Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тема_16_каз.DOC
Скачиваний:
6
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
1.04 Mб
Скачать

1.1. Вирустардың пайда болуының белгілері

Вирустар жұқтырған компьютердегі вирустарды табу өте маңызды. Ол үшін вирустардың пайда болуының негізгі белгілерін білу керек. Оған келесі белгілерді жатқызуға болады:

1. жұмыстың аяқталуы немесе жақсы қызмет етіп тұрған программалардың дұрыс жұмыс жасамауы

2. компьютердің баяу жұмыс істеуі

3. операциондық жүйені жүктеудің мүмкін болмауы

4. файлдар мен катологтардың жоғалып кетуі немесе олардың мазмұнының жойылуы

5. файл модификациясының уақыты күнінің өзгеруі

6. файлдардың көлемінің өзгеруі

7. дискідегі файлдардың көлемінің кенеттен өсуі

8. жедел жадтың бос орнының кішіреюі

9. күтпеген хабарлар мен суреттердің экранға шығуы

10. қарастырылмаған дыбыстық сигналдарды беруі

11. компьютердің жиі тұрып қалуы және дұрыс жұмыс істемеуі

Жоғарыда келтірілген белгілер міндетті түрде вирустар бар екенін білдірмейді, яғни басқа да белгілері болуы мүмкін. Сондықтан компьютелерге әрқашан дұрыс диагностика жасау қиын.

2. Компьютерлік вирустардың классификациясы

Келесі белгілер бойынша вирустардың классификациясы:

1. өмір сүру ортасына қарай

2. өмір сүру ортасын зақымдауына қарай

3. деструктивті мүмкіндігіне қарай

4. вирустардың алгоритмдік ерекшелігіне қарай

Осы топтар ішіндегі толық классификацияны келесі түрде ұсынамыз:

1. Өмір сүру ортасына қарай:

  • Желілік вирустар (компьютерлік желі бойынша тарайды)

  • Файлдық вирустар (орындалатын файлдарға енеді)

  • Жүктелуші вирустар (дискінің жүктелуші секторына енеді (Boot-сектор))

2. Өмір сүру ортасын зақымдауына қарай:

  • Резидентті вирустар (компьютер өшкенге дейін ағымдағы жадқа орналасады)

  • Резидентті емес вирустар (жадты бүлдірмейді, белгілі уақытта ағымды болады)

  • Зиянсыз вирустар (жұмысқа нақты әсер етпейді, өзінің таралу нәтижесінде бос орындарды кішірейтеді)

3. Деструктивті мүмкіндігіне қарай:

  • Қауіпті емес вирустар (бос жадты кішірейтеді, дыбыстық, графикалық және басқа да эффектілер құрады)

  • Қауіпті вирустар (жұмыстың тоқтауына әкеп соқтыру мүмкін)

  • Өте қауіпті вирустар (программалардың немесе жүйелік мәліметтердің жоғалуына әкеп соғуы мүмкін)

  • «Серіктер» вирустары (ЕХЕ – файлдарға арналған СОМ кеңейтілуі бар серіктер – файлдарын құратын өзгермейтін файлдар)

  • «Құрттар» вирустары (желімен тарайды, желілік адрестерді есептеп өзінің көшірмелерін жібереді)

4. Вирустардың алгоритмдік ерекшелігіне қарай:

  • «Паразиттік» қарапайым вирустар (олар дискінің секторлары мен файлдарының мазмұнын өзгертеді және оларды табу мен жою оңай)

  • «Студенттік» вирустар (қателіктердің саны көп болганда)

  • «Стелс» вирустары (оларды табу мен залалсыздандару өте қиын, сонымен қатар дискінің бүлінген секторлары мен файлдарына операциондық жүйенің қатынауын тежейді және өзінің денесінің орнына дискінің бүлінбеген бөлігін қояды)

  • Елес вирустары (ешбір тұрақты код бөлігі болмайды, оларды табу қиын, вирустардың негізгі денесі қысқартылған (зашифровано))

  • Макровирустар (олар машиналық код тілінде емес WordBasic тілінде жазылады, Word документінде өмір сүреді және Normal.dot деп аталады)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]