
Нұсқа №1
Блок 1 Бұл блокта 10 тест сұрағына жауап беру керек, әр дұрыс жауап – 3%
1 Бұғанаасты артериясының тікелей жалғасы болып табылатын артерияны атаңыз: +a) қолтық
2. Иық өрімі қалай түзіледі: +e) төрт төменгі мойын жұлын нервтерінің алдыңғы тармақтарынан, І- ші кеуде нервісінң алдыңғы тармағынан
3. Сан артериясы қандай артерияның жалғасы болып табылады: +b) сыртқы мықын
4. Санның артқы тобының бұлшық еттерін нервтендіретін нервті атаңыз: +шонданай
5. Сан венасы қандай тесік арқылы өтеді: +тамырлы
Тоқпан жілікті орап өтетін артқы артерия қандай тесік арқылы өтеді: +төрт қабырғалы
7.Доға тәрізді артерия қандай артериямен жалғасады: +бүйірлі тілерсек
8.Тақым артериясының соңғы екі тармағын көрсетіңіз. +алдыңғы асық жілік және артқы асқы жілік артериялары
9.Иық артериясы соңғы кандай екі артерияға бөлінеді: +кәрі жілік, шынтақ
10.Терең алақан доғасын түзетін артерияларды көрсетіңіз: +кәрі жілік және терең алақан тармағы
Блок 2 Бұл блокта 2 теориялық сұраққа жауап беру керек, әр дұрыс жауап – 25%
Қолдың топографиясы.
Сегізкөз өрімінің түзілуі, оның тармақтары
Блок 3 Бұл блокта 1 тапсырма шешуге тиісті, әр дұрыс жауап – 20%
Шахтердың қол ұшының жарақаты кезінде алақан бетінің ІҮ саусағының жартысымен ,Ү саусақтың және дорсальды бетінің Ш саусағының жартысымен ІҮ, Ү саусақтардың тактильды ауру сезімі жоғалған. Қандай нервтің зақымданғаның атаңыз.
Нұсқа №2
Блок 1 Бұл блокта 10 тест сұрағына жауап беру керек, әр дұрыс жауап – 3%
1. Бұғанаасты артериясы қолтық артериясына қандай деңгейде жалғасатындығын көрсетіңіз: +a) І қабырғаның сыртқы жиегінде
2. Иық өрімі қай жерде орналасатындығын көрсетіңіз: +d) қылқанүсті шұңқырында
3. Қандай артерия сан артериясының тікелей жалғасы болып табылады: +c) тақым
4. Шонданай нерв қандай тесік арқылы өтетінін көрсетіңіз: + алмұртасты
5. Әкелуші өзекте орналасқан нервті көрсетіңіз: +теріасты
Санның медиальді бетінің терісін нервтендіретін нервті көрсетіңіз: +жапқыш
7. Латеральды кеуде артериясы қандай артерияның тармағы болып табылады: +қолтық
8. Иықтың екі басты бұлшықетін нервтендіретін нервті көрсетіңіз: +бұлшықет- тері
9. Алдыңғы тісшелеген бұлшықетті нервтендіретін нервті көрсетіңіз: +ұзын кеуде
10. Иық венасы қандай венаға жалғасатындығын көрсетіңіз: +қолтық
Блок 2 Бұл блокта 2 теориялық сұраққа жауап беру керек, әр дұрыс жауап – 25%
Қолтық артериясы, оның топографиясы, тармақтары , қанмен қамтамасыз ету аймақтары.
Сегізкөз өрімінің қысқа тармақтары , нервтендіру аймақтары
Блок 3 Бұл блокта 1 тапсырма шешуге тиісті, әр дұрыс жауап – 20%
Иық өрімінің ортаңғы нервісінің зақымдалуы қандай бұзылыстарға әкеп соқтыруы мүмкін?
Түсіндіріңіз.
Нұсқа №3
Блок 1 Бұл блокта 10 тест сұрағына жауап беру керек, әр дұрыс жауап – 3%
1. Қолтық артериясы иық артериясына қандай деңгейде жалғасады +d) үлкен жұмыр бұлшықеттің төменгі жиегінде
2. Иық өрімі қандай будаларға бөлінеді: +c) медиальді, артқы, бүйірлі
3. Сан артериясының тармағын атаңыз: +a) беткей құрсақүсті артериясы
4. Иық өрімінің артқы будасынан шығатын нервті атаңыз: + n. radialis
5. Аяқтың кіші теріасты венасы қандай венаға құяды: + тақым
Қол басының алақан бөлімінде қандай доғалар бар: + беткі, терең
7. Иық артериясы соңғы кандай екі артерияға бөлінеді: + кәрі жілік, шынтақ
8. Сан нерві нервтендіретін аймақты атаңыз: +санның алдыңғы тобының бұлшықеттерін
9. Иық бұлшық еттерінің артқы тобын қанмен қамтамасыз ететін артерияны атаңыз: +терең иық
10. Иық өрімінің ең жуан қысқа тармағын атаңыз: +қолтық
Блок 2 Бұл блокта 2 теориялық сұраққа жауап беру керек, әр дұрыс жауап – 20%
Иық өрімі , оның түзілуі, қысқа тармақтары,нервтендіру аймақтары
Сан артериясы оның топографиясы , тармақтары , қанмен қамтамасыз ету аймақтары.
Блок 3 Бұл блокта 1 тапсырма шешуге тиісті, әр дұрыс жауап – 30%
Иық өрімінің шынтақтық нервісінің зақымдалуы қандай бұзылыстарға әкеп соқтыруы мүмкін?
Түсіндіріңіз.