
XVI ғ. Утопиялық ілімі ағылшын гуманнисті т.Мордың шығармаларымен байланысты.
Т.Мор (1478-1535). Утопиялық социализмнің негізін салушылардың бірі. Қайта өрлеу дәуірінің гуманист–рационалисті. Басты шығармасы – «Золотая книга, столь же полезная, как забавная, о наилучшем устройстве государства и о новом острове Утопии» (1516). Ол тұңғыш рет өндірісті қоғамдастыру идеясын дәйекті түрде дәлелдеп, оныеңбекті ұйымдастырудың коммнистік идеялармен байланыстырды. Бостандыққа негізделген қиядағы Утопия мемлекетінің шаруашылық ұясы – отбасы, қолөнер өндірісіне негізделген. Утопиялықтар демократиялық басқару, еңбек теңдігі жағдайында өмір сүреді. Ададар күніне алты сағат жұмыс істеп, қалған уақытында ғылыммен, өнермен шұғылданады. Адамның жан–жақты дамуына, теориялық оқуды ңбекпен ұштастыруына үлкен мән беріледі. Мор жаңа қоғамға өтуді бейбіт жолмен іске асыруды армандады.
Идеалды қоғам туралы жоба жасаған басқа да ойшылдар болды.
Т.Кампанелла (1568-1639). Утопиялық қоғам авторы. Негізгі шығармасы – «Күн қаласы». Барлық оқиғалар фантастикалық Күн қаласында болмақ, қала тұрғындары идеалды қоғам орнатады және олар әлеуметтік әділеттілікті негізге ала отырып, өз өмірлерімен және еңбектерімен рахаттанбақ.
Әлеуметтік утопистер сол дәуірдің әлеуметтік қатынастарына және кейнгі заман философиясыеа айтарлықтай әсер етті.
Лекция – 5: Жаңа дәуір философиясы
Жаңа дәуір философиясы белгілі бір әлеуметтік-экономикалық, саяси-қоғамдық қатынастардың жемісі болатын Өйткені, Батыс Еуропада капиталистік құрылыстың пайда болуы орта ғасырлық діни идеологияға қарсы күресті үдете түсті. Тауарлы-ақшалы шаруашылықтың дамуы ортағасырлардағы тұйық қоғамның жемісі болған барлық әлеуметтік, саяси-идеологиялық қатынастарды талқандауға әкеліп соқты. Жаңа заман, яғни капитализм дәуірі құлдық пен феодалдық-өндірістік қатынастардың формаларын түбірінен жаңартып, қайтадан заттық-тауарлық қатынастарды қалпына келтірді. Адам ендігі жерде сатып алатын, сатылатын тауарларға бағынышты болды. Оны өлтіруге, сатуға және сатып алуға болмайды. Бірақ, адамның жұмысшы күші сатылады, өйткені, ол қосымша құн тудырады. Бүкіл байлық — капитал осы процесс арқылы дүниеге келеді.
Философияның ендігі мәселесі капиталистік өндіріс нарық тудырған, бірте-бірте өндіргіш күшке айнала бастаған жаңа типтегі ғылым және оның жаңа әдісі туралы болды. Философия сонымен қатар жаңа дүниетаным жаңа көзқарасты дүниеге әкелді. Жаңа философия қалыптасты.
Жаңа көзқарас әлемді біртұтас дүние ретінде тануға, дүниенің барлық салаларын жан-жақты қамтуға әрекет етті. Табиғатты толық тануға ұмтылған бұл көзқарас, бір жағынан, жаңа заман ойшылдарының діни-мистикалық қапастан шыққаннан кейінгі еркіндік аңсаған армандарының орындалуы еді. Дүние кең байтақ, ұшы-қиыры жоқ, оны танитын, оның сырын ашатын табиғаттың нәрестесі (құдайдың жаратқан құлы емес) — адам. Ол бүкіл дүниені тануға және игеруге ұмтылды.
Адам орта ғасырлық, қаратүнек қараңғылықтан, шырмаудан босанып шығысымен ендігі жерде тек өзіне ғана сенді. Ол өзінің еркіндігін және күшін танып, өз ісін қызметінен әділеттілік пен зерделілікті көрді.
Жаңа дәуір өндіргіш күштердің ерекше қарқынмен дамуына кеңінен жол ашты. Өндіргіш күшке айнала бастаған ғылым мен техниканың өркендеуі бірте-бірте жаңа философиялық және ғылыми танымды қажет етті. Сондықтан да жаңа дәуір ойшылдары таным процесіне, табиғатты тануға ерекше назар аударып, ғылыми танымның негізін қалыптастыруға кірісті. Ең алдымен танымның жалпы әдісі, сонымен бірге жекелеген ғылымдардың саласындағы әдістер пайда бола бастады.
Жаратылыстану саласының дамуы қоғам алдына қойылған мақсатқа сәйкес келді. Өйткені, бұл көзқарас философияны жаратылыстану ғылымының жетегіне іліктірді.
Дегенмен, даму процесі диалектикалық жолмен жүреді. Жаңа дәуірдегі ғылымның, яғни жаратылыстану ғылымының дамуы сол кездегі философияның өркендеуіне ішкі мазмұны жағынан өзара сәйкес келді.
Оларды біріктірген жалпыға бірдей әдіс — метафизикалық, механикалық әдіс болды. Бұл әдіс, ең алдымен, сол кездегі ғылымның дамуына байланысты шықты.
Ғылым бұрынғы шашылған ұсақ-түйек ілімдерден бір арнаға жинақталған жүйеге айналуды қажет етті. Сондықтан ғылым білімдер жүйесіне айналды. Сонымен қатар ғылымдардың жекелеген таным тәсілдері философияға да тән әрі ортақ болып шықты.
Таным теориясында бір-біріне қарама-қарсы екі бағыт пайда болды. Олар сырт қарағанда ойлау процесіндегі ой-пікір, пайым мен зердеден келіп шықты. Олардың бірі эмпирикалық (эмпирия - латын тілінде тәжірибе), ал екінші рационалистік (рацио - латын тілінде ақыл, зерде) болып бөлінді. Бұлар кейін келе-келе бір-бірімен қарама-қарсы бағытқа айналды. Таным теориясындағы бел екі бағыт философия тарихындағы, таным процесіндегі көптеген қайшылықтардың бетін ашты. Ал метафизикалық, механикалық әдіс таным теориясындағы осы екі ағымның диалектикалық байланысын анықтаудың орнына, оларды бір-бірінен алшақтатып жіберді. Бұл әдіс ақыл мен зердені табиғаттың, тіпті, құдайдың тудырған жемісі ретінде қарастырды.
Айталық, ағылшын ғалымы Ф.Бэкон «Жаңа Органон» атты шығармасында табиғатты өзінің зерттеу нысаны етіп ала отырып, одан алынған білімнің қандай әдіспен, қалай пайда болғанына назар аударады. Сөйтіп, ол философия мен ғылымда эмпирикалық және индуктивтік әдістердің негізін қалаушы болды. Бірақ, оның әдісінің бәрі тәжірибемен тығыз байланысты болып, кең көлемді теорияның тууына жол аша алмады. Мұндай тар өрістілік Бэкон сияқты философқа танымның әлеуметтік негізін ашып, адамның табиғатын түсінуіне мүмкіндік бермеді.
Ол табиғатты байлықтың көзі деп қарай отырып, оның негізгі мәнін, адамға қатысты жақтарын аша алмады. Сондай-ақ, ұлы философтың ғылыми жаңалықтарымен бірге, негізгі кемшілігі қоғамды, ондағы қатынастарды түсінуде де айқын көрінді. Ол орта ғасырдағы ақылдың адасушылығын тамаша көркем тілмен суреттеп бере отырып, оның мәнін терең түсіндіре алмады. Сондықтан да біз ағылшынның ұлы ғалымы, әрі философы Ф.Бэконның жаратылыстану саласындағы ғылыми еңбегін зор бағалай отырып, оған тән тар өрістілік оның ғылыми әдісінде, әсіресе пайымның шеңберінен толық шыға алмағандығында жатыр дер едік.
Мұндай тар өрістілікті сезе отырып, одан шығудың жолын ақылдан, зердеден іздеген француздың атақты ғалымы, әрі философы Рене Декарт болды. Оның философиясы зерделі ойдың негізінде дүниені екі субстанциядан (латын тілінде - негіз деген мағынада), яғни материалдық және рухани негіздерден тұрады деп есептеді. Бұл екі субстанцияның мәнісі-басқа заттың бар болуынан тәуелсіз өмір сүріп тұрған зат бір-біріне бағынышты емес, бір-бірінен келіп шықпайды. Айталық, материалдық субстанция рухтан немесе санадан пайда болмайды. Сондай-ақ, идеалдық субстанция да алғашқы болып саналады, ол да өз алдына тәуелсіз, дербес. Бұл екеуінің өзіне тән ажырамас қасиеттері, атрибуттары бар. Материалдық субстанцияның атрибуты - тұрақ немесе өріс, ал идеалдық субстанцияның атрибуты - ойлау.
Философиямен айналысқан Декарт математикалық принциптер сияқты философияны да абсолюттік негізде тудыру керек деп санады. Сондықтан да ол философияның негізгі бір тапжылмайтын, нақты принцип арқылы дамытуды көздеді. Философия тарихында әйгілі болған бұл принцип «күмәндану» деп аталады. Ұлы философ өзінің күмәндану принципін былай деп негіздеді: «Егер мен күмәндансам, онда менің ойлай алатыным сөзсіз. Егер мен ойлайтын болсам, онда менің өмір сүргенім».
Бұл принциптің маңызы, ең алдымен, орта ғасырлық схоластикалық, қатып-семіп қалған ұғымдарға қарсы соққы берді. Сөйтіп, Декарттың күмәндану принципі ғылым мен философияның ескі көзқарастардан арылып, жаңалыққа бой ұруына мүмкіндік туғызды. Өз принципі арқылы Декарт ғасырлар бойы өзгермейді деп келген қиюы қашқан қағидаларды теріске шығарды.
Жаратылыстану саласындағы ғылыми жаңалықтар мен қоғам өміріндегі ұлы өзгерістердің орталығына айналып, жаңа қоғамның барынша дамып, өркендеуіне жол ашқан Англия елінің Т. Гоббс сияқты ойшылы дүниеге келді. Оның философиясы өзіне дейінгі өмір сүрген атақты ойшыл Т. Гоббстың саяси-әлеуметтік, қоғамдық көзқарасын айқын бейнелейтін шығарма – «Левиафан». Бұл шығарма қоғамның пайда болуын, оның даму жолдарын жан-жақты талдауға әрекет жасайды. Ұлы ойшыл қоғамды екі дәуірге бөледі. Алғашқы дәуір табиғи деп аталады. Мұндағы адамдардың барлығы тең қүқылы, олар барлығына, яғни заттарға толық иелік етеді. Бірақ, бұл тең құқылық адамдардың арасындағы өзара қақтығысқа, соғысқа, бірін-бірі қырып-жоюға, сөйтіп адамзаттың жер бетінен кұрып кетуіне әкеліп соғатын еді. Осыған байланысты «адам адамға қасқыр» принципі шықты. Сондықтан адамдар өзара келісе отырып, «мынау менікі, мынау сенікі» деген құқықтық қатынастарды тудырады. Мұның өзі әркімнің жеке меншігінің пайда болуына әкелді. Ал жеке меншікті қорғау керек. Ол үшін белгілі бір күш, әкімшілік орын, яғни мемлекет қажет. Ендігі жерде адам баласы екінші дәуірге аяқ басты, яғни бұлардың шығуы қоғамның тууына әкеліп соқты. Сөйтіп, Гоббстың ойынша, қоғамның шығуы заңды түрде жеке меншік пен мемлекеттің тууына әкеліп соғады. Олай болса, жеке меншік, мемлекет әрі заңды, әрі қажетті, әрі объективті, әрі қасиетті. Ендеше, заңды түрде пайда болған бұл процеске қарсы шығуға болмайды. Осыған орай, «қоғамдық келісім» теориясы орнайды.
Дж. Локк (1632-1704) XVII ғасырда Англияда болған саяси-әлеуметтік өзгерістер ғылым мен техника саласында да, сондай-ақ, ойлау процесінің дамуында да көптеген жаңалықтар әкелді. Бұл жаңалықтар, әсіресе, 1688 жылғы Англиядағы қала буржуазиясы мен ауылшаруашылық аристократиясының өзара ымыраға келуімен тығыз байланысты еді. Осындай ірі төңкерістер мен өзгерістерді басынан кешірген ұлы философ Локк өз қоғамындағы қайшылықтардың шиеленісе түскенін шығармаларында айқын көрсетіп берді.
Оның «Адам ақыл-ойының тәжірибесі туралы» деген еңбегінде философия тарихында бірінші рет таным теориясының жүйеге келген негізі көрсетілді. Адамның ақылы, зердесі - зерттеудің негізгі нысаны. Сондықтан ақылдың мүмкіндігін, оның қабілетін зерттей отырып, оны қалай пайдалану керектігін білуіміз қажет. Білім қандай жолмен пайда болады? Ақыл білімге қалай келді? Локк осы мәселелерді шешуде жалаң рационалистік көзқарасқа сүйенген Декарттың дүниетанымын қатты сынға алды. Ол ең алдымен Декарттың білім «туа пайда болады» деген идеясын сынай отырып, сезімде жоқ нәрсе ақылда да болуы мүмкін емес деп, эмпирикалық таным әдісін ұсынады. Адамның жаны ақ қағаздай тап-таза, оған белгі түсіріп, жазу жазатын сыртқы дүние. Ал сыртқы дүние сезім мүшелеріміз арқылы бізге әсер етіп, білім береді. Білімнің негізі тәжірибеде жатыр. Мұндай көзқарас сонау Бэконның философиясынан басталатын белгілі бір эмпирикалық бағыттың сара жолы болатын.
Европа философиясының эмпирикалық-сенсуалистік бағытын XVIII ғасырда ағылшын философы Джордж Беркли (1685-1753) жалғастырды, бірақ бұл Ф.Бэкон, Гоббс пен Локктың ілімдеріндегіден бөлек түбегейлі түрде ерекше ыңғайларға негізделген жалғасу болды. Локктың бастапқы және кейінгі қасиеттерге бөлуіне қарсылық білдіре келе, Беркли олардың екеуі де бізге тең дәрежеде сезіну ретінде берілген деп санады. Сонымен бірге, сезініп қабылдаулардың комбинациялары, Берклидің айтуынша, бізді қоршаушы заттар болып табылады. Ойшыл «Тіршілік ету, бар болу - сезіну, қабылдану» деген принципті ұсынды. Ол: «Біз өзіміздің идеяларымыз бен сезінулерімізді қабылдамасақ, онда нені сезінеміз? Белгілі бір идеялар немесе сезінулер не олардың комбинациялары қабылданбастан бар бола алады деген тұжырым мағынасыз емес пе»,- деп жазды. Қысқасы, Беркли Локктың біздің сезінулеріміздің көзі ретінде санадан тыс өмір сүретін сыртқы әлемді мойындауын жоққа шығарды. Ол сезінулерді адаммен қабылданатын жалғыз шындық деп есептеді.
Философияның міндеттерінің бірі, Берклидің пікірінше, материализм мен атеизмді сынау болып табылады. Ол материяның болуы мүмкін деген ойдың өзін қабылдауға қарсы шықты. «Біз тіршілік етуін жоққа шығаратын жалғыз нәрсе - философтардың материя немесе денелік субстанция деп атайтыны. Бұл жоққа шығарудан адамдар ешбір зиян шекпейді, өйткені мен олар ешқашан да оған деген қажеттілікті сезінген емес деп тұжырымдауға құқылымын. Атеистер, қолында олардың арамзалығына тірек болатын бос сөздің әдемі қабықшасынан айырылып, ал философтар, бәлкім, бос сөз сөйлеу үшін қомақты сылтаудан айырылғанын түсінер», - деп ерекше тоқталды ойшыл. Осылайша, Беркли созылымдылық, кеңістік және т.б. дерексіз идеясы секілді, жалпы материя туралы дерексіз идеяның болуы мүмкін емес деп тұжырымдады. Ол адамның ақылы жалпы дерексіз идеяны құра алмайды, тек жалпы зат идеясын құра алатындығын дәлелдеуге тырысты. Беркли субъективті идеализм принциптерін ұстанғанмен, өз позициясын қорғауға тырысып, ол оны объективті-идеалистік позицияларға ауысуымен қуаттау шешімін қабылдады. Атап айтқанда, философ мынадай ойларды түйіндеді: егер тіпті барлық қабылдаушы, сезінуші субъектілер жоғалып кетсе де (ал Берклидің айтуынша, тіршілік ету - субъектілермен қабылдану), ешбір зат жоғалып кетпейді. Олардың барлығы Құдайдың ойында «идеялардың» сомасын ретінде тіршілік етуін жалғастырады, яғни онымен қабылданады.
Берклидің замандасы ағылшын философы Давид Юм (1711-1776) оның көзқарастарының ықпалында болды, бірақ олардан скептицизм және агностицизм бағытына ауысты. Егер Берклидің көзқарасы бойынша, сыртқы әлем менің сезінуім болса, Юм сыртқы әлемнің тіршілік етуі туралы мәселе шешілмес мәселе деп сенді. Оның пікірінше, шындық — себептері белгісіз және тануға жатпайтын әсерлердің ағымы. Сонымен бірге, біздің қабылдап-сезінулеріміз сыртқы әлемнің тіршілік етуіне, оның сол сияқты тіршілік етпеуіне де аз дәлелдер береді.
Сезінулер не олардың комбинациялары қабылданбастан бар бола алады деген тұжырым мағынасыз емес пе»,- деп жазды. Қысқасы, Беркли Локктың біздің сезінулеріміздің көзі ретінде санадан тыс өмір сүретін сыртқы әлемді мойындауын жоққа шығарды. Ол сезінулерді адаммен қабылданатын жалғыз шындық деп есептеді.
Г.Ф.Лейбниц (1646-1716) немістің атақты ғалымы, көрнекті философ болды. Ол Германиядағы жаңа қалыптасып келе жатқан капиталистік қатынастардың негізінен туған ғылыми теорияларды айқын көре білді.
Жаңа дәуірдегі таным теориясында эмпиризм мен рационализмнің арасындағы күрестің шиеленіскен жағдайы Лейбницке де өз әсерін тигізді. Ол өзінің «Адам зердесінің жаңа тәжірибелері», «Монадология» деген еңбектерінде таным теориясындағы рационалистік әдістің әрі қарай дамуына кеңінен жол ашуға тырысты.
Г.Лейбництің рационалистік көзқарасы оның ғылыми-зерттеу жұмыстарымен жан-жақты ұштасты. Ол өзі әрі физик, әрі математик, әрі механик, тағы басқа ғылымдардың негізін қалаушы болды. Оның осы ғылыми білімдер саласындағы пайымдық қызметі философиялық жүйені зерделік негізде толығынан жасап шығуға бөгет болмады.
Г. Лейбництің рационализмі өзіне дейінгі ойшылдарға, әсіресе, Декарт пен Спинозаға қарсы бағытталды. Ол өзінің рационалистік көзқарасында осы ойшылдардың дүниетанымындағы негізгі кемшіліктерге тоқталды. Егер Декарт өзінің философиясында дүние екі субстанциядан тұрады деп, ал Спиноза ол субстанция - табиғатты жалғыз деп есептесе, Г. Лейбниц мұндай ойлардың ағат екендігін дәлелдеуге тырысты. Оның ойынша, субстанция ұшы-қиыры жоқ дүние заттары болып есептеледі және ол өте көп. Философ әрбір субстанция болмыстың «біреу», яғни жалғыз екендігін, монада (дара, қарапайым деген сөз) екендігін анықтады. Монада материалдық емес, ол рухани атом. Кез келген монада әрі жан, әрі дене, сол екеуінің бірлігі. Монадалар арқылы материя мәңгі қозғалыс қабілетіне ие болды. Сөйтіп, ол материя мен қозғалыстың бір-бірінен ажыраспайтынын және өзара бірлікте екендігін анықтап берді.
Классикалык немис философиясы
Жаңа дәуірден бастап дамыған қоғамның өндірістік қатынастары XVIII ғасырдың аяғы, XIX ғасырдың басында Батыс Еуропа елдеріне көптеген өзгерістер мен жаңалықтар ала келді. Ғылымы, өндірісі мен техникасы жоғары дәрежеде дамыған Англия сол кездегі елдердің алдыңғы қатарына шықты. Капиталистік даму процесі біртіндеп еніп, елдегі әлеуметтік жіктелуді күшейте бастағандықтан, Францияда жаңадан көптеген саяси ілімдер мен көзқарастар туды. Соның негізінде революциялық идеялар белең алып, мұның ақыры саяси төңкерістерге алып келді. Ал осы кездегі Германия үшін капиталистік қарым-қатынастың кеңінен дамуы болашақтың ісі сияқты еді. Өйткені неміс жерінде бытыраңқы, ұсақ (үш жүзге тарта) мемлекеттер пайда болып, олардың арасында шиеленіскен соғыстар жүріп жатқандықтан, жалпы елдің экономикасы мен саяси дамуы кенжелеп қалды.
Алайда, Германияда осы кезде ғылым мен мәдениет, әдебиет пен өнер ерекше дамып, осы салаларда дүние жүзін таң қалдырған ұлы жаңалықтар ашылды. Сондықтан неміс ойшылдары Батыс Еуропадағы осы тарихи дамуды басынан кешіре отырып, ағылшындар және француздардың мәдени, рухани дамуының байлығын бойына сіңіре отырып, жаңа классикалық философияның озық үлгілерін берді. Классикалық неміс философиясы бүкіл философия тарихындағы мұраны игеріп, алдыңғы қатарлы мәдениет пен ғылымға сүйеніп, сол кездегі қоғамдық дамуды терең талдай отырып, жаңа диалектикалық әдістің, таным теориясының, логиканың шығуына түрткі болды. Классикалық неміс философиясы ойлау мен болмыстың диалектикалық байланысын аша отырып, танымдағы субъектінің рөлін айқындады. Сондай-ақ, ойлаудың болмысқа қатынасы арқылы таным теориясындағы объекті мен субъектінің диалектикалық арақатынасын ашып, теориялық ойлау формасын жаңа сатыға көтеріп, философиялық категориялардың атқаратын рөлін көрсетіп берді.
Жаңа заман философиясындағы, әсіресе, оның таным теориясындағы пайым мен зерденің бір-бірінен алшақ кеткенін, ендігі жерде олардың ымыраға келмейтінін айқын көріп, соларға ерекше назар аударған классикалық неміс философиясының негізін қалаушы, әрі оның атасы – И. Кант (1724-1804) болды. Ол өзінің философиясын ең алдымен, бұған дейінгі дәуірде бір-бірінен алшақ кеткен логика, таным теориясы және диалектика туралы проблемаларды жан-жақты талдаудан бастады.
Ол «Таза зердеге сын» (1781) деген атақты шығармасында сөзді бұрын ерекше бағаланып, бас иіп келген зерденің қазіргі кезеңдегі қайшылыққа ұшырап отырған тағдырынан бастайды. Зерде тап болған қайшылықтардың бетін аша отырып, логикаға, таным теориясына және диалектикаға тән мәселелердің де шет жағасын шығарды.
И. Кант өзіне дейінгі ойшылдардың эмпиризм мен рационализм саласындағы сыңаржақ кеткен кемшіліктерін көрсете отырып, философияда бұрын-соңды болмаған үлкен жаңалық ашты. Ол бұл жаңалықты философиядағы коперниктік төңкеріс деп атады. Бұл төңкерістің мәні мынада еді: егер Кантқа дейінгі ойшылдар табиғатты зерттей отырып, болмысты, материяны философияның негізгі нысанына айналдырса, немістің ұлы ойшылы, керісінше, біздің философиялық талдауымыз ойлауға, идеяға, ақыл-зердеге, субъектіге бағытталуға тиіс деді. Ал болмыс, материя, объекті осы ойлауға, идеяға, ақыл-зердеге, субъектіге бағынады және солардан келіп шығады деп білді. Мұның өзі Канттың сол уақытқа дейін кеңінен орын алып келген таным теориясындағы және философиядағы көзқарасты толығынан қайта қарап, жаңа ілімнің, ағымның іргетасын қалағанын көрсетеді. Канттың философиясындағы, таным теориясындағы коперниктік төңкерістің мәні таным процесіндегі субъектінің белсенді рөлін айқындап, негіздеп беру еді.
Кант жоғарыдағы еңбегінде таным процесіндегі қайшылықтарды кеңінен ашып, олардан шығудың жолын көрсетті. Ұлы ойшыл адам баласының таным қабілетін: сезімдік, пайым және зерде деп үшке бөледі. Оның мақсаты жаңа дәуірдегі эмпиризм мен рационализмнің тар өрістілігінен шығып, оларды өзара ымыраластыру еді. Сондықтан ол априорлы (априорлы - латын тіліндегі тәжірибеден тыс пайда болған ұғым, ой, идея) синтетикалық пікірдің жаратылыстану саласында қандай орын алғандығын көрсету үшін білімдердің әртүрлі салаларын алды. Кант ең алдымен математиканы, жаратылыстануды және метафизиканы (философияны) априорлы синтетикалық тұжырым арқылы талдай келіп, таным процесінің қалыптасуы мен белгілі бір сатылардан өту жағдайын көрсетті. Осыдан математика - сезімділікке, жаратылыстану - пайымға, метафизика, яғни философия - зердеге қатысты екені анықталды.
Кант осылайша белгілеген адамның таным қабілетінің үш түрі философия тарихында ерекше рөл атқарады. Өйткені, бұл бір жағынан танымды біртұтас, бірақ ішкі қайшылыққа толы процесс деп қарау болса, екінші жағынан, философияны жаратылыстану саласымен тығыз байланыстыруға жасалған әрекет еді. Сондықтан Кант белгілеп берген адамның бұл таным қабілетінің үш түрі бүгінгі күнде де өз маңызын жоғалтқан жоқ.
Философия тарихында пайым мен зерденің әлеуметтік мәнін ашуға ұмтылып, оны ғылыми әрі диалектикалық негізде дамытқан классикалық неміс философиясының ірі өкілі Г.Ф. Гегель (1770-1831) болатын. Оның шығармашылығының даму кезеңі Германияның саяси-әлеуметтік жағ-дайының біршама үлкен өзгеріске түсіп, елдегі ішкі қайшылықтар белең алған тұста басталды. Сондықтан ол өзіне дейінгі барлық ойшылдардың, әсіресе, ХУII-ХҮIII ғасырлардағы ағылшын және француз ағартушыларының, сондай-ақ, неміс жерінде кеңінен өрістеген ғылым мен мәдениеттің, өнер мен әдебиеттің жетістіктерін толық зерттей отырып, оларды өз жүйесін жасауға кеңінен пайдаланды.
Гегель негізінен өзіне дейінгі философияны тек пайымның әдісінде ғана қалыптасқан деп айқындай отырып, зерденің сан-қилы шығармашылық кезеңдеріне айрықша мән берді. Ол өзінің алғашқы философиялық шығармаларында қоғам өміріне, әсіресе, дін мен саясат мәселелеріне айрықша назар аударды. Гегельдің осы алғашқы шығармаларының ішінен болашақ диалектикалық, зерделілік әдісті тудыруға негіз болған еңбектерінің бірі – « Кім абстрактылы ойлайды?» деген мақаласы. Бұл шағын ғана еңбек болғандығына қарамастан, таным теориясының келелі мәселелерін көтерді. Ол ең алдымен ұзақ жылдар бойы қалыптасып келген таным процесіндегі тек сезімділік пен танымға ғана сүйенген абстрактылы ойды қатты сынға алды.
Расында да Гегельге дейінгі дәуірде сезімділік, пайым - нақтылықтың бейнесі, ал абстрактылық - ойдың жоғарғы даму процесімен тығыз байланысты деген көзқарас айрықша орын алып келді. Міне, осындай ағат пікірге Гегель ашықтан-ашық қарсы шықты. Оның ойынша, абстрактылы ойлау сауатсыз, білімсіз, топас адамның әрекеті. Өйткені, абстрактылы ойлау қандай ғана болмасын мәселенің басын ашып бере алмайды. Ол тек сыртқы көрініске, одан соң сезімге ғана мойын ұсынады. Абстрактылы ойлау таным процесіндегі сыңаржақтылықтың нақты бір белгісі. Абстрактылы ойлаған адам өз ойына өзі мән бермей, каралып отырған мәселеге терең үңілмей, оның мәнін, тарихын ашып беруге дәрменсіз. Сондықтан Гегель абстрактылы ойлаған кейбір адамдарды мысалға ала отырып, олардың сауатсыздығын, надандығын, білімсіздігін көрсетті. Олай болса, таным процесі негізінен нақтылыққа ұмтылады. Нақтылық дегеніміз-көптеген анықтамалардың синтезі, көпжақтылықтың бірлігі. Яғни нақтылық қандай да мәселеге болмасын, объективті, тарихи, ішкі байланыстарды анықтау арқылы қарауды талап етеді. Ендеше, таным процесі әуелі абстрактылықтан басталып, нактылыққа қарай өрлейді. Бұл - таным процесіндегі негізгі принцип. Бұл принципті К.Маркс өзінің «Капиталын» жазу процесінде шебер пайдалана білді.
Таным процесінде логика мен диалектикаға ерекше назар аудара отырып, пайым мен зерденің өзара байланысын тереңнен зерттеген Гегель өзінің алғашқы еңбектерінің бірі «Рух феноменологиясында» зерделі ойдың негізін көрсетті. Бұл шығарма Гегель философиясының «ақиқаттың қайнар көзі және жасырын сыры» рухтың-көріну формаларын, яғни оның сана, өзіндік сана, рух, абсолюттік субъекті арқылы даму жолдарын суреттеп берді.
Гегель «Рух феноменологиясында» сананың қалыптасу және даму жолдарын қоғам өмірімен байланыстыра отырып айқындап берді. Сана әуелі қарапайым түрде (яғни жеке индивидтің санасы ретінде) басталып, сан ғасырларға созылған тарихи белестерден өтіп, қоғамдық санаға дейін көтеріледі. Оның бұл даму жолы, ең алдымен, қоғамдық өмірдің, тарихтың пайда болып, даму кезеңдерімен тығыз байланысты.
Зерделі философияға жаңа бет-бұрыс жасауға ұмтылған немістің ұлы ойшылы Л.Фейербах (1804-1872) болды. Оның 1841 жылы жарық көрген «Христиан дінінің мәні» деген еңбегі философия тарихындағы жаңа дәуірдің бетін ашты деуге болады.
Фейербах классикалық неміс философиясының ақырғы буыны еді. Ол өз жүйесін И. Кант қалыптастырған жолдан тайдырып, жаңадан философиялық жүйе жасады.
Ол өзінің философиясын «болашақтың философиясы» деп атады. Оның ойынша, философия ойлар мен рухтар дүниесінен босап шығып, жаңа патшалыққа қарай, яғни адамның қайғы-қасіреті қабаттаса қорланған дүниеге қарай бет бұруы тиіс. Демек, философия ендігі жерде өзінің ойларын таза зерденің ықпалынан адамға, антропологияға қарай алып шығуға тиіс. Ол өзінің «Болашақ философиясының негізгі қағидалары» деген еңбегінде құдай туралы, яғни теологиялық ілімнен шығып, адам туралы ілімді тудыру керек дейді.
Осындай жаңа ілімді тудыру үшін ол классикалық неміс философиясында қалыптасып қалған ілімдерге қарсы шықты. Содан да болар, Фейербах «жаңаша философияның», яғни Гегель философиясының аяқталуының бейнесі іспетті. Бұл философияның тарихи қажеттілігі мен оны ақтаудың негізі, көбінесе, оны сынаумен байланысты болды.
Сөйтіп, Л.Фейербах жаңа философияның негізін қалай отырып, алдымен Гегельдің кең таралған жүйесін сынауға кірісті. Ол оған қарама-қарсы ой мен болмыстың арасындағы тепе-тендік қатынасты ашуда табиғатты негізгі объекті етіп алып, соның мәнін анықтауға тырысты.
Табиғат перзенті - адам философияның негізгі субъектісі. Алайда, Фейербах объекті мен субъекті туралы мәселені табиғат пен адамның арасындағы қарым-қатынас деп қараумен шектелді. Гегельдің ойлау мен болмыстың теңдігі туралы мәселесін Фейербах материалистік негізде шеш-пекші болды. Сол себептен ол адамның болмысын нақты өмір сүретін объективтік шындық деп қарады. Бұл классикалық неміс философиясына қарама-қарсы дүниетаным болатын. Егер Гегель табиғатты идеяның жатсынуы деп қараса, Фейербах оны барлық ғылымның, адамзаттың шығу тегі деп есептеді. Ендеше, адам баласының болмысын біз ойлау процесі арқылы ғана анықтай алмаймыз.
Рас, ол ойлау мен болмыстың байланысы диалектикалық екенін мойындады. Өзінің философиясында болмысқа анықтама бере келе, ол оның ойлаусыз өмір сүруі - материя екендігін, шындықтың субстраты екендігін айқындады. Сөйтіп, Фейербах өз заманындағы философиялық негізде материя туралы ұғымды нақтылады. Егер ХVІІ-ХҮIII ғасырлардағы философ-материалистер материяны субстанция ұғымы арқылы анықтауға тырысса, Фейербах оған сезімділік пен зерденің негізгі пәні ретінде қарады. Оның ойынша, егер материя болмаса, біздің зердеміз ешбір сезімділікке, белгілі бір әсерге ие болмас еді. Онда ойлауда да ешқандай мән қалмайды. Ендеше, материяны жоққа шығару дегеніміз зердені жоққа шығарумен бірдей. Фейербах материяның негізгі өмір сүру формалары - уақыт пен кеңістікке де айрықша көңіл бөлді. Ол «Уақыт пен кеңістік құбылыстың жай формалары ғана емес, олар - болмыстың, сондай-ақ, ойлаудың түп тамырлы жағдайы, зерде формаларының заңдары. Шын мәнісіндегі ойлау уақыт пен кеңістіктегі ойлау» деп көрсетті.
Лекция – 6. Классикалык неміс философиясы
1. Классикалық ұгымы. Неміс классикалыц философиясының пайда болуының әлеуметтік-мәдени шарттары, ерекшеліктері.
2. И.Кант – классикалық неміс философиясының негізін салушы. И.Канттың гносеологиясы мен этикасы.
3. Г.В. Гегель философиясының негізгі ұғымдары.
Философиялық сөздікте классика деген ұғымға – сlаssіcus (латынша) – тыныштыққа, салмақтылыққа, реттілікке, айқындыққа, үйлесілімділіккё үмтылу; үлттық және әлемдік мәдениет үшін баға жетпес қүндылық бо-лып есептелетін ең озық, үлы туындылар, классика қызуқандылыққа, рет-сіздікке, қараңғылыққа қарама-қарсы деген анықтама берілген.
Неміс философиясына классикалық атауының берілуі оның дүни-ежүзілік философия тарихында алатын орнының аса маңызды, көрнекті екенін көрсетіп түр. Сөз жоқ, неміс классикалық философиясы – тарихи феномен, ол фундамент қана емес, маңғаз ғимарат, оның әрбір өкілі қай-таланбас тұлға, тендесі жоқ құндылық. И.Кант, И.Фихте, Ф.Шеллинг, Г.В.Гегель, Л.Фейербах және тағы басқа философия тарихында өшпейтін із қалдырған ойшылдар.
Неміс классикалық философиясының әлеуметтік-мәдени алғы шарттары:
1) Германия үшін ХVІІІ-ғасыр – Агартушылық Дәуірі. Ағартушылар соқыр сенім-наным, фанатизмге, халықты алдауға бітіспес күрес жүргізді. Олар өздерін ақыл-ойдың миссионерлері ретінде қарастырды, халықтың көзін ашуға, оларға өмірге келгендегі мақсатын түсіндіруге міндеттіміз деп есептеді. Ренессанстық еркін тұлға идеалы жалпылық идеалымен то-лықтырылды: адам өзін ғана емес, басқаларды да ойлауы тиіс. Әлеуметтік идеясы, қоғамды ұйымдастыру мәселесі басты мәселеге айналды. Оған жету жолы – білім. Біліммен тым әуестену қаупі ХVІІІ-ғасырдағы Германияда әзірге жоқ, Ағартушылықтың алғашқы кезеңі рационалтді, ол парасатты ойлауға негізделген. Кейінірек ақыл-ойдан көңілі қайтқандар ендігі жолды сезімнен, интуиииядан, диалектикалық ақыл-ойдан іздеді, бірақ мұның бәрі соңынан болды, әзірге біліммен байланысты нәрсенің бәрі керемет болып көрінеді.
2) Ағартушылыққа тарихи оптимизм тән. Прогресс идеясы осы ке-зеңнің жетістігі. Ағартушылық алғаш рет озін Жаңа Дәуір ретінде сезіне бастады. Ол ұлттық бірлік үшін күресті, бір заңға бағынатын жалпыгер-мандық мемлекет құруды талап етті, князьдіктер мен қалалардың, монархтар мен дворяндардың ойына келгенін жасауын тоқтатуға тырысты.
3) Бұл ерекшелік Пруссия корөлдығының өз шекараларын қарудың күшімен кеңейтіп, күшті мемлекетке айналуға ұмтылуымен байланысты еді. Бірақ әскерінің саны жағынан Европада төртінші орын алған Пруссия казарма ғана емес, гылымдар академиясын дамытқан ел болды.
Осындай әлеуметтік-мәдени жағдайларда қалыптасқан неміс класси-калық философиясының ерекшеліктері:
I) философия көпшіліктік сипатқа ие. Лейбництің ілімін жалғастырушы Христиан Вольф бұл іске көп еңбек сіңірді. Лейбниц әлемді тұтас нәрсе, ондағы дін мен ғылымның арасында қарама-қайшылық жоқ деп қарастырса, Вольф пен оның шәкірттері қоғамның күрделі мәселелерін білімді көбірек тарату арқылы реттеуге болады деп сенді, христиандық сенімді рационализммен ұштастыруға ұмтылды.
2) пиетизм – лютерандық шіркеудің рухани тоқырауына қарсылық негізінде қалыптасқан қозғалыс. Пиетистер өзінің назарын дін сыртқы салт-дәстүрден ішкі сенімге, қасиетті дін кітабын меңгеруге және адам-гершіліктік мінез-құлыққа аудару керек деп ұйғарды. Ағартушылық өкілдерінің басым көпшілігі осы мектептен өтті. Мысалы, Кант авторитеттер деген жоқ, жаңа кезеңнің уақыты туды, қайшылықтарды көрсете отырып, біржақтылықтан арылу қажет, жаңа шешім беру, бірақ жинақталған тәжірибеге сүйене отырып, жеңу емес, бітімге келтіру керек деп жариялады.
3) Философияның басты объектісі – адам, оның ақыл-ойының мүмкіндіктері мен шекарасы.
Иммануил Кант (1724-1804) – неміс философиясының негізін қалаушы. Ой еңбегіне арналған өмірін өзі дүниеге келген Кенисберг (қазіргі Калининград) қаласында өткізген. Кенисбергуниверситетініңдін факуль-тетіне оқуға түсіп, діни пәндермен қатар философия, физика. математика пәндерінен лекцияларға қатысқан. Философияға кештеу, 45 жасында келді. Әуелі (1755 ж.) дүниенің физикалық-астрономиялық теориясын ұсынды, оны кейін Лаплас қайталады. Сонымен бірге от, жердің өз өсін айналуы, жердің тозуы, жер сілкінісі туралы шығармаларын жазды. Ол 47 жасында философиядан диссертация қорғап, логика және метафизика профессоры атағын алды. Негізгі философиялық еңбектері осьщан кейін бірінен соң бірі дүниеге келе бастады.
Ол философия пәнін оқытушы ретінде де танымал болды. Дауысының әлсіздігіне қарамастан оның лекцияларына адам көп жиналатын. Фи-лософиядан басқа математика, физика, құқық, этика, физикалық география, антропология, рациональдік дінтану курстарынан лекциялар оқыды. Бірақ Інжілді бұрмалады деген айып тағылып, соңғы пәннен лекция оқуға тиым салынды. Лекция оқу егде адамның ісі емес деп, жасы үлкейе келе лекция оқуды тоқтатты, бар назарын барлық ғылымдардың энциклопе-диясын қамтитын үлкен еңбек жазуға бұрды, бірақ ойлау қабілетінің бірте-бірте төмендеуі себепті бұл еңбек үзінділер күйінде қалды. Канттың 80 жаска екі ай жетпей дүниеден өткен адамдық тұлғасы мен өмірі басқаларға, әсіресе қазіргі жастарға үлгі боларлықтай. Оның бойында ақыл аффектіден жогары, парыз нәпсі мен төменгі тілектерден жогары тұрды. Өзінің ғылыми-философиялық қызметін ең жоғарғы міндеті деп түсінген Кант басқа нәрсенің бәрін осы міндетке бағындырды. Ол тіпті табиғатты да жеңді деуге болады, себебі табиғатынан аурушаң әлсіз денесін тынымсыз ой энергиясының тірегіне айналдырып, философияны зерттеу ісін бар өмірінің мақсаты деп түсінді және осы мақсатынан өмірінің соңына дейін айнымады.
Кант басты назарды танылушы субстанцияның құрылымына емес, танушы субъектінің ерекшеліктеріне аударды. Оның философиясының негізгі мәселесі – табиғат, дүние, қоғам емес, субъектінің танымдық қызметі. адамның ақыл-ойының мумкіндіктерінің шекарасын анықтау. Яғни, онтологияның орнын гносеология, субъектінің танымдық қабілеттерін сыни сараптау алмастырды.
Кант өзіне дейінгі ойшылдардың эмпиризмі мен рационализмін қорыта
отырып, априори теориясын ұсынды:
1) Бізді қоршаған дүние – өзіндік зат (вещь в себе), оны түйсіктеріміз арқылы танып-білуіміз мүмкін емес. Ол кеңістік пен уақытта өмір сүрмейді, субстанция да емес. Себебі, кеңістік пен уақыт субъективті, біздің қабылдауымыздың жемісі. Заттар туралы пікірлер біздің зердеміз-де тәжірибеге дейін қалыптасқан. Оны қалыптастыратын – біздің ақыл-ойымыз, а’рriori (тәжірибеге дейінгі). Түйсіктер жинаған білім емес, категорияларды жүйеге келтіретін логика ғана ақиқат білім береді.
2) Таным процестерінің қиындығы бірін-бірі теріске шығаратын, бірақ әрқайсысы ақиқат ретінде дәлелденетін тұжырымдар, яғни, «антиномиялар» тудырады. Кант антиномиялардың төрт түрін көрсетеді: а) Дүниенің уақыттық бастауы бар, тек кеңістік жағынан шектеулі (тезис); Дүниенің уақыттық бастауы жоқ және кеңістікте шексіз. Ол кеңістік пен уақытта шексіз (антитезис). ә) Әрбір күрделі субстанция қарапайым бөліктерден тұрады және тұрмайды. б) Себептіліктің екі түрі бар: біреуі табиғат заңдылықтарына сәйкес, екіншісі – еркіндікке (тезис); Бір ғана себептілік – табиғат заңдылықтарына сәйкес себептілік бар (антитезис). в) абсолютті қажетті тіршілік етуші өмір сүреді және сүрмейді.
Бұл қайшылықтарды шешу Кант үшін қиын болды, ол бір шешімге келе алмай, ақыл-ойдың дәрменсіздігі туралы тұжырымға келді. Бірақ мәселе ақыл-ойдың шектеулігінде емес, дүниедегі процестердің диалек тикалық қайшылықты екендігінде еді, оны кейін Гегель түсіндірді. Кант зердені (ақыл-ойды) сынауға көшіп, адамның ақыл-ойының дамуын үш кезеңге бөліп көрсетті:
1) Бұл кезеңде ақыл-ойдың бүкіл әлемге әсері кушті болды, ол барлық ғылымдардың ғылымына айналды (Жаңа Дәуір философиясы).
2) Ақыл-ойдың қабілеттеріне деген сенбестік кезеңі (Д.Юм). Фило-софияның маңызы төмендеді.
3) Сыншылдық кезеңі – Кант философиясынан басталады. Ол ақыл-ойдың өмірдегі мәнін анықтауға ұмтылды, оны таным теориясының шең-берінен шығарып, практикалық ақыл-ойдың адамгершілік заңдарын қалыптастырудағы рөлін көрсетті.
Канттың осы соңғы ұстанымы оның адам туралы философиясынан айқын көрінеді. Ол өзінің философиясы туралы: «адамға аса қажет білім болса, ол мен оқытып отырған, адамға дүниеден өз орнын табуға көмек-тесетін ғылым және одан адам болу үшін не істеуді үйренуге болады» , -деп жазған болатын. Кант философия саласын мына төрт сұрақтың төңірегінде жинақтады: 1. Мен не біле аламын? 2. Мен не істеуім керек? 3. Мен не нәрсеге үміттене аламын? 4. Адам дегеніміз не? Бірінші сұраққа мета-физика жауап береді, екіншісіне – мораль, үшіншісіне – дін, төртіншісіне антропология. Бірақ бәрін антропологияда жинақтауға болады, себебі алдыңғы үш сұрақ соңғыға кіреді.
Канттың пікірінше, адам бір-біріне қарама-қарсы екі дүниенің: сезім арқылы қабылданатын феноменальдік және ақыл арқылы танылатын но-уменальдік дүниенің субъектісі. Феноменальдік дүниеде адам табиғи күштерге, қоғамдық ережелерге тәуелді, яғни өзін еркін сезіне алмайды. Ал ноуменалдық дүниеде адам еркін, сезімнен жоғары, рухани-адамгершіліктік идеалдар мен құндылықтар үстем интеллигибелді дүниенің мүшесі. Яғни, адам екі қайшылықтың – табиғат пен еркіндіктің — арасында таңдау жасауға мәжбүр. Кант осы екі дүниенің ара байланысын, бір-біріне әсерін мойындай отырып, ноуменальдік бастауды жоғары қояды. Оның тұжырымдауынша, адам ақыл-ойының көмегімен адамгершіліктік ережелерін жасақтауға қабілетті. Бұл ережелерді Кант екі түрге бөледі: шартты және міндетті түрде орындалуға тиіс, бұлжымайтын ережелер.
Шартты ережелерді орындау-орындау адамның өз еркінде. Мысалы, әрбір адам денсаулығын күткені дұрыс деп шартты түрде ұсынылады, саулығыңыз туралы бас қатырғыңыз келмесе, ол сіздің жеке мәселеңіз. Ал адамгершіліктік талаптарды, Канттың пікірінше, әрбір адам орындауға міндетті. Оларды Кант адамгершілік заңы, бұлжымайтын императив ретінде қарастырады. Адамгершілік заңы адамның абсолюттік еркіндігін реттеуші. Кант: «Сен еркін де ақылды болуға тиістісің» деп жария еткенімен, абсолюттік еркіндік түбінде жақсылыққа апармайтынын түсінді, сондықтан да бұлжымайтын императивті енгізді. Шектеусіз, абсолюттік еркіндіктің іс жүзінде аморальдылыққа ұшыратынының дәлелін тарихтан да, қазіргі өмірден де көруге болады. Гегельдің өзі абсолюттік еркіндікті құбыжық нәрсемен теңеуі тегін емес. Бұлжымайтын императив (Кант философиясының бұл ұғымы қазақ тіліндегі философиялық әдебиетте «категориалды императив», «әдептілік императиві» деп аударылып, аталып жүр. Менің ойымша, Канттың императивтерінің мазмұнын дұрыс жеткізу үшін «бұлжымайтын императив» ұғымын қолданғанымыз жөн) парыз ұғымына негізделген.
Кант парызды аса жоғары бағалайды. Оның пікірінше, парыз рацио-налды ойлай алатын тіршілік етушілердің бәріне тән табиғи қасиет. Кант үшін парыз категориясы антропологиялық мәселелерді шешуге кілт болды деуге болады, себебі адам өзі мен адамзат алдындағы парызын орындау жолында өзінің рухани-адамгершіліктік мүмкіндіктерін жүзеге асырады, өз тағдырын өзі жасай алатындығын, табиғи инстинктерді жеңіп, адамдық бастауын сақтап қалу қабілетін дәлелдейді. Яғни парыз категориясы адамды экзистенциалдық тандау жасауға мәжбүр етеді. Бұл тандауды Кант адамның пайдасына шешеді: «Адамның өзінің алдындагы парызы – өзін адамгершілікті тіршілік етушінің жетістіктерінен~аиыруга тиым салуда, ягни өзін ішкі еркіндіктен айыруга, затқа айналдыруга тиым салуда «. Кант осылайша дүниедегі заттардың бәрі де салыстырмалы құндылыққа ие еркіндігін, бірақ парасатты және еркін жігер ең басты құндылық болып есептелетінін айтады. Ақыл-ой, парасат адамға биік мақсаттарға жету үшін берілгенін, сондықтан оны жануарлық инстинкген төмен коюға болмайтынын Кант ерекше ескертеді, адамның ең бірінші, өзінің алдындағы парызы өмірінің мәнін құрайтын мақсаты – өзін ақыл-ойға жүгіне отырып, жан-жақты жетілдіру деп анықтайды.
Сонымен бірге, ол адам өмірінің мәні тек өзінің алдындағы ғана емес, басқа адамдардың, жалпы қоғам алдындағы парызын орындау деп түсінеді. Бұлжымайтын императивтің бірінші қағидасы: «Өзіңдегі де, басқалардағы да ақылды және еркін жігерді мақсатқа жету құралы емес, сол мақсаттың өзі деп таны». Бүл қағидадан ұлы гуманист Канттың адам мен қоғам туралы демократиялық ойларын көреміз. Тұлға белгілі бір құқықтарта, еркіндікке ие, қоғамның саналы мүшесі, өз өмірінің, өз тағдырының кожайыны, оған ешкім де, ешқандай қоғамдық-саяси ұйымдар да өз көзқарасын таңа алмайды. Канттың ойынша, осындай саналы тұлғалардан кемелденген республика құрылады, мұндай қоғамда бір тұлға басқа тұлғалар үшін құрал емес, мақсат.
Демократиялық даму жолына түскен бі қоғам үшін осы қағида, әрине, аса маңызды.
Канттың осы қағидасы жеке адамдар арасындағы қарым-қатынастарды реттеуте де пайдасын тигізеді. Қазіргі заманда достық, жолдасть ұғымдарының құны түсіп отырғаны жасырын емес. Осы асыл қасиетерді уақытша, белгілі бір мақсатқа жету жолында қолданатын адамдардың саны соңғы уақытта көбейіп отыр. Бұл құбылыс еткінші деп ойлаймыз, себебі мұндай қарым-қатынас алдамшы ғана. Заман қанша қатігез болса да адам өзінің басты қасиетін – адамшылығын ұмытпауы керек. Нағыз достық, сыйластық пайдаға негізделмеген, шынайы, кіршіксіз болуы тиіс, ал уақыт ша сезімге сүйенген адам өзін де, басқаны да төмендетеді. Әрбір адам түбінде ең қатал сот – өзінің ар-ұятының алдында жауап беретінін ұмытпағаны жөн, Ал Канттың қағидасын ұстанып, басқа адамдармен мейлінше кіршіксіз қарым-қатынас орнатуға тырысқан адамның ары таза.
Келесі қағидаларында Кант адамға деген талабын күшейте түседі: «Сенің ісің, тәртібің жалпы заң болсын», «Сенің жігеріңді билеуші ереже дүниежүзілік заңдылық негізіне айналатындай болып қызмет ет». Яғни, басқаларға үлгі болатындай өмір сүру – әрбір адамның парызы, бұл тұжы-рым адам өмірінің өлшемі деуге де болады. Аталған талап адамнан көп еңбекті, мықты жігерді, ақыл-ойдың орасан жұмысын қажет етеді, бірақ адамның рухани, адамгершілік, тіпті кәсіби жағынан жетілуіне зор пайдасын тигізетіні күмәнсіз.
Осы қағиданың бір ғана отбасы көлеміндегі әсерін алып қарайықшы. Әрбір ата-ана парыздарын дұрыс түсініп, өздеріне қатаң талап қоя білсе, кейінгі ұрпаққа қандай ізгі үлгі болар еді. Ал осы істі қоғам көлемінде алып қарастырсақ, бұл өте қиын, күрделі нәрсе. Адамдардың көпшілігі парыз ауырлығынан саналы түрде қашып, тыныш қана өмір сүруді таңдауы мүмкін. Бірақ адам атына лайық, мәнді өмір сүремін деген адам парызын орындау міндетін өмірінің басты анықтаушы күші ретінде түсінуі тиіс деп ойлаймыз.
Парыздың осыншама императивтік күшінің негізі неде? Моральдық міндеттердің негізін Кант «адам табиғаты мен адам өмір сүріп отырған дүниенін жағдайларынан емес, а’ргіогі таза ақыл ұғымдарынан іздеу қажет»,-деп түсіндіреді. Ол адамның адамгершілікті өмір кешуі қажеттігін оның ақылы, парасаты талап етеді, сондықтан адам ақылының бұйрығын міндетті түрде орындауы керектігін ескертеді.
Сонымен, Кант адам өмірінің мәні еркін ақылға негізделген парызды түсіне білу, оны міндетті түрде орындауға тырысу деп шешеді. Өз зама-нында да, кейіннен де Канттың осы түсінігі көп сынға ұшырағаны белгілі.
Мысалы, орыс ойшылы П.Кропоткин: «Кант табиғаттан адамгершіліктің табиғи негізін таба алмады, сондықтан да адамгершілік парыздың құдайы негізіне сілтейді. Ол аз болса, Канттың адамгершілік заң санасы рацио- нальді ойлаушы мақұлықтармен бірге адамға да тән деген жиі қайталаулары Шопенгауэр айтқан періштелер дүниесін елестетеді»,-десе, келесі бір орыс философы Н.Бердяев Кантты қоғамды жеке адамнан жоғары қарастырады деп санайды. Оның пікірінше, міндетті түрде орындауға тиісті парыз адамның еркіндігін шектейді, адамды қоғамға, қоғамдық пікірге тәуелді етеді. Ал кеңестік философия Кантты негізінен скептикалық тұрғыдан ғана қабылдап, оған «идеалист» айдарын таққаны белгілі.
Біздің ойымызша, кейбір кемшіліктеріне қарамастан, жалпы Кант фи-лософиясының, оның ішінде этикалық парыз ілімінің қазіргі заманда ма-нызы зор. Соңғы, әсіресе елімізге кептеген өзгерістер әкелген 90-шы жылдардың басынан бергі уақытта Кант философиясына деген бүрыннан да күшті қызығушылықтың ұлғая түсуі кездейсоқтық емес. Жоғарыда айтылғандай, Кант ілімі қазір моральдық ригоризм тапшылығын сезініп отырған әрбір адамға, жалпы адамзатқа қажет болып отыр. Әрине, Канттың парыз принципінің абстрактылығын, белгісіздеу жалпылығын жоққа шығаруға болмайды. Жеке адамға оның бүкіл адамзат алдындағы парызы тіпті түсініксіз болуы мүмкін. Бірақ адам әлем азаматы ғана емес, белгілі бір елдің ұлттың өкілі, ұжым, отбасы мүшесі емес пе? Адамзат алдындағы парыз белгілі бір топтар, қоғамдастықтар алдындағы міндеттерді белгілейді, оларды орындау адамнан ақылға негізделген үлкен күш-жігерді, рухани еңбекті, адамгершіліктік өсуді талап етеді. Парыз принципі адамды өз ақылына, рухани мүмкіндіктеріне сенуге, өз бойындағы жабайы, табиғи инстинктерді жеңіп, парасатты жоғары қоя білуге, ар-ұждан парызын түсінуге, бір сөзбен айтсақ, адам болуға үйретеді.
Кант осы принцип арқылы адамды отбасы, коллектив, мемлекет қана емес, әлем шеңберінде тіл табыса білуге шақырады. Қазіргі таңда адамзат алдында екі жол түр: халықаралық келісім арқылы мәңгілік бейбітшілікке кол жеткізу және қанды соғыс нәтижесінде жер бетінен мүлдем құрып кету. Адамзат Канттың парыз принципіне сүйеніп. алдыңғы жолды таңдауы тиіс. Кант парыз идеясының және адам парасатының салтанатына сенеді, тіпті басқа қасиеттердің бәрі бірігіп ақыл-ойдан туындайтын қүдыретті адам-гершілік заңына төтеп бере алмайтындығына шүбә келтірмейді.
Ақыл-ойдың дамуына айқындаушы әсер ететін ғылым ретінде Кант философияны атайды. Оның ойынша, адамның ауырып, жазылатыны секілді процесті ақыл да кешеді. Осы жерде оған көмектесетін дәрі -философия. Дәріні қолдана білетін фармацевтер мен дәрігерлер қажет екендігі сияқты, философияны да нағыз мамандар үйретуі керектігін Кант ерекше ескертеді. Бұл ескерту қазіргі философтарға да ой салуы тиіс деп ойлаймыз. Соңғы уақытта философия ғылымына деген сұраныс күшей бұл құбылыс жастар арасында ғана емес, қоғамымыздың барлық топтрында байқалып отыр. Ол түсінікті де. Кеңестік дәуірде идеологияны қызметшісі болып қана келген, даму қарқыны жағынан әлемдік филос фиядан едәуір артта қалған философия ғылымының өркендеуіне қазі кең жол ашылды. Ең бастысы, философия езінің зерттеу объектісі – ада проблемасына қайта оралып отыр.
Шым-шытырық қайшылықтарға толы қазіргі заманда өмір сүріп отыр ған адам өзін мазалаған сұрақтардың жауабын философия ғылымынан оның тарихынан іздеуде. Осы ретте жеке адамға көмекке келетін мамандардың Кант айтқандай «шарлатандар» емес, мықты философиялық білімге ие, өз ісіне берілген мамандар болуы аса маңызды екені түсінікті.
Өз жұмысын адамның ақыл-ойының «жеңімпаз» мүмкіндіктерін зерт-теуден бастайтын, беталды ақылсынудан аулақ, еркіндіктен туындайтын бұлжымас императивті өзтуы ретінде ұстайтын сыни философияны Кант адамзаттың түпкілікті мақсатына жеткізуші ғылым ретінде қарастырады және осындай философияны принципке айналдыруды өзінің де, басқа философтардың да парызы, міндеті деп түсінеді, сонда ғана даналық адам жігерінің ішкі принципіне айналатынына сенеді.
Кант адам философиясын теория жүзінде сипаттаушы, насихаттаушы болып қана қойған жоқ, өзі осы принциптерді іс жүзінде мүлтіксіз орын-даушы болды. Осы ретте оны Сократпен салыстырган дұрыс. Философиясы қаншалықты адамгершілікке толы болса, Канттың өзі де соншалықты кіршіксіз, қиянатсыз өмір сүрді. Қарсыластары парыз идеясын абстрактылық идея деп санағанмен, оның бұл философиясының оның замандастарына, өзінен кейінгі философиялық ағымдарға әсері мықты болды. М.Әуезовтің өзі: «Канттан бергі философия көзгетүсерлік жол тауып кете алған жоқ*»,- деп. оның философиясын үлкен көрегендікпен өте жоғары бағалаған еді. Осы сөздердің маңызы қазіргі заманда арта түсіп отыр десек, қателеспейміз.
Қорыта айтсақ Кант өзіне дейінгі Жаңа Дәуір философтарының ілшіндегі еркіндік, әсірссе, ақыл-парасат еркіндігі идеяларын әрі-қарай дамытты.
Немістің келесі бір ұлы философы Георг Вильгельм Гегель (177О-1831) адам рухын табиғаттың тамаша туындысы, ақиқаты, мақсаты ретінде қарастырды. Табиғат рух жолында өзін құрбан еткенімен, адам жаны мәңгілік тірі, ол болмыстың жаңа тәсілі. Көне грек ойшылдары секілді Гегель де адам жанының қос табиғатын атап көрстеді. Біріншіден. ол өзінің мазмұның анықтаушы денемен тығыз байланысты; екіншіден, тәннен тәуелсіз, объективті. Гегельдің тұжырымынша, адамның міндеті осы екі-жақтылықты біріктіру, бұл ретте адамның көмекшісі – философия.
Гегель өз философиясының бастамасы етіп абсолют идеясын алды. Абсолют — құдай барлық заттарда бар, бірақ тек таза ақыл-ойда ғана өзіне-өзі тең болады. Абсолюттік идея – нағыз шындық, болмыс және барлық материалдың денелердің түпнегізі және мәні. Оның негізгі атрибуттарының бірі — әмбебап жалпылық. Ол тұрақты және мәңгі. Абсолюттік идеяға әрекетшілдік тән, себебі ол — таза ақыл-ой, ақыл-ой әрекетшіл болмаса өмір сүре алмайды. Осы қасиетінің арқасыңда ол жай ақыл-ой болып қалмайды, материалдық денелерге айналады. Бұл процесс төменде көрсетілгендей жүзеге асады. Рух өзінен табиғат туралы таза ойын босатып, заттандырады және сол заттандырылған табиғаттың өзінде өзінің басқа болмысы ретінде сақталады. Сөйтіп, ол өзінің диалектикалық мәнін көрсетеді. Таза акыл-ой дамуының диалектикасы табиғаттың, қоғамның, адамның ойлау қабілетінің жалпы заңы болып табылады. Осыдан келіп Гегель табиғаттың, қоғамның, адам ақыл-ойының әр турлі даму кезеңі абсолюттік идеяның әр түрлі даму сатысына саяды деген тұжырым жасайды. Даму ироцесі, Гегельдің пікірінше, белгілі бір кестемен жүзеге асады: тезис (нақтылану), антитезис (нақтылануды теріске шығару) және синтез (терістеуді терістеу). Айталық, материалдық денелердің пайда болуы тезис болса, олардың күйреуі – антитезис, ал куйреп бара жатқан денелердің өзінің кейбір элементтерін сақтай отырып, басқа бір материалдық денелерге айналуы синтез болады. Табиғат пен қоғамның дамуының қайнар көзі — абсолюттік идеяның өзіндік дамуы.
Гегелъдің пікірінше, дүнненің бастауы жеке емес, атомдар мен жандарын жиынтығы емес, тұтас, дүниеде тұтастан басқарсалды нәрсе жоқ. Бұл тұтасты ол абсолют деп атайды. Абсолют – рух, ақыл-ой – субстанция. Табиғат пен рух тұтастың өзінен жаттануы, бірақ бір-бірі не қарама-карсы. Материяның мәні – ауырлығында, ал мақсаты -өзінен тыс; рухтың мәні – еркіндік, мақсаты – өзінде. Гегель рухтың тарихи дамуында үш саты болды дейді: шыгыстық, грек-римдік және германдық. Шығыста тек бір адам ғана еркін (Гегельдің осы көзқарасы Шығыс дүниесіне деген европоцентристік, теріс көзқарастың қалыптасуына бірінама ықпалын тигізгенін айта кеткеніміз жөн – Г.Н.), грек-рим дүниесінде кейбіреулер еркін, ал герман дүниесінде бәрі еркін. Рух -абсолюттік идеяның көрінісі. Осы принципті Гегель неміс мемлекетіне байланысты да қолданады: мемлекет – Пруссия монархиясы; ұлт – рух иесі; жеке тұлға – тарихи даму мақсатын жүзеге асырушы.
Гегельдің диалектикалық методы: кез-келген даму триада түрінде жүзеге асады: тезис – антитезис – синтез. Әрбір ұғым, әрбір Даму осы жолдан ең жоғары синтезге жеткенге дейін қайталап өте береді.
Гегелъ адамның жаның рухын құдайы сипатта түсіндіреді, құдайдың адамда көрініс табуы деп есептейді және адамның бойындағы осы құдайы күш оны басқа дүниеден биік тұруға жетелейді деп сенеді. Оның рух фи-лософиясы субъективті, объективті және абсолютті рух болып бөлінеді, бұл кезендер – рухани еркіндік сатылары. Субъективтік сатыда рух жалғыз, өзінің мазмұнына тәуелді, рухани табиғаты туралы түсінігі жоқ «жан». Объективтік кезенде «жанда» еркіндік бар, ол тәннен азат, ішкі еркіндікке қол жеткізген соң сыртқы жағдайлармен күресе бастайды, руханилықты басқа адамдардан, өмірінің табиғи шарттарынан іздеуге кіріседі. Аталған кезеңнің маңызы зор: «…біріншіден, жан өзінің идеяның төменгі, табиғи сатыларымен байланысын көреді, оларды ғылыми, техникалық және экономикалық жағынан жеңе отырып, өзін олардың алламшы өзіндік болысынан азат етеді; екіншіден, адамдардың белгісі көпшілігімен байланысын көреді, оларды адамгершілік және саяси тұрғыдан артта қалдырадырып, өзінің алдамшы бөлектенушілігінен арылады»‘.
Осы сатыда ғана жан азаттыққа қол жеткізіп, басқаадамдармен біріге алады, мықты құрал болып есептелетін айбарлы, жігерлі, халықтық рух қалыптасады. Гегель осындай күшті, мемлекеттік дәрежеде мызғымаз ха-лықтық, ұлттық рух қалыптасқан елде ғана тамаша өнер, абсолюттік дін және ақиқатты философия өмір сүре алады деп пайымдайды. Ұлы ойшылдың осы ойлары қазіргі Қазақстан мемлекетіне халықтық рух, ұлттық азақтық рух жетіспей отырған уақытта керек-ақ. Ұлттық рухпен қаруланып, аз уакыттың ішінде экономикасы гүлденген, іргесі мықты мемлекетке кетке айналған Германия, Жапония сияқты мемлекеттердің тамаша мысалдары көз алдымызда.
Абсолюттік рух сатысы – ең жоғарғы саты, адамның ақиқатты, идеяны, құдайды тану сатысы. Құдайды сезімдік танымның көмегімен бейнелеу арқылы жан әсем өнерді жасайды; құдайды эмоциялық тұрғыдаң тереңдеп түсінуден дін туындайды, ал абсолюттік рухтың ең шыңы деп Гегель философияны атайды. Бұл сатыда адам өмірде маңызды адами нәрсе емес, құдайы. Оның міндеті – өзінің бойындағы адамға тән қасиеті терден арылып, құдайылық жолына түсу. Объективтік сатыда ғана адами өзінің толыққанды рухани келбетін айқындайды, күрес пен азаптан өтіп, өмірдің мәнін табады.
Гегельдің тағы бір тамаша ойы – бір рет қана адамгершіліктік ісәрекет жасаған адамды ізгілікті кісі деп құрметтеуге асықпау керек, бұл жоғары атаққа осы адамгершіліктік іс оның мінезінің тұрақты сипатына айналғанда ғана ие бола алады. Ешқандай комментарийді қажет етпейтін, қысқаша айтсақ, адамнан сөз бен істің бірлігін, тұрақтылық пен сабырлылықты талап ететін ой, ал бұл бірлікке жеткізетін, Гегельдің пікірінше. еңбектену, талпыну, қойылған мақсатқа ұмтылу.
Гегель Кант секілді адамды абсолют дәрежесіне көтермегенімен, адам-ның еркіндігін, құқын ерекше бағалады. Ол мемлекет адамның жеке ісіне, адамгершіліктің тұңғиық қырларына, тіпті ізгі тілектерге жүгіне отырып та араласпауы қажет, ал мемлекет билігі екіжүзді адамдардың қолында болса, бұл істің соңы өте қайғылы жағдайлармен аяқталады деп қарсылық білдіреді. Гегель мемлекеттің адам еркіндігін тежейтіндігін, адамды механикалық бөлшек деп қарастыратын машина екендігін түсіндіре келіп, дүниеде машина идеясы жоқ болғандықтан, мемлекет те жоқ болуы керек деп тұжырым жасайды.
Гегель іліміндегі тағы бір маңызды ұғым – «бақытсыз сана» ұғымы. Тереңірек үңілсек, Гегельдің «бақытсыз санасы» өмірдің мәнін таба алмай қиналған адамға тәнт трагедиялық құбылыс. Сыртқы болмыстан мәннің шешімін таппаған сана қайтадан өзіне, ойлау дүниесіне оралады, бірақ заттар мен нәрселер дүниесінен қашып құтыла алмай, ішкі қайшылықтарға ұрынады. Осыдан келіп өмір туралы түсініктің сыртқы болмысқа сәйкес келмеуінен туындайтын қайғы-қасірет пайда болады. Біздің ойымызша, дәл осы «бақытсыз сана» қазіргі қоғамда өмір сүріп отырған адамдардың басым көпшілігіне тән. Өмірдің мәні туралы бұрынғы түсініктер өзгеріп, қалыптасқан құндылықтардың орнын жаңа құндылықтар ауыстырған, экономикалық және қоғамдық қатынастар тұрақсыз кезенде «бақытсыз сана», яғни өткені мен келешегін көруге дәрменсіз сана орын алып отыр.
Осы ретте Гегельдің ілімі еске түседі, яғни «бақытсыз санадан» арылудың бірден-бір жолы – рухты ныгайту. Гегельдің ойынша, рухты танып-білу ең жоғары, ең қиын нәрсе. Рухты тану – жекелеген қабілеттерді, мінез-құлықты, мүмкіндіктерді дамыту, әлсіздіктен құтылу, яғни, өзін-өзі танып-білу. Бұл пікірдің маңызы ерекше. Сократтың «Өзіңді өзің танып-біл!» қағидасына ұқсас тұжырымнан Гегельдің адамның өзіне, ақыл-ойына, зердесіне деген үлкен сенімін көре аламыз.
Даму уақыты жагынан аз кезеңді (ХVIII-г.соңы -ХІХ-г.басы) қамтыга-нымен, неміс классикалық философиясы философия тарихында өшпес із қалдырды. И.Кант адамның ақыл-ойының мүмкіндіктерінің шексіз екендігі туралы ойды тұжырымдап, оның еркін тіршиіік етуші ретіндегі қайта-ланбас гуманистік терең мәнін айқын көрсетті. Диалектикалық даму тән ақыл-ой, зердені Г.В.Гегель Канттың пайымынан биік дәрежеге көтерді, сол кездегі Батыс Европа философиясының шыңына айналдырды. И.Канттың философиялық антропологиясы мен Гегельдің философиялық жүйесі өзінен кейінгі философиялық мектептердің қалыптасуына, әсіресе, орыс философиясы мен батыс экзистенциализмінің дамуына мықты әсер етті.
Иоганн Готлиб Фихте (1762—1814 жж.) — философиялык ілімдер ғылымдар теориясы (ғылымдар туралы ғылым) ретінде қандай да болмасын білімнің негізін көрсетулері керек деген пікірді өз ілімінің басты қағидасы етіп алған ойшыл. Негізгі еңбектері: «Ғылым туралы ілім» (1794 ж.), «Адамның міндеті» (1800 ж.) және т.б.
Фихте «өзіндік затты» танып-білуге болмайды деген пікірді мойындамайды және оны сынға алады. Оның пікірінше, алғашқы бастама барлығын қамтитын, анықтаушы нақтылық – абсолюттік «мен». «Мен» өзінің дамып отыратын іс-әрекетінің арқасында өзінің алғашкы бастама кезеңіңдегі (сана – субъект) ақыл-ойдың нақтылығына карама-қарсы жағдай «басқа менге» (табиғат – объект), одан кейін өз дамуының үшінші сатысы – екеуінің өзара қарым-қатынасына айналады. Бұл жердегі «мен» — рух, жігер, әдептілік, сенім ұғымдары, «басқа мен» — табиғат және материя ұғымдары болса, олардың өзара қатынастары синтез — бұрмалаушылыққа қарсы күресін жатқан адамның жігерін көрсететін ұғым. «Басқа мен» (табиғат, объект) нақты өмір сүріп қана қоймай, «менге» әсер етіп, кейбір жағдайларда оның іс-әрекетін де айқындайды: «Басқа меннің» (табиғаттың, объектінің) әсерімен болған іс-әрекетті біз танып-біле алмаймыз, бірақ бұл «әсерді» тікелей сезінеміз. Сөйтіп, теориялық іс-әрекеттің негізінде бисаналық іс-әрекеттің жатқаңдығын көреміз. Ал «меннің» іс-әрекеті деп Фихте субъектінің «әдептілік мінез-құлқын» айтады, Демек, адамның іс-әрекетінің мақсаты — әдептілік заңдары мен парызыңды орындау. Бұл мақсатты жүзеге асыруда қоршаған ортамен тығыз байланысты адамның тән табиғатынан туындайтын оның табиғи қабілеттері қарсы болады. «Менге» қарсы тұрып, оны іс-әрекетке итермелейтін «басқа мен» дегеніміз, айналып келгенде осы.
Фихтенің «басқа мені», табиғаты, объектісі Канттың «өзіндік заты» сияқты санадан тыс өмір сүрмейді, ол — сананың ерекше қызметінің қажетті туындысы. Бұл қызметтің ерекшелігі: санада осы қызмет жүріп жатқанда, адамда ол туралы саналы ойлау қабілеті болмайды, Сондықтан да, қарапайым күнделікті сана ол туралы ештеңе білмейді.
Сол себепті сананың осы ерекше қызметін қарапайым сана біздің түйсігіміздің мазмұны, бізге табиғаттан берілген деп ойлайды. Қарапайым сананың бұл қателігін тек философиялық ойлау ғана түзете алады. Шын мәнінде, түйсігіміздегі мағлұматтар «меннің» (сананың) іс-әрекетінен туындаған «елестету» ғана. Демек, «меннің» бұл іс-әрекеті бірінші де, «басқа — мен» мен «басқа — меннің» ажыраспас бірлігін байқай «көруге» болады. Бұл қабілетті Фихте «интеллектуалды интуиция» деп атайды.
Фихтенің пікірінше, әрекетшіл «мен» әр уақытта да өзінің қарама-қарсысының әсерімен қозғалысқа және іс-әрекетке түседі. «Меннің себепсіз іс-әрекеті – оның қызметі мен алдындағы мақсатының өзара қарама-қайшылықтарын қайта-қайта қалпына келтіру процесі. Басқаша айтқанда, бір кедергіден өтіп, оны жойған кезде, екіншісі пайда болады, сөйтіп шексіз кете береді. Өзінің осы тәсілін Фихте — «антитетикалық» тәсіл деп атаған. Бұл тәсілдің ерекшелігі антитезис тезистен шығарылмайды (диалектикалык, тәсілдегідей), керісінше, антитезис қарама-қарсылық ретінде тезиспен қатар қойылып, содаи кейін барып олар бірігеді. «Антитетикалық» тәсілді қолдану арқылы Фихте теория негізінен (түйсік, бақылау, қиялдау, елестету, ойлау тағы басқаша қарастыру негізінде) практикалық ақыл- ойдың негізгі мазмұнына, қабілетіне қарай ой түзейді. Осының арқасында субъект рет-ретімен теориялық іс-әрекеттің ең төменгі сатысынан жоғарғы сатысына дейін көтеріледі де, бұл деңгейде ол — ойлау объектісін өзінің ақыл-ойының белсенділігінің нәтижесі екенін түсініп-біледі. Сөйтіп — «ғылым туралы ілім» тәсілі адамзат ақыл-ойының даму жолымен сәйкес келгендіктен, айналып келгенде, өзінше байланысқан адамзат рухының тарихы болып шығады.
Фихтенің «практикалық философиясының» (этика, кұқық және мемлекет туралы ілім, т.б.) негізгі ұғымы — «бостандық» ұғымы. Ол бостандық ұғымын «қажеттілік» ұғымына қарсы қою арқылы түсіндіруге тырысады. Спиноза сияқты Фихте де адам жігері оның қандай да болмасын рухани іс-әрекеті септілікке бағынады деп есептеген. Бірақ осындай жалпыға бірдей қажеттілік бостандықтың болу мүмкіндігін жоққа шығармайды. Ал, бостандық дегеніміз қажеттілікті жою емес, керісінше, жеке адамдардың, адамзаттың заңдар мен мақсаттарға өз еркімен бағынуы. Басқаша айтқанда, бостандық дегеніміз қажеттілікті танып-білуге негізделген іс-әрекет. Өнегелілік және құқықтық мәселелерге тоқтала келе, Фихте этиканы — адамның ішкі дүниесіне бағытталған бостандық деп, ал құқықты адамдар арасындағы сыртқы қатынастарды реттейтін әлеуметтік құбылыс деп санайды. Демек, құқық әділеттілік заңдарына емес, адамдар арасындағы өзара қатынастарға сүйенеді. Ал өзара қатынастардың, келісімдердің негізі болып, қоғамда үстемдік етіп тұрған заңдарға әркімнің бағынуы саналады.
Фихте мемлекеттік билікті бөлу идеясын қолдамайды. Жалпы адамзат меншік иелері және меншігі жоқтар болып екіге бөлінеді Мемлекет дегеніміз — меншік иелерінің ұйымы. Демек, мемлекет азаматтардан басқалардың құқығын мойындауды талап ету ушін, өзінің олардың әрқайсысына меншік иесі болуға болатындай ұйымдастыру қабілеті болуы керек. Кейінгі еңбектерінде Фихте мемлекет пен құқықты адамзаттың әдепті өмір сүруінің бастапқы, бірақ қажетті даму сатысы деп, ал қоғамда әдептілік заңдары толық жеңгенде құқық пен мемлекеттің керегі болмайды деген пікір айтады. Фихтенің осы пікірлері өзінен кейінгі ойшылдарға үлкен әсер етті.
Фридрих Вильгельм Шеллинг (1775—1854 жж.) Канттың, Спинозаның, Фихтенің ілімдерінің кейбір идеяларын дамыта отырып, өзінің табиғи күштер иерархиясының спекулятивтік натурфилософиясы деп аталатын ілімін қалыптастырды. Негізгі еңбектері: «Трансцендентальдық идеализмнің жүйесі», «Адам бостандығының мәні туралы», т.б.
Шеллингтің пікірінше, материя дегеніміз рухани зат. Бірақ санасы жоқ табиғат адам санасының пайда болуынан бұрын өмір сүрген. Санасы жоқ табиғаттан саналы адамға айналу процесі көптеген бірінен-бірі жоғары даму сатыларынан өтеді. Табиғаттың даму себептерін оның өзіндегі, шындығында да өмір сүретін, қарама-қайшылықтарды табу арқылы түсініп, зерттеп білуге болады. Шеллинг табиғат дамуын, кейбір жағдайда диалектикалық тұрғыдан қарастырғанымен, оларды шын мәнінде механикалық қозғалыс, немесе механикалық даму деп есептеген. Өзінің осы натурфилософиялық ілімін Шеллинг трансцендентальдық философия деп аталатын ілімімен толықтырады. Бұл ілім бойынша, субъективтілік алғашқы бастама, қайнар көз, абсолют ретінде барлық мәнділіктің, нақтылықтың жалғыз ғана негізі. Бірақ әңгіме сезінудің, немесе ақыл-ойдың субъективтілігі туралы емес, керісінше, — танымның ерекше құралы — ақыл-ойдың заттардың тікелей бақылауы туралы болып отыр. Шеллинг өзінің осы таным тәсілін «интеллектуалды интуиция» деп атаған.
Эмпирикалық нақтылық заттарында бірде табиғат заттары, бірде рух көрініс табады. Демек, олар бір-бірімен тепе-тең (тождество) жағдайда болады. Табиғат пен рухтың тепе-теңдік идеясы Шеллинг философиясының басты және негізгі проблемасы болып табылады. Бұл мәселені түсіну үшін алдымен абсолюттік ақыл-ой дегеніміз не екенін түсініп алуымыз керек. Абсолюттік ақыл-ойда субъект пен объект бір-бірімен ажырамастай бір. Себебі, субъектіде объектіні ойлайтын да, объект ретінде субъектіге байланысты өмір сүретін-де – сол абсолюттік ақыл-ойдың өзі. Осындай абсолютте барлық қарама-қарсылық (субъект пен объектінің, табиғат пен рухтың, т.б.) жойылып, идеалдылық пен нақтылық тепе-теңдігіне айналады. Демек, ақыл-ойдың санасы дегеніміз, құдайдың өзіндік санасы, себебі құдайдың өзі — ақыл-ой. Басқаша айтқанда, Шеллинг құдайды жеке тұлға ретінде карастырады. Жеке тұлға – құдай мен жеке тұлға – адамның айырмашылығы: кұдай жеке тұлға, бостандық ретінде шексіз болса, адамда бұл аталған құбылыстар шектеулі. Жалпы әлемдік нақтылық не табиғат, не рух ретінде көрінеді. Олай болса, табиғат патшалығы мен рух (тарих) патшалығы бірінен кейін бірі орналасқан қатар (даму) түзейді, ал олардың жеке, сатылары «потенция» (мүмкіндік) деп аталады. Осы жеке сатылардың — потенциялардың бір-біріне туысқандық қатынастары, олардың ортақ түрі – абсолютке байланысты. Демек, потенциялар (жеке сатылар) бір-бірінен туындамайды, керісінше, оларды өзінен абсолют шығарып, өзінің толық ашылғандығын көрсетеді. Өзінің соңғы шығармасында, Шеллинг дін тарихын метафизика тұрғысынан қарастырып, дінге және мистикаға бет бұрып, «кездейсоқ жағдайда ақиқатты философия тұрғысынан ашу» ілімін жұрт алдында насихаттауға талпынады. Сөйтіп, ол рациопализмнің шектен шыққан түрінен мистика мен иррационализмге бет бұрып, өзінен кейін қалыптасқан иррационалистік философиялық бағыттың негізін қалаушы болады.
Дамудың белгілі сатысына жеткенде, өзін-өзі заттандырған абсолюттік идея ұйқыдан оянып, табиғаттағы өзін философия, ғылымдар арқылы танып білуге бел байлайды. Бұл поцесс абсолюттік идеяның мақсаттылыққа құштарлығын көрсетеді. Өйткені, абсолюттік идеяның, әуел бастан-ақ негізгі мақсаты – ақиқатқа жету, ал ақиқаттың өзі– абсолюттік идеяның өзі болғандықтан, бұл мақсатын жалпы дүние жүзілік тарихтың даму процесіндегі адамдардың іс-әрекеті негізінде жүзеге асырады. Демек, таным процесі дегеніміз антропологиялық адамдарға «таза ақыл-ой санасының енуі» (феноменология дегеніміз осы) арқасында адамдар танып-білуші – субъектіге айналып, объектіні (өзінің басқа түрін) тануға ұмтылады да, өзімен (абсолюттік идея – субъект ретінде) табиғаттың (абсолюттік идея объект ретінде) арқасында ешқандай айырмашылықтың жоқ екенін байқайды. Ал, объект — табиғат үстіндегі жамылғысын ысырып тастап, өзінің ақылды екенін түсініп, ақиқат тілімен сөйлей бастайды. Сөйтіп, танып-білуші рух та, танылуға тиісті рух та өзгереді: бір жағынан танылған заңдылықтар, қасиеттер объектіні абсолюттік идеяның бұрынғы, «өзінде болған» кезінен басқаша қылып өзгертсе, екінші жағынан, танымның өзі байып, жаңа сатыға көтеріледі.
Неміс классикалық философиясының көрнекті өкілі Людвиг Фейербах 1804 ж. Ландсугутта туып, 1872 ж. Нюрнберг қаласының маңында, Рейхенберг деген жерде қайтыс болған. Негізгі еңбектері:. «Христиан дінінің мәні», «Діннің мәні», «Гегельге қарсы сын», т.б.
Фейербах Гегельдің қарама-қайшылықтар бірлігі қағидасын, оның диалектикасын жоғары бағалап, жас гегеляншылар қатарында болды. Кейін келе, ол Гегель бірлікті идеалды түрде ғана түсінеді, ал оның диалектикасы өмір шындығынан тыс жатыр деп сынға алып, идеализмді діннің рационалданған түрі, сондықтан философияның бірден-бір міндеті дінге қарсы күресу деп тұжырымдады. Құдай – адамға тән қасиеттерді, мәнді одан бөліп алып, жеке өз алдына мән ретінде қалыптасқан ұғым. Шындап келгенде, құдай деп жүргеніміз адамның өзі. Ал адамның өзі физиологиялық және психологиялық бірліктен тұрады. Оны ажыратып, бөліп қарау тек абстракцияда ғана мүмкін. Сондықтан, Кант пен Гегельдің адамды рухани құбылыс ретінде қараулары негізсіз. Жан мен тән, рух пен дене бірінсіз-бірі өмір сүре алмайды. Тәп өлгенде жан да өз өмірін тоқтатады. Адамның мәні — ақыл-ой, жігер, жүрек (жан мағынасында) және физиологиялық процестерге жатпайтын өзіндік ерекшеліктері бар дененің ұйымдасу қабілетімен тығыз байланысты. Адам — табиғаттың ең жоғары нәтижесі, сондықтан оны табиғаттан бөліп қарауға болмайды. Демек, жаңа философияның негізгі міндеті табиғатты зерттеп, оның адамға тигізер әсері негізінде, адамның осы өмірдегі мән-мағынасын түсіну. «О дүниеде» қалай жақсы өмір жоқ болғандықтан, адамдар бірігіп, «осы дүниеде»-қалай жақсы өмір сүруге болатын жолдарды іздестірулері керек. Осындай жақсылыққа апаратын жол, құдайға жалбарынуды уағыздайтын діннің орнына, адамдардың бір-біріне сенімін арттыратын сүйіспеншілік діні деп есептейді Фейербах.
Фейербах Канттың таным тұжырымдамасын сынға ала отырып, адам ақыл-ойы объективті нақтылықты дұрыс бейнелейді деп сенеді. Таным процесінде басты рөлді сезім атқарады, ал ойлаулың қызметі сезім берген деректерді басқа деректермен байланыстыру.
Қорытынды
Жаңа дәуірден бастап дамыған қоғамның өндірістік қатынастары XVIII ғасырдың аяғы, XIX ғасырдың басында Батыс Еуропа елдеріне көптеген өзгерістер мен жаңалықтар ала келді. Ғылымы, өндірісі мен техникасы жоғары дәрежеде дамыған Англия сол кездегі елдердің алдыңғы қатарына шықты. Капиталистік даму процесі біртіндеп еніп, елдегі әлеуметтік жіктелуді күшейте бастағандықтан, Францияда жаңадан көптеген саяси ілімдер мен көзқарастар туды. Соның негізінде революциялық идеялар белең алып, мұның ақыры саяси төңкерістерге алып келді. Ал осы кездегі Германия үшін капиталистік қарым-қатынастың кеңінен дамуы болашақтың ісі сияқты еді. Өйткені неміс жерінде бытыраңқы, ұсақ (үш жүзге тарта) мемлекеттер пайда болып, олардың арасында шиеленіскен соғыстар жүріп жатқандықтан, жалпы елдің экономикасы мен саяси дамуы кенжелеп қалды.
Алайда, Германияда осы кезде ғылым мен мәдениет, әдебиет пен өнер ерекше дамып, осы салаларда дүние жүзін таң қалдырған ұлы жаңалықтар ашылды. Сондықтан неміс ойшылдары Батыс Еуропадағы осы тарихи дамуды басынан кешіре отырып, ағылшындар және француздардың мәдени, рухани дамуының байлығын бойына сіңіре отырып, жаңа классикалық философияның озық үлгілерін берді. Классикалық неміс философиясы бүкіл философия тарихындағы мұраны игеріп, алдыңғы қатарлы мәдениет пен ғылымға сүйеніп, сол кездегі қоғамдық дамуды терең талдай отырып, жаңа диалектикалық әдістің, таным теориясының, логиканың шығуына түрткі болды. Классикалық неміс философиясы ойлау мен болмыстың диалектикалық байланысын аша отырып, танымдағы субъектінің рөлін айқындады. Сондай-ақ, ойлаудың болмысқа қатынасы арқылы таным теориясындағы объекті мен субъектінің диалектикалық арақатынасын ашып, теориялық ойлау формасын жаңа сатыға көтеріп, философиялық категориялардың атқаратын рөлін көрсетіп берді.
Жаңа заман философиясындағы, әсіресе, оның таным теориясындағы пайым мен зерденің бір-бірінен алшақ кеткенін, ендігі жерде олардың ымыраға келмейтінін айқын көріп, соларға ерекше назар аударған классикалық неміс философиясының негізін қалаушы, әрі оның атасы – И. Кант (1724-1804) болды. Ол өзінің философиясын ең алдымен, бұған дейінгі дәуірде бір-бірінен алшақ кеткен логика, таным теориясы және диалектика туралы проблемаларды жан-жақты талдаудан бастады.
Ол «Таза зердеге сын» (1781) деген атақты шығармасында сөзді бұрын ерекше бағаланып, бас иіп келген зерденің қазіргі кезеңдегі қайшылыққа ұшырап отырған тағдырынан бастайды. Зерде тап болған қайшылықтардың бетін аша отырып, логикаға, таным теориясына және диалектикаға тән мәселелердің де шет жағасын шығарды.
И. Кант өзіне дейінгі ойшылдардың эмпиризм мен рационализм саласындағы сыңаржақ кеткен кемшіліктерін көрсете отырып, философияда бұрын-соңды болмаған үлкен жаңалық ашты. Ол бұл жаңалықты философиядағы коперниктік төңкеріс деп атады. Бұл төңкерістің мәні мынада еді: егер Кантқа дейінгі ойшылдар табиғатты зерттей отырып, болмысты, материяны философияның негізгі нысанына айналдырса, немістің ұлы ойшылы, керісінше, біздің философиялық талдауымыз ойлауға, идеяға, ақыл-зердеге, субъектіге бағытталуға тиіс деді. Ал болмыс, материя, объекті осы ойлауға, идеяға, ақыл-зердеге, субъектіге бағынады және солардан келіп шығады деп білді. Мұның өзі Канттың сол уақытқа дейін кеңінен орын алып келген таным теориясындағы және философиядағы көзқарасты толығынан қайта қарап, жаңа ілімнің, ағымның іргетасын қалағанын көрсетеді. Канттың философиясындағы, таным теориясындағы коперниктік төңкерістің мәні таным процесіндегі субъектінің белсенді рөлін айқындап, негіздеп беру еді.
Кант жоғарыдағы еңбегінде таным процесіндегі қайшылықтарды кеңінен ашып, олардан шығудың жолын көрсетті. Ұлы ойшыл адам баласының таным қабілетін: сезімдік, пайым және зерде деп үшке бөледі. Оның мақсаты жаңа дәуірдегі эмпиризм мен рационализмнің тар өрістілігінен шығып, оларды өзара ымыраластыру еді. Сондықтан ол априорлы (априорлы - латын тіліндегі тәжірибеден тыс пайда болған ұғым, ой, идея) синтетикалық пікірдің жаратылыстану саласында қандай орын алғандығын көрсету үшін білімдердің әртүрлі салаларын алды. Кант ең алдымен математиканы, жаратылыстануды және метафизиканы (философияны) априорлы синтетикалық тұжырым арқылы талдай келіп, таным процесінің қалыптасуы мен белгілі бір сатылардан өту жағдайын көрсетті. Осыдан математика - сезімділікке, жаратылыстану - пайымға, метафизика, яғни философия - зердеге қатысты екені анықталды.
Кант осылайша белгілеген адамның таным қабілетінің үш түрі философия тарихында ерекше рөл атқарады. Өйткені, бұл бір жағынан танымды біртұтас, бірақ ішкі қайшылыққа толы процесс деп қарау болса, екінші жағынан, философияны жаратылыстану саласымен тығыз байланыстыруға жасалған әрекет еді. Сондықтан Кант белгілеп берген адамның бұл таным қабілетінің үш түрі бүгінгі күнде де өз маңызын жоғалтқан жоқ.
Философия тарихында пайым мен зерденің әлеуметтік мәнін ашуға ұмтылып, оны ғылыми әрі диалектикалық негізде дамытқан классикалық неміс философиясының ірі өкілі Г.Ф. Гегель (1770-1831) болатын. Оның шығармашылығының даму кезеңі Германияның саяси-әлеуметтік жағ-дайының біршама үлкен өзгеріске түсіп, елдегі ішкі қайшылықтар белең алған тұста басталды. Сондықтан ол өзіне дейінгі барлық ойшылдардың, әсіресе, ХУII-ХҮIII ғасырлардағы ағылшын және француз ағартушыларының, сондай-ақ, неміс жерінде кеңінен өрістеген ғылым мен мәдениеттің, өнер мен әдебиеттің жетістіктерін толық зерттей отырып, оларды өз жүйесін жасауға кеңінен пайдаланды.
Гегель негізінен өзіне дейінгі философияны тек пайымның әдісінде ғана қалыптасқан деп айқындай отырып, зерденің сан-қилы шығармашылық кезеңдеріне айрықша мән берді. Ол өзінің алғашқы философиялық шығармаларында қоғам өміріне, әсіресе, дін мен саясат мәселелеріне айрықша назар аударды. Гегельдің осы алғашқы шығармаларының ішінен болашақ диалектикалық, зерделілік әдісті тудыруға негіз болған еңбектерінің бірі – « Кім абстрактылы ойлайды?» деген мақаласы. Бұл шағын ғана еңбек болғандығына қарамастан, таным теориясының келелі мәселелерін көтерді. Ол ең алдымен ұзақ жылдар бойы қалыптасып келген таным процесіндегі тек сезімділік пен танымға ғана сүйенген абстрактылы ойды қатты сынға алды.
Расында да Гегельге дейінгі дәуірде сезімділік, пайым - нақтылықтың бейнесі, ал абстрактылық - ойдың жоғарғы даму процесімен тығыз байланысты деген көзқарас айрықша орын алып келді. Міне, осындай ағат пікірге Гегель ашықтан-ашық қарсы шықты. Оның ойынша, абстрактылы ойлау сауатсыз, білімсіз, топас адамның әрекеті. Өйткені, абстрактылы ойлау қандай ғана болмасын мәселенің басын ашып бере алмайды. Ол тек сыртқы көрініске, одан соң сезімге ғана мойын ұсынады. Абстрактылы ойлау таным процесіндегі сыңаржақтылықтың нақты бір белгісі. Абстрактылы ойлаған адам өз ойына өзі мән бермей, каралып отырған мәселеге терең үңілмей, оның мәнін, тарихын ашып беруге дәрменсіз. Сондықтан Гегель абстрактылы ойлаған кейбір адамдарды мысалға ала отырып, олардың сауатсыздығын, надандығын, білімсіздігін көрсетті. Олай болса, таным процесі негізінен нақтылыққа ұмтылады. Нақтылық дегеніміз-көптеген анықтамалардың синтезі, көпжақтылықтың бірлігі. Яғни нақтылық қандай да мәселеге болмасын, объективті, тарихи, ішкі байланыстарды анықтау арқылы қарауды талап етеді. Ендеше, таным процесі әуелі абстрактылықтан басталып, нактылыққа қарай өрлейді. Бұл - таным процесіндегі негізгі принцип. Бұл принципті К.Маркс өзінің «Капиталын» жазу процесінде шебер пайдалана білді.
Таным процесінде логика мен диалектикаға ерекше назар аудара отырып, пайым мен зерденің өзара байланысын тереңнен зерттеген Гегель өзінің алғашқы еңбектерінің бірі «Рух феноменологиясында» зерделі ойдың негізін көрсетті. Бұл шығарма Гегель философиясының «ақиқаттың қайнар көзі және жасырын сыры» рухтың-көріну формаларын, яғни оның сана, өзіндік сана, рух, абсолюттік субъекті арқылы даму жолдарын суреттеп берді.
Гегель «Рух феноменологиясында» сананың қалыптасу және даму жолдарын қоғам өмірімен байланыстыра отырып айқындап берді. Сана әуелі қарапайым түрде (яғни жеке индивидтің санасы ретінде) басталып, сан ғасырларға созылған тарихи белестерден өтіп, қоғамдық санаға дейін көтеріледі. Оның бұл даму жолы, ең алдымен, қоғамдық өмірдің, тарихтың пайда болып, даму кезеңдерімен тығыз байланысты.
Зерделі философияға жаңа бет-бұрыс жасауға ұмтылған немістің ұлы ойшылы Л.Фейербах (1804-1872) болды. Оның 1841 жылы жарық көрген «Христиан дінінің мәні» деген еңбегі философия тарихындағы жаңа дәуірдің бетін ашты деуге болады.
Фейербах классикалық неміс философиясының ақырғы буыны еді. Ол өз жүйесін И. Кант қалыптастырған жолдан тайдырып, жаңадан философиялық жүйе жасады.
Ол өзінің философиясын «болашақтың философиясы» деп атады. Оның ойынша, философия ойлар мен рухтар дүниесінен босап шығып, жаңа патшалыққа қарай, яғни адамның қайғы-қасіреті қабаттаса қорланған дүниеге қарай бет бұруы тиіс. Демек, философия ендігі жерде өзінің ойларын таза зерденің ықпалынан адамға, антропологияға қарай алып шығуға тиіс. Ол өзінің «Болашақ философиясының негізгі қағидалары» деген еңбегінде құдай туралы, яғни теологиялық ілімнен шығып, адам туралы ілімді тудыру керек дейді.
Осындай жаңа ілімді тудыру үшін ол классикалық неміс философиясында қалыптасып қалған ілімдерге қарсы шықты. Содан да болар, Фейербах «жаңаша философияның», яғни Гегель философиясының аяқталуының бейнесі іспетті. Бұл философияның тарихи қажеттілігі мен оны ақтаудың негізі, көбінесе, оны сынаумен байланысты болды.
Сөйтіп, Л.Фейербах жаңа философияның негізін қалай отырып, алдымен Гегельдің кең таралған жүйесін сынауға кірісті. Ол оған қарама-қарсы ой мен болмыстың арасындағы тепе-тендік қатынасты ашуда табиғатты негізгі объекті етіп алып, соның мәнін анықтауға тырысты.
Табиғат перзенті - адам философияның негізгі субъектісі. Алайда, Фейербах объекті мен субъекті туралы мәселені табиғат пен адамның арасындағы қарым-қатынас деп қараумен шектелді. Гегельдің ойлау мен болмыстың теңдігі туралы мәселесін Фейербах материалистік негізде шеш-пекші болды. Сол себептен ол адамның болмысын нақты өмір сүретін объективтік шындық деп қарады. Бұл классикалық неміс философиясына қарама-қарсы дүниетаным болатын. Егер Гегель табиғатты идеяның жатсынуы деп қараса, Фейербах оны барлық ғылымның, адамзаттың шығу тегі деп есептеді. Ендеше, адам баласының болмысын біз ойлау процесі арқылы ғана анықтай алмаймыз.
Рас, ол ойлау мен болмыстың байланысы диалектикалық екенін мойындады. Өзінің философиясында болмысқа анықтама бере келе, ол оның ойлаусыз өмір сүруі - материя екендігін, шындықтың субстраты екендігін айқындады. Сөйтіп, Фейербах өз заманындағы философиялық негізде материя туралы ұғымды нақтылады. Егер ХVІІ-ХҮIII ғасырлардағы философ-материалистер материяны субстанция ұғымы арқылы анықтауға тырысса, Фейербах оған сезімділік пен зерденің негізгі пәні ретінде қарады. Оның ойынша, егер материя болмаса, біздің зердеміз ешбір сезімділікке, белгілі бір әсерге ие болмас еді. Онда ойлауда да ешқандай мән қалмайды. Ендеше, материяны жоққа шығару дегеніміз зердені жоққа шығарумен бірдей. Фейербах материяның негізгі өмір сүру формалары - уақыт пен кеңістікке де айрықша көңіл бөлді. Ол «Уақыт пен кеңістік құбылыстың жай формалары ғана емес, олар - болмыстың, сондай-ақ, ойлаудың түп тамырлы жағдайы, зерде формаларының заңдары. Шын мәнісіндегі ойлау уақыт пен кеңістіктегі ойлау» деп көрсетті.
Лекция – 5: Жаңа дәуір философиясы
1. Жаңа Дәуір философиясының жалпы сипаттамасы.
2. Жаңа Дәуір философиясындагы рационалистік және эмпиристік багыттар. Ф.Бжон, Р.Декарт, Б.Спиноза.
3. Дж.Локк пен Т.Гоббстың алеуметтік-философиячық концепциялары.
4. Дж. Беркли мен Д.Юмның субъективтік философиясы.
Жаңа Дәуір философиясының қалыптасуы мен мазмұнына қоғамдағы әлеуметтік өзгерістер айқындаушы әсер етті. ХVІІ-ғасырда капитализм әлемдік-дүниежүзілік сауда мен мануфактуралық өндірістің тез қарқын-мен дамуын бастан кешті, ол рационализмге негізделген еді жән өндірістегі механизмдердің рөлі арта түсту
Капиталистік өндіріс тәсілі ғылымғадеген сұранысты күшейтіп, ғылым бірте-бірте өндіргіш күшке айнала бастады. Экономикалық және әскери жағынан мықты мемлекетке айналуды мақсатетіп қойған европалық мем-лекеттер ғылыми ізденістерге ерекше көңіл бөлуге мәжбүр болды, бұл өмір талабы еді. Ғылымдар академиясы да осы кезеңде пайда бола бастады.(Жаңа Дәуірде тәжірибе мен эксперименттерге негізделген ғылымдар, әсіресе математика, алгебра, аналитикалық геометрия, механика күшті қарқынмен дамыды, бұл фактор шіркеудің рөлін төмендетіп, атеизмнің терең тамыр жаюына әкелді.
Бірақ діннің де ықпалы жойыла қойған жоқ. Мемлекет басшыларына дін халықтың рухани азығы ретінде аса қажет еді, сондықтан да дін мен мемлекет одағының бұзылмауы үшін күрес үнемі жүріп отырды. Бір қоғамдық өмірде оның секуляризациясы, шіркеуден тәуелсіздік, діни шыдамдылық (веротерпимость) үшін күрес молырақ орын алды, әрбір адамның діни таңдау еркіндігі үшін күрес үнемі жүріп отырды.
Осы кезенде философия ғылымы екіге бөлінгендей күй кешті: бір жағынан – ғылыммен тығыз байланыс, екінші жағынан – философиялық шығармаларда дінн-теологиялык мазмұн әлі де болса мол бол ды. Дегенмен де философия ғылымға көбірек бет бүра бастады;
Бұл ерекшелік ағылшын философы Фрэнсис Бэконның (1561-1626) философиясынан анық байқалады. Дворяндар отбасындатуып, Кембридж университетін бітірген Бэкон дипломатиялық қызметпен де айналысты, парламент мүшесі, танымал адвокат, шешен, белгілі жазушы ретінде де танылды. Негізгі еңбектері: «Жаңа Органон», «Тәжірибелер немесе адам-гершіліктік және саяси қағидалар», «Жаңа Атлантида», т.б.
Бэкон философия ғылымының практикалық функциясына ерекше көңіл бөледі. Оның ойынша. философия ғылыми білімдердің көмегі арқылы адамға табиғатты игеруге көмектесуі қажет. Әйгілі «Білім – күщ» (Знание – сила) деген қағиданың авторы Бэкон еді. Ғылымдарды да Бэкон адамға пайдалылығына байланысты классификациялайды.
Оның пікірінше, философияның негізгі зерттеу объектілері – құдай. табиғат және адам. Бэкон философияны табиғи философия деп түсінеді, оның өзін теориялық және практикалық деп бөледі. Біріншісітабиғат құбылыс-тарының себептерін түсіндірсе, екіншісі теориялық жаңалықтарды пайда-лана отырып, адамға қажетті жаңалықтар ашады. Табиғи философияны Бэкон физика және метафизика деп жіктейді, оның негізінде – Аристотельдің себептілік ілімі. Себептер материалдық және іс жүзіндегі, формальдік және мақсаттық болып белінеді. Алғашқы екеуі тәжірибелік зерттеуде нақты көрінеді, себебі олар табиғатта болып жатқан нәрселердің жақын себептері, оларды зерттеу – физиканың міндеті. Бірақ бұл жеткіліксіз, формальдік себептер олардан тереңдеу, оларды талдайтын – метафизика.
Философияның соңғы бөлімі – адам туралы ілім. Адам индивид ретінде антропологияның, қоғам мүшесі ретінде азаматтық философияның немесе саясаттың пәні.Адам табиғатты өзіне бағындырып, адам патшалығын орнатуы қажет. Бұл істе оған көмектесетін практикалық философия, объективтік акиқаттарды танып-білу тосілі, бұл тәсіл.»Жаңа Органонда» баяндалады. Бэконның тұжырымдауынша, адам ақыл-ойына жүгіне отырып, теориялық пайымдауларды іс жүзінде тексеруден өткізіп, тәжірибеде көз жеткізіп отыруы қажет. Бэкон осылайша рационализмді сынап, эмпиризмді қолдайды. Оның ойынша, адамның ақыл-ойына, санасына қателіктер тән, олар ақыл-ойдың дамуын тежеп отырады, сондықтан олардан құтылуға тырысу керек. Бэкон бұл кемшіліктерді идоя-дар, елестер, ескіліктің қалдықтары деп атайды. Оның пікірінше, кейбір идолдар адамға туа біткеннен тән, кейбіреуі адам танымының тарихи даму процесінде, ал енді біреулері адамның жеке дамуының кезендерін де пайда болады. Бұл елестер адамнан қалмай қуалап, олардың бойынд. алдамшы идеялар туғызады, табиғаттың нақты бейнесін көмескілеп, адамға табигаттың тереңіне бойлауға бөгет болады. Олар:
1) Адамның табигатына, тегіне, ақыл-ойына да, сезімдеріне де тән елес-идолдар. Адамның ақыл-ойының да, сезімдерінің де кемшіліктері көп. Бірақ адам оны ескере бермейді, не ақылына, не сезіміне көбірек жүгінеді. Мысалы, ғылыми фактілерді толық жинап болмай жатып, теориялық асығыс қорытынды жасайды, немесе дәлелденбеген нәрсеге көбірек сенеді. Бэкон теорияны эксперимент тәсілі арқылы тексеру бұл идолдан құтылуға себеп деп көрсетеді, ақылдың қанатына таразы тас іліп қойса, ақыл жерге, фактілерге жақындай болады дейді.
2) Үңгір идолдары – адамның физиологиясы мен психикасының, тәрбиесінің ерекшеліктері, жеке наным-сенімдері мен ырымдары құбы-лыстарды объективті түрде қабылдауға кедергі жасайды. Оны түзететін ұжымдық тәжірибе.
3) Алаң идолдары – адамдардың тіл арқылы араласуынан туындайтын идолдар. Жаман сөздерді қолдану адамның санасын, ойлау логикасын бұзады. Адамдардың көпшілігі оның зиянын ескере бермейді. Бэкон бұл жерде қарапайым сананы сынайды. Сөздерді қолдана отырып, олардың артында нақты заттар тұрғанын, нағыз объективтілік тек соларға тән екенін ұмытпаған жөн дейді (номинализм бағытын жалғастырады).
4) Театр идолы – жалпы қабылданған, көнеден келе жатқан философиялық доктриналарға, мектептер мен жүйелерге, олардың беделіне деген соқыр сенім «философиялықтеатрларды» туындатады. Мысалы, дінге деген шектен тыс сенім. Оны жеңу мақсатымен Бэкон «екі ақиқат» теори-ясын ұсынады. Философия ақыл-ойға жүгініп, ол әлсіздік танытқанда теологияға да арқа сүйесе, артық болмайды. Бірақ олар бір-бірінің ісіне араласпауы қажет. «Ақиқат беделдің емес, уақыттың туындысы».
Ф. Бэкон индукция теориясының маңызын көрсетті. Тәжірибедегі фак-тілерден біртіндеп жалпы ережелерге көшуді дедуктивті-силлогистік пай-ымдауға қарсы қойған Бэкон бұл тәсілдің ақылға тән кемшіліктерді жоя алатындығына сенімді болды. Бірақ бұл жай тіркей беру емес, жиналған фактілерді қорыта білу (бал арасы секілді), жаңа қорытынды-тұжырымдарға қол жеткізу. Ал ол бақылау (наблюдение) процесінде емес, эксперимент процесінде ғана мүмкін.
Рене Декарт (1596-1650) – француз дворянының отбасында туып, иезу-иттердің Ла-Флеш коллегиясында физика, математика, арифметика, механика, музыканы тереңдетіп оқыды. Мықты математик ретінде танылған Декарт осы ғылымның көмегімен бүкіл ғылымдар жүйесін, философияны қайта өзгертуді армандады. Саясат мәселелеріне қызықпаған де-карт (Картезий) алгебра, аналитикалық геометрия, механика мәселелерін зерттеумен айналысты жарықтың сыну заңын ашты, қанның айналуын зерттеді психология мен космогонияны, және, әрине, философияны талдады. Белгілі еңбектері: «Бірінші философия туралы пайымдаулар». «Фи-лософияның алғашқы бастаулары», «Метод туралы ойлар».
-философия ағаш секілді, оның тамыры – метафизика, діңгегі – физика, діңгектен тарайтын бұтақтары – үш басты ғылымның, медицина, механика және этиканың төңірегінде топталатын ғылымдар. Жемістерді тамырдан бастап жинамайтынынымыз секілді, философияның пайдалылығы да оны құрастыратын бөліктерге байланысты» деп. Декарт барлық ғылымдардың бірлігін, тұтастығын атап көрсетеді. Бэкон секілді, Декарт та шығармаларын қоғамның тандаулы топтарына ғана емес, қарапайым адамдарына да түсінікті тілде жазуға тырысты, оларға демократиялық сипат беруге ұмтылды. Екіншіден, өзінің ағылшын әріптесі сияқты, Де-карт та әлеуметтік реформаларды қолдамады, діни және қоғамдық тәртіпті өзгертуге қарсы болды.
Ерекшеліктері:
Декарт адамның ақыл-ойына көбірек жүгінді, Бэкон жекеден жалпыға қарай жүрсе, Декарт жалпыдан жекеге көшті, оның бұл ерекшелігі мате-матикалық ойлау тәсілінен жақсы көрінеді. Өзінің математикалық ізден-істерінің негізінде Р.Декарт жалпы ғылыми тәсіл ұсынды. Негізгі себеп -адамдар ғылым және өнер саласында ақиқат ұғымдарды емес, болжамды көбірек қолданады, сондықтан басқа тәсіл керек. Декарттың ойынша, мейлінше дәл ойларды ұсынуға тек математика қабілетті, сол себепті осы ғылымның тәсілдерін жаңа философиялық жүйе жасау ісінде қолдану керек. Декарт төрт ережені тұжырымдайды:
1) Ақиқат деп ақиқат екені күмәнсіз нәрсені ғана қабылдау қажет. Асығыстық пен нанымға орын болмауы тиіс, тек ақылға айқын, нақты тұжырымды ғана қабылдау керек. Картезиандық рационализмнің бұл принципін интуиция ұғымы буідіреді. Декарт бұл қасиетті табиғи, бірақ сезімдік емес, интеллектуальдік сәуле деп түсінеді.
2) Зерттейтін сұрағымызды ойша мүмкіндігінше қарапайым элементтерге бөліп қарастырсақ, қиыңдықтарды шешу, белгілі бір шешімге келу жеңілдейді.
3) Бұл ереже логикалық түрде екінші ережеден туындайды: таным процесі қарапайымнан күрделіге қарай жүреді.
4) Дедукцияның барлық звеноларын ұмытпайтындай шолу жасап отыру қажет – энумерация.
Декарттың рационализмінің негізі – күмән. Күмәнданған адам күмән туғызған объект туралы терең ойланады, яғни өмір сүреді, тіршілік етеді. «Мен ойлаймын, яғни өмір сүремін» (Я мыслю. следовательно я существую. Соgіtо егgо sит). Декарттың пікірінше, біз анық қабылдайтыні нәрселердің бәрі ақиқат, бірақ олар ақылымыз арқылы, ойымыз арқылыи қабылданады.
Барух Спиноза (1632-1677) Амстердамда еврей отбасында дүниеге келіп, өуелі сауда-саттықпен айналысқанымен, кейінірек философияға біржола бет бұрды. Оның ілімінде алғашқы кезде жаратылыстану мәселелері көбірек болғанымен, ол бірте-бірте этикалық доктрина қалыптастыру, адам мәселесін терендеп зерттеу ісіне басты назар аударды. Негізгі еңбегі – «Этика».
Спиноза адам табиғаттың ажырамас бөлігі екеніне сенімді. Табиғатта механикалық заңдар үстемдік құрса, адам қызметінде оған ойлау қосылады. Спиноза адамгершілік принциптерініңтабиғи сипатын ерекше атап кәрсетеді. Бірақ оның философиясында құдай – табиғаттың өзі. Ол субстанция, құдайы табиғатта кездейсоқ ештеңе жоқ, адамдардың құдай деп жүргендері өздері түсінбеген табиғат. Спиноза адамгершіліктік ережелердің құдайдан туындайтындығын теріске шығарғанымен, оның философиясынан жеке эгоизм идеясын кездестірмейміз.
Ең бастысы – Спиноза адамның еркіндігін, оның ақыл-ойының еркіндігін жария етеді. Оның ойынша, адам адамгершілікті өз бойында еркін қалыптастыруға қабілетті, қорқыту, үрей (мемлекет және басқа адамдар тарапынан) арқылы адамгершікке тәрбиелеу мүмкін емес, себебіоның табиғаты ізгілікті.Адам өмірінің мәнін Спиноза бақытқа жету деп түсінді, осы бақытқа жету жолында оның ақыл-ойы адамгершілік ережелерін ту-ындатады. Спиноза сезімді парасаттан төмен қойып, адамгершілікті ақыл-оймен байланысты қарастырады. Ақыл-ой белсенді, оның күші танымның дамуы процесінде өсе түседі. Еркін ақыл-ойға ие адам еш қысымсыз басқа адамдармен тамаша қарым-қатынас орната алады, яғни ақыл-ойдың көмегімен рахатқа бөленеді. Осыдан Спинозаның мемлекет туралы пікірі туындайды, ол мемлекеттің мақсаты – адамның еркіндігін қамтамасыз ету деп тұжырымдайды.
Спиноза адамды өмірдің барлық жағдайында да еркін болуға шақырады. Тіпті өлімнен де қорықпау керек, себебі мәңгілік ештеңе жоқ. Сондықтан да еркін адам өлім туралы мейлінше аз ойлайды, өлім туралы күні-түні қайғырып, мұңға бату – құлдықтың бір түрі. Спиноза адамдарды өз бақытсыздықтарына салыстырмалы түрде қарауға шақырады (біз «философиялық» деп атап жүрген көзқарас). Өмірде бәрі де өтпелі, қазіргі сәтсіздік – себептіліктің бір звеносы, әлем деңгейінде ол болмашы ғана нәрсе. Бір қарағанда үстіртіндеу болғанымен, Спинозаның бүл философиясы өмір туралы ойланған адамның жан жарасын жеңілдетуге біршама пайдалы. Ол адамды тәуелсіз, еркін, ешкімге де, ештеңеге де жалтақтамай өмір сүруге үйретеді және дүниедегі құбылыстардың, адам өміріндегі проблемалардың бәрі де уақытша, өтпелі екендігін дәлелдейді. Өмірден жиі түнілетін қазіргі заман адамына Спиноза философиясы аса пайдалы.
Томас Гоббс (1588-1679) – кәрнекті ағылшын философы, Оксфорд университетінде Аристотельдің логикасы мен физикасын оқыды. Негізінен адам мәселесін, оның әлеуметтік-құқықтық статусын зерттеді. Еңбектері: -Левиафан немесе Материя, шіркеулік және азаматтық мемлекеттің формасы мен билігі», » Азамат туралы», » Дене туралы», «Адам туралы».
Гоббс философия мен теологияны беліп қарастырады, Бэконның «екі ақиқат » теориясын тереңдете түсіп философияны жогары қояды, «фи-лософия – танушы ақыл-ойдың рациональдік іс-әрекеттерінің жүйесі. Ол, бір жағынан, белгілі себептерден әрекеттер мен құбылыстарға қарай, екінші жағынан, құбылыстардан оларды тудыратын негіздерге қарай жүреді. Яғни, ақиқат дегеніміз ғылымға тең философия». – дейді.
Теологияны жоққа шығармағанымен, оны философияның құрамдас бөлігі деп қарастырмайды. Гоббс үшін теология рациональдік анализді қажет етпейтін құдайы білім, оны сол күйінде тұтас жұтқан дұрыс. Гоббстың бұл пікірлерінің негізгі себебі – оның философиясының басты мәселесі адам мәселесі болғандығында. Оның пікірінше, адам әуелі табиғи денелердің бірі және табиғат адамдарды қай жағынан болсын тең етіп жаратады. Бірақ Гоббс әрбір адамға тән табиғи қасиет эгоизмді шек-тен тыс әсірелейді. Ол адамды өзін ғана ойлайтын, езінің сезімдеріне әлі келмейтін мақұлық ретінде сипаттайды. Гоббстың пікірінше, «адам адамга қасқыр «, адамдар күш пен ақыл жағынан тең болғанымен, әркім өзін басқалардан күштірекпін деп ойлайды, теңдіктен өзара сенімсіздік туындайды. Табиғи тендік үміт теңдігін туғызады да, екі адам бір мақсатқа бірдей ұмтылып, мақсатқа жету жолында бірі басқасын құрбан етуге немесе бағындыруға тырысады, сол себепті адамдар бір-бірімен үнемі соғыс жағдайында болады.
Гоббстың ойынша, адам физикалық қана емес, моральдық, рухани дене, жасанды көптеген денелерді жасаушы, мәдениет өркениетін қалыптастыру-шы. Осы жасанды денелердің арасындағы маңыздысы және күрделісі – мемлекет. Ол туралы ілімді Гоббс өзінің маңызды доктринасы деп түсінді және моральдық немесе азаматтық философия деп атады. Оның түсінігінше, мемлекет эгоистік табиғатқа ие адамдарды уысында ұстайтын, қогамдық келісімге негізделген билік. Мұндай билік болмаса, адамдар қоғамдағы өмірлеріне еш қанағаттанбайды, керісінше, күйзеліс сезіміне толы болады дей отырып, Гоббс тап осындай күйді адамдар өзі күші мен қулығынан өзге басқа кепілдігі болмаған кезде бастарынан кешетіндігін айтады. Оның ойынша, адамдарды қоғамға біріктіретін күш тек қана өзара күрес, үздіксіз соғыс қаупі, қоғамның бейбіт келісімге келу қажеттілігі. Гоббс адамгершілік ұғымдары мен ережелерінің жалпылық сипатын жоққа шығарады, олардың мазмұны адам өмір сүріп отырған ортаға, уақытқа байланысты. Басқа адам саған ізгі ниет көрсетіп, жақсылығыңа жақсылықпен жауап берсе ғана адамгершілік ержелерін ұстан. Сенің жақсы істеріңе керісінше іс істеген адамға ізгіліктік көрсету – Гоббстың пікірінше, ақылға сыймайды. Ол адамды өз ақылына сенуге үйретеді, себебі қоғамдық парасатқа сенім жоқ, қоғамдық адамгершілікті биліктің көмегімен қорқыту арқылы ғана қалыптастыруға болады. Мемлекетте де табиғаттағы сияқты күш үстемдік етеді, одан заң туындайды. Мемлекет адамның өмірі мен мүлкін қорғайды, бірақ адамдар оған бағынышты болып, оның үстемдігін мойындауы қажет, сонда ғана бейбіт өмір орнайды, яғни билік пен ақиқат күштінің қолында және мемлекеттік билік шексіз болуы тиіс.
Гоббс Томас (1588-1679) - ағылшын философы және саяси ойшылы. Гоббс мемлекетті «жасанды дене», құдайдың орнатуы емес, адамзаттың іс-әрекетінің нәтижесі деп анықтаған. Философтың ойынша мемлекет адамдар бытыраңкы өмір сүрген және «барлығының барлығына қарсы соғысы» жағдайында болған «табиғи» күйден қоғамдық келісімге келу негізінде пайда болды. Қоғамдық келісім нәтижесінде өз еркіндігін ерікті түрде шектеген жеке азаматтардың құқығы бейбітшілікті сақтау және азаматтарды қорғау функциясы берілген мемлекет басшысына немесе мемлекеттік органдарға беріледі. Гоббстын ойынша, қоғамдық келісім бір уақытта мемлекеттің және қоғамның пайда болуына әкеп соғады. [1]
Гоббс Томас өзінің ілімінің негізіне жеке адамның жаратылысы туралы белгілі бір кәзқарастарды алды. Туа бітті, жаратылысында адамдардың ойлау қабілеті де, шынығуы да бірдей деп есептейді. Сондықтан барлығы "бәріне құқылы". Бір жағынан, адам өте өзімшіл, оған қорқыныш, іштарлық сияқты қасиеттер де тән. Адамды тек қызғаншақтар, жаулар қоршайды. "Адам адамға қасқыр" принципін негіздеді. Осыдан келіп қоғамда соғыстар туындайды. Бірақ мүндай соғыстар кезінде "бәріне құқылы болу" деген - ешнәрсеге ешқандай құқы жоқ деген сөз. Мінеки, осы жағдайды Гоббс Томас "адамдардың жаратылысы немесе табиғи жағдайы" деп анықтаған. Адамдарға күшпен қатар, өлім қатері мен өзінөзі қорғау қасиеттері де берілген.
Ең маңызды жаратылыс заңы:
- бейбітшілікке үмтылу;
- бейбітшілік мүдцесі мен өзін-өзі қорғау, қажет етсе, әркім өзінің қүқынан қажетті түрғыдан бас тартуы қажет;
- адамдар өздері келіскен келісімді орындаулары керек.
Жалпы Гоббс Томас 16 заң ұсынды. Олардың барлығының түйіні: «өзіңе тілемейтінді, өзгеге істеме». Гоббс Томас тұжырымы бойынша келісім мен алмасу - адам қоғамындағы бейбітшілікті орнатудың шарттары.
Құқық пен заң мәселелерін бөліп қарастырған. Құқық ол үшін бір нәрсені істеуге немесе істемеуге еркіндік, ал заң бір нәрсені істеуге немесе істемеу үшін жазылған.
Жаратылыс заңдары жеке адамдардың орындауларын талап ете алмайды. Оны орындататын тек қана күш. Шексіз мемлекеттік билік - мінеки, осы бейбітшілік пен жаратылыс заңдарының орындалу кепілі. Егер жаратылыс заңдары адамдардың ақылдылығына байланысты болса, азаматтық күшке байланысты.
Мемлекет адамдардың "барлығына қарсы соғыстарды" жою үшін бірігуі тиіс деп санады. Олар өзара келісім бойынша жоғары билікті бір адамға береді. Гоббс Томас шексіз билік, суверен билігін жақтады.
Жаңа Дәуір философиясының тағы бір өкілі Джон Локк (1632-1704) Оксфорд университетінің түлегі, осы университетте грек тілі мен рито-рикадан сабақ берген. Адам ауруларын тереңірек зерттеу мақсатымен медицинамен, кейінірек саясатпен айналысты, үкіметтің басқарушы қыз-меттеріндеде болды, эмиграциядада өмір сүрді. Негізгі еңбектері: «Адамның ақыл-ойы туралы тәжірибе», «Ақыл-ойды басқару туралы», «Басқару туралы екі трактат»
Локк эмпиризмді – білім тәжірибеден ғана туындайды деген көзқарасты ұстанды. Оның білім концепциясы сенсуализмге негізделген, ақыл-ойда әуелі сезімде болған нәрседен басқа ештеңе болуы мүмкін емес деп тұжырымдайды. Локктың пікірінше, адамгершіліктік ұғымдар да адамға туа біткен қасиеттер емес, оны Локк моральдық түсініктердің әр халықта әр түрлі, тіпті бір халықтың өзінде тарихи дамудың әр түрлі кезеңдерінде моральдық ережелердің бір-біріне ұқсамайтындығы арқылы жақсы дәлел-дейді, яғни моральдық априори болуы мүмкін емес.
Локк құдай идеясының әуелден қалыптасқан идея екендігін де жоққа шығарады, бірақ оны тәжірибе арқылы танып-білуге, мойындауға болады деп пайымдайды.
Адам жаны, Локктың ойынша, дүниеге келгенде таза қағаз, оны өмір әр түрлі жазулармен толтырады, осы өмірлік тәжірибені Локк сыртқы тәжірибе деп атайды (адамнан тыс заттар мен жағдайлардың әсері). Бірақ Локк адамның ішкі дүниесін де жоғары бағалайды, оны ішкі сезім немесе пайымдау деп атайды. Тәжірибенің осы екі түрі біздің идеяларымыз-қайдан пайда болатынын түсіндіреді. Сыртқы тәжірибе идеяларын біз көз, есту, сезіну және тағы басқа сезім органдары арқылы, ал ішкі тәжірибе идеяларын қуаныш, қайғы, мақтан, тағы басқа психикалық жадайларымыз арқылы аламыз.
Локк сыртқы, практикалық тәжірибенің рөлін жоғары бағалайды, прак-тика ғана ақылымызды да, денемізді де жетілдіреді, тәрбиелеудің табысты-лығы ішкі және сыртқы тәжірибенің үйлесімділігін көрсетеді дейді. Локктың бұл ойлары оның қоғамдық-саяси көзқарастарынан да жақсы байқалады.
Локк Оксфорд университетінде грек тілі мен риторикадан сабақ берді деген болатынбыз. Менің ойымша, грек философиясының адамның, тұтас халықтың еркіндігі мен құқы туралы идеялары оның мемлекет туралы ойларына да ерекше әсер етті. Адамдардың бәрін ол еркін, тең, тәуелсіз, өмірге, еркіндікке, меншікке құқы бардеп қарастырды. Жеке меншік пен еңбекті ол адамның табиғи. ажырамас атрибуттары деп түсінеді, оларды қанағаттандырмаса, өмір де жоқ деп ұғынады. Құдай адамға бүкіл табиғатты берді, бірақ ол жеке меншік болғанда ғана пайда әкелмек, ол еңбек арқылы келеді. Адам еркіндігі, Локктың ойынша, оның азаматтық жағдайында, мемлекетте де сақталуы керек, яғни жогаргы билік шексіз болмауы тиіс. Бұл тұрғыдан алғанда Локк Гоббсқа қарсы. Локк конституциялық үкімет халықтың суверенитеті негізінде құрылуы керек және мұндай үкімет қоғам мүшелерінің бәріне тең қүқық пен еркіндікті қамтамасыз етуі қажет деп тұжырымдады. Оның ойынша, мемлекеттің функциясы ең қажетті нәрселермен шектелуі тиіс, келісімнің негізінде пайда болған мемлекет табиғи құқықты қатаң сақтауы керек. Локк үкімет билігін бөлуді ұсынды: жоғарғы билік тәуелсіз, бірақ бір-бірімен байланысты үш институттан тұрады, заң билігі – парламентте, атқарушы билік – сот пен армия, федеративтік – корөл мен министрліктерде. Конституциялық монархияның бұл концепциясы буржуазия мен дворяңдар арасында компромисс орнатуға ықпал етті, сондықтан Локкты Англияда либерализмді орнатушылардың бірі десе болады. Локктың пікірінше, қоғамға діни шыдамдылық қажет, бірақ атеизмге жол жоқ, себебі дінсіз қоғам болмақ емес
Джордж Беркли (1685-1753) – ағылшындық субъективист философ, ерекше тәсілмен жазған ойшыл. Негізгі еңбектерін ол 28 жасына дейін жазып бітіргенін де атап өткен жөн. Беркли Локктың сезімдік білім алғашқы және екінші сапаға ие, бірінші немесе алғашқы сапалар заттардың бойында реалды түрде бар, ал екінші сапалар – түс, иіс, дөм субьектіге ғана тән деген көзқарасын сынады. Оның ойынша, біз дүниені сезім мүшелері арқылы ғана қабылдаймыз сондықтан сапалардың объективтілігін, біздің санамыздан тыс тұратынын біле алмаймыз. Беркли заттар біздің сезім мүшелерімізге әсер етеді, бірақ біз заттардың нағыз мәнін көре алмаймыз, ал сапа-қасиеттердің өзі салыстырмалы ғана дейді. Мысалы, адамның бір қолы салқын, екіншісі – жылы болса, қолдарын жылы суға салған адамның суды сезінуі де екі түрлі болады. Яғни, Берклидің пікірінше, қабылдау субъектінің жагдай-күйіне тікелей байланысты. Бірақ ол бұл түсінікті абсолюттік дәрежеге дейін жеткізеді, материяның болмысы қабылдануға тәуелді деген пікірді дәлелдемек болады. Мысалы, бір затты адам қабылдамаса, ол зат өмір сүруін тоқтатқаны ма? Оған Беркли басқа адамдар немесе басқа тірі нәрселер қабылдайды, ең ақырын-да, мәңгілік қабылдаушы субъект Құдай қабылдайды деп жауап береді. Беркли осылайша заттың өзіне тән объективті сапасын жоққа шығарып, өмір сүретін субъективтік «Мен’*, одан басқа нәрсе жоқ деп пайымдайды.
Давид Юм (1711-1776) – ағылшын философы, Локк пен Берклидің философиясын дамытушы. Адам өзін қоршаған дүниені сезім мүшелерінің көмегімен, түйсіктерінің жиынтығы арқылы таниды деп мойындағанымен, материалдық дүниенің реалды өмір сүретіндігіне күмән келтіреді. Оның пікірінше, адамның ақылы сезім мүшелері беретін білімнен басқа білім бере алмайды, өзінің рухани тәжірибесінен басқаны қорыта алмайды. Юм ойынша, тәжірибе дегеніміз «әсерлер» ағыны, оның себептері түсініксіз және тәжірибені логикалық жолмен дәлелдеу мүмкін емес, сондықтан тәжірибелік білім дұрыс бола алмайды. Юм осылайша себеп-салдарлық байланысқа қарсы шығады, себептіліктің объективтік сипатын тану мүмкін емес деген тұжырым жасайды. Бірақ, оның ойынша, субъективтік себептілік бар, ол сезімдік әсерлердің йдеяларды туғызуы. Мысалы, адамдар Күннің күн сайын шығатынына сенімді. Бүл сенімнің негізі -осы құбылыстың күнделікті қайталанатыны. Яғни, адамдардың практикалық сенімінің бастауы теориялық білім емес, қалыптасқан дағды-сенім. Осылайша Юм біржакты эмпиризмі, оны рационализмнен бөліп қарауы дүниені танып-білуге болмайды деген агностицизмге әкеліп соқты.
Жаңа Дәуір философиясы туралы ойымызды қорытсақ, бұл кезеңдегі философия эксперименталдық ғылымдармен тығыз баііланысты дамып, таным мәселелеріне басты назар аударган, әлеуметтік дамудың жаңа жолдарын іздеуге талпынган, қогамдық келісім үлгілерін ұсынган, рухани маңызы күшті философия болды.