Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ИППУ 3 курс 3 кредита.doc курс сил.docx
Скачиваний:
24
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
380.6 Кб
Скачать

Қазақ гуманитарлық заң университеті

Құқық жоғары мектебі

Мемлекеттік - құқықтық пәндер кафедрасы

БЕКІТЕМІН

Құқық жоғары мектебінің

Директоры з.ғ.д, профессор

_______________У Шапақ

«___»____________2014_ж

ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ (Sillabus)

Пәннің атауы: «Саяси және құқықтық ілімдер тарихы» (IPPU 2214)

Мамандық: 5В030100- «Заңтану»

(шифр, атауы)

Оқу нысаны: күндізгі

Оқу сабақтарының түрлері

Курс/семестр

1

Дәріс - 30 сағат

3

2

Семинар/практика - 15сағат

3

Лаборатория-

4

СӨЖ - 67 сағат

5

СОӨЖ -23 сағат

6

Емтихан -1 семестр

Жиыны: 135 сағат

Астана – 2014 ж.

1.1. Оқытушы туралы мәліметтер: Спанов Айбек Кабылбекович – мемлекеттік құқықтық пәндер кафедрасының доценті. Заңгер.

Қазақ гуманитарлық заң университеті, құқық жоғары мектебі, мемлекеттік құқықтық пәндер кафедрасы. каб.226. Жұмыс телефоны – 70-30-26

Ғылыми қызығушылығы: диссертациялық жұмыстың тақырыбы «Құқықтық тәртіп азаматтық қоғамды жетілдіру шарты ретінде».

Ғылыми мектебі: Қазақ гуманитарлық заң университеті, «Мемлекеттік құқықтық пәндер» кафедрасының ізденушісі. Ғылыми жетекшілер ҚР ҰҒА, з.ғ.д., профессор Баймаханов М.Т., з.ғ.д., доцент Шапақ У.

1.2. Пәннің сипаттамасы: Модульдік пәннің жалпы сипаттамасы:

Саяси және құқықтық ілімдер тарихы – фундаменталдық теориялық және тарихи заңгерлік пәндердің бірі.

Саяси және құқықтық ілімдер тарихында теория доктриналары, саяси және құқықтық ойлардың негізгі бағыттары, құқық пен мемлекет теориясы мен философиясы саласындағы көрнекі ойшылдар мен ғалымдардың ілімдері, әлемдік ой тарихында көзге көрінер орын қалдырған құқық пен мемлекеттің жалпы мәселелері бойынша маңызды теориялық шығармалар игеріледі. Сондай-ақ, Қазақстан тарихындағы саяси және құқықтық ілімнің неғұрлым көрнекі өкілдерінің де ілімдері зерттеледі.

Саяси және құқықтық ілімдер тарихын меңгеру заңгерлер дайындығында ерекше танымдық, мәдени және тәрбиелік маңызға ие. Ол бұрынғы ұрпақтың ойшылдары мен ғалымдарының теориялық мұрасын сақтап, пайдалануға мүмкіндік береді. Саяси және құқықтық ілімдер тарихын игеруші тарихтағы мемлекет пен құқық туралы ойлар мен идеялардың плюрализмін жақсы түсінетін болады, өзінде басқаның ойына деген құрмет қалыптастырып, сонымен бірге өз позициясын, оның ішінде теориялық мәселелер бойынша, неғұрлым жақсы дәйектеуге үйренеді. Саяси және құқықтық ілімдер тарихы патриотизм мен әлемдік өркениет жетістіктеріне, жалпы адамдық құндылықтарға құрметтілікті тәрбиелеуге, саяси және құқықтық идеялар мен институттардың дамуындағы тенденцияларын анықтай алуға көмектеседі.

Курстың пререквизиттері:

Аталған курсты оқыту басталғанға дейін оқушылардың орта жалпы білім қажет. Беретін мектептерден алынуы тиісті құқықтық және тарихи білімдері болуы керек. Қазақстан тарихы, қоғамтану, философия, әлеуметтану, саясаттану, мемлекет және құқық теориясы, шет елдердің мемлекет және құқық тарихы, Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы пәндерін оқып үйрену қажет

Курстың постреквизиттері:

Мемлекет және құқық мәселелері, халықаралық құқық пәндерін оқуда кеңінен қолданылады, терең білім алуға жағдай жасайды.