
- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
- •Модульдік кітап
- •Модуль мазмұнының қысқаша сипаттамасы
- •Модуль бойынша тапсырманың қысқаша сипаттамасы
- •Курс бойынша бағалау схемасы
- •Модуль пәндерінің мазмұны орыс тілі Темы лекций
- •Тематика семинаров, практических занятий и экскурсий
- •Консультационные часы
- •Экология және тұрақты даму Дәріс тақырыптары
- •Семинар тақырыптары
- •Зертханалық және экскурсия тақырыптары
- •Кеңес беру сағаттары
- •Студенттің оқытушымен өзіндік жұмысы
- •Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері Дәріс тақырыптары
- •Семинар және экскурсия тақырыптары
- •Кеңес беру сағаттары
- •Студенттің оқытушымен өзіндік жұмысы
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ
ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ ПӘНДЕРІ ЖӘНЕ ТІЛДІК ДАЯРЛЫҚ ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ
«Бекітемін»
«ЖББПжТДЖМ» директоры
_______________ Жолаев Р.К.
«____» _________ 2014 ж.
Модульдік кітап
Модульдің атауы: Қазақстандағы тұрақты өмір
Шығарылған мерзімі:
Нұсқасы:1
Еуропалық кредиттер саны – 11
Студенттердің сағаттық жүктемесі – 315 сағат
Орыс тілі – 135 сағат
Қазақстандағы тұрақты даму және экология – 90 сағат
Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері – 90 сағат
Дене тәрбиесі – 30 сағат
Астана – 2014
Модульдің жауапты үйлестірушісі Дүсіпбаева Қарлығаш Советқанқызы
Модульді үйлестірушісінің электрондық поштасы __ _karlygash-23@mail.ru
Модульді үйлестірушісінің телефон нөмірі 8775 391 82 05
Модуль координаторының қолы _________________________
Жоғары мектебінің директора _____________ Жолаев Р.К.
Модуль мазмұнының қысқаша сипаттамасы
Модуль атауы: Қазақстандағы тұрақты өмір:
Қазақ/орыс тілі.
Экология.
Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері.
Дене тәрбиесі
Модуль пәндері экологиялық даму, қауіпсіз даму, мәдени даму аясында бір- бірімен тығыз байланысты. Модульдің мақсаты – қазақ/орыс тілдерінің, экология мен ТҚН пәндерінің теориялық және қолданбалы негіздерін тану.
«Қазақ/орыс тілдері» пәні оқыту үдерісінде академиялық жазу мәдениеті дағдыларын дамытуға, қазақ/орыс әдеби тілінің нормаларына сәйкес эссе жазу қағидаттарын үйретуге бағытталған.
«Экология және Қазақстандағы тұрақты даму» пәні Қазақстан Республикасының экологиялық жағдайларымен, олардың шығу себептері мен салдарынан туындаған мемлекеттік экологиялық мәселелерді оқуға бағытталған..
«Тіршілік қауіпсіздік негіздері» пәні тұрғындарды қорғаудың мемлекеттік жүйесі туралы, сондай-ақ табиғи және техногенді сипаттағы қауіпті және төтенше қауіпті жағдайларда адамдардың қауіпсіз іс-әрекеті туралы теориялық білімді игеруге бағытталған.
Дене тәрбиесінің негіздерін меңгеру студентке салауатты өмір салтын қалыптастыруға көмектеседі.
Бұл модульді аяқтағаннан кейін студент төмендегі қабілеттерді меңгереді:
қазақ/орыс тілдерінде ауызша байланысқа түсуді;
академиялық сипатта ауызша түрде, сондай-ақ жазбаша түрде де хабарлама құрастыруды (хабарлама, эссе);
қазіргі Қазақстандағы экологиялық мәселелерді сараптауға, сонымен қатар олардың шешу жолдарын ұсынуды;
төтенше жағдай кезінде жеке қорғаныс құралдарын қолдануды;
өмірге қауіпті жағдайларда өзін ұстау дағдыларын көрсетуді;
зардап шегушілерге дәрігерге дейін көмек көрсетуді.
Модуль бойынша тапсырманың қысқаша сипаттамасы
Модульде қамтылған пәндерді біріктіретін және модуль тақырыбына қатысты пәнаралық топтық тапсырмалары ретінде эссе жазылады. Эссе жазуға ұсынылатын тақырыптар:
Глобальные экологические проблемы современности и безопасность.
Замануи жаһандық экологиялық мәселелер және қауіпсіздік.
Чрезвычайные ситуации антропогенного характера.
Антропогенді сипаттағы төтенше жағдайлар.
Проблемы безопасного обращения с отходами.
Қалдықтарды қайта өңдеу мәселелері.
Эссені бағалауға қойылатын талаптар:
Эссе жазуда мына құрылым сақталуы тиіс: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды. Кіріспеде эссе тақырыбы (басты мәселесі) анық көрініп тұруы керек, керек жағдайда эсседе қолданылатын ұғымдар мен терминдердің анықтамасын беруге болады (көлемі – 1 абзац). Негізгі бөлімде эссе тақырыбы дәлелдемелер көмегімен ашылуы тиіс: 1 пікір – 1 дәлел (мысал) – 1 абзац (барлығы - 3 абзац). Қорытынды бөлімде тұжырымдар жасалуы тиіс, эссенің басты идеясын беруге де болады (көлемі – 1 абзац).
Эсседе Сіздің өзіндік азаматтық ұстанымыңыз байқалуы қажет.
Тілдік тұрғыдан рәсімдеу кезінде эсседе қыстырма сөздер мен сөз тіркестері (меніңше, менің көзқарасым бойынша, деп санаймын …), жекелеген стильдік тәсілдер (мысалы, инверсия, риторикалық сұрақ, синтаксистік алмастырулар, эпитеттер және т.б.) қолданылуы қажет. Эссе мәтінінде қазіргі қазақ тілінің орфографиялық және емле нормалары сақталуы тиіс.
Модуль тапсырмасын орындауға қойылатын талаптар: жазбаша түрде бастауыш топқа 300 сөз, жалғастырушы топқа 500 сөз, 14 шрифт, интервалы 1. Тапсырма орыс тілінде орындалып, қорғалады..
Эссе балл қою жүйесімен төмендегі көрсеткіштер бойынша бағаланады:
эссе тақырыбының сәйкестігі – 10 балл;
мәселені берілген тақырып аясында нақты дәлелдемелермен шешу – 10 балл;
жұмыстың академиялық стильде жазылуы – 10 балл;
өзіндік тұжырымдардың берілуі – 20 балл;
мағыналық тұтастық, ой байланыстылығы, мазмұндаудың жүйелілігі – 10 балл;
ұсынылған тезистердің сауатты дәлелдемелермен дәйектелуі, түрлі көзқарастардың берілуі, мәселеге қатысты жеке бағалау – 20 балл;
ұғымдар мен құбылыстарды талдау кезінде салыстыру мен жинақтау тәсілдерін қолдана алу қабілеті – 10 балл;
жұмыс цитаталарды қолдану мен рәсімдеудің талаптарына жауап береді, мәтінде қазақ тілінің лексикалық, фразеологиялық, грамматикалық және стилистикалық нормалары, орфография мен пунктуация ережелері сақталған – 10 балл.