Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMKD_Khaly_1179_araly_1179_ekonomika_1.doc
Скачиваний:
180
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
526.34 Кб
Скачать

2.А.Смиттің халықаралық еңбек бөлінісі жөніндегі идеясы

        • А.Смиттің «Абсолютті артықшылықтар теориясы». Бұл теория бойынша - әрбір ел өзінде аз шығын жұмсап өндірген өнімін экспортқа шығарады (өндіруде абсолютті артықшылықтарға ие), ал импорттан өндірістерде көп шығын жұмсалатын тауарларды сатып алады. Сонымен бірге, А.Смит еркін сауда теориясының негізін қалаушы (ЛЭССЭ - ФЭР) - экономикаға мемлекеттің араласпауы және еркін бәсеке.

А.Смит халықаралық еңбек бөлінісі жөніндегі мәселелерді талдап, қандай тауарларды экспорттау, импорттау керек екендігі жайлы өз ойын былайша тұжырымдады: «Егер бөтен бір мемлекет өзіміз шығара алатынымызға қарағанда, арзан тауармен бізді қамтамасыз етуге қабілетті болса, онда сол тауарды өзіміз шығармай-ақ, шет елден сатып алу әлдеқайда тиімді».

А.Смитттің «Халықтар байлығының табиғаты мен себептері туралы зерттеу» атты басты еңбегінде (1776 жыл) басты идея - ұлттар мен халықтар байлығының негізі еңбек бөлінісі екендігіне саяды. Автор келесі қорытынды шығарды: халықаралық еңбек бөлінісіне белсенді қатысып жатқан елдер пайда табады.

А.Смиттің қағидалары көп жерде жеткіліксіз, абстракты болды. Егер елде абсолютті артықшылық болмаса ше? Онда басқа мемлекеттер онымен сауда жасасқысы келе ме ? Егер ол өзі сата алатынына қарағанда, сатып алуы көбірек болса ше? Бұл жағдай ақшаның шет елге ағылуына әкелмей ме? Осы мәселелердің барлығын сыртқы сауда шеше алатынының кепілі бар ма? Абсолютті артықшылық теориясы осылайша тығырыққа әкеліп тірейді.

3.Халықаралық сауда теориясындағы салыстырмалы артықшылықтар қағидасы.

    • Салыстырмалы артықшылық теориясы. Д.Рикардо «Саяси экономияның және салық салудын принциптері» деген еңбегінде (1817ж.) екі мемлекет арасындағы айырбас қай шектерде тиімді екенін және халықаралық маманданудың критерийлерін айқын көрсете отырып, классикалық теорияны тығырықтан шығарды.

Рикардо атап көрсеткендей, елдің ешбір өндірісте абсолютті артықшылығы болмаса да, сауда екі жақ үшін де тиімді. Тіпті сауда болмаған жағдайда да, екі ел арасындағы баға қатынасындағы сәл айырмашылықтың өзі әрбір ел үшін салыстырмалы артықшылыққа қол жеткізеді (егер саудалық қарым-қатынастардың орныққанын есепке алсақ), яғни басқа тауарларға қарағанда, өндірісі анағұрлым тиімді тауар өндіріліп, тап осы тауар басқасына айырбасталынып, экспортқа шығарылуы тиіс.

Сонымен, Рикардо «Салыстырмалы артықшылық теориясын» (заңын) ашты: ол бойынша, «әрбір елдің белгілі бір тауарды шығаруда салыстырмалы артықшылығы болады және оны сауда кезінде басқа тауарларға айырбастау тиімді. Екі тауар өндіруден абсолютті шығындар деңгейі жоғары елдер де тауар айырбасынан пайда ала алады».

Д.Рикардо А.Смиттің абсолютті артықшылықтар туралы идеясы тек жеке жағдай ретінде ғана енген өзара тиімді сауда мен халықаралық маманданудың анағұрлым жалпы принциптерін қалыптастырды. Рикардо сыртқы экономикалық қызметтің ерекшеліктерін анықтауга көп үлес қосты. Ол өз еңбегінде былай деп жазды: «Бір елдегі тауардың салыстырмалы бағасын реттейтін ереже екі немесе бірнеше мемлекеттер арасында айырбасталатын тауарлардың салыстырмалы бағасын реттей алмайды».

Салыстырмалы артықшылықтар теориясы әмбебеп болып табылады. Ол тек ұлттар арасында ғана емес, сонымен қатар, аймақтар, кәсіпорындар және ұлттық шаруашылықтар ішіндегі адамдар арасындағы кез-келген еңбек бөлінісінің артықшылықтарын негіздейді. Алайда, ол ең алдымен, халықаралық еңбек бөлінісінің қажеттілігін теориялық тұрғыдан растайды және экономикалық ғылым тарихында оны бірінші үлгісі ретінде қарастырады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]