
- •1 Қоршаған ортаны қорғаудың аумақтық кешенді сұлбасын жобалаудың тапсырмасы.
- •2 Табиғи ресурстар мен қоршаған ортаның заманауи жағдайын кешенді бағалау
- •2.1 Геофизикалық және климатологиялық сипаттамаларына сәйкес бағалау.
- •2.2 Қалалық және ауылдық елді мекен тұрғындарының санын есептеу.
- •2.3 Аудан аймағының демографиялық сыйымдылығын анықтау.
- •2.4 Семей қаласының жалпы экологиялық сипаттамасы, жобалау ауданындағы өндіріс түрлері.
- •2.5 Қоршаған ортаға антропогенді баға беру
- •3.1 Автокөліктерден шығатын шығарылымдарды азайтуға арналған шаралар
- •Су ресурстарын қорғауға байланысты шаралар
- •Жер ресурстарын қорғауға қатысты шаралар
- •Биологиялық ресурстарды қорғауға байланысты шаралар
- •Жануарлар дүниесін жағдайын жақсарту бойынша шаралар
- •4 Кешенді табиғи қоршау шараларының технико-экономикалық көрсеткіштері
2.4 Семей қаласының жалпы экологиялық сипаттамасы, жобалау ауданындағы өндіріс түрлері.
Жобаланып отырған ауданның экологиялық жағдайына өндіріс орны, құрылыс және кен орындары әсер етеді. Сонымен қатар, қоршаған ортаның ластануына ауыл шаруашылығы, электр желілері, автокөлік және аэропорт, жеңіл өнеркәсіп өз үлестерін қосып жатыр.
Семей қаласының қоршаған ортаны ластайтын көздер мыналар:
1. Суперфосфатты тыңайтқыш өндірісі (1);
2. Алюминий тотығы өндірісі (1);
3. мырыш алу өндіріс (1);
4. фибролит өндірісі (3);
4. ағаш өңдеу (2).
1.Суперфосфатты тыңайтқыш өндірісі
Суперфосфат - концентрленген фосфорлы тыңайтқыш. Оны барлық топырак түріне негізгі тыңайтқыш ретінде қолданады. Суперфосфат сілтілі топырақта тиімді. Қышқылды топырақта құрамындағы фосфор алюминий, темірмен реакцияға түсіп, көп зиян тигізуі мүмкін. Қышқыл мөлшері қажетті деңгейден артық болса, суперфосфаттың кебуіне жағдай жасалмай, ол қолдануға жарамай қалады.
2.Алюминий тотығы өндірісі
Алюминий тотығын өңдеудің негізгі мәселесі оның құрамындағы темір тотығы мен кремний тотығының көп мөлшеріне байланысты. Бұл компоненттердің мөлшерін төмендету үшін бокситті байытудың әдістері: құрамында кремнийі бар және ауыр магнитті материалдары бар минералдарды жою. Бокситтерді байытуға арналған кез келген әдістің әсерлілігі бокситтердің құрылымдық және минерологиялық ерекшеліктеріне байланысты. Кейбір жағдайларда байытудың химиялық, радиометриялық, электростатикалық әдістері неғұрлым тиімді. Бірақ байытудың гравитациялық, флотациялық, магниттік және басқа да әдістері шикізаттың бір ғана түріне қолданбалы. Байыту үрдісі екі бағытта жүргізіледі: - Байер әдісімен өңделуге жарамды боксит концентратын алу; - ылғалдылығы 60 % - көп емес шлам алуға, пісіруге жарамды бастапқы бокситті жуу. Байытудың технологиялық сұлбасы 25-50 мм-ге дейін ұсатуды және қопсымалы фракциясын – 5 мм-ге дейін бөліп тастауды қарастырады. Бокситтің тығыз бөлігің ірілігі – 5 мм-ге дейін материал алу үшін сатылы ұсатуға және елеуге ұшыратады. Одан кейін фракцияларды бірге 0,2 мм-ге дейін ұнтақтап, магниттік сепарацияға жібереді, ал шламды өнімді флотациялайды. Сөйтіп, біріктірілген бокситті концентрат құрамы: Al2O3 – 49,42%; Fe2O3 – 16,21%; CO2 – 0,45%. Бұл әдістерді қолдану кремнийлі модулі 10 бірліктен көп фракциядан +10 мм байытылған бокситтің 50-60 %-ын бөліп алуға мүмкіндік береді. Бокситтерді байытудың термиялық әдістері, жоғарыда қарастырылған әдістермен салыстырғанда үлкен әмбебаптылығымен ерекшеленеді. Күйдіру, техникалық зиянды қоспаларды және ылғалды жоюға байланысты, көлік шығынын азайту, сонымен қатар эксплуатациялық шығындарды азайтуға, технико-экономикалық көрсеткіштерін жақсартуға мүмкіндік береді. Табиғи карбонаттардың ыдырау температурасы оның минералдық құрамына және бөлшектілігіне байланысты. Күйдіру нәтижесінде карбонаттардың ыдырау дәрежесі 55 % - ды құрады, ал күйдірілген бокситтен алюминий тотығын бөліп алу 70-72 % деңгейінде болды. Байер үрдісі кезінде темір минералдары қызыл шлам шығымын көбейтетін балансты компонент болып келетіні белгілі. Қызыл шлам құрамындағы темір қосылыстарының көп мөлшері шламды шикіқұрамды пісіру үрдісін қиындатады. Сондықтан бокситтен темір қосылыстарын бөліп тастауға термиялық, химиялық және магнитті үрдістердің барлығын қолданады. Темір тотықтарын алдын ала байытылған бокситтен тұз қышқылымен өңдеу арқылы жоюға болады. Мұнда 91 %-ға темір жойылады. Сөйтіп байтудың арнайы әдістері сапасы төмен шикізаттан құрамында пайдалы компоненті бар концентрат алуға мүмкіндік береді. Жоғары карбонатты бокситтерді қайта өңдеудің жеткілікті әсері табылмағандықтан, шикізаттың мұндай түрінен алюминий тотығын алу әдісін өңдеу үшін ары қарай зерттеулер қажет екенін көрсетеді. Бұл сұрақтың шешімі алюминий тотығы өндірісінің шикізат базасын кеңейтуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ еліміздің ғалымдарымен патенттелген әдіс – алюминий гидрототығын үздіксіз кальциндеу әдісі. Бұл әдіс бойынша жуылған гидрототықты айналымдағы шаңмен бірге ішінде ыстық газы бар айналмалы пешке береді, кептіреді, дегидратациялайды, кальциндейді және қақталған минералды суытады.
3. Мырыш алу өндірісі
Мырыш табиғи және жанама әдіспен алынады. Кенді алу барысында жер үсті және жер асты сулары ластанады. Сондай-ақ кен орны айналасындағы топырақ қабаты да токсикалық заттармен уланады. Егер қажетті шаралар дер кезінде қолданылмаса, қазіргі қарқындағы өндіріс нәтижесинде мырыштың топырақтағы және судағы мөлшері бірнеше есе көбейіп кетеді. Бұл элементтің және оның қосылыстарының атмосфераға белгілі бір бөлігінде көп мөлшерде жинақталуы, адамзат үшін қандай теріс өзгерістер туғызатынын болжау мүмкін емес. Тау жыныстарының құрамында бұл заттың болуы топырақты тек ластап қана қоймай, биосферадағы тірі заттың жүйесінің алмасу механизмін де бұзады. Кен орнындағы жұмысшылар үшін арнаулы жеке қорғаныс құралдарын қолданбағанда денсаулықтарына да зияндылық келтіреді. Мырыштың көптеген бөлігі гальваникалық элементтер жасау, мырыштық қаптама жасау үшін жұмсалады. Мырыштың алюминиймен, мыспен және магниймен құймалары өндірісте кең қолданылуда. Биологиялық тұрғыдан қарағанда, мырыш адамға, жануарларға және өсімдіктерге ең қажетті ауыр металл. Мырыштың жетіспеушілігінен ферменттер бұзылған функциялармен байланысқан әртүрлі симптомдармен көрсетіледі.
4.Фибролит өндірісі
Фибролит – бейорганикалық заттар мен ағаш стружкадан дайындалатын плиталы материал. Плиталы фибролитті құрылыста қабырғаларды құрғақ жағдайда сақтау қажет болғанда пайдаланады. Бұларды жасағанда цемент, гипс пен ағаш ұнтағы қолданылады. Оның мықтылығын қамтамасыз ету үшін талшықты массаны эмульсиямен араластырады. Суға төзімсіз болған жағдайда немесе сапалығы төмен жағдайда қолдануға жарамсыз болады. Нәтижесінде адам денсаулығына зиянды аммоний казонитін бөліп шығарады. Фибролит құрамындағы зиянды заттар денсаулыққа бірден әсер етпегенмен уақыт өте келе адам сезе бастайды. Сол себепті құрылысқа немесе басқа мақсатпен пайдаланғанда мұқият тексеріп, жарамдылық мерзіміне назар аударып жүру керек.