Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
SSS_kaz.doc
Скачиваний:
797
Добавлен:
05.06.2015
Размер:
1.84 Mб
Скачать

№1 Тәжірибелік жұмыс. Жүрек ұшының серпіндісін табу

Жұмыс мақсаты: Жүрек ұшының серпіндісін табуды үйрену.

Пальпация арқылы жүрек арқылы жүрек ұшының түрткісін, жалпы жүректің соғуын жүрек тұсындағы пульсацияларды, кеуде дірілін анықтауға болады.Жүрек ұшының түрткісін анықтау үшін оң қолдың алақанын жүрек тұсына қоямыз, саусақтар қолтыққа бағытталып үшінші, төртінші қабырғалар аралығында жатуы тиіс.Алақан жүрек ұшын басып жатуы шарт. Сонымен жүрек ұшын анықтаған соң, оның жалпы сипатына мән беруіміз керек. Пальпация жасағанда жүрек ұшының жатқан жерін, оның аумағын, күшін, биіктігін, серпімділігін зерттей қарайды.Ол үшін жоғарыда айтылған оң қолдың үш саусағының ұшымен жүрек ұшы тұрған нүктені дәл анықтап белгілеу керек. Егер жүрек ұшының түрткісі едәуір жерді алып көлбеп жатса, ең сыртқы, төменгі нүктені таңдап аламыз. Науқастың кеудесін алға еңкейтіп ұстауын өтіну керек, неге десеңіз бұл кезде жүрек ұшының түрткісін табу ыңғайлы болады.

Жүрек түрткісінің аумағы деп түркінің әсерінен кеуде клеткасының қозғалуын айтамыз, оның қалыпты жағдайда диаметрі 1-2 см болады. Егер ол 2 см-ден үлкен болса – жайылған және одан кіші болса- шектелген деп есептелінеді.Жайылған түрткі жүрек өлшемдерінің ұлғайғанын көрсетеді, бұл жағдай адам жүдеу болғанда, қабырға аралықтары кең болғанда, сол жақ өкпенің төменгі бөлігі жиырылғанда кездеседі.Семіздікте, өкпе ауруларында, диафрагманың төмен орналасуында түрткінің шектеулі түрі кездеседі, яғни жүрек кеудеге аз көлнмімен түйіседі.

Қалыпты жағдайда жүрек ұшы түрткісі ортаңғы бұғана сызығынан 1-2 см оңға қарай бесінші қабырға аралығында жатады. Егер науқас мсол жағымен жатса, бұл нүкте солға 2 см, оң жағымен жатса,оңға 1-1,5 см ығысуы мүмкін. Ал адам тік тұрғанда мұндай өзгерістер болмауы тиіс. Жүрек ұшының ығысуына жүректен тыс себептер де әсерін тигізеді. Оларға кеуде пердесінің жоғары тұруы, кеуде қуысы көлемінің өзгеруі, өкпенің бүрісіп қалуы т.с.с. себептер болады.

№2 Тәжірибелік жұмыс. Жүрек АускультацияСы

Жұмыс мақсаты: Жүрек аускультациясын жүргізуді үйрену.

Жүректі төменде көрсетілген тәртіппен тыңдайды: ең бірінші жүрек ұшынан екі жармалы қақпақшада пайда болатын дыбыстар (1-ші нүкте).Екінші қабырға аралығы оң жақтан қолқа қақпақшасы (2-ші нүкте), кейін сол жақ екінші қабырға аралығында өкпе артерия қақпақшасы (3-ші нүкте). Төстің төменгі жағында семсер тәрізді өсіндінің негізінде – үш жармалы қақпақша (4-ші нүкте). Ең соңында Боткин нуктесі, ол үшінші мен төртінші қабырғаның арасында төстің сол жағында орналасқан. Бұл нүктеден қолқа қалпақшасынан естілетін дыбысты тыңдайды. Жүрек қалпақшаларында кездесетін ақаулар көбінесе екі жармалы және қолқалық қалпақшаларда кездеседі.

Жүректі физикалық күш түсіргеннен соң тыңдау өте тиімді. Жүректі тыңданда дыбыс түсініксіз айқын естілмесе, Егер науқастың хал жағдайы көтере алатын болса науқастан бірнеше рет тіңзесін бүгіп отырып тұруды сұрау қажет.Бұл кезде жүрек бұлшық етінің жиырылуының тездігінен қан ағыны жылдамдайды да бұл дыбысты айқын ажыратуға көмектеседі(екі жармалы қалпақшаның тарулуындағы пресистолалық шуыл ).

3 Тәжірибелік жұмыс.

ЭКГ – ЖҮРЕК ЭЛЕКТІРЛІК БЕЛСЕНДІЛІГІНІҢ ТІРКЕУ ӘДІСІ.

Жұмыс мақсаты: Жүрек электірлік белсенділігін тіркеумен танысу және «КАРДИОЛАБ» аспабымен стандартты тіркелімдегі ЭКГ тіркеуінің негіздерін үйрену.

Әдістеме:

1. Кардиоаралықтың созылуына байланысты жүрек жиырылуының жиілігін (ЖЖЖ) анықтау. Тістің бірінші R шегі мен тістің келесі R шегінің аралығын миллиметрмен өлшеу.

R-R аралықтың ұзақтылығын секундпен өлшеп анықтау. Ол үшін миллиметр мөлшерін (R-R аралықты) 0,02-ге (бір секунд ішінде лентотартылымның жылдамдығы 50мм, осыдан 1 мм–дің бір бөлімі 1/50-0,02 секундқа тең) көбейту керек. 1 минуттегі ЖЖЖ-ны анықтау үшін 60-ты (1 минутте 60секунд) секунд ішіндегі R-R аралық ұзақтығына бөлу керек.

2. Амплитудалық- уақыттық тістер мен тыныштықтағы аралықтардың сипаттамалары. ЭКГ тістерінің (вольтаж) амплитудасын үш стандартты тіркелімде мм-мен өлшеу. Шыққан санды милливольтке (1мВ-10мм) айналдыру. Мәліметтерді кестеге еңгізу.

Тістер амплитудасы тістер шегінен изоэлектрикалық сызыққа дейін мм-мен өлшенеді. R, Т тістерінің ұзақтылығын, QRS кешені мен Р-Q, Q-Т аралықтарын мм-мен өлшеу.

Шыққан санды 0,02-ге көбейтіп,секундқа аударамыз. Мәлеметтерді кестеге енгізу. Тістердің ұзақтығы мен аралықтарын өлшеуі стандартты тіркелім уақытында өтеді.

Тістер өлшенеді:

  • R - R тісінің басынан соңына дейін;

  • Т – Т тісінің басынан соңына дейін;

  • QRS кешені- Q тісіеің басынан S тісінің соңына дейін;

  • P-Q аралығы - Р тісінің басынан Q тісінің соңына дейін;

  • Q-Т - Q тісінің басынан Т тісінің соңына дейін.

ЭКГ элементі

Ұзақтылығы(II тіркелімі)

Вольтаж

1 тіркелім

2 тіркелім

3 тіркелім

мм

с

мм

мВ

мм

мВ

мм

мВ

Р

Q

R

S

T

QRS

Арал. P-Q

Арал. Q-Т

3. Фронтальді қуыстағы вектордың бағытын (немесе жүректің электрикалық осін) бағалау.

Эйтховеннің үшбұрысын салу (шегімен төмен қаратылған қабырғасы 10 см болатын теңбүйірлі үшбұрыш). Үшбұрыштың табаны бірінші стандартты тіркелімге сәйкес: сол жағы (aVR) – екінші тіркелімге, оң жағы (aVL) – үшінші тіркелімге. Үшбұрыштың шегінен қарама-қарсы жақтарға биіктік жүргізіп, сызықтардың қиылысу нүктесінде үшбұрыштың ортасын белгілеу.

Бірінші тіркелімдегі QRS кешенінің көлемін өлшеу. Q және S тістерінің көлемін минус таңбасымен, ал R тісін – плюс таңбасымен алады.. Тістер көлемін мм-мен анықтайды. Бұл тістердің арифметикалық соммасын есептеу. III-ші стандартты тіркелімде QRS кешенінің көлемін іспеттес өлшеу. Арифметикалық соммасын өлшеу.

QRS I кешенінің сомдалған көлемін үшбұрыштың жоғарғы қабырғасынаорналастыру керек. Егер бұл өлшем оң болса, онда ортаңғы нүктеден оңға қарай, ал егер теріс болса, солға қарай орналастырады.

QRS III кешенінің сомдалған көлемін үшбұрыштың оң жағына орналыстырады. Егер ол оң болса, оны ортаңғы нүктеден төмен, ал егер теріс болса жоғары орналастырады.

I және III векторлары қиылысатындай шегтеріне перпендикулярлар жүргізеді. Қиылысқан нүктесін үшбұрыштың ортасымен қосып, I және III векторлар тіркелімнің көлемі және жүректің электрикалық осінің бағытын аламыз. Оның бағытын градуста анықтау үшін үшбұрыштың ортасынан тік паралелді үшбұрыш табанын өткізеді және ортаңғы сызық пен алынған вектордың (a бұрышы) арасындағы бұрышты транспортирмен өлшейді.

Сектор

Жүректің электірлік осі векторының позициясы.

0-ден 90-ға дейін градус

Вектордың сол жаққа бұрысы

0-ден 20-ға дейін

Вектордың көлденен бұрысы

30-дан 60-қа дейін

Қалыпты позиция

70-тен 90-ға дейін

Тік орналасуы

90-нан 180-ге дейін

Тік осінің оңға қарай бұрысы

Алтыості сызба-нұсқа бойынша электрикалық остің дұлыс анықталғанын тексеріңіз. Ол үшін радиусы 5 см шеңбер өткізіп, оны 12 секторге бөліңіз. Оң жағына оң мәнін (30, 60, 90, 120, 150, 180 градус), сол жағына теріс мәнін белгілеңіз (1 сурет)

I осінің тіркелімінде QRS тістердің арифметикалық соммасын қою. Тіркелімнің III –ші осінде III стандартты тіркелімнен алынған тістердің арифметикалық тіркелімін қою. Алынған векторлардың соңынан перпендикулярларды өткізу.Қиылысу нүктесін шеңбер ортасымен қосу. Бұл – жүректің электрикалық осінің бағыты болады.

Мысал:

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]