- •Қр денсаулық сақтау министрлігі
- •Қысқартылған сөздердің тізімі
- •Мазмұны
- •Кіріспе
- •Негізгі бөлім
- •1 Кесте. Мақсатына қарай зерттеу дизайнының байланысы
- •1 Сүрет. Бірнеше жағдай сипаттаудың дизайны
- •2 Сүрет. Жағдай-бақылаудың дизайны
- •3 Сүрет. Когорттық зерттеудің дизайны
- •2 Кесте. Жағдайды бақылау жіне когорттық зерттеудің ұқсастықтары мен айырмашылықтары.
- •2 Кесте. Pico принципі арқылы клиникалық сұрақ құрастыру
- •3 Кесте. Білімді жетілдіру рецепті
- •4 Кесте. Эгри–ді есептеу үлгісі
- •5 Кесте. Ақпараттық келісімнің жобасы
- •Қорытынды
- •Бақылау тестілері
- •Жауаптары
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі.
1 Кесте. Мақсатына қарай зерттеу дизайнының байланысы
Диагностика туралы |
Бір кезеңді зерттеулер |
Таралуы туралы |
Бір кезеңді зерттеулер |
Пайда болу жиілігі(ауру/нәтиже) |
Когорттық зерттеулер |
Қауіп факторы |
Когорттық зерттеулер, жағдайды бақылау |
Болжамы |
Когорттық зерттеулер |
Емі |
Клиникалық сынаулар |
Профилактика |
Клиникалық сынаулар |
Себеп |
Когорттық зерттеулер, жағдайды бақылау |
СҰРАҚ: ДӘЛЕЛДІК ДӘРЕЖЕСІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ЗЕРТТЕУЛЕР ҚАЛАЙ БӨЛІНЕДІ?
Дәлелділіктің иерархиясы:
жүйелі шолу және мета-анализ;
РКЗ белгілі нақты нәтижелерімен - сенімді интервал клиникалық маңызды әсер (эффект) шегінен шықпайды;
РКЗ нәтижесі нақты емес - сенімді интервал клиникалық маңызды әсер шегінен шығады;
когорттық зерттеу;
жағдайды - бақылау;
көлденең зерттеу;
бірнеше жағдайды сипаттау;
бір жағдайды сипаттау.
СҰРАҚ: БІР ЖАҒДАЙ СИПАТТАУ ЖӘНЕ БІРНЕШЕ ЖАҒДАЙ СИПАТТАУ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Иерархияның ең төменгі сатысы бір жағдайды сипаттау, бірнеше жағдайды сипаттау зерттеудің ең ескі және жиі кездесетін түрі. Сапалы зерттеуге жатады, жаңа ауру немесе проблема, сирек кездесетін клиникалық жағдай жөнінде мағлұмат береді. Бұл зерттеулер жоспарланбайды, керісінше, кездейсоқ пайда болады (В. Эренштейн 2006ж). Клиникалық зерттеулердің бай қоры және ауру ағымын анықтап, ағзаның функциялық жағдайы жөнінде мағлұмат береді.
Бір жағдайды сипаттау сирек кездесетін жағдай.
Жеке жағдайды сипаттау:
-емдеудің алғашқы сатыларында ғана қызығушылық тудырады
-сирек кездесетін ауру кезінде ақпарат көзі болуы мүмкін
Бірнеше жағдайды сипаттау - бұл зерттелген топтардың нәтижесіне статистиканы және белгілі бір заңдылықты қолдану мүмкін болатын зерттеу.
Бұл зерттеулердің салыстыру тобы жоқ, сондықтан кездейсоқ және жүйелі қателер жиі кездесуі мүмкін. Бұл зерттеу кез келген уақытта және аурудың
әртүрлі сатысында жасалуы мүмкін. Бірнеше жағдай сипаттаудың дизайнын 1 сүреттен қараңыз.
1 Сүрет. Бірнеше жағдай сипаттаудың дизайны
Бірнеше жағдайды сипаттау:
салыстыру топтарынсыз ашық зерттеу;
емнің нәтижесі жөнінде жақсы сипаттама береді, бірақ оны дәлелдемейді;
ауру ағымының заңдылығын оқытуға мүмкіндік береді;
негізгі кемшілік – салыстыру тобының жоқтығы.
Артықшылықтары:
үнемді;
көп уақыт алмайды;
қауіп факторларын анықтауға бағытталған бірінші қадам.
Кемшіліктері:
барлық уақытта сенімді, нақты емес;
аурудың себебі жайында дұрыс түсініктеме бере алмайды;
диагноз жайындағы сұраққа жауап ретінде жақсы келеді.
Бір кезеңді немесе көлденең зерттеу - әрбір зерттелушіні белгілі бір уақыт аралығында бір рет тексереді де, ауруына сипаттама беріледі, бірақ даму процесі зерттелмейді. Зерттеудің мақсаты - симптоматикасын нақтылау, кейбір симптомдардың диагнозбен және ауырлық дәрежесімен байланысын анықтау. Аурудың таралу жиілігі, ағымы, диагностикасының нақтылығы анықталады. Бұл зерттеу түрі қарапайымдылығымен және шығын аз жұмсалуымен ерекшеленеді. Ал кемшілігі - таңдаудың, іріктеудің қиындығы, өйткені ол ситуацияға сәйкес келуі керек. Сол сияқты болжам ретінде көмегі аз.
СҰРАҚ: ЖАҒДАЙ БАҚЫЛАУ ДЕГЕНІМІЗ НЕ? ОНЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ МЕН КЕМШІЛІКТЕРІ
Жағдай бақылау – анализдік (сараптау) ретроспективті зерттеулерге жатады. Популяциядан зерттелетін ауруы бар және ауруы жоқ кісілер іріктеліп алынады. Зерттеуге 2 топ алынады:
тәжірибе тобы зерттелетін ауруы бар;
бақылау немесе салыстыру тобы зерттелетін ауруы жоқ.
Зерттеуге қатысатындарды архив материалдарынан алады немесе сұрастыру арқылы іріктейді, сосын болжанған фактордың әсерін, аурудың себебін ретроспективті зерттейді. Бұл зерттеу аурудың этиологиясы туралы гипотезаны тексеруге көмектеседі.
алғашында аурудың жағдайын анықтайды (зерттеліп жатқан ауру анықталған науқастарды таңдау);
қауіп факторы жайында мүмкін болатын ретроспективті гипотеза анықталады;
аталған ауруы жоқ, бірақ басқа белгілері бойынша ұқсас келетін бақылаудағы науқастар тобын анықтап алады;
осы топтарда қауіптілік факторының бар немесе жоқтығын анықтайды;
зерттеу кезінде барлық қорытынды белгілі;
сирек жағдайларды зерттеуге, сонымен қатар зерттеу кезінде тез қорытынды алуға қолайлы;
этиология жайындағы сұраққа жауап ретінде жақсы.
«Жағдай-бақылау» зерттеуінің артықшылықтары:
Зерттеудің орындалуы жеңіл, арзан, жылдам.
Ұзақ уақытты керек етпегендіктен тез таралатын (вспышка) ауруларды зерттеуде көмек береді. Жағдай-бақылау дизайның 2 сүреттен көріңіз.