- •Жоспары:
- •1. Жалпы ережелер
- •1.1. Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігінің жай-күйі мен проблемалары
- •1.2. 2004-2015 Жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасын әзірлеудің өзектілігі және басымдықтары
- •2. Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің мақсаты, негізгі міндеттері мен қағидаттары
- •2.1. Экологиялық қауіпсіздіктің мақсаты
- •2.2. Экологиялық қауіпсіздіктің негізгі міндеттері
- •2.3. Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі қағидаттары
- •3. Экологиялық қауіпсіздік проблемалары және оларды шешу жолдары
- •3.1. Жаһандық экологиялық проблемалар
- •3.1.1. Климаттың өзгеруі
- •3.1.2. Озон қабатының бұзылуы
- •3.1.4. Жердің шөлейттенуі және тозуы
- •3.2. Ұлттық экологиялық проблемалар
- •3.2.1. Экологиялық апат аймақтары
- •3.2.2. Каспий теңізі қайраңының ресурстарын қарқынды игерумен байланысты проблемалар
- •3.2.3. Су ресурстарының сарқылуы және ластануы
- •Пайдаланған әдебиеттер:
- •Глоссарий
Пайдаланған әдебиеттер:
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2006 жылғы 1 наурыздағы «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Жолдауы. - Астана, 2006.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексі // «Параграф» мәліметтер жүйесі, 2013.
Тонкопий М.С. Экология и экономика природопользования. - Алматы: Экономик`С, 2003. – 592 с.
Мухитдинов Н.Б. Проблемы совершенствования природо-охранного законодательства и правотворческий процесс. - Алматы, 1997.
Әбдірайымов Б. Экологиялық зиян: сипаттамасы, денсаулыққа әсері, сот арқылы өтелуі. - Алматы, 2001.
Байдельдинов Д. Правовой механизм государственного управления в области экологии. - Алматы, 1998.
Экология және табиғатты тиімді пайдалану.Ә. Бейсенова, А. Самақова, Т. Есболов, Ж. Шілдебаев.
Экология негіздері.Ғ. Сағымбаев.
3. Экология.Г. С. Оспанова, Г. Т. Бозматаева.
Глоссарий
Абиотикалық факторлар - тірі организмдерге тікелей немесе жанама әсер ететін өлі табиғат элементтері (космостық, геофизикалық, климаттық, кеңістік, уақытша, т.б.)
Акклимация - жеке (физиологиялық) бейімделушілік.
Атмосфера - Жердің немесе кез келген космостық дененің газды қабықшасы.
Анаэробты организмдер - оттегіні қажет етпейтін, оттегі қатысынсыз ортада тіршілік ететін организмдер.
Антропогендік факторлар - адамның тіршілік әрекетінің әсері.
Апвеллинг - мүхит суларының жоғарғы қабатқа қарай көтерілуі.
Ареал - органимздердің систематикалық топтарының -популяциялар, түр, т.б. таралу аймағы.
Аутэкология - белгілі түрге жататын жеке особьтарды зерттейтін экологияның бөлімі немесе түр экологиясы.
Альтернативті энергия көздері - Күн, жел, теңіздер мен геотермальды энергия түрлері
Биогеоценоз - тірі организмдер қауымдастығының (биоценоз) абиотикалық жағдайлардың кеңістіктік жиынтығын (биотоп), зат, энергия мен информация алмасулары негізінде біріктіретін құрлықтық экожүйе.
Биосфера - құрамы, құрылысы мен энергетикасы тірі организмдер тіршілігімен анықталатын Жердің белсенді ерекше қабықшасы.
Биологиялық тазарту - судың қүрамындағы ластаушы заттарды микроорганизмдер көмегімен тазарту.
Биота - кеңістіктегі барлық тірі организмдер жиынтықтарының кез келген түрі, (мысалы, экожүйе биотасы, құрлық биотасы, теңіз биотасы, биосфера биотасы, т.с.с).
Биотикалық факторлар - тірі организмдердің бір-біріне әсеріңің барлық түрдері.
Биотикалық айналым – биосферадағы биотикалық және абиотикалық компоненттердің арасындағы экожүйелердегі биогенді элементтердің айналымы.
Биотоп – белгілі биоценоз алып жатқан абиотикалық факторлары салыстырмалы біртекті кеңістік.
Берилий мен Ниобийді“ атом өнеркәсібінің металдары” деп атайды. Берилій – ядролық реакторлардағы нейтронды баяулатқыш әрі қайтарғыш болса, ниобимен оның жылу бөлетін (ЖБЭЛ) қаптайды.
Валенттілік (экологиялык) - толеранттылық шектері немесе түр, не популяциялардың әртүрлі орта жағдайларында тіршілік ету қабілетінің сипаттамасы.
Геотермальды сулар - жер қойнауындағы ыстық, өздеріне тән химиялық құрамы бар сулар.
Гербицидтер - арам шөптерді жоюға қолданылатын улы химикаттар.
Гидробиология - барлық су ресурстарыда тіршілік ететін тір организмдерді зерттейтін ғылым саласы.
Гидробиосфера - Жер бетілік суларда мекендейтін тірі организмдердің тіршілік ету ортасы, биосфераның бір бөлігі.
Глобальды мониторинг - жалпы әлемдік масштабтағы биосферадагы процестер мен өзгерістерді бақылау.
"Гринпис" - ең атақты халықаралық қоғамдық экологиялық ұйым.
Глобалды ластану- жер шарының кез келген нүктесіндегі ластану. Мысалы, атмосферанынын көміртегі оксидтерімен, күкірт, азот, пестицидтермен, әлемдік мұхиттың мұнай өнімдерімен ластануы.
Демэкология - популяциялар мен оларды қоршаған орта арасындағы қарым-қатынастарын зерттейтін экологияның бөлімі.
Деградация - қоршаған табиғи орта компоненттерінің табиғи және антропогендік факторлар әсерінен бұзылуы, жағдайының нашарлауы.
Қоршаған ортаны қорғау- табиғат ресурстары мен космос кекістігін қайта өндіру мен тиімді пайдалануға бағытталған ғылыми, құқықтық, техникалыќ шараларды жиынтыѓы.
Қоршаған орта- тіршілік ету ортасы, табиғаттың барлың материалдық денелері,күштері мен құбылыстарының, заттары мен кеңістігінің жиынтығы, тірі организмдермен тікелей байланыста болатын адамның қызметі.
қышқылдық жаңбырлар- рН 5,6- дан төмен болады. Мұндай жауын- шашынның түсуі атмосфераның күкірт диоксидімен, азот оксидтерімен антропогендік ластануымен байланысты.
Импактілі мониторинг - ластаушы заттар таратушы көздерге жақын орналасқан аса қауіпті аймақтар мен орын-дарды бақылау.
Мелиорация - ауыл шаруашылығында пайдаланылатын жерлердің жағдайын жақсарту.
Популяция - генофондысы ортақ, салыстырмалы бірдей экологиялық жагдайлардағы ортаны мекендеп, бір-бірімен еркін будандасып, ұрпақ бере алатын, бір түрге жататын особьтардың жиынтығы.
Сукцессия - белгілі тіршіілік ортасындағы организмдердің түр қүрамы өзгерістерінің үздіксіз және бағытталған жүйесі.
Озон қабаты - тірі организмдер үшін аса қауіпті Күннің қысқа толқынды ультракүлгін сәулелерін сіңіретін озон молекулаларының жоғары концентрациясы жинақталған атмосфера қабаты.
Озондық ойық - атмосфераның озон кабатындағы озон молекулалары жоқ аймақ.
Экологиялық сараптама - адамның шаруашылық және басқа қызмет түрлерінің экологиялық талаптарға сәйкестігін анықтайтын сараптама.
Экоцид - өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің жаппай жойылуы, атмосфера, су ресурстарының немесе басқа да табиғи ортаның зиянды заттармен улануына әкеп соғатын экологиялық апаттар.
Экологиялық пирамида- биотоптың кері пирамидасы, 1966 ж. Ч. Элтон тұжырымдаған концепция.
Ядролық катастрофа - жаппай қырып-жоятын ядролық қаруды қолдану нәтижесінде қалыптасатын глобалды экологиялық апат.