Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

KZ Патофизиология учебник

.pdf
Скачиваний:
353
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
6.67 Mб
Скачать

 

 

өндіре бастайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Физикалық-химиялық атипия

 

 

 

 

Өспе жасушаларында судың, калий иондарының мөлшері

 

 

жоғарылайды да, кальций, магний иондары азаяды. Кальций

 

 

иондары

азаюдан

өспе

 

жасушаларының өзара жабысу

қабілеті

 

 

(адгезиясы) жоғалады. Өспе ошағында анаэробтық және

 

 

аэробтық гликолиз артуынан сутегі иондарының мөлшері

 

 

көбейеді. Бірақ өспе ошағының ыдыраған орталығында Н+

381

 

біршама азаяды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өспе жасушаларының сыртқы беттерінде теріс электр

 

 

дәрменінің

мөлшері

көтеріледі. Осыдан олар бірімен-бірі

 

 

итерісіп, өзара жақындамай алшақтанып орналасады.

 

 

Өспе жасушалардың митоздық жолмен бөлініп көбеюін

 

 

арттыратын,

А.Г.

 

Гурвич

сәулесі

деп

аталатын,

 

 

ультракүлгін (толқын ұзындығы 190-325 нм) сәуле таратады.

 

 

 

 

 

 

 

Өспелердің жіктелуі

 

 

 

 

 

Қазіргі уақытта өспелерді жіктеу олардың орналасқан

 

 

тінге

қатысы

және

 

өсу сипаты негіздерінде болады.

 

 

Сондықтан

морфологиялық

құрылымы

бойынша

дәнекер

 

 

тіндерінің өспелері және эпителий жасушаларының өспелері

 

 

деп ажыратылады. Өспе жасушаларының жетілуіне қарай:

 

 

біртектес және біртекті емес болады. Өсу қасиетіне және

 

 

жылдамдығына қарай: қатерлі және қатерсіз өспелер болып

 

 

бөлінеді. Қатерлі өспелерге эпителий жасушаларының өспесі

 

 

обыр, дәнекер тіндерінің өспесі — саркома (балық еті

 

 

тәрізді өспе) жатады. Қатерсіз өспелер орналасқан тініне

 

 

қарай,

сол

тіннің

 

атына «ома» деген жалғау қосылып

 

 

аталады. Мәселен, фиброма, остеома, аденома, меланома,

 

 

неврома, ангиома т. б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қатерсіз өспелер айналасындағы тіндерді ығыстырып,

 

 

қысып өседі. Бұндай өсуді экспансиялық (лат. ехраnsіо —

 

 

қысу, ығыстыру) түрде өсу дейді. Қатерлі өспелер қоршаған

 

 

тіндерді ыдыратып, баса-көктеп тамырын жайып өседі. Бұндай

 

 

өсуді инфильтрациялық өсу, лат. in - ішке, filtratio -

 

 

сүзілу, жарып өту) дейді. Инфильтрациялық-инвазиялық (лат.

 

 

invasio - еніп кету, баса көктеп кіру) өсу қатерлі

 

 

өспелердің

айқын белгілері болып есептеледі (32-кесте).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

32-кесте

 

 

 

Қатерлі және қатерсіз өспелердің айырмашылықтары.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Көрсеткіштері

 

 

Қатерсіз

 

 

 

Қатерлі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өсу жылдамдығы:

 

 

баяу

 

 

 

 

тез

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өсу түрі:

 

 

 

 

экспансиялық

 

 

 

 

инфильтрациялық-

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

инвазиялық

 

 

 

 

 

Митоздық

 

 

 

 

төмен

 

 

 

 

үлкен

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

белсенділігі:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қалыпты тінге

 

 

 

 

жақсы

 

 

 

 

көбінесе

 

 

 

 

 

құрылымдық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ұқсамайды

 

 

 

 

 

ұқсастығы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ядроның құрылымы:

 

 

 

 

көбінесе

 

 

 

 

әдетте

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

қалыпты

 

 

 

 

гиперхромды,

 

 

382

 

 

 

 

 

 

 

күйінде

 

 

 

 

кедір-бұдыр

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

болып

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

өзгерген

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ядыршық-

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

тарында т. б.

 

 

 

 

 

Инвазия:

 

 

 

 

байқалмайды

 

 

 

 

заңды түрде

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Метастаза:

 

 

 

 

өте сирек

 

 

 

 

жиі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шекарасы:

 

 

 

 

анық

 

 

 

 

жай көзбен

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

көрінбейді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кахексия дамуы:

 

 

 

 

болмайды

 

 

 

 

болады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Некроз дамуы:

 

 

 

 

сирек болады

 

 

 

 

жиі болады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жарага айналуы:

 

 

 

 

сирек болады

 

 

 

 

жиі болады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қайталануы:

 

 

 

 

сирек болады

 

 

 

 

жиі кездеседі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Инфильтрациялық өсудің даму жолдарында және метастаза тарауында өспе жасушаларының мембраналарындағы ерекшеліктердің маңызы үлкен. Бұларға:

өспе жасушаларының мембраналарында протеолиздік ферменттер (катепсиндер, коллагеназа, гликозидаза т. б.) көп болуынан олар көрші сау жасушалардың мембраналарын бүліндіріп, өспе жасушаларының өзара жанасу мүмкіншіліктерін азайтады. Осыдан жасуша бөлінуінің жанасулық тежелуі әлсірейді;

өспе жасушаларының арасындағы сұйықта лизосомалық қышқыл гидролазалар бос күйінде қалқып жүреді; өйткені лизосомалардың мембраналарының өткізгіштігі қатты көтерілген. Бұл ферменттер өспе және айналасындағы сау жасушалардың мембраналарын өзгертеді;

 

● мембраналардың өзгеруінен және жасуша аралық

 

заттардың артық ыдырауынан өспе жасушаларының өзара

 

байланысуы (адгезиясы) қатты әлсіреген. Өйткені олардың

 

сыртында

адгезиялық

молекулалар

кадгериндер

мен

 

интегриндер жоғалған және теріс электр

дәрмені

ұлғайған,

 

Са2+ иондарының мөлшері азайған;

 

 

 

 

● өзара тығыз байланыспаған өспе жасушалары белсенді

 

қозғалыста болады. Өспе жасушаларымен өндірілетін нәруыз

 

сау тін жасушаларының арасына еніп, өспе жасушаларына

383

хемотаксистік әсер етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сонымен, өспе жасушаларының мембраналарының бұзылуы

 

олардың өзара байланысуын әлсіретеді және инфильтрациялық

 

өсу мен метастазалардың таралуына экеледі.

 

 

 

Қатерлі

өспелердің

инвазиялық

өсуімен

олардың

 

метастаза

тарату қабілеті байланысты

болады.

Метастаза

(грек.- metastasis - ауысып отыру) тарату деп алғашқы өспе ошағынан өспе жасушаларының бөлініп әртүрлі ағзалар мен тіндерге ауысып қонуын айтады. Өспе метастазасы тарауының бірнеше саты-ларын бөледі:

өспе жасушаларының бастапқы түйінінен бөлініп, қан немесе лимфалық тамырларға енуі (инвазия);

олардың қанмен және лимфамен тасымалдануы;

өспе жасушаларьшың тамыр қабырғаларына жабысуы және эмбол құрылуы;

өспе жасушаларының тамырдың айналасындағы тінге

шығуы және

түйін

құрып, өсіп-өнуі (имплантация).

Метастаза

қанмен,

лимфамен,

әртүрлі

қуыстардағы

сұйықтармен және тікелей жанасу арқылы таралуы мүмкін. Әдетте өспеден бөлінген жасушалардың көппгілігі ыдырап

кетеді. Олардың біразы ғана тамырға кіріп, тасымалдануы болады. Обыр жасушалары көпке дейін, ешбір ағзада бекімей, қан және лимфа тамырларымен айналып жүре беруі мүмкін. Олардың көпшілігі (95%-ға жуығы) жойылып кетеді.

Қатерлі өспелердің қатерсіз өспелерден тағы бір айырмашылығы — ол хирургиялық жолмен алып тасталынғаннан хейін кейде өспе өсуінің қайталануы (рецидиві) байқалады. Өспенің қайталануы әртүрлі себептерден болуы мүмкін:

хирургиялық тәсілмен өспені сылып тастағанда, оның біраз жасушалары сау тін арасында сақталып қалуынан;

бұл кезде өспе жасушалары сау тіндерге жасуша аралық сұйықпен түсуінен;

науқас адамдардан өспені алып тастағанмен зат алмасуының өзгерістері сақталып қалады. Бұл өспені туындататын заттардың түзілуіне және өспе түзілімдерінің жаңа ошақтарының пайда болуына әкеледі. Бұларға жүйкелікэндокриндік, иммундық жүйелердің реттеуші қызметтерінің

 

қалпына келмеуін, себепкер ықпалдардың сақталып қалуын

 

қосса, қатерлі өспелердің қайталану мүмкіншіліктері

 

түсінікті болады.

 

 

 

 

Қатерлі өспелер дамығанда, әдетте адамның қатты арып-

 

азып, жүдеуін

байқауға

болады. Мұны

өспелік

кахексия

 

(грек. kakos – жаман, hexis – жағдай, көтеремдік,

 

организмнің қатты жүдеуі, арып-азуы) деп атайды, Бұл кезде

 

адамның дене салмағы кемиді, терісінің түсі сары топырақ

 

түстес сұрғылт болады. Қанда анемия дамиды, нәруыздар,

384

глюкоза азаяды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кахексия

даму

патогенезі

бірнеше

дерттік

құбылыстардың пайда болуымен байланысты болады. Оларға:

өспенің қаннан глюкозаны, азоттық өнімдерді сорып

алуы;

өспе жасушалары мен макрофагтарда интерлейкин-1 және өспені жоятын фактор өндірілуі, содан бұл цитокиндер адамның тәбетін азайтуы, бұлшықет нәруыздарын ыдыратуы, дене қызымы көтерілуіне әкелуі;

тәбет жоғалуынан тамақ қабылдаудың азаюы;

зат алмасуларының жүйкелік-эндокриндік реттелулерінің бұзылуы;

өспенің ыдырау өнімдерімен организмнің уыттануы т.с.с. құбылыстар жатады.

Кейбір зерттеушілер қатерлі өспелер адамды арытатын

арнайы уыттар өндіріп шығарады деп есептейді. Мәселен, жапон ғалымдары Накахара, Фукуока адам өспелерінен өте

белсенді полипептид бөліп алып,

оны токсогормон деп

атаған.

Бұл

зат

организмде

каталаза

ферментінің

белсенділігін қатты азайтады, қанда темір иондарының мөлшерін төмендетіп, анемия туындатады, стреске тән бүйрек үсті бездерінің гипертрофиясын, айырша бездің кері дамуын туындатады және көкбауыр мен бауырдың ұлғаюына әкеледі.

Сондай-ақ, обыр жасушаларынан ыдырау өнімдерімен организмнің улану мүмкіншіліктері жайлы жорамал айтылды. Обыр өспелерінде қалыпты жасушаларға қарағанда азот қалдығының айтарлықтай көп болатыны дәлелденген. Нәруыздардың ыдырау өнімдерінің қанға түсуі организмді уыттандыратыны даусыз.

Бірақ, бұл жағдайда кахексия ең үлкен және ыдыраған өспелерде ғана пайда болуын түсіндіруге болады. Ал, өспе елеусіз мөлшерде болып, ыдырау белгілері байқалмаса да, кахексия дами беретіні белгілі.

Кахексия негізінен өспелермен бүлінбеген әртүрлі ағзалар мен тіндерде зат алмасу бұзылыстарынан дамиды. Өспе жасушалары қаннан тіндік нәруыздардың, пептидтердің, аминқышқылдарының, нуклеотидтердің азотын сорып алады. Бұл

кезде сау тіндерде нәруыздардың ыдырауы ұлғаяды. Қатерлі өспелердің өсуі сау тіндердің бүлінуіне, артық ыдырауына әкеледі. Осының нәтижесінде пайда болған аммиак бауырда мочевинаға айналып үлгермейді. Организмдегі тіндік нәруыздардың артық ыдырауы кахексияның бір маңызды себебі болып есептеледі.

Өспе жасушаларымен глюкозаның артық пайдалануынан организмде гипогликемия дамуы мүмкін. Бұндай мүмкіншіліктерге организмде аминқышқылдары мен глицериннен

385глюкозаның жаңадан түзілуі немесе глюконеогенездің артуы қарсы тұрады. Бұл кезде глюкокортикоидтардың әсерінен глюконеогенездің артуы бұлшықеттерде, лимфалық тіндерде, тимуста, көкбауырда нәруыздардың ыдырауымен сабақтасады. Осыған байланысты иммундық қорғаныстық күш әлсірейді. Бауырда антиоксиданттық ферменттердің (каталазаның т. б.) және нәруыздардың тузілуі азаяды, май қышқылдарының асқын тотықтары жиналып қалады. Қанықпаған май қышқыл-дарының асқын тотықтарының мөлшері көбеюі, бұлшықеттерде гликогеннің азаюы өспе дамуының соңғы сатысында еттердің дистрофиясына әкеледі. Лизосомалық мембраналардың өткізгіштігі көтеріледі. Бұлшықет жасушаларының нәруыздары лизосомалардың протеолиздік ферменттерімен ыдыратылады.

Осылардың жиынтығы кахексияның даму негізінде жатады.

Өспе дамуының этиологиясы.

Р. Вирховтың көзқарасы бойынша, өспенің себебі болып

жасушалардың

тым

артық

жиі тітіркенуі

есептеледі.

Тіндердің

ұзақ

мерзімде

қайта-қайта

тым

қатты

тітіркеністері жиі өспе дамуына әкелуі мүмкін. Мәселен, Үндістанда Кашмир индустары қыздырыну үшін ішінде қыздырылған көмірі бар сары топырақтан жасалған ыдыстарды киім астында байлап жүретін болған. Осының нәтижесінде жиі қайталанған күйіктерден іш терісінде обыр өспесі дамитыны байқалған. Бұл обыр «Кангри обыры» деп аталған.

Сонымен қатар темекіні түтікпен тартатын адамдардың

еріндерінде, насыбай ататын

адамдардың

тілі

мен ауыз

қуысы

тіндерінде

обыр

жиі

дамитыны

байқалады.

Бірақ,

қазір

тітіркенулердің

бәрінде

бірдей

өспе

дамуы

болмайтыны анықталды.

 

 

 

 

 

 

 

Қазіргі

көзқарастар

бойынша

өспе

дамуына

әртүрлі

(химиялық,

физикалық

және

биологиялық)

ықпалдардың

әсерлері әкелуі мүмкін.

 

 

 

 

 

 

 

 

Өспе дамуындағы химиялық қосындылардың маңызы.

1775

жылы

Англияда

Персивал

 

Потт

«мұржа

тазалайтындардың» обырын хабарлады: бала күнінен көп жылдар түтін шығатын мүржаларды тазалайтын адамдардың ума терісінде, санының және құрсағының терілерінде обыр

 

өспесі пайда болатыны байқалған. Бұл обырдың себебі

 

пештің күйесі (тас көмір жанғандағы

пайда

болатын

 

өнімдер) болады деген пікір айтылды. Осыдан кейін көп

 

зерттеушілер обыр өспесін жануарлардың терісіне тас көмір

 

қара майын жағу арқылы тәжірибеде алуға

кірісті. Тек,

 

1918 жылы жапон зерттеушілері Ямагива мен Ишикава осы

 

жолмен қоянның құлағында тері обырын алды. Осыдан бастап

 

химиялық канцерогенезді жүйелі түрде зерттеу басталды.

 

Артынан әртүрлі химиялық заттардың әсерлерінен өспенің

386

басқа

түрлері

де дамитыны

белгілі болды.

Мәселен,

 

 

 

 

 

 

 

адамдардың кәсібіне қарай (анилинді бояу өндірістерінде

 

істейтін,

автокөліктердің

жолдарын

 

қаптайтын

 

жұмысшылардың араларында) өспе жиірек дамитыны анықталды.

 

Өспе

дамуына әкелетін химиялық заттар

канцерогендер

 

(обыр туындататындар) деп аталады.

 

 

 

Барлық канцерогендер экзогендік және эндогендік болып

 

бөлінеді. Экзогендік канцерогендерге көптеген (1000-астам)

 

қосындылар жатады:

 

 

 

көп оралымды хошиісті көмірсутектер (диметилбензантрацен, фенантрен, 3, 4-бензпирен т. б.);

оралымды аминдер (нафтиламин, бензидин);

аминдік азоқосындылар (ортоаминоазотолуол, диметиламиноазобензол);

бейорганикалық химиялық заттар (хром, қорғасын, никель, бериллий, мышьяк, кадмий т. б.).

Кейбір канцерогендер енгізілген жеріне қарамай тек

белгілі ағзалар мен тіндерде өспе дамуына әкеледі. Мәселен, ортоаминоазотолуол және диметиламинобензол тек бауырда, бензидин немесе β-нафтиламин тек қуықта өспе дамуына әкеледі. Ал, көп оралымды қөмірсутектер жиі енгізілген жерінде кез келген тіндердің өспесін шақырады. Өспе канцерогендік зат организмге түскеннен кейін үзақ уақыттан кейін дамиды. Обыр алды кезең организм өмірінің 1:3-1:7 үзақтығына теңеледі. Ол адам үшін 12—18 жылға жуық болады.

Барлық канцерогендік заттар екі үлкен топқа бөлінеді. Олардың ең үлкен тобы проканцерогендер немесе канцероген тудырғыштар деп аталады. Бұлар организмге түскеннен кейін әртүрлі ферменттердің әсерлерімен өзгерістерге ілігіп, өспе туындататын заттарға айналады: Канцерогендердің шағын тобы тікелей (шынайы) канцерогендер деп аталады және олар организмде ешқандай өзгерістерге ұшырамай-ақ өспе дамуын туындатады. Бұларға урацилиприт, β-пропионлактон, диметилкарбамилхлорид жатады.

Бүгінгі күні күшті зерттеліп жатқан канцерогендердің бір тобы нитрозоқосындылар. Организмге тамақпен және

дәрілермен түсетін нитраттар мен нитриттер асқазанда тұз қышқылының әсерінен нитрозаминдерге ауысып, жиі өспе дамуына әкеледі. Содан диэтилнитрозамин бауыр мен өңештің, метилнитрозомочевина мидың өспесіне әкеледі.

Кейбір канцерогендік заттар тамақтануға пайдаланылатын өсімдік табиғатты заттарда кездесулері мүмкін. Саңырауқұлақтар Aspergillus flavium, қуатты канцерогендік қасиеті бар, афлатоксин түзеді. Жаңбырлы жылдары жерде жатып өсетін жаңғақтар (арахис) осы саңырауқұлақ

387өндіретін афлаток-синмен зарарланады. Сонымен бірге жүгері, күріш дәндері де осы аталған майда саңырауқұлақ өнімімен зарарлануы ықтимал.

Канцерогендік заттар кейбір тағамдарды (шұжық, қазы, балық т. с. с.) түтінмен ыстаудан, тағам дайындауда майларды бірнеше рет қайталап қуырудан, шайды еселеп шоқ үстінде ұзақ қайнатудан т.с.с. жағдайлардан пайда

болулары мүмкін.

 

 

 

 

Трансплаценталық канцерогенез.

 

Буаз

егеуқүйрықтардың

денесіне

аз

мөлшердегі

канцерогендік затты енгізгенде, олардың өздері ауырмай,

олардан

туған

төлдерінің әртүрлі

ағзаларында

өспе

дамитыны байқалған.

 

 

Жүкті

әйелдер

диэтилстилбестерол

(жасампаздық

жолмен

алынған фолликулин) қабылдаса, олардан туған қыздардың қынабында эпителий жасушыларының обыр өспесі пайда болу мүмкіншілігі бар екені байқалды.

Осы көрсетілгендерден жүктілік кезінде әйелдердің организміне аз мөлшерлерде түскен өспе туындатын химиялық затгар (мәселен, темекі шегу т. с. с.) бала жолдасы арқылы ұрыққа өтіп, әсер етуінен әртүрлі өспелердің жас балаларда даму мүмкіншіліктері пайда болады.

Канцерогендік заттар ДНК молекуласымен байланысып жасушалардың гендік ақпаратын өзгертеді.

Эндогендік канцерогендік заттар. Көп оралымды көмірсутектерінің химиялық құрылымы кейбір стероидтық гормондардың химиялық құрылымына өте ұқсас болып келеді. Осыған байланысты белгілі жағдайларда организмнің өзінде өспе туындататын қасиеті бар заттар ендірілуі мүмкін деген пікір айтылды. 1925 жылы адам терісін 800—920° С қыздыру арқылы канцерогендік зат алынды. Бұл затты ақ тышқандарға енгізгенде өспе дамитыны дәлелденді. 1934 жылы адам өтінде болатын дезоксихол қышқылынан канцерогендік зат – метилхолантрен алынды. Бұл канцерогендердің өспе өсуіндегі маңызын Л.М. Шабад (1937 ж.) тәжірибеде дәлелдеді.

Қазір жануарлар мен адам организмінде әртүрлі канцерогендік заттар пайда болу мүмкіндігі белгілі.

Оларға:

стероидтық гормондар (эстероген, эстрадиол);

холестерин туындылары (холестадиендер, карцинолипиндер);

амин қышқылдарының (триптофан, тирозин) ыдырау өнімдері;

бос радикалдар мен майлардың асқын тотықтары;

нитроксид (NO) және оның асқын тотығы (перокснитрит-

388

ONOO) т. б. жатады. Эндогендік канцерогендік заттар

лейкозбен

ауыратын

сырқаттардың

зәрінде

табылған.

Организмде эндокриндік бездермен гормондар өндірілуінің бұзылуы өспелердің кейбір түрлерінің дамуына әкеледі. Бұл өспелер «дисгормондық өспелер» деп аталады. Эстрогендік гормондар бір жағынан өспе өсуіне күшейткіш (промоторлық) әсер етсе, екінші жағынан тін жасушаларының тектік құралдарын өзгертіп, гендерге уытты ықпал етеді.

Эндогендік канцерогендердің ерекшеліктеріне:

организмнің өзінде өндірілуі;

өспе туындату әсері әлсіздеу болуы;

өспе дамуында жасырын кезеңнің ұзақ болуы – жатады.

Өспе дамуындағы физикалық ыкпалдардың маңызы.

Бұларға әртүрлі иондағыш сәулелердің түрлері және ультракүлгін сәулелер жатады. Иондағыш сәулелердің барлық түрлері (рентген сәулелері, α-, β-, γ-сәулелері, нейтрондар мен протондар) канцерогендік әсер ете алады. 1895 жылы рентген сәулелері ашылғаннан кейін 1909 жылы ең алғаш радиацияның өспе туындату мүмкіншіліктері туралы пікір айтылды. Рентгенологтарда тері обыры мен сүйек саркомасы дамуының мүмкіншіліктері байқалды. Рентген сәулелерімен жануарларды (тышқан, ит т. б.) сәулелендіргенде лейкоздар және әртүрлі өспелер дамиды. Адамдарда рентген сәулелерімен жалпы сәулелендірудің нәтижесінде өспе мен лейкоздардың дамуы жиілейді. Хиросима, Нагасаки қалаларында 1945 жылы АҚШ атом бомбасын жарғаннан кейін, Семей полигонында 1949 жылдан бастап атом бомбасрн сынаулардан соң бұл аймақтардың тұрғындарының арасында лейкоз дерті мен өспелер жиі кездесетін болды.Ультракулгін сәулелердің канцерогендік әсері егеуқұйрықтар мен ақ тышқандарда дәлелденді.

Әртүрлі радийбелсенді изотоптар организмге түскенде, олардың түсу жолдарына және жиналып тұрақтануына қарай, әртүрлі ағзаларда өспе дамуын шақырады. Олар ауыз арқылы түскенде ас қорыту ағзаларының өспесін, тері астына енгізгенде - саркома, тері обырын, тыныс жолдары арқылы түскенде өкпе өспелерін шақыруы мүмкін. 90 Sr сүйекте жиналатын болғандықтан остеосаркома, 131J - қалқанша бездің

өспесін туындатады.

Радийбелсенді сәулелер өспе дамуына:

еркін радикалды тотығуды арттырып, пайда болған бос радикалдармен (О, ОН т.б.) жасушалардың ДНҚ молекуласын бүліндіру және оның репарациясын бұзу;

организмнің иммунитетін әлсіретіп, өспе туындататын вирустардың белсенділігін арттыру;

гендердің мутациясын туындату;

● хромосомаларды ауытқуларын туындату – жолдарымен

389 әкеледі.

Өспе дамуындағы биологиялық ықпалдардың маңызы.

1908-1911 жылдары Раус тауық саркомасының жасушасыз сүзіндісін сау тауықтарға енгізу арқылы осы өспенің дамитынын көрсетті. 1933 ж. Шоуп қоянға өспеден алынған осындай сүзіндіні енгізіп, онда папиллома өспесін алды. 1934 ж. Биттнер сүт безі обырымен сырқаттанатын ақ тышқандарда «сүт факторы» болатынын анықтады. Ақ тышқандардың ішінде бұл обырмен жиі және сирек ауыратын таза тектік тұқымдары болады. Егер сирек ауыратын тышқандардың төлдерін туа сала жиі ауыратын тышқандардың сүтімен қоректендірсе, онда оларда сүт безі обырының пайда болуы әжептәуір жиілейді. Жиі ауыратын тышқандардың жаңа туған төлдерін сирек ауыратын тышқандардың сүтімен қоректендірсе сүт безі обырымен олардың ауыруы сирейтіні көрсетілді. Кейінірек «сүт факторының» негізінде вирус жататыны дәлелденді және оны Биттнер вирусы дейді.

Қазіргі күні жануарлардың кейбір өспелері вирустардың әсерлерінен дамитыны ешқандай күмән келтірмейді. Егеуқүйрықтар мен тышқандардың лейкозы, қоян, ит, сыйыр папилломалары, тауық саркомасы, бақаның бүйрек обыры т. б. өспелердің этиологиясында вирустардың маңызы дәлелденген. Жануарларда өспе туындататын вирустардың 40-астам түрлері белгілі. Бұл вирустар РНҚ-нан және ДНҚ-нан тұратын болып бөлінеді.

.РНҚ-нан тұратын өспе туындататын вирус онкорнавирус (грек. оnсоs - өспе, ағылш. RNA - РНҚ) немесе ретровирустар (лат. геtго - кері бағытта) деп аталады. Бұл вирустарда кері транскриптаза (ревертаза) немесе РНҚтәуелді ДНҚ полимераза деген фермент болады. Осы ферменттің қатысуымен гендік ақпарат вирустың РНҚ молекуласынан жасушаның ДНҚ молекуласына жазылады.

РНҚ-нан тұратын вирустардың әсерлерінен:

тауықтардағы Раус саркомасы;

тышқандар мен тауықтардың лейкозы;

тышқандарда сүт безінің обыры;

адамда Т-жасушалы лейкоз т. б. дамиды. Ересек

адамдарда Т-жасушалық лимфолейкоз вирустың ықпалынан туындайды. Бұл вирусты HTLV-1 (human Т-leukemia virus - адамның Т-лейкозының вирусы) деп атайды. Т-жасушалық

лимфолейкозбен ауырған

адамдардың

қанында осы

вирусқа

қарсы

антиденелердің

болуы

көрсетілген

пікірдің

дұрыстығын дәлелдейді.

ДНҚ-нан тұратын өспе туындататын вирустар ДНҚонковирустар деп аталады. Бұл вирустардың әсерлерінен:

● қояндарда Шоуп папилломасы;

390● тышқандардың полиомасы;

маймылдардың көпіршікті өспесі; Бұл үш түрлі өспелердің вирустары Папова (папилома, полиома, вакуольдейтін вирустар деген атаусөздерден алынған термин) тобына жатқызылатын вирустар делінеді.

адамдарда папиллома, кандилома, Беркитт лимфомасы

В-гепатитінің вирусы, әсіресе афлотоксинмен бірігіп, әсер еткенде бауыр карциномасы т.с.с. дамиды.

Адамда кездесетін герпесвирустар (герпес - ұшық) ДНҚонковирустарға жатады. Олардың ішінде Эпштейн-Барр вирусы

(ЭБВ) сау адамдардың жұтқыншақ-көмейлерінің шайындысында жиі кездеседі. 70-80% адамдардың қанында бұл вирусқа қарсы антиденелер анықталады. Адамның В-лимфоциттерінің сыртқы

беттерінде

Эпштейн-Барр

вирусын

байланыстыратын

рецепторлар

бар.

Осы

байланыстың

нәтижесінде

В-

лимфоциттерінің жас лимфобластық түріне айналуы және инфекциялық мононуклеоз дамуы мүмкін. Орталық Африка мемлекеттері тұрғындарының балаларында Беркитт лимфо-масы жиі дамиды. Бұл өспеден ЭБВ бөлініп алынады және ол организмнен тыс жағдайларда сау жасушаны өспе жасушасына айналдыратыны дәлелденген.

Қарапайым герпесвирустыи 2-түрі жыныстық қатынастармен беріледі және әйелдердің жатыр ернеуінде обыр дамуын туындатуы мүмкін.

Герпесвирустардың тағы бір түрі цитомегаловирус кең тараған жұқпа. Соған қарамай ол қалыпты жағдайда ауру туындатпайды. Бірақ, организмде иммундық тапшылықты жағдай дамыса, көптеген ағзалардың бүліністеріне әкеліп, Капоши саркомасы дамуына себеп болады.

Вирустардың дерттілік күші бір жағынан олардың штаммасына, мөлшеріне, организмге ену жолына, екінші жағынан қабылдайтын организмнің (реципиенттің) жасына, тектік, иммундық, гормондық т.с.с. жағдайларына байланысты болады. Мәселен, құстардың эритробластоз вирусын көктамырға енгізгенде лейкоз дамуына әкелсе, тері астына енгізгенде саркома дамытады. Раус вирусы тауық балапандарында тез өсетін, метастаза тарататын саркома,

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]