамдық өмірдін тарихи жағдайлары қалыптастырған, саналы іс-әрекет және қарым-қатынас иесі, айналадағыны танып-білуші, өзіндік ой-пікірі бар, бойына елеулі әлеуметтік сапалар мен тәжірибе жинаған жеке адамды айтамыз. Адам әртүрлі жағдайлармен (психикалық науқас болып немесе қоғамдық ортада өмір сүрмесе) әлеуметтік сапаны игере алмаса, тұлға бола алмайды.

Әрбір адам қоғамдық қатынас жүйесінде толып жатқан әлеуметтік байланысқа түсіп, көптеген мәртебелер мен әр түрлі рөлдер атқарады, белгілі идеялар, сезімдер, мінез‑құлық ерекшеліктерінің иесі болады. Әлеуметтануда тұлғаның әлеуметтік сапалары маңызды орын алады. Осылардың арқасында тұлғалар типтендіріледі, яғни белгілі бір әлеуметтік топқа жатқызылады.

Тұлғаның әлеуметтік типі – бұл белгілі бір әлеуметтік қауымдастыққа жататын көптеген индивидтерге тән әлеуметтік сапалар жүйесінің жиынтық көрінісі. Мысалы, азиаттар, кавказдықтар, еуропалықтар, студенттер, жұмысшылар, ардагерлер, оқытушылар және т.б. Тұлғаны типтендіру әр түрлі негіздерде жүргізілуі мүмкін. Мысалы, мамандығына не қызметіне, тұратын жеріне, жас ерекшеліктеріне, әлеуметтік белсенділігіне және т.б. сәйкес экономист, қалалық, жас, басшы және т.т. дегендей.

Тұлғаларды типтендіруде аса маңызды негіздер әлеуметтік мәртебелер мен рөлдер болып саналады. Отбасындағы ата мен әженің, әке мен ананың, аға мен апаның мәртебелері мен соған сәйкес рөлдеріне нақты мысалдар келтіре кету студенттердің туыстық, бауырмалдық қасиеттерін жетілдіре түсуге ықпал етеді.

Адам ұғымының мәні биологиялық және қоғамдық байланыстардың жиынтығы ретінде карауды талап етеді. Адамдар жануар әлемінен шыққандықтан, ең алдымен табиғи тірліктің иесі болып танылады. Ол ешқашан жануарларға тән қасиеттерден арылмақ емес. Бірақ та ол дүниеғе келген соң, қоғамдық өмір тіршілігіндегі әлеуметгік мәнді жайттар оның одан әрі қалыптасуы мен дамуының анықтаушы күшіне айналады. Сөйтіп адамның дамуын биологиялық және әлеуметтік ажырамас қасиеттердің бірлігі ретінде қарастырады.

Адамның мәні қоғаммен бірге өзгереді және дамиды. Оның қоғамға енуі, қосылуы әр түрлі әлеуметтік қауымдасулар, жіктер, топтар арқылы өтеді және осыған байланысты сан алуан әлеуметтік жүйелерге енгізіледі. Бұл жүйелер адамға ықпалын тигізеді. Бірақ адамның дүниетанымының өзгешелігі табиғи ерекшіліктердің негізінде қалыптасады. Адам өзіне ғана тән ұстанымдар мен құндылықтардың, ойлау таптаурындары мен жүріс-тұрыстың қалыптарының, сүйіспеншілікгер мен жек көрушіліктерінің, мақсаттары мен ниеттерінің, нанымдары мен теріс түсініктерінің кешенін, жиынтығын иеленеді. Бұл адамның балалық шақтан бастап қандай әлеуметтік ортада, отбасында, көшеде, мектепте т.т. еніп өскенін бейнелейтін жағдайларды көрсетеді. Әлеуметтік ортаның өзгеруіне бейімделу ағымында адамның үнемі өзгеріп, дамуына әсері тиеді.

Әлеуметтену жеке адамды қоғамның әлеуметтік маңызды /ерекшеліктері мен әлеуметгік қатынастарының тұлғада айқын (тұтаскан жүйесі ретінде түсіндіреді. Адамның қоғамға ену үдерісі, оның әлеуметтік байланыстарға қосылуы және әр түрлі әлеуметтік қауымдасуларға интеграциялануы (біріктірілуі, тұтастыққа кірігуі) барысында даралықтың әлеуметтілігі қалыптасады. Биологиялық тірлік иесі ретінде адамның әлеуметтік тіршілік жаратылысына айналуының бүкіл үдерісі әлеуметтендіру деп аталады. Әлеуметтік кеңістік биологиялық, табиғи жағдайлар сияқты адамның ішкі негізіне сай лайықты қасиеттср мен белгілерді қалыптастырады.

Әлеуметтену ұғымы пәлсапалық, психологиялық және әлеуметтанулық ғылымдарда жалпы мағынада дара тұлганың, оның мәнінің жасалуы мен дамуы, қоғамның және әр түрлі әлеуметгік топтардың жасап шыққан мөлшерлерін, құндылықтарын, түсініктерін, таптаурындарын, дәстүрлерін игеру үдерісін бейнелейді. Әлеуметтену - көп қырлы, күрделі үдеріс. Ол биологияльіқ алғышарттармен қатар жеке адамның тікелей әлеуметтік ортамен өзара тығыз әсерлестігін де білдіреді. Әлеуметтену ағымында тәжірибелік қызмет, өсу арқылы өмірге қажетті дағдылары мен ептіліктері қалыптасады, ал олар қоғамдық қатынастарға, әлеуметтік болмысқа икемделуі мен сіңісуін жеңілдетеді. Нәтижесінде жеке адамның даралығы жасалынады.

Жеке адамның даралануы, жекеленуі - ол оның қоғамдық өз қызметін атқаруды тиімді орындау үшін қажетті әлеуметтік талаптардың, құндылықты мөлшерлік ұйғарымдардың, жекелік және іскерлік қасиеттерді, белгілі әрекеттерді күтулердің косарлануының үдерісі мен нәтижесі. Сөйтіп, құндылықты қазыналарды игеру барысында және оның қорытындысында жеке адамдардын мінез-құлқының ішкі әлеуметтік реттеуі жүйесі қалыптасады. Бұл жүйе меңгерілген әлеуметтік реттеуіштер арқылы әлеуметгік талаптардан туындайтын үлгіге сай келетін тұлғаның жүріс-тұрысын қамтамасыз етеді.

Әлеуметтендіру адам мен ортаның байланыстар тұрпатына ғана емес, осы қоғамның даму дәрежесіне де тәуелді, үздіксіз, үнемі өтіп жататын үдеріс. Әлеуметтену өзіне, бір жағынан, қоғамда қабылданған түсініктер, мәдени құндылықтар жүйесіне адамды тарту, қатыстыру мақсатында әлеуметтік жағдайлардың, әр түрлі әлеуметтік институттардың мақсатты бағыттағы оған жасайтын ықпалын қосады. Екінші жағынан, адамның өзінің әлеуметтену, қалыптасу үдерісі барысында жасайтын қызметі кіреді. Адам әлеуметтік ортада әрекеттігі оны өзгертеді, жетілдіреді және сол бір мезгілде өзінің мәнін де өзгертеді, өзінің жаңа салалары мен қасиеттерін қалыптастырады. Сондықтан адам әлеуметтену үдерісінде сыртқы дүниеге жәнс өзінің ішкі, рухани дүниесіне ықпал ететін объект пен субъект ретінде шығады.

Осыдан келіп әлеуметтенуді адамның өзі тұратын қоғамның мәдени жүйесін үғыну деп қарайды. Ең алдымен, жалпыға маңызды жеке адамның әлеуметтік кейпін белгілейтін және оның қоғамдық пен жеке тұлғалық өзін-өзі көрсетуге мүмкіндік туғызатын мәдени жүйесін құратын ұжымдық мөлшерлерді меңгереді. Ұжымдық жүріс-тұрыс мөлшерлерін кісінің игеру дәрежесі жоғары болуы соншалық, олар енді тұлғаның ажырағысыз бөлігіне айналады жәпе түптің түбінде оның барлық қылықтарын еріксіз, өздігінен әрі аңдаусыз бағыттап тұрады.

Әлеумттену тұлғаның әлеуметтік касиеттерін қалыптастыру үдерісі ретінде танылады. Әлеуметтену үдерісі, ең алдымен осы субъект құрамында болатын немесс өзіне-өзі таңдап алатын әлеуметгік топтармен өзін ұқсастырудан білінеді. Адам өмір бойы жағрапиялық немесе тарихи негізі бар топтардың, отбасының, таптың, ауыл мен аймақтың, ұлыс пен ұлттың құрамына табиғи енгізіледі. Адам бір уакытта үш бірдей ұйымдастыру үдерісіне: биологиялық жаратылыс, даралық ерекшелік және белгілі әлеу- меттік топтың мүшесі ретінде қатыстырылады.

Жеке адамның осындай қатыстылығы, тиістілігі әлеуметтік топтың өткені мен қазіргі тәжірибесін және болашақ жоспарын бейнелейтін топтық құндылықтар мен мөлшерлерді мойындау және дербес түйсіну арқылы көрінеді. Осы жағдайда кісінің білім деңгейі және оның жеке мәртебесі анықталады. Егер жеке тұлғаның даралық қасиеттерінің көрінулері жемісті болғаны көзделсе, онда ол қоғамның мәдени мұраларының неғұрлым көп бөлігін және күнделікті көп тараған түсініктерді және сезімдерді меңгеруі ке- рек. Сөйтіп әлеуметтену ағымында жеке адамға қоғамның мәдени жетістіктерін неғұрлым көбірек өз бойына дарытып, сіңіріп алу мақсаты тұрады. Осының негізінде ғана дара адамның жасампаздык әлеуеті көбейтіледі, оның әлеуметтік қызметінің шығармашылық кепілі жасалынады.

Ал құқықтык әлеуметтену жалпы әлеуметтенудің керекті және маңызды бөлігі болады. Ол тұлғаның жалпы әлеуметтену үдерісінің табиғи бөлігі ретінде жеке саяси және құқықтық сананың, құкықтық мәдениеттің қалыптасуы мен дамуының жалпы заңдылықтарының ерекше көрінісі. Құқықтық элеумеггену үдеріеінде адам азамат ретінде езіііің әлеуметтік рөлін, қоғамның әлеуметтік құрылымдағы орнын жете түсінуді, тап өкілінің, партия, ұйым мүшесінің сана-сезімінің дағдылануын, тұлғалық мазмұнымен толықтырылған әлеуметтгік-құқықтық қатынасгарға кең түрде қосылуын білдіреді. Бұл адамның бүкіл саналы өмірі бойы үздіксіз өтеді.

Демократиялық тәртіп жағдайындағы жеке адамның құқықтық әлеуметтенуінің негізгі мазмұнды мәні мен ерекшелігі - оны саяси жэне құқықтық мөлшерлерге, құндылықтарға, саяси және құқықгық мәдениет пен тұтас тәжірибеге, саналы әлеуметгік- белсенді іс-әрекетке катыстыруында болып табылады. Сонда ғана әлеуметтену әмбебапты тәсіл ретінде әлеумеггік ортаны жаңартуды және сонымен бір мезгілде дара тұлғаның қалыптасуын қамтамасыз етеді. Оның әлеуметтік өнім болғандығы мәдениеттің басқа түрлерінің дамытылғанына, топтардың, жіктердің, еңбек ұжымдарының, тұтас коғамның саяси және өнегелі жетілуінің дәрежесіне тәуелді етеді. Дара тұлғаның ішкі құндылықты-мөлшерлік жүйесі жеке тәжірибе мен ұжымдық ұмтылыстардың жемісі.

Адамның, адамзаттың өмір сүретін ортасы мен оның көрсететін белсенділігі белгілі бір қоғамда болатындықтан, өз тарихы және қисыны бар әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-саяси, әлеуметтік-құқықтық, экономикалық кызмет атқаратын жүйенің ықпалы құкықтық әлеуметтенуді қатал нақтылық, бағыттылық және анықтылықпен ерекшелендіріледі. Әрбір мемлекет ұлтгық қауымдасудың тұрпатын, қоғам ісіне араласу ережелері мен әдістерін, билік катынастардың құрылымын және беделін, мем- лекеттік құрылыстың түрін белгілейді. Қоғамда тарихи дәстүрлер және саяси тәртіп жүйесі, әлеуметтік-демографиялык, экономикалық құрылымдары, заңдар әрекет жасайды, олардың көмегімен қоғамдық қатынастар ұйымдастырылады және тұлғаның әлеуметтік, әрі құқықтық мәртебесі анықталады. Қоғамдык мекемелер мен мемлекет арасындағы өзара қарым-қатынастың қалпы мен тарихи әлеуметтену үдерісіне шарттасатын қуатты қозғаушы күшін кұрайды.