Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
poyasnit.docx
Скачиваний:
8
Добавлен:
02.05.2015
Размер:
57.07 Кб
Скачать

2.5 Қоршаған ортаға антропогенді баға беру

Адамдардың шаруашылық қызметі қазіргі кезде биосфераны ластаушылардың негізгі көзі болып отыр. Табиғи ортаға күн сайын, сағат сайын өнеркәсіптің газ тәріздес, сұйық және қатты қалдықтары түсіп отырады.Осы калдықтардағы әр түрлі химиялық заттар ауаға, суға және топыраққа түсіп, бір трофикалық тізбектен екіншісіне өте отырып, соңынан адам организміне келіп түседі. Табиғи ортаны ластаушы заттар әр түрлі болып келеді. Ол заттар өзінің табиғатына, шоғырлануына және адам организміне әсер ету уақытына қарай. әр түрлі жағымсыз ; нәтижелер туғызады. Осындай заттардың қысқа мерзімде болса да адамға әсері— адам-ның басын айналдырады, құсқысын келтіреді, тамағын жыбырлатып, жөтелтеді. Егер адам организміне осындай улы заттар көп молшерде әсер етсе қатты уланып есінен танады, тіптен өліп кетуі де мүмкін. Ондай улы заттарға ірі өнеркәсіптк қалалардың үстіне желсіз күндері жиналған қара түтіндер немесе өнеркәсіптік кәсіпорындардың қалдықтары мысал бола алады. Электр станциялары, түрл і- түсті металл өндіретін зауыттар, химиялық және мұнайды кайта өңдейтін кәсіпорындар атмосфераға үлкен түтін шығаратын мұржалар аркылы көптеген адам организміне зиянды улы заттарды ауаға шығарады.Қазіргі кезде ауаны ластайтын улы заттардың 150-ден астамы белгілі. Бұл заттар ауада күн сәулесінің әсерімен бір - бірімен реакцияға түсіп, жаңа косындылар түзеді. Ауадағы фторлы сутек өте улы. Азық - түліктің құрамындағы фторлы сутек адамды,жануарларды құстырып өте жаман ауру туғызады. Хлорлы сутек пластмасса қалдықтарын жақканда пайда болады. Осы газбен тыныс алғанда; адамның тыныс жолдарының кілегейлі қабығын закымдандырып, өкпенің ісік ауруын туғызады. Цемент зауыттарынан шыққан цемент шаңдары топырақта калий, кальций, магний элементтерінің көбеюіне себеп болады. Ал фосфор зауытына жақын жерлерде фосфордың мөлшері көбейеді. Құрамында мырыш пен қорғасын бар металлургия зауытының калдықтары да өте улы әсер етеді. Осындай улы заттар жиналған өсімдікпен адам не жануар қоректенгенде олардың денсаулығына қауіп төнуі мумкін. Организмнің осы улы заттарға төзімділігі әр адамнның өзінің жеке басының гигиенасына байланысты, ең алдымен денсаулығы - жасы мен жынысына байланысты болып келеді. Аталған улы заттарға балалар,қарт адамдар және денсаулығы нашар ауру адамдар өте сезімтал қеледі. Қазіргі кезде бізді қоршаған ортаның ластаушы көздері төмендегідей топқа бөлінеді: 

Физикалық ластану - радиоактивті заттар, электромагнитгі толқындар, жылу, шулар және тербелістер.

Химиялык ластану - көміртегі өнімдері, күқірт, көмірсулар, шайыңды сулар, пестицидтер, гербицидтер, фторлы қосылыстар, ауыр металдар, аэрозолдар.

Биологиялық ластану - ауру қоздырғыш бактериялар мен вирустар, құрттар, карапайымдылар, шектен тыс көбейіп зиян келтіретін жәндіктер.

Эстетикалық зиян - табиғаттың қайталанбас сұлу ландшафтарының бүліңуі, ормаң-тоғайлардың жойылуы, т.б.

Биосферадағы ластану процесін 3 кезеңге бөлеміз:

1) ластаушы заттардың таралуы; ластағыш заттардың биологиялық топтануы немесе қорлануы.

1. Көміртегі оксиді (СО2) және монокосид (СО). Жалпы отын жаққан кезде көміртектің екі -газы түзіледі. Еқеуі де ластағыш газдар. Оның: бірі көміртегі диоксиді ~- улы емес ал монооксид улы болып келеді, Ол адамның қаныдағы гемоглобинмен өте тез қосылып зиянды қоспа түзіп ауру туғызады. Сонғы жылдары атмосферадағы көміртегі оксидтері тез көбейіп өсімдіктерде жүретін фотосинтез процесі жылдамдатуда. Нәтижесінде, көміртегі оксиді әрбір 10 жыл сайын 2 %-ға өсіп, атмосферада жылу эффектісін туғызуда. Ал, жылу эффектісі өз кезегінде жер шары климатының орташа температурасын көтеріп, түрлі экологиялық апаттардың (мұхиттардың көтерілуі, ауа райының өзгеруі, кауіпті циклондар мен цунамилер, шөлейттену, өрттер, т.б.) тууына себеп болып отыр. Аталған газдармен қатар метан, азот оксиді, озон, т.б. газдар күн сәулесін жер бетіне кедергісіз жібергенімен, ал жер бетінен космос кеңістігіне кететін ұзын толқынды жылу сәулелерін өткізбей, көмір қышқыл газдарының қызып жалпы атмосфера шегінде жылу процесін тездетуде. 

Семей ядролық полигоны

        1945-ші жылданбастап Семей өңірінде ядролық сынақтар жүргізілді. Бір жыл емес 40 жыл бойы жүргізілген сынақ нағыз соғыс жаңғырығы сияқты халық есінде. Әлемдегі ең көлемді ядролық қару болып саналған бұл сынақтар 1991-ші жылы 29-тамызда жабылды. Семей өңірінде 2 мыңнан астам жарылыс болды. Мыңдаған адам саңырауқұлақ сипатындағы жарылыс барысын өз көздерімен көрді. Мыңдаған адам сол сынақтардың кесірін тартты. Ауа, жер, топырақ барлығы да ядролық удың зардабын шекті. Бүгінде полигон жабық. Сынақ болған жерлер тек туристердің тарихшылардың баратын жеріне айналды.

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Ядролық Орталығы да осы Семей өңірінде. Қазір жүздеген, мыңдаған туристер атом бомбасынан босаған Дегелең даласын көруге жиі келеді. Курчатовтағы полигон мұражайы да туристердің көп бас қосатын жері. Сондай-ақ ядролық бағдарламаның жетекшісі Лаврентий Берияның үйі де тарих дәйегіне айналған. Семей қаласы полигон құрбандарын ешқашан ұмытқан емес. Оған Полковничий аралында орнатылған «Өлімнен де күшті» атты монумент куә. Полигон қасіретін Семейдегі «Анатомиялық мұражай» да көз алдыңызға әкеледі.

3 ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ БОЙЫНША ШАРАЛАР КЕШЕНІ

Атмосфераны жаһандық қорғау бойынша сұрақтарды шешкенде адамдарды, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін зиянды шығарындылар әсерінен қорғау үшін жергілікті халықтың ауа ортасының қорғау мақсатын шешуге тура келеді.

Зиянды шығарындылардан қоршаған ортаны қорғау өткір заманауи мәселе болып отыр.Өндірістік кәсіпорын шығарындыларынан қоршаған ортаны қорғау бойынша ең радикалды әдіс технологиялық үрдістерді құру болып табылады. Оларды толық енгізгенде шығарындылар көлемі азаяды.

Атмосфераның шаңдану дәрежесін бағалағанда шаң табиғи құбылыстар және дамдардың әрекеті әсерінен пайда болатынын есте сақтау керек.

Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі принциптері:

  1. Практикада іске асырылатын экологиялық қауіптілік және

жоспарланған шаруашылық презумциясы.

  1. Антропогендік әсерге ұшыраған табиғи экожүйелер,

ландшафтыларды, сақтау ерекшеліктері.

  1. Экологиялық және технико - экологиялық дамуды қаматамасыз

ету, табиғатты қорғауға әсері бар технологиялардың ең үздігін қолдану.

Пайдалы қазбаларды өндіру, жару жұмыстарын жүргізу, қалдықтарды орналастыру ауа жағдайын бақылау органдарымен келісілген ережелерді сақтаумен іске асырылады.

Әр қалада ауа бассейінің қорғауынан кешенді сұлбасы болуы керек:

  • уақыт бойынша ландшафты – климаттық жағдайларды есепке

ала отырып, кәсіпорындарды оптимальді орналастыру, шығарындыларды бақылау жүйесін ұйымдастыру;

  • газтазартқыш және шаңұстағыш құралдарды пайдалануды

жақсарту;

  • ластаушы заттардың биологиялық обьектілерге және адам

денсаулығына зиянды әсерін жою, азайту, ескерту шаралары.

Қоршаған ортаны қорғау бойынша іс – шаралары техникалық құралдарды пайдалану арқылы жүргізіледі.

Сонымен қатар атмосфераны қорғаудың 2 әдісі бар:

  1. белсенді - өндірістік көздерден шығатын газдар әртүрлі аппараттар

көмегімен зиянды заттардан тазаланылады.

  1. консервативті - шығарындылар көзі биікке орналастырылады, газдар

атмосфераның жоғарғы қаюатына лақтырылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]