- •Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі
- •Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі Қазақ гуманитарлық заң университеті экономика, бизнес және әлеуметтік ғылымдар жоғары мектебі
- •Пәннің оқу бағдарламасы
- •Пәннің мазмұны
- •Сөож және сөж орындау мен тапсырудың тақырыптық жоспары
- •Əдебиеттер
- •Глоссарий
- •Білімді бағалаудың жалпы шкаласы
- •3. Пәннің оқу – әдістемелік қамтамасыздандырылу картасы Информатика және есептеуіш техникасы Оқулықтармен қамтамасыздандыру - 2011-2012ж.
- •Семинарлық және тәжірибелік сабақтарды жүргізуге арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Жаттығу жұмыстары
- •Бақылау сұрақтары:
- •Жаттығу жұмыстары
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Жаттығу жұмыстары
- •243100, Клинцы қаласы,
- •Құрметті демалушылар!
- •Біз сіздерді күтеміз!
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Кеңейтілген фильтр (Расширенный фильтр).
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Жаттығу жұмыстары.
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •14 .1, 14 .2, 14 .3, 14 .4, 14 .5 -Кестелерден алынады)
- •Бақылау сұрақтары:
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •15.4, 15.5, 15.6, 15.7, 15.8 -Кестелерден алынады)
- •Бақылау сұрақтары:
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •1. Пішін шебері көмегімен Пәндер пішінін жасау.
- •3. Автопішін көмегімен пішін режимінде Студенттер кестесін толтыру керек.
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •Сұратулардағы есептеулер
- •Өздік жұмыс үшін тапсырмалар:
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •Информатика пәнінен тест сұрақтары
- •8 Биттен;
- •1024 Байт;
- •Информатика пәнінен тест сұрақтары
- •10. Жанама (контекстік) меню дегеніміз…
- •11. Саймандар тақтасы қандай қызмет атқарады?
- •Информатика пәнінен тест сұрақтары
- •21. Компьютерге кіретін құрылғылардың ең төменгі құрамы:
- •22. Монитор экраны не үшін қажет?
- •23. Компьютердің жүйелік блогына қандай құрылғы кірмейді?
- •24. Модем дегеніміз не?
Глоссарий
Ақпарат термині латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды білдіретін “information” сөзінен шыққан. Ақпарат – бұл қоршаған орта туралы анықталмағандықты білдіретін мәліметтер.
Ақпараттық үрдіс - ақпаратты қабылдау, алмастыру, өңдеу және қолдану үрдісі.
Ақпаратты қорғау – ақпараттың сыртқа шығуын, оның ұрлануын, жоғалуын, рұқсатсыз жойылуын, өзгертілуін, рұқсатсыз көшірмеленуін болдырмау үшін жүргізілетін шаралар кешені.
Ақпараттандыру – адам қызметінің қоғамдық мәні бар барлық түрлерінде ақиқат білімдердің толық және дер кезінде пайдаланылуын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешенін іске асыру.
Ақпараттық жүйе – қойылған мақсатқа жету жолында ақпаратты сақтау, өңдеу және басқаларға беру үшін пайдаланылатын құралдардың, әдістердің және адамдардың өзара байланысты жиыны.
Ақпараттық ресурстар – кітапханаларда, мұрағаттарда, қорларда, мәліметтер банкілерінде және басқа да ақпараттық жүйелерде жеке құжаттар немесе олардың жиымдары түрінде шоғырланған мағлұматтар жиынтығы.
Алгоритм - орындаушының белгіленген мақсатқа жетуіне бағытталған түсінікті ұйғарым.
Алмасу буфері – құжаттар мен қосымша программалар арасында мәтіндік немесе графикалық информация алмасуға арналған жад аймағы.
Антивирустық программа – компьютер программаларына зақым келтіретін вирустарды табатын, әрі олардың кері әсерін жоятын программа.
Архивтеу – файлды немесе файлдар тобын тығыздау процесі.
Аппараттық жасақтама – компьютерлік жүйенің жҗмыс істеуіне қажетті барлық аппараттық құралдар жиынтығы.
Байт – 8 биттен тұратын ЭЕМ жадының немесе ондағы мәліметтердің бірлігі.
Бейнеадаптер – монитордағы бейнені басқару үшін бас тақшаға орнатылған немесе кеңейтуге арналған қосқыштарға жалғанатын схемалық тақша.
Бейнекарта – бейнекамера, бейнемагнитафон немесе кез-келген басқа композитті сигнал көзінен алынатын бейнемәліметтерді дисплей экранына шығаруға мүмкіндік беретін, компьютерлік графикамен және бейнемәліметтермен жұмыс істеуге арналған құрылғы
Гипермәтін - экранда ашық тҗрған құжаттың бір бөлігінен екінші бөлігіне жылдам ауысуды жүзеге асырады.
Дербес компьютер – жеке пайдаланушыға арналған кіші өлшемді жөн бағалы, өмбебап микропроцессор; үстелге қоятын, ықшамды, қалтаға салып жүретіндей етіп жасалған, жеке пайдаланушыға арналған компьютер.
Десте – желі арқылы тасымалданатын мәліметтерді сипаттайтын жалпы аталым.
Домен – бір бір компьютерден басқарылатын немесе желілік түйіннің жалпы басшылығымен жұмыс істейтін қатынастар әрекетінің немесе желілік ресурстардың тобы.
Драйвер – сыртқы құрылғылармен байланыс жасайтын жүйелік программа.
Жад – мәліметтерді қабылдауға, сақтауға және беруге арналған ЭЕМ-нің функционалдық бөлігі.
Жедел жад – берілген мезетте атқарылатын программалар мен оларға дер кезінде қажетті мәліметтерді сақтайтын электрондық жад.
Жергілікті желі (локальная сеть) – жалпы мақсаттағы байланыс құралдарын пайдаланбайтын, бір-біріне жақын орналасқан компьютерлердің есептеу желісі.
Компьютерлік желі – мәліметтерді компьютер арасында жеткізетін бір-бірімен телеқатынас құру құралдары.
Конструктор – мәліметтер қоймасы нысандарының (кестелер, сұраныстар, формалар, басылымдар, макростар, модульдер) қасиеттерін анықтап, құрастыру режимі.
КЭШ жад – процессор мен жедел жад арасында буфер ретінде қолданылатын мәліметтер алу уақыты жедел жадқа қарағанда өте жылдам жад түрі.
Информатика - адам өмірінің әр түрлі салаларында ақпараттың құрылымы мен жалпы қасиеттерін, оны іздеу, жинау, сақтау, түрлендіру және қолдану мәселелерін зерттейтін жас ғылыми пән.
Программалық жасақтама – белгілі бір типтегі есептеуіш машиналарға арналған программалар жиынтығы; компьютерлерге арналған алгоритмдер мен программаларды әзірлеу.
Санау жүйесі – сандық мәліметтерді көрсету үшін керек тәсілдер мен ережелердің келісілген жиынтығы.
Қолданбалы программалық жасақтама – қолданушының нақты есептерін шешуге арналған программалар жиынтығы.
Сыртқы жад – мәліметтерді ұзақ сақтауға арналған алынып-салынатын жад құралдары (магниттік диск, иілгіш магниттік диск т.с.с.).
Слот – компьютердің жүйелік тақтасында кеңейтудің алып-қосу ойығы.
Стример – қатқыл дискідегі мәліметтерді резервке сақтап қоюға арналған көлемді мәліметтер жинақтайтын магниттік таспадағы компьютерлік магнитофон.
Мәліметтер қорын басқару жүйелері (МҚБЖ) – мәліметтер қорымен жҗмыс істеуге арналған, оны басқару мен түрлендіруді жүзеге асыратын программалар тобы.
Мәліметтер қоры (МҚ) – бір-бірімен байланысқан әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді бір жерге жинақтап сақтау.
Модем – компьютерлік желілері жүйесінде цифрлық сигналдарды аналогты түрге және керісінше түрлендіретін модулятор және демодулятор құрылғылары.
Операциялық жүйе – компьютер мен қолданушы арасындағы диалогты ұйымдастыратын, компьютерді және оның ресурстарын басқаратын, компьютердің барлық аппараттық құралдарының жұмысын үйлестіретін өзара байланысқан жүйелік программалардың жиынтығы.
Файл - белгілі бір атаумен аталып, реттеліп жазылған байттар тізбегі, дискідегі аталған аймақ.
Файл пішімі – файл мәліметтерін дискілрде сақтау, экранда немесе қағазда бейнелеу тәсілдерін анықтайтын оның құрылымы.
Электрондық почта – компьютер желісі бойынша хабарларды жөнелтуді, хабарларды оқу мен сақтауды жасақтайтын қызметтік программалар жүйесі.
Шебер (Мастер) – белгілі бір мақсатта шектеулі әрекеттер жиынын біртіндеп орындайтын программа.
Утилиттер – операциялық жүйенің мүмкіндіктерін кеңейтетін көмекші программалар.
Форма – мәліметтерді экранда бейнелеу жолы немесе оларды басқару мүмкіндіктері.