Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kontr_na_kaz (1).doc
Скачиваний:
41
Добавлен:
05.06.2015
Размер:
431.1 Кб
Скачать

Есеп № 23

Науқас С., 34 жаста медицина-санитарлық бөлімге қаралуға келген, жылтырлатушы болып 8 жылдан бері жұмыс істейді. Қолының дистальді бөлігіндегі ауырсынуға, саусақ ұштарының ауа райының суық кездеріндегі ағаруына шағымданады. Ауырғанына 2 жылдай болған, дәрігерге көрінбеген.

Қарағанда: Ішкі пәзаларда өзгеріс анықталмайды. Қолдары мұздай және көгерген, ісінген, тоқылған сурет анықталады, пәпрған дақ белгісі оң, трофикалық өзгерістер жоқ.

Тапсырма: бастапқы диагнозды анықтаңыз: соңғы диагнозды қоюға қажетті қосымша тексеру жоспарын құрыңыз.

Есеп № 24

Науқас К., 30 жаста, 6 жылдан бері жабыстырушы болып жұмыс істейді. Өзін бір жыл көлемінде аурумын деп есептейді. Иық аймағындағы ауырсыну мазалайды, әсіресе түнге қарай. Қол саусақтары суықтауға байланысты жансызданады, ашуланшақ.

Қарағанда: қолдары ісінген, мұздай, көрген. Алқан беткейіндегі саусақтар ұшы жастықта тәрізді. Парлық сезімталдық түрлері (ауырсыну, температуралық, дірілдік) ұзынқолғап тәрізді күрт төмендеген.

Мұздату сынамасы бойынша өлген саусақтар белгісі анықталады, әсіресе екі қолдың ІІ және IV саусақтары ағарған. V саусақтың ішке қозғалту еттерінің әлсіздігін байқалады, оң қолдың V саусағында ішке қарай қозғалу күрт шектелген, электрліктітіркенуі өзгерген. Жауырын үсті және иық алдындағы еттерде пальпация кезінде қатаю ауырсыну, олардың сіңіруге өту аймағында кретация анықталады.

Алақанның майда сүйектерінің R граммасында сүйек тіндерінде аздаған қатаю ошақтары бар.

Капилляроскопияда екі қолдың капиллярларында спастико-атониялық жағдайдың басымдылығы анықталады.

Плетизмографияның қортындысында артерияда қан келудің айтарлықтай төмендеуі байқалады. Ішкі ағзаларда ауытқулар жоқ.

Жоғарғы жиіліктегі шуылды қабылдау аралығы жоғарылаған.

Тапсырма: диагнозды тұжырымдаңыз; Емдеу тағайындаңыз және МСЭК жүргізіңіз.

Есеп № 25

Науқас Б., 29 жаста, 4 жылдан бері пневматикалық құралмен тас кесуші болып жұмыс істейді. Діріл көбінесе сол қолға беріледі.

Кезекті медициналық тексеруде соңғы жылы сол қолы саусақтарының ағаруына шағымданады.

Қолдарында ауырсыну сезімін байқалмайды. Саусақтарының ағаруы кішкене саусақтан басталған, кейінен суықтауға байланысты ІІІ және ІV саусақтар ағара бастаған. Ағару ұстамасынан кейін жағымсыз парастезиялар сезімі, кейде білезік-алақан буындарының ісінуі пайда болады.

Қарағанда: қолдың ІV және V саусақтарының соңғы фалангаларында жеңіл гипестезия ғана анықталады; еттері өзгермеген; капилляроскопия қорытындысында аздаған қысылу байқалады. Мұздату сынамасында сол қолдың ІV және V саусақтарының ағаруы анықталады.

Тапсырма: диагнозды тұжырымдаңыз; емді тағайындап, МСЭК жүргізіңіз.

Есеп № 26

Науқас М., 37 жаста, радиолокациялық қондырғының операторы, кәсіби аурулар клиникасына, осы жұмысын атқаруға қабілеттілігін шешу мәселесі бойынша, диагнозын анықтау үшін, толық тексерілуге жолдамамен келген. Тез шаршағыштыққа, ашушаңдыққа, ұйқысының нашарлауына, мазасыздануға және кейде жүрек тұсындағы шаншып ауырсынуға шағымданады. Қарағанда тері табындыларының бозаруы, айқын гипергидроз, тұрақты қызыл дориографизм, қолын созған кезде саусақтардың треморы анықталады.

АҚҚ-105/75 мм. сын.бағ. ps-4 брадикардиядағы бейімді.

Тапсырма: ауруханаға науқасты жатқызу барысында кәсіби аурулар клиникасының дәрігері қосымша қандай мәліметтерге сүйетуі қажет?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]