Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
прил. 2 к пр.218 гос.doc
Скачиваний:
19
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
125.95 Кб
Скачать

1) Жергірлік лимфаденит;

2) тері астылық суық абсцесс;

3) беткей жара;

4) келоидты тыртық;

5) сүйек жүйесінің зақымдануы (оститтер).

41. Вакцинацияның жанама әсерлерін жан–жақты клиникалық, рентгенологиялық, зертханалық тексеруден кейін фтизиатр анықтайды. БЦЖ вакцинасына жанама әсер байқалғаны туралы медицина ұйымының басшысына хабарлап, МСЭҚД хабарлама жіберу керек.

42. Реакциялардың сипаты туралы мәліметтер 063/е, 026/е, 112/е есепке алу үлгілерінде тіркеледі. Реакция байқалған барлық балаларға карта толтырылады.

43. БЦЖ вакцинасына жанама әсерлер байқалған балаларды бақылау «Қазақстан Республикасында туберкулезді бақылау жөніндегі нұсқау» әдістемелік ұсынымға сәйкес жүргізіледі, Астана, 2008.

44. Жанама әсерлер байқалған балалар III диспансерлік есеп тобында 1 жыл бойы бақыланады.

45. Есепке алып, есептен шығарарда мынадай зерттеулер жүргізіледі: жалпы қан және зәр сараптамалары, кеуде қуысы ағзаларының рентгенографиясы, қосымша (есептен шығарарда) - Манту сынамасы.

46. Туберкулезге қарсы алдын ала егу (вакцинация, ревакцинация) және туберкулин сынамалары олардың нұсқауларына сәйкес жасалады.

    1. АИТВ жұқтырған балалар мен жасөспірімдерде туберкулездің арнайы алдын алу

47. АИТВ жұқтырған аналардан туған нәрестелер АИТВ жұқпасының клиникалық белгілері байқалмаса және басқа қарсы көрсеткіштер болмаса, БЦЖ вакцинасының стандартты мөлшерімен тері ішіне бір рет календарлық мерзімде егіледі.

48. АИТВ жұқтырған аналардан туған календарлық мерзімде егілмеген нәрестелер 4 апта ішінде (жаңа туған нәресте кезеңі) алдын ала Манту сынамасынсыз егіледі. Төрт аптадан асып кеткен балаларға жайылған БЦЖ инфекциясының даму қаупі болғандықтан БЦЖ вакцинасы егілмейді. Вакцинациядан кейінгі белгілер (тыртықша) дамымаған балаларға 12 айға толғанға дейін қосымша вакцинация жасалмайды, кейбір жағдайларда 15-18 айға дейін (АИТВ жұққандығы толық анықталғанға дейін). АИТВ жұқтырмаған жағдайда 12 айдан кейін, кейбір жағдайларда 15-18 айдан кейін Манту сынамасының теріс нәтижесінде БЦЖ вакцинасы егіледі.

49. АИТВ жұқтырған балалар мен жасөспірімдерге иммундық тапшылық салдарынан БЦЖ инфекциясының таралуы қаупі болғандықтан БЦЖ ревакцинациясы жасалмайды.

50. Егер бала АИТВ жұқтырған анадан туылса, бірақ өзінде АИТВ жұқтыру болмаса, Манту сынамасы теріс нәтижелі 6 жасар (1-сынып) балаларға календарлық мерзімде БЦЖ ревакцинациясы жасалады.

5. Туберкулездің химиопрофилактикасы

51. Химиопрофилактика «қауіп» тобындағы 18 жасқа дейінгі балаларға, АИТВ жұқтырған балалар, жасөспірімдер мен ересектерді қоса, жан-жақты зерттеулер нәтижесінде шоғырланған туберкулез үрдісі анықталмаған жағдайда тағайындалады және балалардың шипажай тектес мекемелері немесе ұйымдастырылған ұжымдарда медицина қызметкерлерінің тікелей бақылауымен (әрбір дозаны қабылдауын) жүргізіледі.

52. Химиопрофилактика жүргізетін негізгі дәрі - изониазид (Н). Н тәуіліктік мөлшері күнделікті бір рет қабылданады, салмағының 5 мг есебінен тағайындалады.

53. Туберкулин сынамасының виражы кезінде (нормергия, гиперергия) химиопрофилактиканың ұзақтығы 3 ай. Бұрыннан туберкулез микобактерияларының жұққандығы бар балаларға гиперергиялық реакция анықталған жағдайда химиопрофилактика изониазид және этамбутолмен 2 ай бойы жүргізіледі. Этамбутол баланың 1 кг салмағына 15 мг-нан есептеліп тағайындалады. Этамбутолды тағайындар алдында окулистің кеңесі қажет. Дәрілерді жақсы көтеру үшін олармен қатар дәрумендер де тағайындалады, әсіресе А және В тобының дәрумендері.

54. 4 Н қабылдағанда асқыну реакциялары байқалса (эозинофилия, аллергиялық дерматит, диспепсиялық бұзылыстар, парестезиялар және т.с.) қосымша зерттеулер жүргізу керек (қан, зәр сараптамалары). Асқыну реакциялары байқалса, Н қабылдау 5-7 күнге тоқтатылады. Аллергиялық реакциялар байқалса, антигистаминдік дәрілермен сенсибилизацияға қарсы ем тағайындалады. Н қайта қабылдағанда асқыну әсерлері сақталса, химиопрофилактика тоқтатылады. Вирусты гепатитпен ауырған балаларға химиопрофилактика клиникалық белгілерінің бәрі жойылғаннан соң 6 айдан кейін инфекционистің қорытындысы бойынша тағайындалады. Бұл балаларға химиопрофилактика гепатопротекторлар фонында жүргізіледі.

55. Туберкулез инфекциясы ошақтарындағы (ТҚҰ белгісіз өлім ошақтарын қоса) қарым-қатынаста болған балаларға химиопрофилактика есепке алған кезде вираж немесе гиперергиялық реакциялар байқалса ғана және бір рет жүргізіледі.

56. Бактерия бөлуші науқас бар туберкулез инфекциясы ошақтарындағы 1 жасқа дейінгі барлық балаларға БЦЖ вакцинациясынан кейін 2 ай аралық үзілістен соң 3 ай бойы изониазидпен (3Н) химиопрофилактика жүргізіледі.

57. Гормондық (цитостатикалық) ем қабылдайтын туберкулез микобактерияларының жұққандығы 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге де химиопрофилактика (3Н) жасау қажет.

58. Химиопрофилактика жүргізудің қарсы айғақтары: эпилепсия, ОНЖ органикалық зақымдануы, бауыр мен бүйрек қызметінің бұзылыстары бар аурулары.

59. Химиопрофилактиканы туберкулезге қарсы күрес диспансерлерінің дәрігерлері тағайындап, бақылайды. Химиопрофилактиканы медициналық пункттердің, дәрігерлік амбулаториялардың, жалпы тәжірибе бөлімшелерінің, мектептердің, бала бақшалардың, орта оқу ұйымдарының медицина қызметкерлері іске асырады.

60. Химиопрофилактика туралы мәліметтер амбулаториялық науқастың медицина картасына (026/е үлгісі) жазылып, туберкулезге шалдыққан науқастардың медициналық картасы ТБ 01-дің «бақылау ем жүргізу парағында» күн сайын белгіленеді.

61. АИТВ жұқтырған балалар, жасөспірімдер мен ересектерге туберкулездің химиопрофилактикасы оң АИТВ статусы анықталған барлық адамдардың туберкулезге шалдыққан науқаспен қарым-қатынасының болуы, болмауына қарамастан бір рет жүргізіледі.

62 Химиопрофилактика науқас ауызша не жазбаша түрде келісімін бергеннен кейін жүргізіледі.

63. АИТВ жұқтырған балалар, жасөспірімдер мен ересектерге химиопрофилактиканы туберкулезге қарсы диспансерлерінің фтизиатр дәрігері жан-жақты клиникалық-рентгенологиялық зерттеулер нәтижесінде белсенді туберкулез анықталмаған жағдайда тағайындайды: изониазид (Н) 1 кг салмағына 5 мг-нан есептеліп (300 мг аспауы керек), 6 ай бойы күн сайын, тәулігіне 25 мг пиридоксинмен қоса қабылданады.

64. Туберкулезге қарсы ұйымдарында есепке алынбаған АИТВ жұқтырған адамдарға химиопрофилактиканы ЖИТС орталықтарының, жұқпалы аурулар бөлмесінің (ЖАБ) және АИТВ жұқтырған адамдарды бақылайтын медициналық ұйымдардың мамандары бақылайды. Сирек жағдайларда химиопрофилактика ата-аналардың, туысқандардың бақылауымен жүргізіледі. Оларға дәрілер 10 күнге қолхат жазғаннан кейін беріліп тұрады.

65. «Қауіп» тобындағы 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге химиопрофилактика бір рет жүргізіледі.