Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Әлеуметтану Емтихан.docx
Скачиваний:
778
Добавлен:
01.05.2015
Размер:
160.05 Кб
Скачать

3. Қажетті ақпараттар мен гипотезаларды сұрыптау.

Нені зерттеу керекгігі аныкталған соң, зерттеу жұмысын қалай жүргізу керек деген орынды сұрақ туындайды. Ол үшін зерттелтін проблеманы элементгерге бөліп, сонан сон, сол элементтердің құрамды бөлімдерін аныктаған жөн. Сөйтіп оны схемаға тусіру керек. Схема проблемаға катысты элементтерді көрсетеді және олардын бір-біріне қатынасы мен байланысын бейнелейтін болады. Схема дайын болғаннан кейін, көземел құрылады. Көземел /гипотеза/ деп кайсыбір фактыларды, құбылыстар мен процестерді тусіндіру үшін жасалып, олардың дұрыстығын бекітіп немесе жокка шығаруды айтады. Сұрыптау жұмысын жүргізу жиынтыққа байланысты болады. Жиынтыктын екі түрі бар: бас жиынтық және іріктелген жиынтык. Бас жиынтық деп проблемаға катысты бакылауға алынатын бүкіл беліктің жиынтығын айтады. Бас жиынтык территория, мерзім, өндіріс саласы немесе кесіптік, функциялык шенберді камтумен шектелген. Іріктелген жиынтык бас жиынтыктын бөлігі бола отырып, әзірленген әдістемеге немесе іріктеп, таңдап алу бағдарламасына сәйкес зерттелетін объектінің есебінде болады.

11-билет.

1. Жеке адам және әлеуметтендіру процесі.

Әлеуметтену — адамды әлеуметтік өмірге енгізетін күрделі процесс. Адам экономикалық, коғамдық-саяси бас-шылық, мәдени, педагогикалық, т.б. істерді аткара жүріп, материалдык жөне рухани игіліктерді жасаушы. Әлеуметтенуге катысты әртүрлі көзқарас бар. Америка психологы, әрі социологы Ч.Кули түлға "менінің" басқа тұлғалармен салыстырғандағы ерекшеліктерін біртіндеп түсіну процесін зерттеді. Көптеген ізденістердің арқасын-да ол өзіндік "меннің" үзақ уақытты керек ететін қайшылықты шытырман процесте калыптасатындығын жөне басқа да түлғалардың, ягни әлеуметтік ортаның қатынасынсыз жүзеге аса алмайтындығын анықтады. Кулидін көзқарасы бойынша, әрбір адам өзінің "менін" өзі карым-қатынаста болатын басқа адамдардың ыкпалымен катыптастырады. Түлғаның әлеуметтенуіне әлеуметтік орта мен түлғаны әлеуметтендіретін дәуір көп ықпал етеді. Мысалы, xx ғасырдың аясында Қазақстан республикасында трансфор-мациялық процестердің, жаңа экономикалық карым-қатынастардың белең алуы арқылы қоғамдық санада елеулі өзгерістер пайда болды. Елдің әлеуметтік-экономикалық механизмін қайта қүру процесі бүрыннан қалыптасқан мінез-құлық стереотипін түбірімен өзгертіп, өтпелі дәуірдің жағдайына бейімделу жөне үйрену сияқты транзиттік кезеңнің күбылыстарымен қатар жүруде.

Елдегі нарықтық реформаның бірнеше жылдық тәжірибесі бізді меншік нысандарының, шаруашьиық қүрылымдарының жүйесінде түбірлі кдйта құрулардың куәсі етті. Түлғаны әлеуметтендіру процесі — бүл тек индивидтің бойындағы табиғи кәсиеттерді біртіндеп анықтап, қалыптастыру ғана емес, сонымен бірге қоғамдык орта, әлеуметтік институттар, қоғамдық үйымдар мен кұқықтық құрылымдар ықпалының да нәтижесі. Осындай тәсілмен ғана әлеуметтендіру процесі құрылымын, оның объективті және субъективті факторларын, механизмін ашуда, адамның түлга ретінде өмір сүру аясын анықгауға мүмкіндік туады.