Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ноп-новый Силлабус Кримка КЮ.doc
Скачиваний:
33
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
339.97 Кб
Скачать

Студенттің оқытушымен өзіндік жұмысын аралық бақылаудың кестесі мен тақырыптары (соөж)

№ СОӨЖ аралық бақылау

Өткізу уақыты

(апта санын көрсету)

Аралық бақылаудың тақырыбы мен сұрақтары

№1 аралық бақылау

Жазбаша бақылау жұмысы

7-апта

Криминалистиканың жалпы теориясы мен криминалистикалық техника тараулары:

Криминалистика түсінігі, жүйесі, әдістері, идентификация мен диагностика.

Криминалистикалық техниканың жалпы ережелері. Соттық фотография, трасология ережелері. Қару, оқ-дәрі, жарылғыш заттар, жарылғыш құрылғылар және олардан қалған іздердің криминалистикалық зерттеуі. Соттық жазутану мен автортану. Құжаттарды техникалық-криминалистикалық зерттеу.

Адамның сыртқы бейнесін криминалистикалық зерттеу. Криминалистикалық тіркеу.

№2 аралық бақылау

Жазбаша бақылау жұмысы

14-апта

1.Криминалистикалық тактика түсінігі және мақсаттары, криминалистикалық тактикада логика, психология, басқару ғылымдарың, және басқа арнайы ғылымдарды қолдану, тактикалық тәсілдер, оларды қолдану шарттары: құқықтық, шектілік (рұқсаттылық), мақсаттылық, тактикалық комбинацияның түсінігі, криминалистикалық болжамдар түсінігі мен мәні.

2. Тергеу әрекеттерінің тактикасы

1.Қылмыстардың жекеленген түрлері мен топтарын тергеу әдістемесінің ұғымы, қылмыстардың жекеленеген түрлері мен топтарын тергеу әдістемесінің міндеттері, тергеу әдістемесінің пәні мен қағидаларын ашу, криминалистикалық сипаттаманың түснігі, нақтылы қылмыс түрлерінің криминалистикалық сипаттамасы элементтерінің мөлшері мен мазмұны, криминалистикалық сипаттама нақтылы қылмыс түрлерін тергеу әдістемесін құру негізі ретінде.

2. Адам өлтіру және дене жарақатын салу қылмыстарын тергеу әдістемесі. Ұрлық қылмыстарын тергеу әдістемесі. Көліктегі қылмыстарды тергеу әдістемесі. Кәмелетке толмағандардың жасаған қылмыстарын тергеу еркешеліктері.

Ескерту: СОӨЖ бекітілген сабақ кестесіне сәйкес өткізіледі.

Case шешу үлгісі

Астана қаласы, Н.Тілендиев көшесінде орналасқан “Астра” сауда орталығының көлік тұрағында тұрған Nissan Patrol мемлекеттік нөмірі Z 777 SAM көлігін сезікті Абенов А. белгісіз жаққа ұрлап кеткен.

Оқиға болған жерде күзетшінің аяқ киім іздерінен басқа, көлік тұрған жердің маңайынан белгісіз аяқ киім іздері қалған.

Қылмысқа сезікті өзінің кінәлі емес екенін, оған дәлелдемелердің жоқ екенін айтқан.

Кейс мақсаты:

1.Студенттердің аяқ іздерін бекіту және алу үрдісін үйренуі; 2.Жеке тұлғаны идентификациялау кезіндегі маңызды орынға аяқ киімнің жеке және жалпы белгілерін пайдалану; 3.Аяқ іздері, оның ішінде аяқ киім іздерінің түрлері, іздердің қалыптасу механизімін ұғыну; 4. Табылған аяқ киім іздерін бекіту әдістерін тиімді пайдалану; 5.Кейс стади сұрақтарының жауабын тауып, білімді бекіту.

Кешенділік: қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу кодексі, криминалистикалық техника тарауының ережелері.

Әдістемелік нұсқаулар: Аяқ киім іздерін бекіту және табу үшін физикалық және химиялық болып бөлінетін әдіс-тәсілдер қолданылатындығын естен шығармау керек.

Дайындалу процессінде студенттер барлық әдістерді, ережелерді жақсы меңгеруі керек, іздерді гипсжасап, құю және химиялық реактивтерді, фотоға түсіру, дактилоскопия пленкасына іздерді көшіруді және т.б. мәселелерді жақсы білуі керек. Бірақ қазіргі заманның жетілдірілген амалдарға қарамастан, іздердің бастапқы қалпында сақтау үшін оларды табылған затпен бірге алу колайлы екенін ұмытпау керек.

Кейс-стади тапсырмасы

  1. Оқиға болған жерден табылған аяқ киім іздерін бекіту үшін қандай әдіс қолданылады?(хаттаманы ресімдеу)

  2. Табылған іздерді қандай әдіспен алу керек екендігін түсіндірулеріңізді сұраймын

  3. Сараптама түрін және сараптамада көрсетілетін сұрақтар тізімін анықтаңыздар.

Кіріспе (кейс фабуласы):

Астана қаласы, Н.Тілендиев көшесінде орналасқан “Астра” сауда орталығының көлік тұрағында тұрған Nissan Patrol мемлекеттік нөмірі Z 777 SAM көлігін сезікті Абенов А. белгісіз жаққа ұрлап кеткен.

Оқиға болған жерде күзетшінің аяқ киім іздерінен басқа, көлік тұрған жердің маңайынан белгісіз аяқ киім іздері қалған.

Қылмысқа сезікті өзінің кінәлі емес екенін, оған дәлелдемелердің жоқ екенін айтқан.

1. Студенттердің білімін, тапқырлығын бақылау және бағалау тәртібі:

Оқытушы әрбір жауапты бағалайды.

2. Техникалық қамсыздандырылуы:криминалистикалық чемодан