Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
методичка 1дрыс2013.docx
Скачиваний:
302
Добавлен:
06.06.2015
Размер:
326.8 Кб
Скачать

Қр денсаулық сақтау министрлігі

«АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ

Дербісалина Г.А., Махаметова М.Г., Ахметова Д.Н., Бекбергенова Ж.Б.

ДӘЛЕЛДІ МЕДИЦИНАДАҒЫ

СҰРАҚТАР МЕН ЖАУАПТАР

Оқу- әдістемелік құрал

Астана 2013

УДК 61:001.8(075.8) ББК 53я7 Д63

РЕЦЕНЗЕНТТЕР:

Малтабарова Н.А. «Астана медицина университеті» АҚ-ның жедел жәрдем курсы мен анестезиология және реанимация кафедрасының доценті, м.ғ.к.

Бедельбаева Г.Г. – С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың дипломнан кейін білім беру институтының терапия кафедрасының меңгерушісі, доцент, м.ғ.д.

Муслимова Ж. - «Астана медицина университеті» АҚ-ның мемлекеттік тілді дамыту және тіл саясаты бөлімінің бас маманы

Д63 Дәлелді медицинада сұрақтар мен жауаптар, оқу- әдістемелік құрал./ Г.А.Дербісалина, М.Г. Махаметова, Д.Н. Ахметова, Ж.Б. Бекбергенова – Астана. 2013. – 58 б.

Оқу-әдістемелік құралын № 1 Жалпы дәрігерлік практика кафедрасының оқытушылары дайындады. Негізгі бөлімде ДМ-нің даму тарихы, оқыту қажеттілігі, кезеңдері, клиникалық зерттеулердің түрлері, мақаланы талдау, аудит жөнінде, клиникалық эпидемиологияның даму тарихы туралы ақпарат берілген. ДМ негіздері пәні бойынша медицина университетінің 3 - ші курс студенттерінің білімдерін тереңдету үшін арнайы дайындалды.

УДК 61:001.8(075.8) ББК 53я7

АҚ АМУ оқу әдістемелік кеңесінде бекітілді, қосымша әдебиеті ретінде шығаруға ұсынылды

Хаттама № ____, «___» _______________ 2013ж.

© Дербісалина Г.А., Махаметова М.Г., Ахметова Д.Н., Бекбергенова Ж.Б., 2013

Қысқартылған сөздердің тізімі

ДМ – дәлелді медицина

КЗ – клиникалық зерттеулер

ЖПД – жалпы практика дәрігері

КЭ – клиникалық эпидемиология

РКЗ – рандомизирленген клиникалық зерттеу

КПЖ – клиникалық практикалық жетекшілік

CDSR – Cochrane Database of Systematic Reviews

DARE - Database of Abstracts of Reviews of Effectiveness

CCTR - Cochrane Сontrolled Trials Registry

GCP - Good Clinical Practice

Мазмұны

  1. Қысқартылған сөздердің тізімі 3

  2. Кіріспе 5

  3. Негізгі бөлім 6

  4. Қорытынды 47

  5. Бақылау тестілері 48

  6. Әдебиеттер тізімі 57

Кіріспе

Дәлелді медицинаны заманауи түрдегі медициналық практиканың контекстінде ғана емес, қазіргі заманғы дәрігердің өмірге деген көзқарасы қалыптасуының және дәрігердің күнделікті жұмысында кездесетін медициналық проблемаларды шешудің әдістемелік негізін құрайтындығында қарастыру керек. Мұндай жағдайда мамандарды дайындау стратегиясын анықтау үшін медициналық университеттердің рөлі белгілі дәрежеде жоғарылайды. Денсаулық сақтау жүйесіне дәлелді медицина негіздерін енгізуді студенттерді дипломға дейінгі оқыту кезінде және дәрігерлердің біліктілігін жоғарылату барысында жүргізген тиімді. Дәлелді медицинаны оқып, оның негіздерін күнделікті жұмысында қолдану үшін дәрігерге үздіксіз түрде білім алу және жүйелі түрде көзқарас қажет болады. Медицинаға тән жалпы сұрақтарды шешу - жұмыстың методологиясын оқуға бағытталуы керек. Дәлелді медицинадағы білім –белгілі бір жағдайларға негізделген, дәлелденген шешімдерді қабылдау қабілетінің болуы. Алдағы уақытта клиникалық ғылыми зерттеулер мен медициналық білім қабылданатын шешімдердің дәлелділігі жөнінде бір жүйеге шоғырлануы керек. «Дәлелді медицинадағы сұрақтар мен оның жауаптары»- деген осы оқу-әдістемелік оқулық медициналық жоғарғы оқу орындарының оқытушылары мен студенттеріне дәлелді медицина негіздері жөнінде білімдерін жетілдіруге көмегі болады деген ойдамыз.