Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Социология_типовая 1 курсс

.doc
Скачиваний:
15
Добавлен:
02.05.2015
Размер:
570.37 Кб
Скачать

1609. Отбасы әлеуметтік институт ретінде қай кезде пайда болды?

  1. Мемлекеттің шығу кезеңінде

  2. Ұлттардың қалыптасу кезеңінде

  3. Ұлыстардың құрылу кезеңінде

  4. Феодалдық құрылыс кезеңінде

  5. Алғашқы қауымдық құрылыс кезеңінде

1610. Баланың тұлғалық рухани-адамгершіліктік негіздерінің анықталуы негізінен:

  1. Үлкендерге тәуелділігіне байланысты

  2. Қорқынышқа байланысты

  3. Биологиялық болмысына байланысты

  4. өмір салтына, ересектер мінез-құлқына байланысты

  5. физиологиялық бейімделуіне байланысты

1611. Батыс мәдениеті үлгілерін қабылдау, басқа мәдениеттердің батыстандырылуы немесе батыстық мәдениетке еліктеушілік қалай аталады?

  1. Жаһандану

  2. Космополитизм

  3. Вестернизация

  4. Евроцентризм

  5. Американизм

1701. Іскерлердің әлеуметтік бағдары неден байқалады?

  1. мемлекетке салық төлеу мәдениетінен

  2. отандық өндіріске қаржы салу ісінен

  3. қоғам мүддесі мен іскерлік тіршілігін үйлестіре іс-әрекет жасауынан

  4. өз материалдық жағдайын жақсартуынан

  5. халықаралық байланыстарды қолдауынан

1702. Неге бірқатар өндіріс иелері еңбек мәселесін социологиялық зерттеуге мүдделі

  1. еңбек өнімділігін арттыру үшін

  2. еңбекшілердің еңбекке мүдделілігін күшейту үшін

  3. еңбек процесін адамдар арақатынасы арқылы реттеп отыру үшін

  4. еңбекшілерді әрқашан бақылауда ұстау үшін

  5. еңбекшілердің біліктілік деңгейін тексеру үшін

1703. Іскерлік – әлеуметтік процесс. Себебі -

  1. ол мемлекет байлығын арттырады

  2. сыртқы елдерде отан мүддесін іске асырады

  3. іскер еңбекті ұйымдастырудың озық әдістерін іске қоса отырып, әрі өзінің, әрі мемлекеттің (халықтың) мүддесін біртұтастықта іске асырады

  4. қоғаммен арақатынаста қызмет атқарады

  5. халықаралық келісімдер жасайды

1704. Әлеуметтік көп қабатты қоғамда мектепке дейінгі білім балаларға қандай мүмкіндік тудыра алады?

  1. физиологиялық мүмкіндіктерінің дамуына жағдай туғызады

  2. баланы психофизиологиялық, әлеуметтік дамытып, мектепке даярлайды

  3. шығармашылық мүмкіндіктерінің дамуына жағдай туғызады

  4. алғашқы кәсіптік білім береді

  5. әлеуметтік ортада өзін-өзі ұстауға, қарым-қатынас жасауға тәрбиелейді

1705. Барлық мектептердің өзінің әлеуметтік функцияларын толық орындап отыруына не бөгет болып келеді?

  1. мұғалімдер даярлығының кемшіліктері ғана

  2. материалдық базаның жеткіліксіздігі ғана

  3. нағыз ұстаз, ізденгіш оқушы, технологиялық базаны даярлауға бөгет жасаушы әлеуметтік-экономикалық факторлар

  4. ұлттық білім моделінің жоқтығы

  5. діннің кең таралуы

1706. Дарынды жас мамандардың өзінің карьералық бақытын басқа елден іздеп кетпеуіне не кепіл бола алады?

  1. отандық кәсіптік оқыту жүйесінің әлемдік (халықаралық) бәсекеге сай жоғары дамуы

  2. жастардың өз еліндегі кәсіптік іс-әрекетінің табысты болатынына сенімі

  3. жақсылық күтіп отыра бермейтін іскерлік пен отаншылдық қасиеттің ұштасуы

  4. мемлекет тарапынан толық әлеуметтік қамсыздандыру

  5. заңнамалық шектеулер

1707. Білім социологиясы неліктен білім алдына қойылған қоғамдық тапсырыстарды ғана зерттеп қоймай, білім мекемесінің ішкі қызметін де терең зерттеуге мүдделі?

  1. білімдендіру мен тәрбиелеу білім институттарының ішінде жүріп жататын процесс болғандықтан

  2. білім мекемелері отбасылардың әлеуметтік тапсырыстарын орындайтындықтан

  3. қоғамдағы әлеуметтік проблемалар мен оқу-тәрбие мәселелері тығыз байланысты болғандықтан

  4. мектептік әлеуметтік ортадан әлеуметтік фактілер жинақтау үшін

  5. мемлекет тапсырыс бергендіктен

1708. Секталардың қызметінің зиянды жақтарын неден көруге болады?

  1. экстремистік сипатта болуынан

  2. адамды қоғамнан бөліп, оған қарсы қоятындығынан

  3. мемлекеттік тіркеуден өтпей, жасырын қызмет атқаруынан

  4. адамдарды өз-өзіне қол жұмсауға итермелейтіндігінен

  5. лаңкестік идеяны насихаттауында

1709. Биліктік қатынастар қай құрылымның қызметінің басты айқындаушысы?

  1. Отбасының

  2. Қоғамның

  3. мемлекеттің

  4. ұлттардың

  5. тайпалардың

1710. Биліктік қатынастардың субъектісі:

  1. Ұлт

  2. Халық

  3. Этнос

  4. Этникалық топтар

  5. Жоғарыда аталғандардың барлығы

1711. Белгілі бір жағдайларда топ ретінде ұйымдасуға мүмкіндігі бар, бірақ әлі топ түрінде анықталмаған адамдардың жүйесіз, ұйымдаспаған жиынтығы қалай аталады?

  1. әлеуметтік топ

  2. квазитоп

  3. әлеуметтік ұйым

  4. халық

  5. қоғамдық ұйым

1801. Мұсылман фундаментализмі сияқты Батыстан тараушы жүйелі діни идеологияны қалай атайды?

  1. атеизм

  2. интегризм

  3. көсемге табыну

  4. трансформация

  5. фундаментализм

1802. Әлемдік және дәстүрлі діндердің бірінші және екінші съезі неге Қазақстанда өтті?

  1. діндер арақатынасының өркениеттілігіне байланысты

  2. мемлекеттің діндер жөніндегі саясатының дұрыстығына байланысты

  3. діни сенім еркіндігіне байланысты

  4. БҰҰ тапсырыс бергендіктен

  5. Қазақстан қоғамындағы діни ахуал шиеленіскендіктен

1803. Қазақстанды зайырлы мемлекет ретінде нығайтудың жолдары қандай?

  1. адамдардың әлеуметтік және экономикалық теңдігін нығайту

  2. адамдардың білімі мен мәдениетін жоғары деңгейде дамыту

  3. адамдардың құқықтарын шектеу

  4. діни ұйымдар қызметін барынша шектеу

  5. қоғам санасын атеистік бағытта тәрбиелеу

1804. Географиялық орта мен әлеуметтік қатынастардың өзара байланыстылығын көрсеткен географиялық социологияны негіздеушілерді атаңыз?

  1. Поль Ле Бланш пен Рудольф Штейнмец

  2. Карл Маркс пен Фридрих Энгельс

  3. Огюст Конт пен Герберт Спенсер

  4. П.Сорокин мен Ж.Тощенко

  5. Э.Гидденс пен М.Вебер

1805. Әлеуметтану ғылымының негізгі зерттеу объектілеріне жатпайтыны қайсы?

  1. қоғамдағы және әлемдегі әлеуметтік қатынастар

  2. қоғамның әлеуметтік-таптық, яғни стратификациялық құрылымы

  3. әлеуметтік институттар

  4. әлеуметтік мінез-қылық, сана және іс-әрекет

  5. экологиялық проблемалар

1806. Қоғамның әлеуметтік-таптық жіктелуін сипаттайтын ұғым –

  1. трансформация

  2. стратификация

  3. идеологизация

  4. интеграция

  5. идентификация

1807. Әлеуметтанудың зерттейтін әлеуметтік құбылыстарына қайсы жатады?

  1. адам өмірінің мәні

  2. экономикалық процестер

  3. саяси процестер

  4. диалектикалық материализм

  5. адамның физиологиясы

1808. Төмендегі әдістердің қайсысы әлеуметтік фактілер жинақтаудың әдісі емес?

  1. сауалнама жүргізу

  2. ресми статистикамен жұмыс

  3. құжаттарды зерттеп талдау

  4. ғылыми бақылау жүргізу (жабық және ашық түрде)

  5. мақсат-міндеттерді айқындау

1809. Саяси партия – бұл:

  1. Саяси әрекеттің субъектісі

  2. Саяси әрекеттің объектісі

  3. Саяси әрекеттің тетігі

  4. Саяси әрекеттің шарты

  5. Саяси әрекеттің мақсаты

1810. Әлеуметтік институттардың қызметінің басты артықшылығы:

  1. Алдын-ала болжау, сенімділік, тұрақтылық

  2. Күтпеген, аяқ асты асығыс шешімдер қабылдау

  3. Эксперимент жасау мүмкіндігі

  4. Кездейсоқтық, тосын тәуекел

  5. Ретсіздік, тұрақсыздық

1811. Белгілі бір белгілеріне байланысты бірдей сипаттамасы бар индивидтер топтарының жиынтығы (мысалы, жынысы, жасы, кәсібі, діни сенімі, т.с.с.) -

  1. әлеуметтік арабайланыс

  2. әлеуметтік ұйым

  3. әлеуметтік белгі

  4. әлеуметтік категория

  5. әлеуметтік стратификация

1901. Гендерлік арабайланыстарды реттеу, адамзат өміртіршілігін жалғастыру, бала тәрбиелеу функциялары қай әлеуметтік институтқа тиесілі?

  1. мектеп

  2. гендерлік ұйымдар

  3. бала бақша

  4. балалар үйі

  5. отбасы

1902. Төмендегі аталғандардың қайсысы көші-қон үрдістеріне жатады?

  1. стратификация, секуляризация

  2. эммиграция, иммиграция

  3. трансформация, интеграция

  4. стратификация, трансформация

  5. идентификация, конвергенция

1903. «Нуклеарлық отбасы» деген ұғымға түсінік беріңіз

  1. кеңейтілген отбасы

  2. шағын отбасы

  3. дәстүрлі отбасы

  4. дәстүрлі емес отбасы

  5. девианттық (ауытқушылықты) отбасы

1904. Өмір шындығын бейнелейтін ақпараттық, дәлелдік құбылыстарды қалай атаймыз?

  1. әлеуметтік мінез-құлық

  2. әлеуметтік іс-әрекет

  3. әлеуметтік факт

  4. әлеуметтік тәжірибе

  5. әлеуметтік институт

1905. Аталғандардың қайсысы діни ұйым болып табылады?

  1. ассамблея

  2. ассоциация

  3. деноминация

  4. конференция

  5. лига

1906. Қазақстандағы ұлтаралық үйлесімділікті реттеуші қоғамдық ұйым қалай аталады?

  1. «Лад» қозғалысы

  2. Славян қоғамы

  3. Халықтар ассамблеясы

  4. Корей ұлтының мәдени орталығы

  5. «Қазақ тілі» қоғамы

1907. Европалық Одақтың Болон декларациясына қосылу Қазақстан қоғамының алдына қандай міндеттер қойды?

  1. халықаралық лаңкестікпен күрес

  2. халықаралық экологиялық стандарттарға негізделу

  3. жаппай қырып-жою қаруларын жою

  4. халықаралық білім стандартына көшу

  5. әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының съезін өткізу

1908. Жыл сайын әлемде өмірге 90 млн. адам келсе, соның 85 пайызы экономикасы жеткіліксіз дамыған елдер үлесінде. Бұл мәселенің жер бетіндегі адамзат қоғамдастығына қандай әсері бар?

  1. одан сол кедей елдердің қоғамдастығы ғана зиян шегеді, ал өзге мемлекеттерге еш әсері жоқ

  2. әлемдегі әлеуметтік теңсіздіктің, қайшылықтардың сақталып қалуына себеп болады

  3. дамыған елдерге ғана зияндылық әкеледі

  4. дамушы елдерге ғана зияндылығы бар

  5. сол кедей мемлекет орналасқан өңірге ғана зияндылығын тигізеді

1909. Патронаттық тәрбиенің мазмұны немен анықталады?

  1. жетім балаларды балалар үйінің тәрбиесіне беру

  2. әлеуметтік жетімдерді балалар үйінде тәрбиелеу

  3. жетім балаларды шетел азаматтарының тәрбиесіне беру

  4. отбасылардың келісімшарт негізінде бала асырап алуы

  5. отбасылардың бала асырап алуы

1910. Төменде көрсетілгендердің қайсысы институттанбаған формальды емес құбылыс?

  1. Шаруашылық қызмет

  2. Достық

  3. Ғылыми ізденіс

  4. Білім

  5. Нарық

1911. «Интерцессия» ұғымының анықтамасын табыңыз

  1. қоғам өміртіршілігіндегі әлеуметтік шындықтың мәліметтер түріндегі көріністері

  2. бейбітшілікті нығайту мақсатындағы бір мемлекеттің басқа мемлекетке ықпал етуі

  3. соғыстың кез-келген түрін сынау, қолдамау, сыртқы саясатта соғыстан бас тарту

  4. материалдық өндірісті қамтамасыз ететін инфрақұрылым

  5. дәстүрлі құндылықтар мен тәртіптің сақталуын жақтайтын, әлеуметтік өзгерістерге қарсы идеологиялық бағдар немесе саяси қозғалыс

2001. Әр елдегі демографиялық ахуал да әркелкі. Бірінің алдында өсу жүгін жеңілдету тұрса, екіншісінде, керісінше, елдің елдігін сақтап қалу үшін табиғи өсімді ұлғайту мәселесі тұр. Соңғы аталған міндет қай елдер үшін өзекті?

  1. АҚШ, Қытай

  2. Үндістан, Пакистан

  3. Ресей, Қытай

  4. Франция, Қазақстан

  5. Үндістан, Қазақстан

2002. Демографиялық ахуалына сәйкес, халық санының өсу жүгін жеңілдету міндеті қай елдерге тиесілі?

  1. Ресей, АҚШ

  2. Өзбекстан, Қазақстан

  3. Германия, Франция

  4. Үндістан, Қытай

  5. Украина, Ұлыбритания

2003. Еліміздегі демографиялық саясатқа сәйкес, 2015 жылға дейін халық санын 20 млн.-ға жеткізу жоспарланып отыр. Осы мақсатқа жетудегі негізгі міндеттерді айқындап, болжам жасаушы белгілі демограф Мақаш Тәтімов 20 млн.-ға жетудің қандай негізгі жолдарын атап көрсетеді?

  1. шетелден мамандарды көптеп тарту

  2. табиғи және механикалық (оралмандарды тарту) өсім

  3. әлеуметтік-материалдық қолдауға негізделген табиғи өсім арқылы

  4. еңбек мигранттарын заңдастыру негізінде

  5. салт-дәстүрдің әлеуметтік мәнін көтеру, жасанды түсікке тыйым салу

2004. Өзге облыстармен салыстырғанда, Қазақстанның оңтүстік облыстарында халық санының тығыздығы және табиғи өсімнің жоғарылығы байқалады. Оның басты себебі қандай?

  1. халықтың әлеуметтік жағдайының аса қарқынды артуынан

  2. ұлттық салт-дәстүрлердің әлеуметтік ықпалын жоғалтпағандығынан

  3. батыс мәдениетінің әсерінен

  4. жергілікті билік органдарының нәтижелі жұмыстарына байланысты

  5. жергілікті шикізат мүмкіндіктерімен байланысты

2005. Жастар ұйымдарының өзге қоғамдық ұйымдардан айырмашылығы неде?

  1. адамдардың әлеуметтік топтасуы негізінде ұйымдасуында

  2. саясидан гөрі жастарды әлеуметтендіруші институт ретінде айқындалуында

  3. заңнамаға сәйкес қызмет атқаруында

  4. қоғамда өз мүшелері атынан өкілдік етуінде

  5. еріктілік қағидасы негізінде құрылуында

2006. Қазақстан қоғамында қызмет атқарып жатқан төмендегі қоғамдық ұйымдардың қайсысы жастар ұйымы болып табылады?

  1. «Статус» әйелдер федерациясы

  2. «Қазақстанның болашағы үшін» қоғамдық бірлестігі

  3. Тұтынушылардың құқығын қорғау қоғамы

  4. «Әділ сөз» қоғамдық қозғалысы

  5. «Ұлт тағдыры» қоғамдық қозғалысы

2007. Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес, тіркелмеген діни ұйымдардың қызмет етуіне жол берілмейді. Алайда арнайы ұйым құрмай-ақ та, жергілікті билік органдарының рұқсаты негізінде діни насихат жұмыстарын жүргізе алатын жеке адамды немесе әлеуметтік топты кім деп атайды?

  1. теологтар

  2. атеистер

  3. діни миссионерлер

  4. дінге сенушілер

  5. діни эксперттер

2008. «Эммиграция» ұғымының айқындамасы қандай?

  1. оралмандарды елге қайтару

  2. адамдардың өзге елге қоныс аударуы

  3. адамдардың өзге елден қоныс аударуы

  4. елдің ішкі көші-қон қозғалыстары

  5. жалпы миграциялық процестер

2009. Әлеуметтік институтты қайта ұйымдастырудың мәні:

  1. Институтты жою

  2. Институт қажеттіліктерін жою

  3. Институт қызметін реформалау

  4. Сәйкес санкцияларды қолдану

  5. Әлеуметтік байланыстарды реттеу

2010. Қызмет процесіндегі қызметкердің мүмкіншілігін білу, оларды іске асырудың жағдайларын, жеке бас мүддесі мен қоғамдық мүддені келістіру жолдарын әлеуметтанудың қай саласы қарастырады?

  1. Қала әлеуметтануы

  2. Ғылым әлеуметтануы

  3. Билік әлеуметтануы

  4. Еңбек әлеуметтануы

  5. Тұлға әлеуметтануы

2011. Әлеуметтік байланыс орнату үрдісі, индивидтердің немесе әлеуметтік топтардың арабайланыстарының бастапқы кезеңі -

  1. әлеуметтік байланыс

  2. әлеуметтік қатынас

  3. әлеуметтік тәжірибе

  4. әлеуметтік түйісу

  5. әлеуметтік әрекет

2101. Қазақстанды зайырлы мемлекет ретінде анықтайтын басты қойылымды көрсетіңіз

A) әлеуметтік ынтымақтастық

B) қоғамның көпұлттылығы

C) азаматтық қоғамның дамуы

D) дін мен мектептің бөлінуі

E) саяси тұрақтылық

2102. Халықаралық білім стандартының мазмұны мен құрылымына сәйкес келмейтін нұсқаны табыңыз

A) жоғарғы оқу орындарының кредиттік оқу технологиясына көшуі

B) 12 жылдық орта білім

C) оқушы немесе студенттің оқу-тәрбие процесінің объектісінен субъект роліне көшуі

D) білім мазмұнының жеке тұлғаға емес, әлеуметтік бағдарлануы

E) мамандардың халықаралық еңбек нарығына шығу мүмкіндігі

2103. Халықаралық қатынастарды оңтайлы реттеу мақсатында Қазақстан қандай аймақтық (өңірлік) халықаралық ұйымдардың белсенді мүшесі болып табылады?

A) МАГАТЭ, НАТО

B)БҰҰ, ЮНЕСКО

C)ШЫҰ, ЕврАзЭҚ

D) ТМД, Евро Одақ

E) ЮНИСЕФ, НАТО

2104. «Қоғамның барлық күш-жігерін бір бағытқа түйістіру негізінде ортақ мақсатқа жету» функциясы мәдениет элементтерінің қайсысына тиесілі?

A) тіл

B) дін

C) салт-дәстүр

D) әлеуметтік құндылықтар мен нормалар

E) идеология

2105. Әлеуметтік эксперимент дегеніміз –

A) арнайы жасалған ғылыми бағдарламаға сай ғылыми шешімдерді тәжірибелеу

B) ақпарат құралдары материалдарын жүйелі талдау

C) ресми құжаттар мен статистиканы талдау

D)ашық немесе жасырын жүргізілген бақылаулардың материалдарын талдау, алғашқы өңдеу

E) статистикалық материалдар негізінде ғылыми тұжырымдар жасау

2106. Әлеуметтік институттың қызметін реформалау немесе оның жұмысын тоқтату шаралары қандай себеппен байланысты жүргізіледі?

A)әлеуметтік мінез-құлықтың өзгеруіне байланысты

B)басқару әдістерінің өзгеруімен байланысты

C)білікті мамандардың келуімен байланысты

D)дисфункциядан басқа жағдайлардың барлығында

E) дисфункцияға шалдыққанда

2107. Ата-анасы тірі бола тұра, балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан тастанды балаларды қандай әлеуметтік ұғыммен атаймыз?

A) асыранды балалар

B) әлеуметтік жетімдер

C) патронаттар

D) қараусыз балалар

E) қамқоршылар

2108. Сұхбаттасу әдісінің анкеталық әдістен басты айырмашылығы неде?

A)көп санды респонденттердің пікірін, танымын, қатынасын қажет етуінде

B)тек білгір мамандар, проблеманы жете білетін эксперттер пікірін қажет етуінде

C)жасырын (анонимді) жүргізілуінде

D)мәселені үстірт қана қарастыруында

E) ашық түрде жүргізілуінде

2109. Еңбекті ғылыми ұйымдастырудағы әлеуметтанудың ролі неден көрінеді?

A)Адамдық арабайланыстарды жетілдіруден

B)Өндірісті автоматтандырудан

C)Өндіріс эстетикасын жетілдіруден

D)Материалдық ынталандырудан

E) Таптық жіктелуден

2110. Әлеуметтану ғылым болып қашан қалыптасты?

A)ХІХ ғасырда

B)ХVІІІ ғасырда

C)ХХ ғасырда

D)Орта ғасырларда

E) ХХІ ғасырдың басында

2111. Социологияда қарама-қарсы қоғамдық жүйелердің біртіндеп бірігуі қандай ұғыммен анықталады?

A)консолидация

B)интеграция

C)ассимиляция

D)антиномия

E) конвергенция

2201. «Респондент» деген кім?

A)әлеуметтік зерттеу жүргізуші

B)эксперт мамандар

C)сауалнамаға жауап беретіндер

D)сауалнамаға тартылмаған адамдар

E)бақылау объектісі

2202. Э.Дюркгейм есімі әлеуметтану ғылымында немен байланысты?

A)әлеуметтанудың негізін қалады

B)білім социологиясын негіздеді

C)дін социологиясын негіздеді

D)аймақтық социологияны алғашқы тұжырымдаушы

E) қоғамның әлеуметтік-таптық жіктелуінің алғашқы тұжырымын жасады

2203. «Білім» ұғымын «оқытудың», «тәрбиелеудің» және «дамытудың» біртұтас жинақталған бейнесі ретінде түсіндірген ғалым -

A) Э.Дюркгейм

B) Н.Смелзер

C) Ж.Тощенко

D) В.Леднев

E) П.Сорокин

2204. «Девианттық іс-әрекет» ұғымына анықтама беріңіз

A)әлеуметтік бағдарланған іс-әрекет

B)әлеуметтік нормалардан ауытқыған іс-әрекет

C)әлеуметтік нормаларға негізделген іс-әрекет

D)әлеуметтік топтың іс-әрекеті

E) жеке тұлғаның іс-әрекеті

2205. Қоғамның қалыпты, кезеңдік дамуы негізінде өзгеруі қалай аталады?

A)әлеуметтік іс-әрекет

B)әлеуметтік эволюция

C)әлеуметтік революция

D)әлеуметтік құрылым

E) әлеуметтік жүйе

2206. Адамдардың қоғамдағы әлеуметтік нормалар мен құндылықтарды мойындауы және қатаң ұстануы қандай ұғыммен сипатталады?

A) девиация

B) эгалитаризм

C) конформизм

D) либерализм

E) интегризм

2207. Қоғам мүшелерінің қалыпты тәртібін реттеуге бағытталған қоғамның немесе ондағы әлеуметтік топтардың әлеуметтік құндылықтары мен нормаларының жиынтығы қалай аталады?

A) конформизм

B) әлеуметтік мінез-құлық

C)әлеуметтік бақылау

D) әлеуметтік іс-әрекет

E) әлеуметтік институт

2208. Қоғамның қалыпты дамуының бұзылуы, жүйесіздігі қандай ұғыммен сипатталады?

A)девиация

B)дисфункция

C)әлеуметтік қайшылық

D)әлеуметтік аномия

E) конформизм

2209. Қазақстан Еуропалық Одақтың Болон декларациясына қай жылы қосылды?

A)1995 жылы

B)2000 жылы

C)1992 жылы

D)1999 жылы

E) 2005 жылы

2210. «Әлеуметтану» терминін алғаш қолданған кім?

A) К.Маркс

B) О.Конт

C) П.Бурдье

D) И.Кант

E) Э.Дюркгейм

2211. Материалдық мәдениет, өнер туындылары мен тарихи ескерткіштер объектілерін еш себепсіз, мағынасыз жою, құрту -

A) вандализм

B)агрессия

C) экспансия

D) волюнтаризм

E) әлеуметтік өшпенділік

2301. Әлеуметтік аномия қандай жағдайда қалыптасады?

A) әлеуметтік дағдарыстар, соғыс, терең реформалар нәтижесінде

B) әлеуметтік бақылау нәтижесінде

C) қоғамның қалыпты дамуы кезеңінде

D) қоғамдағы әлеуметтік институттардың прогрессивті қызметі нәтижесінде

E) отбасының әлеуметтік функциясының әлсіреуінен

2302. Қоғамның төңкерісті (қалыпты дамуына қайшы) негіздегі өзгерісі қалай аталады?

A) әлеуметтік іс-әрекет

B) әлеуметтік эволюция

C) әлеуметтік революция

D) әлеуметтік құрылым

E) әлеуметтік мінез

2303. Институттану процесі дегеніміз -

A) қоғамдық байланыстарды стандарттау, реттеу, заңдастыру

B) қоғамдық байланыстарды зерттеу

C) қоғамды әлеуметтендіру

D) қоғамның әлеуметтік-таптық жіктелуі

E) миграциялық процесс

2304. «Әлеуметтену» ұғымы қандай процесті сипаттайды?

A) қоғамның әлеуметтік құндылықтарды игеруі

B) қоғамның қалыпты дамуы негізіндегі өзгерісі

C) қоғамның төңкеріс негізіндегі өзгерісі

D) әлеуметтік институттардың қалыптасуы

E) мінез-құлықта ауытқушылықтардың пайда болуы

2305. «Иммитация» ұғымы нені білдіреді?

A) баланың белгілі бір іс-әрекет немесе мінез-құлықты көшіріп қайталауға саналы талпынысы

B) әлеметтік бағдарланған тұлғалық іс-әрекет

C) әлеуметтік құндылықтарды игеруі

D) әлеуметтік мінез-құлықтың қалыптасуы

E) мінез-құлықтың ауытқушылығы

2306. «Идентификация» ұғымы нені білдіреді?

A) баланың белгілі бір іс-әрекетті көшіріп қайталауы

B) баланың қоғамдағы әлеуметтік құндылықтар мен қойылымдарды өзіндік тану әдісі

C) мінез-құлықтағы ауытқушылықтар

D) әлеуметтік институттардың қалыптасуы

E) әлеуметтік бағдарланған іс-әрекет

2307. Әлеуметтанудың зерттеу пәнін анықтаңыз

A) адам және қоғам

B) әлеуметтік байланыстар мен қатынастар

C) әлеуметтік мемлекет

D) әлеуметтік институттар

E) әлеуметтік құбылыстар

2308. Төмендегі аталған жауаптардың қайсысы әлеуметтік іс-әрекетке негіз бола алады?

A) қоғамның әлеуметтік-таптық жіктелуі

B) институттану процесі

C) жеке индивидтің әлеуметтік құндылықтарды игеруі

D) қоғамның трансформациялануы

E) халықтың орналасуы

2309. Әлеуметтанудың алғашқы арнайы еңбектері қалай аталады?

A) Н.Макиавеллидің «Тақсыры» (Государь)

B) К.Маркстың «Капиталы»

C) Аристотельдің «Саясаты»

D) О.Конттың «Позитивтік философия курсы»

E) Ф.Энгельстің «Семьяның, жеке меншіктің және мемлекеттің шығуы» еңбегі

2310. «Әлеуметтік дарвинизм» деп аталатын әлеуметтанудағы бағытты негіздеген кім?

A) Г.Спенсер

B) Э.Дюркгейм

C) П.Сорокин

D) Ж.Руссо

E) Ш.Фурье

2311. Ерікті барлық дүниенің бастамасы ретінде танитын философиялық бағыт, әлеуметтік-саяси теория мен практикада - объективті жағдайлар мен мүмкін болатын салдарларды ескермей көздеген мақсаттарды жүзеге асыруға ұмтылу -

A) әуестік

B) либерализм

C) акселерация

D) абсентеизм

E) волюнтаризм

2401. Жеке тұлғаның атқаратын қызметіне байланысты қоғамдағы анықталған орны қандай ұғыммен сипатталады?

A) әлеуметтік іс-әрекет

B) әлеуметтік мінез-құлық

C) әлеуметтік жүйе

D) әлеуметтік құрылым

E) әлеуметтік мәртебе

2402. Әлеуметтік нормалардың қандай түрлері бар?

A) құндылықты және құндылықты емес

B) уақытша, тұрақты және ауыспалы

C) құқықтық және моральдық

D) девиациялық

E) дәстүрлі емес

2403. Әлеуметтену процесі негізінен қай жас мөлшерінде қарқынды әрі нәтижелі жүзеге асады?

A) тек балалық шақта ғана

B) тек жастық шақта ғана

C) балалық, жасөспірімдік және жастық шақта

D) орта жаста (40-50 жас)

E) егде жаста

2404. Қоғамның түрлі әлеуметтік қабаттарға, топтарға жіктелуін сипаттайтын дифференциацияның түрі қалай аталады?

A) әлеуметтік прогресс

B) әлеуметтік институт

C) әлеуметтік аномия

D) әлеуметтік стратификация

E) эгалитаризация

2405. Қоғамдық байлық пен кірістің тең бөлінуі негізіндегі әлеуметтік теңдік жөніндегі теория қалай аталады?

A) стратификация

B) әлеуметтік әділдік

C) эгалитаризм

D) әлеуметтік дифференциация

E) материализм

2406. П.Сорокин тұжырымдарына сәйкес, индивидтің бір әлеуметтік қабаттан (немесе топтан) екінші әлеуметтік қабатқа (немесе топқа) ауысуы қандай ұғыммен сипатталады?

A) әлеуметтік стратификация

B) әлеуметтік теңдестіру

C) идентификация

D) әлеуметтік мобильділік

E) әлеуметтік өзгеріс

2407. Қазіргі тарихи даму тұрғысынан анықталған қазақстандық идеологияға қайшы қойылымды анықтаңыз

A) шикізаттық экономикадан өңдеуші және өнім шығарушы экономикаға көшу

B) азаматтық қоғамды нығайту

C) қоғамның әлеуметтік ынтымақтастығын дамыту

D) демографиялық өсім

E) исламды «мемлекеттік дін» мәртебесіне жеткізу

2408. Қазақстан қоғамы үшін қажетті ұстанымды анықтаңыз

A) дін идеологияға айналса - қауіпті

B) белгілі бір ұлт мәртебесін өзге ұлттардан жоғары қою

C) демократиялық қоғамға әлеуметтік жауаптылық қажет емес

D) ұлттық қауіпсіздік мақсатында жаһандық процестерді жаппай шектеу қажет

E) қоғам дамуының эволюциялық емес, революциялық жолын таңдау

2409. П.Сорокин қай тұжырымдамалардың авторы болып саналады?

A) Диалектикалық материализм

B) Тарихи материализм

C) Әлеуметтік стратификация мен мобильділік

D) Қоғамның мәдени-тарихи типтік теориясы

E) Субъективтік идеализм

2410. Ы.Алтынсарин қазақ қоғамының алдыңғы қатарлы өркениетті елдерден артта қалу себептерін неден көрді?

A) Мал шаруашылығымен ғана айналысудан

B) Қазақтар арасындағы оқу-ағарту ісінің болмауынан

C) Дамыған өнеркәсіптің болмауынан

D) Патриархалдық-феодалдық қоғамның сақталуынан

E) Шетелдік инвестицияның болмауынан

2411. Зерттеудің концептуалды аппаратын оның әдістемелік негізімен зерттеу объектісін сипаттайтын эмпирикалық көрсеткіштерді қалыптастыру арқылы байланыстыратын ғылыми процедура қалай аталады?