
Хлорохинге тұрақты тропикалық безгектің емі.
Сульфаниламидтер мен сульфондармен синергист болатын безгекке қарсы комбинацияланған схемалар:
1 схема. Сульфален 1,0 + триметаприн 0,5. 2 препаратты күніне 2 рет немесе 1 рет қолданады.
2 схема. Күніне 5 таб. мефлохин (3табл.ертеңгісін және 2 табл – кешке). 14 күн бойы қатарынан примахин 0,027г.
3 схема. Күніне 5 таб мефлохин. Күніне 3 табл фансидар.
4 схема. Күкірт қышқылды хинин 0,65 10-14 күн бойы күніне 3 рет.
Соңғы кезде тропикалық безгектің қоздырғышының дәріге тұрақты штаммдарын емдеуге лариам қолданады. Оның құрамындағы бөліктері мефлохин гидрохлоридінде 274,09 250 мг негіздік мефлохин құрамында бар. 1табл – 250мг.
Лариам плазмодияның барлық түрінің жыныссыз эритроцит ішілік түріне әсер етеді. Иммунды емес пациенттерге салмағы 45-60кг – дозасы 1250-1500мг (5-6 таблеткадан), ал жартылай иммунды пациенттерге – 750-1000мг (3-4 таблеткадан) қолданады. Таблетканы тамақтан кейін және көп мөлшерде сумен ішеді.
Мефлохинмен (лариамом) 3 күндік безгкті емдегеннен кейін радикальды емдеу үшін 8-аминохинолин тобының препаратын қолдану керек. Мысалы, қоздырғыштың тіндік (бауырлық) түріне әсер ету үшін – приимахин, хиноцид немесе фоль қышқылының антогонисі – пириметамин қолданады. Егер 48-72 сағат ішінде лариамнан ешқандай нәтижесі болмаса басқа препарат қолдану керек.
Лариамның (мефлохин) профилактикалық дозасы – 250мг (1т) эндемиялық аймақтарға шығар алдында аптасына 1 рет тағайындалады және сол дозаны әр апта сайын аймақта болған кезеңдерінде және келгеннен кейін 1 апта бойы қолданады.
Ауруханадан шығару ережелері. Реконвалесцентті клиникалық көріністері жойылған кезде, толық емдеу курсын алғанда және қалың тамшыда плазмодий болмағанда, қан жағындысын зерттеу кезіндегі 2-3 рет теріс нәтиже берген кезде ғана стационардан шығарады.
Ауруханалардың жұқпалы аурулар кабинетінде диспансерлік қадағалауда және учаскелік терапевте 2 жылға дейін тұрады. Әр ай сайын мамырдан қыркүйекке дейін және квартал сайын жағындыны зерттеп отыру керек Егер зерттеу оң нәтиже берсе арнайы ем тағайындайды және бақылау уақытын ұзартады.
Тропикалық климатты елдерде болған адамдарды міндетті түрде профилактикалық емді мефлохинмен, примахинмен (радикальды емдеу үшін схема түрінде), хлоридинмен (әр апта сайын берілу мерзімі бойынша) қабылдап 2 жыл бойы бақылауда болуы керек. Жартылай иммунды емес адамдарға үшін айына 1 рет 2-3 таблеткадан, ал иммунды емес адамдар үшін – 1 таблеткадан айына 2 рет фансидар тағайындалады.
Безгекпен күресу және алдын алу шаралары. Эпидемияға қарсы және алдын алу шаралары эпидемиялық процестің барлық бөліктеріне сәйкес үш бағытта – инвазия қоздырғышының көзіне, берілу механизміне және тұрғындардың қабылдаушылығына сай өткізіледі. Әрбір бағыт - шаралардың жиынтығынан тұрады. Ол масаларды, оның личинкаларын жоюды, химиялық дәрілермен тұрғындардың қабылдамаушылығын көтеруді және адамдарды масалар шабуылынан қорғауды қамтиды.
Қорытынды:
Безгек өте кең тараған паразитарлық аурулардың бірі. 2 млрд-тан аса адам немесе планета тұрғындарының 30% артығы сырқаттану қаупіне ұшыраған. Ал олардың 500-600 млн жыл сайын осы қауіпті аурумен ауырады. Безгектен жылына 1,5-2,7 млн адам өледі. Оның 80% Африка елдерінің тұрғындары. Қазіргі уақытта бұл инвазия жер шарының 100-ден аса (ДДҰ, Женева, 1997; 2000) елдерінде тіркелді. ДДҰ сарапшыларының байқауынша безгектің таралуы әрбір аймақта қалыптасқан табиғи, әлеуметтік-экономикалық жағдайға тән. Эпидемияға қарсы және алдын алу шаралары эпидемиялық процестің барлық бөліктеріне сәйкес үш бағытта – инвазия қоздырғышының көзіне, берілу механизміне және тұрғындардың қабылдаушылығына сай өткізіледі. Әрбір бағыт - шаралардың жиынтығынан тұрады. Ол масаларды, оның личинкаларын жоюды, химиялық дәрілермен тұрғындардың қабылдамаушылығын көтеруді және адамдарды масалар шабуылынан қорғауды қамтиды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
-
«Инфекционные болезни” - Черкасов И. П. Москва 2004
-
Клинические рекомендации для практикующих врачей. Доказательная медицина. “Гэотар- Медицина”,2003г., 2.Черкасов В. Л. Рожа.1986г.
-
А.Қ.ДҮЙСЕНОВА «Жұқпалы аурулар» оқулығы. Источник: http://freeref.ru/wievjob.php?id=225243
-
Интернет желісінен: https://diseases.medelement.com/disease/view/MTMyMTk%253D/fDB8
Жоспары:
І. Кіріспе
Безгек ауруы туралы .
ІІ. Негізгі бөлім
а) Безгек ауруының жіктелуі, этиологиясы, патогенезі.
б) Безгек ауруының алдын алу және күресу жолдары.
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.