Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
7 д-ріс.docx
Скачиваний:
11
Добавлен:
01.05.2015
Размер:
91.87 Кб
Скачать

7.1- Сурет. Sip протоколы негізіндегі желі мысалдары

Пайдаланушы агенттері (User Agent или SIP client) терминал жабдығының қосымшасы болып табылады және екі құраушыдан тұрады: пайдаланушы агенті – тұтынушы (User Agent Client – UAC) және пайдаланушы агенті – сервер (User Agent Server – UAS), немесе тұтынушы оған сәйкес сервер. UAC тұтынушысы SIP-сұрауларды өздестіреді, яғни шақырушы жақтың сапасына жауап береді. UAS сервері сұрауларды қабылдап, жауаптар қайтарады, шақырылып отырған жақтың сапасына жауап береді. Пайдаланушы агенті күйін іріктейді, яғни әңгімелесудің немесе сеанс күйін сақтауға қабілетті.

Прокси-сервер –SIP желісіндегі SIP сұрауларды UAS мақсаттық агентіне немесе UAC агентінің атынан басқа прокси-серверге қайта бағыттауға жауап беретін, аралық объект. Бірақ ең алдымен прокси-сервер SIP желісінде маршрутизациялауды жүзеге асырады.

SIP протоколы негізіндегі сигнализация. SIP қолданбалы деңгей протоколы және келесі келтірілген байланыс сеанстарын аяқтауға, модификацилауға және ұйымдастыруға арналған: мультимедиялық конференция, телефондық қосылыс және мультимедиялық ақпараттың таралуы. Пайдаланушылар сол байланыс сеанстарыына қатыса, басқа пайдаланушыларды шақыра және жаңа сеансқа ене алады. Шақыру тек белгілі бір пайдаланушыға, пайдаланушылар тобына немесе барлық пайдаланушыларға адрестелуі мүмкін.

Осы жерде байқайтынымыз, сигналдық хабарламалар тек UDP транспорттық деңгей протоколымен ғана емес, сондай-ақ TCP протоколымен де тасымалданады. UDP протоколы TCP-ға қарағанда сигналдық ақпаратты жылдамырақ жеткізе алады(тіпті расталмаған хабарламаларды қайта жіберуді еске алған күннің өзінде), сондай-ақ осы әрекетпен қатар пайдаланушы орнын анықтауға іздеу сала және көпадресті тәріпте байланыс сеансына қатысуға шақыру тарата алады. Өз кезегінде, протоколы желіаралық экрандармен(firewall) жұмысты жеңілдетеді, сондай-ақ мәліметтерді сенімді жеткізілуіне кепілдік береді. TCP протоколын қолданар кезде бір шақыруға тиісті түрлі хабарламалар не бір TCP-байланыспен жіберіледі, не әр сұрау мен жауап үшін оған жеке TCP-қосылыстар ашылуы мүмкін.

Одним из обязательных условий организации связи при помощи протокола SIP протоколы көмегімен байланыс ұйымдастырудың міндетті шарттарының бірі мәліметтер жақтарымен олардың функционалды қызметтері жайлы алмасу болып табылады. Осы мақсатта SDP (Session Description Protocol)байланыс сеансын бейнелеу протоколы қолданылады.

SIP-серверінің қызметін ұйымдастырудың құрылымдық сұлбасы 7.2 суретте келтірілген.

7.2 –Сурет. Sip-серверінің қызметін ұйымдастырудың құрылымдық сұлбасы

Қызметтерді басқару модулі қызметтерді ұсынуға және серверді ортақ басқаруға жауап береді. Сервермен қабылданған сұраулар және жауаптар қызметттерді басқару модуліне келіп түседі, оларға өңделеді, соның негізінде қабылданған хабарламаларға әсері байқалады. Адам-машина интерфейсі сервер баптауын икемді өзгертуге және желі мониторингін енгізге мүмкіндік береді.

SIP протоколының хабарламасы. Хабарлама құрылымы.

«Тұтынушы – сервер» құрылымына сәйкес, барлық хабараламалар тұтынушыдан серверге және сервер жауабы тұтынушыларға берілетін сұрауларға бөлінеді.

SIP протоколының барлық қабарламалары (сұраулар және жауаптар) RFC 2279 құжатына сәйкес кодталған, мәтіндік қатар тізбектерінен тұрады. SIP хабарламасының құрылымы мен синтаксисі HTTP қолданылатын протоколында бірдей. 7.3 суретте SIP протоколының хабарламасының құрылымы келтірілген.

Старттық қатар

Хабарлама тақырыпшалары

Бос қатар

Хабарлама денесі

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]