Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Дипломы-2 / ВЗД-172 / ҚОРЫТЫНДЫ

.docx
Скачиваний:
65
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
13.85 Кб
Скачать

ҚОРЫТЫНДЫ

Дипломдық жобада «Бұрғылау тереңдігі 4000 м дейінгі диаметрі 172 мм болатын бұрандалы түптік қозғалтқышты модернизациялау» толығымен оң шешімін тапты. Оның мұнай-газ ұңғымаларын бұрғылауда басқа қозғалтқыштармен салыстырғандағы ерекшеліктері, артықшылықтары мен тиімділігі талданды. Сонымен қатар бұрандалы түптік қозғалтқыш және оның құрамдас бөліктері, олардың қысқаша сипаттамасы мен жұмыс істеу принципі қарастырылды.

Қозғалтқыш ротор мен статордан тұрады. Болат статор ішінде сол бағытта бұрандалы тісті ысытылған резеңкелі қоршауы бар. Болат роторда сол бағытта сыртқы бұрандалы тістер кесілген. Ртор тістерінің саны статор тістерінің санынан бірге кем болғандықтан, нәтижесінде ротор осінің ілінісу үшін статор осінің тіс биіктігінің жартысына тең эксцентритетіне қатысты жылжытылған. Ротор мен статор бұрандалы қадамдары тістерінің санына тура пропорционал.

Ұңғымаларды қосымша ұңғыларды бұрғылау арқылы қалпына келтіру жұмыстарын атқару кездерінде де негізінен осы БЗҚ қолданылады.

Күрделі жөндеу жұмыстарды орындаған уақытта бүкіл бұрғылауға байланысты операциялардың 90%-дан астамы осы қозғалтқыштар арқылы жүзеге асырылады.

Жуу сұйықтығы берілген кезде клапан ешбік төгілулерсіз тығыз жабылуы, ал айналма тоқтатылған кезде клапан ашылуы керек. Жуу сұйығының шығыны түпті тазалау шарттарына негізделген.

Патентті-ақпараттық шолу мақсаты негізі ротордың сыртқы бетін вольфрам карбидінің бөлшектерінің мөлшері 5 – 40 мкм ұнтағымен шашыраңқы жоғары жылдамдықты жалындаған газ әдісімен тозу мен коррозияға төзімді жабынмен қамтамыз етіп, ротордың пайдаланудағы сипаттамаларын жақсартып, жұмыс қабілеттілігін ұзарту болып табылады.

Есептеулер берілген модернизацияның тұрақты, шаршаңқы мықтылық, тозуға төзімділік, жұмыс істеу уақытының ұзақтылығының жеткілікті екендігін көрсетеді. Осы себептіұсынылып отырған жобаланушы бұрандалы түптік қозғалтқыш қолданыста экономикалық тұрғыдан және пайдалану тұрғысынан тиімді деп қабылдауға болады.

Жабдықтарды пайдалану кезіндегі еңбек қорғау, техника қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау сұрақтары қарастырылды.

Соседние файлы в папке ВЗД-172