Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Документd.docx
Скачиваний:
142
Добавлен:
06.06.2015
Размер:
108.36 Кб
Скачать

1. Иммунитет. Иммундық жауап.

2. Комплементтің альтернативті жолы. Пропердин маңызы.

3. Итж аурулары диагностикасы. Емі.

1. Иммунитет. Иммундық жауап. Иммунитет терминінің ең қолайлы түсініктемесін 1982 жылы Р.В.Петров берген: "иммунитет-организмді генетикалық бөгде белгілері бар заттар мен тірі денелерден қорғау әдісі болып келеді". Термин алғашында юристтік терминге жатқан, медицинада ХІХ ғасырдың екінші жартысында енгізілді.

Иммундық жауап - антигенді тануға, байланыстыруға, әлсіздендіруге, ыдыратып және ағзадан шығаруға бағытталған иммундық жүйенің арнайы кешендік серпілісі. Иммундық серпіліс гендік бөтен ақпараттарды тасымалдаушыларға қарсы бағытталады (вирус, бактерия, ісік жасушалары т.б.).

Механизмі бойынша иммундық жауаптың 3 түрі бар:

1. жасушалық 2. гуморальдық 3. аралас

Көбінесе аралас түрі болады, бірақ не жасушалық, не гуморальдық түрі басым болады. Олар бір-бірімен тығыз байланыста болады. Иммундық жауапта әдетте барлық жасушалар (Т-лимфоцит, В-лимфоцит, антиген таныстырушы жасушалар) қатысады. Оны иммунды хабарлы жасушалар кооперациясы деп атайды.

В-лимфоциттердің негізгі қызметі - ағзаға түскен антигендерге қарсы антидене түзу. Антидене - арнайы нәруыз - иммуноглобулиндер. Шеткері мүшеде пайда болып, қан арқылы тарайды.

Т-лимфоцит антиген тануға, жасушалық, гуморальдық иммундық жауап басталуына және реттелуіне қатысады. Ал зерде жасушалары есте сақтайды. егер сол антигенмен қайта кездессе, иммундық жауап жылдам туындайды.

Антигендермен әрекеттесуі бойынша иммундық жауап екіге бөлінеді:

1. біріншілік иммундық жауап 2. екіншілік иммундық жауап

1. 4-7 күндері дамиды. В-лимфоциттер белсеніп, антидене түзетін плазмоциттерге айналады. Антидененің басым көпшілігі IgM болады; жасушалық иммундық жауап жетілген Т-лимфоциттердің пайда болуымен белгіленеді. Антигенмен 1 рет жанасқан соң зерде Т- және В-жасушалары түзіледі.

2. жасырын кезеңі өте қысқа, жылдам дамиды жіне антиген аз мөлшеріне де. IgM біріншілік жауаптағыдай мөлшерде, ал Igg өте жоғары. Зерде жасушалары сақталғаны үшін тез жауап береді. Иммундық жауап енген антиген мөлшеріне тең болса, нормэргиялық, ал көп болса гиперэргиялық болып табылады. Кейде иммундық жауп тумайды. Оны иммунологиялық төзімділік деп атайды.

3. Итж аурулары диагностикасы. Емі.

Емінде: Біріншілік ИТЖ. гуморальдық иммунитет жүйесі зақымдануында көбіне симптоматикалық ем қолданылады. Ауыр түрлерінде иммуноглобулиндермен орын басушы терапия жүргізіледі. Бірақ абай болу қажет, өйткені IgG мен IgM кластарына жататын антииммуноглобулиндер өнімдерінің көп болуына байланысты, анафилаксиялық шок болуы мүмкін. Жасушалық иммунитет жүйесі зақымдануында тимусты көшіріп отырғызу мен симптоматикалық терапия қолданылады. Аралас зақымдануда иммуноглобулиндер енгізеді, сүйек кемігі мен бағаналы жасушаларын ауыстырады, антибиотиктер мен тимус гормондарын енгізеді. Фагоцитарлы жүйе зақымданса антибиотиктерді қолдана отырып, симптоматикалық ем. кейде хирургиялық ем. Комплемент жүйесі зақымдануында жаңа мұздатылған плазма құю, кортикостероидты гормондар қолдану, трахеостомия, С1 инактиваторын қолдану.

Екіншілік ИТЖ алдын-алу үшін салауатты өмір салтына жататын дұрыс, баланстанған тамақтану, адекватты физикалық жүктеме, кәдімгі гигиеналық шараларды орындау, қауіпті әдеттен арылу және дұрыс медициналық тәртіпті сақтау маңызды.

Диагностикасы: Біріншілікті ИТЖ. Барлық түрлерінің оппортунистикалық немесе шартты-патогенді микроорганизмдермен, яғни төменгі вирулентті флорамен шақыратын, әртүрлі мүшелер мен тіндерді зақымдайтын, қайталамалы созылмалы жұқпалардың болуы. Кейде анатомиялық-функционалдық бұзылыстармен біріккені үшін, зертханалық-иммунологиялық зерттеу қолданбай анықтауға болады. Ауру симптомдары: балаларда біртегіс емес, түсініксіз дене температурасының артуы, ауыз уылуы, іріңді отит, синусит, бронхит триадасы, тірі вакцинаны енгізгенде қалыптыдан тыс серпіліс болуы және тағы басқалар.