Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
7 д-ріс.docx
Скачиваний:
11
Добавлен:
01.05.2015
Размер:
91.87 Кб
Скачать

7.3 - Сурет. Sip протоколының хабарламасының құрылымы

Старттық қатар кез келген SIP-хабарламаның бастапқы қатарынан тұрады. Еегер хабарлама сқрау болса, бұл қатарда сұрау типі, адресат және протокол нұсқасының нөмірі көрсетіледі. Егер хабарлама сұрауға жауап болса, старттық қатарда протокол нұсқасының нөмірі, жауап типі және оның қысқа ашықталуы көрстеледі.

Хабарлама тақырыпшалары жіберуші, адресат, жүру жолдары жайлы ақпарлардан тұрады, жалпы бұл хабарламаға қызмет етуге қажетті ақпараттарды тасымалдайды. Тақырыпша типі жайлы оның атынан білуге болады.Ол регистрге байланысты емес(яғни әріптер үлкен және кіші болуы мүмкін), бірақ әдетте аттары үлкен әріптермен жазылады, олардың артынан кіші әріптер ілеседі.

Бос қатар тақырыпша өрісінің соңын білдіреді.

SIP протоколының хабарламасы хабарлама денесінен тұрады. АСК, INVITE және OPTIONS сұрауларындағы хабарлама денесі байланыс сеансын суреттеуден тұрады. Кез келген жауаптар хабарлама денесінен тұруы мүмкін, бірақ хабарлама денелері түрлі болуы мүмкін.

SIP протоколының өзіне қысқаша сипаттама берейік. Байқайтын бір жайт, SIP хабарламасы TCP протоколындағы сияқты UDP протоколында да тасымалдауы мүмкін. SIP протоколы 6 сұрауларды және оларға жауаптарды қарастырады. SIP сигнализациясы пайдаланушы агенттерге және желілік серверлерге орнын анықтауға, сұраулар жіберуге және байланысты басқаруға мүмкіндік береді.

INVITE – сұрау пайдаланушыны немесе байланыс сеанысына қатысу қызметін ұсынды және осы байоаныс параматерлерінен тұрады. Пайдаланушы осы сұрау көмегімен байланыстағы партнерінің функционалдық мүмкіндіктерін анықтай және шектелген хабарламалар санын және олардың қабылдауларының растауларын қолдана отырып, байланыс сеансын бастай алады.

АСК – шақылылып отырған жақтан INVITE командасына жауапты қабылдауды растайды және транзакцияны аяқтайды.

OPTIONS – сұрау желілік серверлер мен пайдаланушы агенттердің функционалдық мүмкіндіктері жайлы ақпарат алуға мүмкіндік береді. Дегенмен бұл сұрау байланыс сеансын ұйымдастыруға қолданылмайды.

BYE – сұрау шақырушы және шақырылып отырған жақтармен байланысты аяқтауда қолданылады. Байланысты аяқтар алдында пайдаланушы агенттер бұл сұрауды серверге байланысты аяқтайтынын хабарлай отырып жібереді.

CANCEL – бұл сұрау пайдаланушы агентке және желілік серверге алдын берілген сұрауды егер оған жауап әлі алынбаған болса болдырмайды.

REGISTER – сұрау тұтынушылармен орналасқан орны жайлы ақпаратты SIP серверлерін қолдана отырып тіркеу үшін қолданылады.

Негізгі әдебиеттер: 2[193 – 220], 3[271 – 301].

Қосымша әдебиеттер: 10[62 – 69].

Бақылау сұрақтары:

1. SIP хаттамасының базасында желі не атқарады?

2. SIP хаттама хабарламасының құрылымы.

3. SIP желісінің негізгі элементтері.

4. Прокси-сервер қатысуымен SIP хаттамасының көмегімен қосылуды орнату алгоритмі қандай?

5. Адрестей серверінің қатысуымен SIP хаттамасының көмегімен қосылуды орнату алгоритмі қандай?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]