Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Оу уралы (жалпы микробиология) каз

.pdf
Скачиваний:
208
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
1.4 Mб
Скачать

Клостридиялар (анаэробты спора түзетін микробтар)

Спириллалар

Сурет 3. Имектелген пішінді бактериялар

Спирохеталар

Зертханалық жұмысты орындау түрі Тақырып бойынша сұрақтар:

1.Жұғын-препарат дайындау (сұйық және тығыз қоректік ортада) 2.Жұғынды қарапайым бояу әдісімен бояу 3.Жұғын-препаратты микроскопиялау 5. Хаттама толтыру

Жұғын-препарат дайындау. Қарапайым бояу әдістері.

Хаттама №1

 

Зерттеу

Зерттелетін материал

Зерттеу барысы

Қорыт

 

 

мақсаты

 

 

 

ынды

1

Тіс

 

Тіс қабаты

1)Тіс

қабатынан

 

 

қабатындағы

 

жұғын

препарат

 

 

микрофлораны

 

дайындау

 

 

ң

пішінін

 

2)Бурри

әдісімен

 

 

анықтау

 

бояу

 

 

 

 

 

 

3)Микроскопия

 

2

Ескерілетін

1)Шабылған агрдағы

1)Жұғын

препарат

 

 

материалдан

дақыл.

дайындау

 

 

бактериалардаң

2) Қоректік спорадағы

2)Қарапайым

 

 

пішінін

дақыл

әдіспен бояу

 

 

анықтау

 

3)Микроскопия

 

3

Бактериаларды

Демонстрациялық

1)Микроскопия

 

 

ң

пішінінің

препараттарды

2)Сурет салу

 

 

демонстрациял

бактериялар

 

 

 

 

ық

 

пішіні:шар,таяқша,име

 

 

 

 

препараттардан

ктелген

 

 

 

 

анықтау

 

 

 

 

Ескерту: «Қорытынды» қатарына түрлі түсті қаламмен сурет салу керек және

11

атауларын жазу қажет.

Патогенді бактериялардың морфологиясы Хаттама №2

Шар тәрізді бактерияларкоккалар:

А) Микрококкалар (латын тілінен Micrococcus – ұсақ, дара-дара орналасқан коккалар)

Micrococcaceae тұқымдастығы

Б) Диплококктар (лат. Diplococcus- екі-екеуден орналасқан коккалар) Neisseriaceae тұқымдастығы

Neisseria туысы

Neisseria gonorrhoeaeгонококкалы инфекциялардың қоздырғышы (гонорея, бленорея, стоматит және т.б.)

Neisseria menengitidisминингококкалы ифекциялардың қоздырғышы (назофарингит, менингит, менингоэнцефалит, сепсис және т.б.) Streptococcaceae тұқымдастығы

Streptococcus туысы

Streptococcus pneumoniae (пневмококк)- крупозды пневмонияның қоздырғышы.

В) Стрептококктар (лат. Streptococcusшынжыр, коккалар тізбегі) Streptococcaceae тұқымдастығы

Streptococcus туысы

Streptococcus pyogenesгемолитикалық стрептококк, жаралы инфекциялар, рожа, скарлатина, ревматизм, жоғары тыныс алу жолдарының өткір инфекция, импетиго және т.б. қоздырғышы.

Г) Стафилококктар (лат. Staphylococcusжүзім секілді шоғырланып орналасқан коккалар) Micrococcaceae тұқымдастығы

Staphylococcus туысы

Staphylococcus aureusалтын түсті стафилококк, абсцестер, күбіртке, фурункулез, карбункулез, остеомиелит, аппендицит, холецистит, пневмония және т.б. қоздырғышы.

Д) Тетракокктар (грек тілінен tetraтөрт)- патогенді түрлері жоқ.

Е) Сарциналар (лат. Sarcioбайланыстыру)- сапрофиттер, суда, ауада тіршілік етеді.

2. Таяқша тәрізді бактериялар

12

А) Спора түзбейтін тік таяқшалар

Enterobacteriaceae тұқымдастығыішек таяқшасы тобының бактериялары. Escherihia coliішек таяқшасы, ішекте тіршілік етеді, қалыпты микрофлорасы; диареегенді эшерихияларэшерихиоздар қоздырғышы.

Salmonella туысы

Salmonella typhiіш сүзегінің қоздырғышы.

Salmonella enteritidisтағамдық токсикоинфекциялар қоздырғышы. Shigella туысы

Shigella dysenteriaeбактериалді дизентерия (қантышқақ) қоздырғышы. Yersinia туысы

Yersinia pestisоба (чума) қоздырғышы.

Б) Коккобактериялар

Brucellaceae тұқымдастығы

Brucella туысыбруцеллез қоздырғышы

Bordetella туысы

Bordetella pertusisкөкжөтел қоздырғышы

В) Эндоспора түзетін таяқшалар

Bacillaceae тұқымдастығы

Bacillus туысы (bacillaтаяқша)

Bacillus anthracisсібір түйнемесінің қоздырғышы; стрептобациллалар

Clostridium туысы (лат. Closterарқан)

Clostridium tetaniсіреспе (столбняк) қоздырғышы

Clostridium perfringensгазды гангрена қоздырғышы Clostridium botulinumботулизм қоздырғышы

Г) Тереуіш секілді бактериялар

Corynebacteriaceae тұқымдастығы (сorynатереуіш) Corynebacterium туысы

Corynebacterium diphtheriae – дифтерия қоздырғышы

Д) Өршімелі таяқшалар

Mycobacteriaceae тұқымдастығы Mycobacterium туысы

Mycobacterium tuberculosis, M.bovisтуберкулез қоздырғышы Mycobacterium lepraeалапес қоздырғышы

3. Имектелген бактериялар

А) Вибриондар (лат. Vibrioимектелу) Vibrionaceae тұқымдастығы

Vibrio cholerae, vibrio eltorтырысқақ (холера) қоздырғышы

13

Б)Спириллалар (лат. Spiraимектелу) Spirillacea тұқымдастығы

Spirillum minor содоку қоздырғышы (егеуқұйрық тістеген кезде жұқтырылады)

Campylobacter туысы

Campylobacter pylori - асқазанда кездеседі,асқазанның және он екі елі ішек жараларының қоздырғышы

Ескерту: Бактериялардың пішіндерінің қатарына түрлі түсті қаламмен суретін салу керек.

Тақырыбы: Бактериялық жасуша құрылысы: нуклеоид, цитоплазма, қосындылар қабығы, капсула, спора, оларды анықтау әдістері. Жұғынды дайындау техникасы. Күрделі бояу әдістері. Грам бойынша бояу.

Сабақтың мақсаты: Жұғын-препаратты дайындау техникасы, оларды бояу және микроскопиялау.Бактериальді жасушаның құрылысын білу, жеке құрылымдарының химиялық құрамын және құрылысын анықтауда күрделі бояу әдістерін меңгеру

Студент білуге тиіс:

-Бактериалді жасушаның ультрақұрылымын.

-Негізгі жасуша құрылымдарының тағайындалуын және химиялық құрамын.

-Жасуша құрылымдарының компоненттерін анықтау әдістері.

Керекті құрал-жабдықтар: дақылдық қоспалар, бояулар жиынтығы, демонстрациялық препараттар

Сабақ тақырыбын өз бетімен дайындауға арналган сұрақтар:

1.Микроорганизмдердердің таксономиясының принциптері.

2.Бактериялық жасушаның құрылымды ерекшеліктері және эукариодты жасушадан айырмашылығы

3.Жасушаның химиялық құрамы. Негізгі құрылымдары: жасуша қабырғасы, цитоплазмалық мембрана, цитоплазма, кірпікшелер, пили, споралар, волютин дәндері.

4.Бактерияның нуклеоиды, эукариодты жасушалардың ядросынан өзгешелігі. Нуклеоидтың биологиялық қызметі, құрылысы және химиялық құрамы.

5.Бактериялардың жасуша қабаты құрылысы ерекшеліктері. Грам бойынша бояу техникасы, тәжірибеде қолданылуы.

6.Бактериялардың капсуласы мен микрокапсуласы, түзілу жағдайлары, химиялық құрамы, маңызы. Патогенді капсуласы бар бактерияларға мысал келтіріңіз. Бурри-Гинс әдісімен бояу арқылы капсуланы ажырату.

7.Бактериялардың споралары, пайда болу жағдайлары, маңызы. Споралардың сыртқы қоршаған ортада тұрақтылығы. Патогенді спора түзетін бактерияларға мысал келтіріңіз, жасушада споралардың орналасуы. Спораны Ожешко әдісімен бояу.

8.Волютин дәндерін Нейссер бойынша анықтау. Бояу механизмі және

14

сатылары.

Тарату материалы

Бактериялық жасуша құрылысы.

Мөлшерінің кішкентайлығына қарамастан кез-келген жасуша сияқты бактериялық жасушаның барлық құрылым компоненттері бар: жасуша қабырғасы,цитопазмалық мембрана, әр түрлі қосындылары бар цитоплазма және нуклеоид.Аталғандар жасушаның басты құрылымдық компоненттері. Тіршілік етудің кейбір кезеңдерінде пайда болатын қосымша құрылымдық компоненттеріне -капсула,спора, талшықтар, кірпікшелер жатады.

Жасуша қабырғасы - жоғарғы дәрежеде созылмалы қабілеттілігі бар биогетерополимер. Химиялық құрамы бойынша прокариоттардың жасуша қабырғасы эукариотордан ерекшелігі бар. Оның негізгі компоненті пептидогликан класына жататын-муреин. Муреин және оған қосылған арнайы қосымша компоненттері бойынша барлық бактериялар грам оң және грам теріс боялатын екі топқа бөлінеді.

Грам оң бактериялардың жасуша қабырғасы мұғал болады, қалыңдығы 20-80 нм жетеді. Ол гомогенді құрылымнан тұрады және цитоплазмалық мембранаға тығыз жабысын тұрады. Жасуша қабырғасындағы муреин оның құрғақ массасының 50 ден 90 ға дейін процентін құрайды және муреинмен тейхой қышқылы байланысқан.

Грам теріс бактерияладың жасуша қабырғасы жұқалау 14-17 нм. Химиялық құрамы бойынша әр түрлі болады. Ішкі қабаты муреиннен тұрады. Сыртқы қабаты фосфолипид , липополисахарид, липопротеид және ақуыздан тұрады, олардың антигендік қасиеті болады.

Жасуша қабырғасы зақымданса қайта орнына келмейді, біраз уакыттан кейін микроб тіршілігін жояды.

Жасуша қабырғасынан толық айырылған бактерияларды протопласт, ал жасуша қабырғасынан жартылай айырылғандарды сферопласт деп атайды. Жасуша қабырғасы жартылай жойылғанымен, көбею қабілеттілігін сақтаған микроорганизмдерді -пішінді бактериялар деп атайды. Олардың тұрақты және тұрақсыз түрлері болады. Кейбір жұқпалы аурулардың ұзаққа созылып, қайталап дамуы ағзада патогенді бактерияладың L пішінді түрге айналуымен байланысты болуы мүмкін.

Цитоплазмалық мембрана- липид, ақуыздан тұратын күрделі кешен. Ақуыздар молекуласы тыс жағында орналасып липидті бөлшегінің құрылысына мозаика тәріздес ілмектеніп орналасады. ЦПМ жартылай өткізгіштік қасиеті бар құрылым, қызметі әр түрлі.

I. Жасушадағы метоболизмді реттеуге қажетті тұрақты осмостық қысымды бақылайды

II. Су және тұз алмасуын реттейді

III. Бактериялардың қоректенуін қамтамасыз етеді: Жасуша ішінде қоректік заттарды шоғырландырады, зат алмасудан пайда болған қажетсіз заттарды пермеаза ферментінің көмегімен сыртқа шығарады.

IV. Гидролаза ферменттерін синтездейді

V. ДНҚ-ны синтездеуге қажетті ферменттерді топтастырады.

15

VI. Цитоплазманың ішіне қарай бағытталған, бұралып бірнеше қабаттан тұратын құрылым-мезосома түзеді. Осындай құрылымның кейбіреулері нуклеоидпен байланысқан және микробтың бөлінуіне қатысады.

Цитоплазма бактерияның негізгі көлемін құрайды. Ол колоидты мембрандық жүйеден тұрады. Цитоплазмада нуклеоид, рибосома, гликоген гранулалары, әр түрлі қосындылар орналасқан. Цитоплазманың дәне тәріздес болуы рибосомамен байланысты. Прокариоттардығы рибосоманың тұнбаға түсу жылдамдығы 70S мөлшері 15-20 нм, саны әр түрлі болуы мүмкін, мысалы, ішек таяқшасының рибосомасы 15 мыңға дейін болады.

Жасушадағы ақуыздардың

биологиялық синтезделуі полисомалардың

көмегімен атқарылады.

 

Бактериялық жасушаның

цитоплазмалық қосындылары ақуыздық

мембранамен қоршалған. Цитоплазма ішінде қосындыларға қоректіқ қор жатады.

Бактериялық жасушаның негізгі энергетикалық қоры-волютин. Волютин дәндері оптикалық тығыз құрылым, мөлшері 0,1-0,5 мкм, метахроматикалық боялу қасиеті бар, яғни бояудан басқа түске боялады. Волютин дәндері күл таяқшасында болады, екі шетінде орналасады, дифференциалды диагностикалық белгі болып табылады. Бактериялардың нуклеоиды-сақиналы тұйықталған қос тізбекшелі ДНҚ. Эукариоттардың нағыз ядросы болады, ол прокариоттар нуклеоидында ядролық қабаты болмайды, ядрошығы, ақуыз-гистоны жоқ митоздық тәсілмен бөліну қабілеті болмайды.Бактерия цитоплазмасында ядродан басқа хромосомадан тыс орналасқан генетикалық элемент кездеседі. Ондай элементті плазмида деп атайды. Плазмидалар әр түрлі болуы мүмкін. Олардың микробтарға, әр түрлі антибиотиктерге төзімділік қасиетін колицин түзу, энтеротоксин, гемолизин т.б бөлу қабілеттілігін береді.

Капсула - бұл негізгі химиялық компонентті полисахаридтен тұратын көп қабыршақты фибриллярлы құрылым. Бактерия денесіне оңай бөліне алады. Патогенді бактериялардың вируленттік белгісіне жатады, өйткені ол бактерияны фагоцитоздың әсерінен қорғайды. Кейбір бактериялар капсуланы тек ағзада құрайды, бұл қасиетін қоректік ортада өсіргенде жоғалтады. Ал капсулалы бактериялар деп аталатын топтағы микроорганизмдер қандай жағдайда болса да капсула түзу қабілеттілігін жоймайды. Капсуланың негізгі

қызметі:

микроорганизмдердің әр түрлі

улы заттардың,

фагоцитоздың

әсерінен

қорғау, жасуша қабатына микроорганизмдердің

жабысуына

көмектесу.

 

 

Талшықтар-цитопалзмадағы базальді денешіктерден басталатын,

бактериялық жасушадан бірнеше есе ұзын,

табиғатты ақуызды жіпшелер.

Олар микроорганизмге жылжымалық қасиет береді. Егер де бактерияның бір шетінде бір талшығы болса - оны монотрих, екі шетінде бір немесе бір неше талшығы болса - амфитрих, бір шетінде бір топ талшығы болса - лофотрих, ал барлық жағынан шығатын болса-перитрих деп атайды.

Талшықтар антиген болып табылатын, Н антиген ақуыз – флагеллинен (flagellum – талшық) тұрады. Флагеллин суббірліктері спираль тәріздес

16

ширатылған.

Кірпікшелер немесе фимбриялар -бактериялардың сыртқы қабатында болатын ақуыз табиғатты өсінділер. Фимбриялардың жынысты және жыныссыз типтері болады.

Споралар - спора түзу тек қана таяқша тәріздес бактерияларға тән қасиет. Спора түзу үрдісі бірнеше кезеңнен тұрады. Бұл кезде цитоплазманың тиісті жерінде нуклеоид және рибосома шоғырланады, қатая бастайды, мембраналармен қоршалады, сонан соң ол мембрана кальций тұздарынан және дипиколин қышқылынан тұратын қалың қабатқа айналады. Спорадағы су байланысқан күйде болады. Сондықтан споралы бактериялар өте төзімді болады, сыртқы ортада бірнеше ондаған жылдар сақталады, бірнеше минут қайнатқанда да өлмейді. Бактериялардың спора түзуі, пішіні мен жасушада (вегетативті) орналасуы түрлік қасиеті бола отырып, оларды бір-бірінен ажыратуға мүмкіндік береді. Спораларды орналасуына байланысты: орталық, субтерминальді және терминальді. Спораны анықтау үшін Ожешко әдісін қолданады.

Зертханалық жұмысты орындау түрі Тақырып бойынша сұрақтар:

1.Жұғын-препарат дайындау (сұйық және тығыз қоректік ортада) 2.Жұғынды қарапайым бояу әдісімен бояу 3.Жұғынды күрделі бояу әдісімен бояу 4.Жұғын-препаратты микроскопиялау 5. Хаттама толтыру

Күрделі бояу әдістері әртүрлі химиялық құрамы бар бірнеше бояулармен бояу қатарын қолдану, яғни нәтижесінде бактериялық клетканың құрылымдарын ажыратуға болады.

Грам әдісімен бояу

Бояу кезеңдері.

1)Жұғын-препаратты генцианвиолетпен бояу (2 мин, фильтр қағазы арқылы);

2)Бояу сүзгі қағазын алып тастау, қалған бояуды төгу;

3)Жұғын-препаратты Люголь ертіндісімен бояу (1 мин);

4)Люголь ертіндісін төгіп тастау және 96% спирттің бірнеше тамшысын тамызу (30-40 сек, шыныны сәл қозғау);

5)Спиртті сумен жақсылап шайып тастау;

6)Сулы фуксинмен бояу (2 мин);

7)Сумен жақсылап шайып тастау, сүзгі қағазымен құрғату;

8)Жұғын-препаратты иммерсиялық жүйе көмегімен микроскоптан

қарау.

Барлық бактериялар Грам әдісімен боялуы бойынша бөлінеді: грам оң сия көк-күлгін түсте және грам теріс – қызыл түсте. Осылай боялу қабілеті бактерияның химиялық құрамына байланысты. Грам оң бактериялардың жасуша қабырғасында ароматты және күкіртті аминқышқылдары жоқ, липидтер аз, ал грам теріс бактерияларда, керісінше, аталған заттар көп

17

мөлшерде кездеседі. Сонымен қатар, грам оң бактерияларда рибонуклеин қышқылының магний тұздары бар, олар грам теріс бактерияларда жоқ. Осы заттар генцианвиолет, йодпен және ақуыздармен бірге тұрақты химиялық кешен құрайды, спиртпен түссіздендіргенде жойылмайды. Грам теріс бактерияларда бұндай кешен құралмағандықтан, спиртпен жылдам түссізденеді. Бірақ спиртпен өңдеу уақытын шектеу қажет, берілген уақыттан көп түссізденсе кешен бұзылуы мүмкін. Сондықтан келесі сулы фуксин бояу түсін қабылдайды. Ал егер берілген уақыттан аз спиртпен түссіздендірілген болса грам теріс бактерияларды ажырату қиынға соғады.

Волютин қосындыларын бояу

Волютин — бұл нуклеин қышқылының туындысы – қоректі зат ретінде маңызды роль атқарады. Қоректі зат ретінде майлар, гликоген және волютин ереше орын алады. Осы қосындыларды микроскопияда ажыратып алғашқы болжамды диагноз қоюға болады, мысалы, күл ауруында. Волютин дәндерін айқын Нейссер әдісімен бояғанда көруге болады.

Волютин дәндерін Нейссер әдісі бойынша бояу: Бояу кезеңдері:

1.Жұғын-препаратты Нейссердің сіркесу қышқылды сия көгімен бояу (2-

3 мин);

2.Сумен шайып тастау;

3.Люголь ертіндісімен бояу (30 сек); 4.Бояуды төгіп тастау және везувинмен бояу (1 мин);

5.Жұғын-препаратты жақсылап шайып сүзгі қағазымен кептіру. 6.Жұғын-препаратты иммерсиялық жүйемен микроскоптан қарап,

талдау Жасуша цитоплазмасы қышқыл реакцияда болғандықтан сілтілі везувин

бояуын қабылдайды және сары түске боялады. Волютин дәндері цинк ацетатын тығыз байланыстырғандықтан — қоныр-сия көк түсте, тіпті қара болады.

Романовский-Гимзе бойынша бояу

Күрделі бояу әдісіне жатады және мүшелерден алынған жұғынпрепараттарды және қан препараттарын бояуға қолданады, сұйық фиксаторда бекіген соң, бактериялық жасушаның ядролық элементтерін және волютин дәндерін анықтау үшін қолдануға болады. Бояу үшін 1 мл суға бір тамшы алынады, рН - 7,2.

Бояу кезеңдері:

1.Петри ыдысына жұғын-препаратты төмен қаратып салу керек және препарат шыныға жабыспау үшін астына зат қою керек;

2.Шетінен бастап бояуды құю керек, көпіршік шықпау керек (1-2мин); 3.Сумен шайып тастау (рН 7,2) және сүзгі қағазымен кептіру.

Жас жасушалардың протоплазмасы сия көк-күлгін түске боялады, ядролық элементтері -қызыл-күлгін түс алады. Енді аз уақыт қышқылмен өндегенде бояуды қабылдаған микробтық жасушалар түссізденбейді. Осылай қышқылға тұрақты бактерияларды тұрақсыз бактериялардан ажыратуға болады. Қышқылға тұрақты бактерияларды қосымша Циль-Нельсен әдісімен

18

бояу қажет.

Ожешко әдісімен спораларды бояу

Бояу кезеңдері:

1.Бекітілмеген (фиксацияланбаған) жұғын-препаратқа 0,5% хлор қышқылы тамшысын тамызады да оттың үстінде бу шыққанға дейін қыздырады (2- 3 мин);

2.Қышқылды төгіп, сумен шайып, кептіру керек; 3.Оттықтың үстінде бекітеді;

4.Циль-Нельсен әдісімен бояу (споралар – қызыл түсте, ал вегетативті формалары – сия көк түсте). Толық жетілген спора бояуды өте қиын қабылдайды, себебі қабықшасы еш нәрсе өткізбейді. Грам әдісімен бояғанда спора түзуші дақыл бояуды тек микробтық жасушаның вегетативтік бөлігі боялады, ал спора түссіз. Оның қабығының өткізгіштігі ыстық тұз қышқылымен өңдегеннен кейін немесе қыздырумен жүретін бояудың концентрирленген ерітіндісін қолданған кезде бірден жоғарылайды. Бояуды қабылдаған спора қышқылмен қайта өңдеу барысында, вегетативті жасушалар бірден бояуын жоғалтқан кезде түссізденбейді.

Спораларды бояу

Бактериялардың кейбір түрлері жасуша ішілік (эндогенді) споралар түзеді. Вегетативті жасушалардан ерекшелігі оларда бос судың мөлшері аз болады, сонымен бірге липидтер мен кальцидің құрамы жоғары болады.

Бактерияларда капсуланы анықтау

Кейбір микробтарда өзінің денесінің беткейінде жасушалық қабырғасының айналасында көлемді шырышты қабатты өндіретін қасиеті бар, оны капсула деп атайды. Капсуланың құрамына ең бастысы полисахсридтер (пневмококк) кіреді, бірақ кейбіреулерінің құрамында полипептидтер болады (сібір түйнемесі таяқшасы). Капсулалардың консистенциясы гель тәрізді, соған байланысты тірі бактериялардың микроскопиясы кезінде олар нашар көрінеді. Оларды анықтау үшін негативті бояуды қолданады. Барлық айтылған әдістер позитивтіге жатады, өйткені оларды қолданған кезде микробты жасушалар боялады. Негативті әдістерде бояғыш

бактерия айналасындағы кеңістікті толтырады, нәтижесінде олар қара фонда ашық бөлшектер болып көрінеді.

Бурри әдісі бойынша капсуланы анықтау

Әдістемесі:

Затттық шынының шетіне тушь тамшысын және ілмекпен зерттелетін

19

материалды аламыз. Ерітіндіні жақсылап ілмекпен араластырып, жұғын дайындаймыз, қаннан жасалған жұғын тәрізді, кептіреміз, бекітпейміз, иммерсионды жүйеде микроскопиялаймыз. Жұғын қара микроб денесі және олардың капсулалары тушпен боялмайды, түссіз болып қалады, сондықтан бұл тәсіл негативті деген атқа ие болған.

Гинс әдісі бойынша капсуланы анықтау

Әдістемесі:

1.Бурри әдісімен негативті боялған препаратты дайындау.

2.Кез-келген химиялық әдіспен бекіту: метил спирті, Никифиров қоспасы немесе басқа да қоспалармен.

3.Сумен шаю.

4.1:3 қатынасында араластырылған, карбол фуксинімен 3-5 мин. бояймыз.

5.Сумен шайып, кептіріп және иммерсионды жүйемен микроскопиялау. Микроскопия кезінде қара фонда препаратта боялмаған капсулалар

айқын көрінеді, оның ортасында бактериялар ашық қызыл түсте болады.

Хаттама толтыру кесте үлгісі:

Хаттама №___ Күні:____________

Тақырыбы: ____________________________________________________

Зерттеу материалы: (тексерілетін материалды көрсету, қолданатын

бактерия дақылы және т.б.).

Зерттеу жолы: (этаптары бойынша көрсету, зерттеу этаптарын альбомға

түсіру)

Қорытынды нәтижесі: (микроскоптан қараған суретті салу,

иммунологиялық реакцияларды, бөліп алынған дақылдың биологиялық қасиеттерін көрстеу, сурет салу).

Қорытынды

Тақырыбы: Қышқылға төзімді бактериялар және оларды ЦильНильсен әдісімен бояу. Тірі бактерияларды зерттеу. Спирохеттердің, актиномицеттердің, риккетсиялардың, микоплазмалардың, саңырауқұлақтардың, вирустардың морфологиясы. Фазалы-контрасты, люминесцентті және электронды микроскоппен жұмыс істеу ережелері.

Сабақтың мақсаты: ҚР DOTS стратегиясы бойынша туберкулездің басты диагностикалық әдісі болып микроскопиялық әдіс болып саналады. ( Циль-Нильсен әдісі бойынша қақырықты бояу). Бактерияларды тірі күйінде зерттеу микроорганимздердің қозғалғыштығын, яғни талшықтарын анықтайды.

Студент білуге тиіс:

- Микобактериялардың жасуша құрылымының химиялық құрамы

-Бактерияларды тірі күйінде зерттеу әдістемесі.

-Спирохеттердің, актиномицеттердің, риккетсиялардың, микоплазмалардың, саңырауқұлақтардың, вирустардың морфологиясы.

20