
- •Серік Мырзалы
- •Isbn 9965-814-7
- •Isbn 9965-814-7
- •I тарау. Мәдениет аясындағы философия және оның адам мен қоғам өміріндегі алатын орны
- •§ 1. Дүниеге көзқарас және оның тарихи формалары
- •§ 2. Философия - ғылым әлде өнер ме?
- •§ 3. Философия пәні
- •§ 4. Философиянын негізгі мәселесі. Бірінші жағы
- •§ 5. Философияның негізгі мәселесі. Екінші жағы (танымдық)
- •§ 6. Философияның негізгі функциялары
- •Рефераттар тақырыптары:
- •Ойланыңыз:
- •I бөлім. Мәдениет аясындағы философияның тарихи типтері
- •II тарау. Көне заман мәдениеті аясындағы философия
- •§ 1. Философия тарихы дегеніміз не?
- •§ 2. Көне Қытай мәдениеті аясындағы философия
- •Даосизм ағымы
- •Моральдық мәселелер
- •Әлеуметтік-саяси көзқарастар
- •Таным мәселелері
- •Материалистік ағымдар
- •§ 3. Үнді мәдениет аясындағы философия
- •Джайнизм философиясы
- •Буддизм
- •§ 4. Антикалық мәдениет аясындағы философия
- •Грек мифологиясы
- •Гректердің «Жеті даналары»
- •Элея мектебі. Парменид пен Зенон
- •Демокриттің атомистік ілімі
- •§ 5. Дүниені зерттеуден адам мәселесіне бетбұрыс. Софистика. Сократ ілімі
- •Сократ ілімі
- •§ 6. Классикалық кезең. Философияда ұлы жүйелерді жасаушылар. Платон мен Аристотель
- •Логика мәселелері
- •Аристотельдің бірінші физикасы
- •§ 7. Эллинистік-Римдік философия
- •Киниктер
- •Эпикур философиясы
- •(Thеоs-құдай, lоgos-ілім)
- •Стоицизм (Стоя) философиясы
- •Скептицизм
- •Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
- •III тарау. Орта ғасырлар мәдениеті аясындағы философия
- •§ 1. Ортағасырлық философияның ерекшеліктері
- •Гностиктер ілімі
- •§ 2. Патристикалық философия. Киелі Августиннің ілімі. (раtrіs - лат. Сөзі, - әке).
- •Адам мәселесі
- •Ақиқат және оған жету мәселесі
- •Құдай мәселесі
- •Үштік мәселесі
- •Дүниенің жаратылу мәселесі
- •Мәнгілік пен уақыт мәселесі
- •Ерік, бостандық және игі дәнекерлік
- •«Жердегі қала» мен «Құдай қаласы»
- •§ 3. Схоластикалық философия (sсһоlаstіса - лат. Сөзі, оқушы, ғалым)
- •Онтология (болмыс) мәселелері
- •Уильям Оккам ілімі
- •Уильям Оккамның номинализмі
- •Уильям Оккам ұстарасы
- •§ 4. Исламдық ортағасырлық мәдениет аясындағы арабтық-мұсылмандық философия
- •Онтологиялық (болмыстық) ілім
- •Әл-Фарабидің интеллект (ақыл-ой) жөніндегі ілімі
- •Әл-Фарабидің әлеуметтік-саяси, этикалық көзқарастары
- •Ибн-Сина мен Ибн Рошд
- •Ибн-Халдун - ұлы тарихшы, әлеуметтік және саяси философ
- •IV Қайта өрлеу (Ренессанс) мәдениеті аясындағы философия
- •§ 1. Қайта өрлеу дәуірінің ерекшеліктері
- •§ 2. Қайта өрлеу заманындағы адам мәселесіне жаңаша бетбұрыс
- •§ 3. Николай Кузанский - Қайта өрлеу заманы философиясының ұлы тұлғасы
- •§ 4. Қайта өрлеу заманындағы әлеуметтік философиялық көзқарастар. Николло Макиавелли
- •§ 5. Діни реформация және оның капиталистік қатынастардың қалыптасуы мен дамуындағы рөлі
- •§ 6. Қайта өрлеу заманындағы ғылыми жетістіктер және олардың философиялық-ой пікірге тигізген әсері
- •V тарау. Жаңа Уақыт мәдениетіндегі Батыс Еуропалық философия
- •§ 1. Ф.Бэкон - Жаңа дәуірдегі философияның алғашқы өкілі
- •§ 2. Р.Декарттың рационалдық философиясы
- •Дүниетану мәселелері. Күмәндану принципі
- •Рационалдық әдіс
- •§ 3. Т.Гоббстың философиялық көзқарастары
- •Адам мәселесі
- •§ 4. Б.Спиноза философиясы
- •Гносеология (дүниетаным) мәселелері
- •§ 5. Г.В.Лейбниц және оның монадологиясы
- •§6. ДЛокктың философиялық көзқарастары
- •Гносеологиялық мәселелер
- •VI тарау. XVIII ғасырдағы Ағарту философиясы
- •§ 1. XVIII ғ. Ағылшын философиясы
- •Шефтсберри мен Мандевиль. Моральдық мәселелер
- •Д. Юм және оның сындық скептицизмі
- •§ 2. Француз ағартушылары
- •Вольтер
- •Тарих философиясы
- •Жан-Жак Руссо
- •Адам мәселесі
- •Теңсіздік мәселесі
- •VII тарау. Хуііі-хіх ғғ. Неміс мәдениет аясындағы классикалық философия Кіріспе сөз
- •§ 1. И.Канттың өмірі мен шығармашылық жолы
- •Моральдық мәселелер
- •Еріктік мәселесі
- •Құқ және мемлекет мәселелері
- •Тарих философиясы
- •§ 2. Фихтенің философиясы
- •Тарих философиясы
- •Мемлекет пем құқ мәселелері
- •Дінге қарай бетбұрыс
- •§ 3. Шеллинг және оның философиясы
- •Табиғат философиясы
- •Өнер философиясы
- •§ 4. Гегель - неміс классикалық философиясының шыңы
- •§ 5. Фейербахтың философиялық антропологиясы
- •Рефераттар тақырыбы:
- •VIII тарау. Маркстік философия
- •Рефераттар тақырыптары:
- •IX тарау. XIX ғ. Мәдениетіндегі бейклассикалық философия
- •§ 1. А.Шопенгауердің әлемдік еркі
- •§ 2. С. Кьеркогердін философиясы
- •Рефераттар тақырыптары:
- •X тарау. Хіх-хх ғғ. Ресей мәдениеті аясындағы философия
- •§ 1. Славянофилдер мен батысшылар ағымы
- •§ 2. В.С.Соловьевтін «бәрінің бірліктегі» философиясы
- •Адам, қоғам, тарих мәселелері
- •§ 3. Діни экзистенциализм мен антропология
- •§ 4. Ғарыш философиясы
- •XI тарау. Қазақ мәдениет шеңберіндегі отандық философия
- •§1. Қазақ руханиятының ерекшеліктері
- •§ 2. Қазақ мифологиясы. Алғашқы философиялық түсініктер
- •§ 3. Орта ғасырдағы отандық философия
- •«...Есепті сөз - ер сөзінің асылы,
- •§ 4. Хү-хvіIғғ. Қазақ жырауларының шығармашылығы
- •«Алаң да алаң, алаң жұрт,
- •«Кіндігімді кескен жұрт,
- •«...Айнала бұлақ басы тең,
- •Осы ақынның сөзімен айтсақ: «Асан атты іспетті
- •§ 5. XIX ғ. Ағартушылық философия
- •Еріншек, бекер мал шашпақ -
- •§ 6. XX гасырдағы отандық философия
- •Шәкәрім философиясы мен ағартушылық идеялары
- •XX ғасырдың басындағы ағартушы-демократтардың философиялық ой-пікірлері
- •Бір өртке қаудан шыққан душар болып,
- •Кеңестік дәуірдегі отандық философия
- •Егемен Қазақстан жне философиялық ой-пікірдің дамуы
- •Рефераттар тақырыбы:
- •XII тарау. XX ғасыр мәдениеті аясындағы философия Кіріспе сөз
- •§ 1. Неопозитивизм ағымы
- •§ 2. Феноменология
- •§ 3. Герменевтика
- •§ 4. Өмір философиясы
- •Ф.Ницше және оның «билікке деген еркі»
- •Фрейдизм ағымы. Сана мен бисаналық мәселелері
- •§ 5. Экзистенциализм философиясы
- •§ 6. XX ғ. Діни философия
- •XX ғ. Христиандық философия
- •XX ғасырдағы Шығыс діни философиясы
- •Рефераттар тақырыптары:
- •II бөлім. Философияның негізгі мәселелері
- •XIII тарау. Болмыс философиясы (Онтология )
- •§ 1. Болмыс ұғымы
- •§ 2. Жалқылық пен жалпылық
- •§ 3. Тәуелсіздік пен тәуелділік
- •§ 4. Құбылыс және мән
- •§ 5, Сапа мен сан ұғымдары
- •§ 6. Өлшем мен секіріс
- •§ 7. Қозғалыс
- •§ 8. Кеңістік пен уақыт
- •§ 9. Қозғалыс тетігі
- •§ 10. Қозғалыс пен даму
- •§ 11. Даму бағыттығы
- •§ 12. Дамудағы өрлеу (прогресс) мәселесі
- •§ 13. Жүйе, элемент, құрылым
- •§ 14. Бүтін және бөлшек
- •§ 15. Мазмұн және форма
- •§ 16. Детерминизм. Себеп пен салдар
- •§17.Мүмкіндік пен шындық
- •§18. Қажеттілік пен кездейсоқтық
- •§19. Қажеттілік пен еріктік. Жауапкершілік
- •§ 20. Материя мен сана - шегіне жеткен қарама-қарсылық
- •XIV тарау. Эпистемология. Таным мәселелері
- •§ 1. Таным дегеніміз не?
- •§ 2. Танымның практикалық табиғаты
- •§ 3. Таным құрылымы
- •§4. Танымдағы ақиқат мәсслесі
- •§ 5. Таным денгейлері мен әдістері
- •Синергетика методологиясы
- •§ 6. Ғылым, техника және білім философиясы
- •Рефераттар тақырыптары:
- •Өз бетінше дайындыққа арналған сұрақтар:
- •XV тарау. Әлеуметтік философия. Қоғам болмысы
- •§ 1. Қоғам ұғымы
- •§ 2. Тарих философиясы
- •§ 3. Формациялық және цивилизациялық-мәдени тұрғыдан қарағандағы Қазақстан қоғамы
- •§ 4. Қоғам өмірінің негізгі салалары
- •XVI тарау. Рух философиясы
- •1. Философия тарихындағы рух ұғымы
- •§ 2. Рух және руханият ұғымдары
- •§ 3. Құндылықтар әлемі
- •Рефераттар тақырыптары:
- •XVII тарау. Философиялық антропология. Адам болмысы
- •§ 1. Адам ұғымы
- •§ 2. Адамның дүниеге келу мәселесі
- •§ 3. Адамның биологиялық және әлеуметтік табиғаты
- •§4. Адам өмірінің мән-мағынасы
- •§ 5. Адамның өлімі мен өлместігі
- •XVIII тарау. Жаһандану (глобализация) үрдістерінің философиялық астары.
- •§1. Жаһандану дегеніміз не?
- •§2. Жаһандану үрдісі шеңберіндегі өзекті мәселелер
- •§ 3. Дүниежүзілік қауымдастық шеңберіндегі тәуелсіз Қазақстан (қорытынды есебінде)
- •I тарау. Мәдениет аясындағы философия
§ 4. Хү-хvіIғғ. Қазақ жырауларының шығармашылығы
XV ғ. қарай тарихының тамыры көне заманға кететін түркі тайпаларының өмірінде елеулі өзгерістер басталады. Мыңдаған жылдар бойы лек-легімен сонау Байқал көлі мен Алтайдан бастап Балқан тауларына шейін ағылған, ерікті өмір сүрген, басқа белгілі бір жерлерде орын тепкен мемлекеттердің аузы батпаған, керісінше, сол мемлекеттерді әрқашанда қорқынышта ұстаған көшпенділер тарихының сарқылу кезеңі басталады. Өйткені осы кезде дүние-жүзілік тарихта, нақтылай келе, Еуропа топырағында, Жаңа дәуірге өту кезеңі - Қайта өрлеу заманы басталады. «Ұлы мәртебелі Табиғаттың» балалары - көшпенділер - өзінің өмір аясының сарқыла бастағанын ішкі көкей көзімен болса да бірте-бірте сезіне бастайды: садақ пен найзаның, шоқпар мен білектің күшінің мүмкіншілігі азая түседі. Батыс қоғамдарында машиналық өндірістің негіздері қалыптаса бастайды, зеңбіректер мен мылтық оқтары соғыс технологиясын күрт өзгертеді.
Әңгімені нақтылай келе, Еуразия топырағына келер болсақ Алтын Орда мемлекетіне екі ғасыр бойы салық жинап келген Мәскеу князьдығы, барлық орыс жерлерін қол астына біріктіріп кушейіп, Шығысқа қарай қол сұға бастайды. Ежелгі турік бабаларымыз иемденген Еділ мен Жайықтың екі ортасындағы жайылымдарға үлкен қауіп төнеді. Ал Шығыс жақты алар болсақ, Түркі тайпаларынан кейінгі Азияның ұлы көшпенділері - ойраттар да Қытай жағынан қысылып, бері қарай жылжи бастайды. Ал мұның өзі XVIII ғасырда екі кешпенді халықтың бір-бірімен маңдайларымен соқтығысуына, олардың тарихында болмаған қантөгіске, апатқа әкеліп соғады. Әрине, Бұл қақтығыс жаңа ғана күшін алып, Шығыстағы жаңа жерлерге қолын сұға бастаған Ресей мемлекеті мен Қытай әміршілерінің мүдделеріне сай келгені сөзсіз еді. Ал енді Орта Азиядағы жерге отырын, тұрақтанып, халықтық дәрежеге көтерілген түбі бір түркі ұлыстары да көшіп-қонған, әлсіреп жатқан өз ағайындарына - көшпенділерге - қысым жасай бастайды.
Сол себепті Жәнібек пен Керей бастаған көшпенді тайпалары олардан үзілді-кесілді бөлініп, қазіргі Қазақстан жерінде өз мемлекеттігінің туын тігеді де, өзінің жаңа этнониміне - «қазақ» деген атқа ие болады. Алайда «...елдің басы қосылған соң да, бұрыннан бар ру-тайпалық кұрылым, сондай-ақ шаруашылық типі мен мәдениет дәстурлер жүйесі негізінен сақталады» (Н.Назарбаев. Тарих толқынында. Алматы. Атамұра, 1999, 2116.) Оның себебі -көшпенділік өмір формасының қайсыбір өзгеріске ұшырамауында, оның қонсервативтік табиғатында болса керек. Әскери-демократиялық деңгейде, одан асса, ерте феодалдық қатынастардың негізінде өмір сүретін көшпенділер сол байырғы бытыраңқы жағдайда қала берді. «Ал әр ұлысқа кіретін әр тайпа, әр ру жалпақ елге ортақ күн туған кезде болмаса, өз ноқтасын өзі ұстап, ешкімге билік бере қоймайды. Бұл оғыз, тіпті қазақ хандығы тұсында да қала берді» (Ә.Кекілбаев. Түркістан тағлымы. Егемен Қазақстан. 12 сәуір, 2000 ж., 36.). Жоғарыдағы көрсетілген жаңа геосаяси жағдайларға, жалпы алғанда, жер бетінде қалыптаса бастаған Жаңа дәуірдің талаптарына сай жауап қайтару үшін, шынайы ел тұтастығы, халық бірлігі қажет еді. Бірақ ол іске аспады, тіпті Абылай ханның заманында, елге қатерлі қауіп төнген кездің өзінде бүкіл қазақтың басы бірікпеді. Ұлы Шыңғысханның өз уақытында қурған алып «Алтын Орда» империясының да түбіне жеткен әлсіз жері - осы өзіне-өзі жеткілікті, бір-біріне күні түсе бермейтін көшпенділік өмір салты, соның негізінде қалыптасатын бір орталық билікке бағынбаушылық, оны керек қылмаушылық еді. Әрине, Сары-Арқа даласының ойшыл-даналарының балтырын сыздатқан негізгі мәселе, міне, осы болатын.
ХҮ-ХҮІІІ ғғ. дүниеге келген философиялық ой-талғамдар, негізінен алғанда, жыраұйық түрде таралып өмір сүрді. Өйткені көшпенділердің арасында сауаты ашылған, жазылған сөзді оқитын адамдардың саны көп болмай, олар кебіне ақсүйектерге ғана тән болатын. Қарапайым сөзбен жеткізілген ой біреуден-екіншіге тарау жолында өзгеріп, алғашқы мән-мағынасын тез жоғалтатыны баршаға мәлім. Тек қана өткір де терең, нақышына келтірілген өлең шумақтары адамның ақыл-ойымен қатар, оның сана-сезіміне өзінің зор әсерін тигізіп, халықтың жадында сақталып, оның дүниеге деген көзқарасы мен іс-әрекетіне өзгертулер енгізе алды. Жалпы алғанда, бұл тек қана қазақ халқына ғана тән нәрсе емес. Қай заманда да, қай халық, өз поэиясын жан-тәнімен сүймеген, ол әрқашанда адамның жан-дүниесін билейтін әміршісі емес пе?! XX ғ. өмір сүрген неміс философы М.Хайдеггердің ез өмірінің соңына қарай поэияға бетбұрыс жасап, болмыс жөніндегі нағыз терең ойларды ұлы өлеңшілердің шығармаларынан іздегені осыған байланысты болса керек. Сол себепті де біз қазақ халқының қалыптасу жолындағы терең философиялық мәселелерді жыраулардың шығармашылық жолдарынан іздеуіміз керек.
Қазақ халқының ақын-жырауларының ішінен аса көрнекті тұлғалар ретінде Сыпыра жырауды (XIV ғ.), Асан қайғы, Қазтуған Сүйінішұлын (XV ғ.), Доспамбет пен Шалкиіз жырауларды (XVI ғ.), Жиембет пен Марғасқа жырауларды (XVII ғ.), Ақтамберді мен Тәтіқара, Бұқар жырау мен Шал ақынды (XVIII ғ.) атап өтуге болады.
Сыпыра жырау Тоқтамыс хан билеген сұрапыл күңгірт уақытта өмір сүрген жырау болса керек. Ол тарыдай бытыраған, басы бірікпеген халықты бірлікке шақырған, аңыздар бойынша «тоғыз ханды түзеткен» тұлға болған. Бейбіт өмірді уағыздаған ақын, өткен баяғы заманды аңсап былай дейді:
«Отырушы едік жайласып,
Шалғында бие байласып,
Құлын-тайдай ойнасып,
Иіндесіп, сырласып...».
Қандай қиын заманды халық басынан өткізіп жатса да, Сыпыра жырау оның жарқын болашағына сенеді:
«Көп ішінде сөйлесем, Жас жігіт саған қарасам,
Қара лашын түйғынсың,
Асылыңа қарасам,
Құс алатын қырғисың.
Қызыл тілге келгенде,
Сар садақтың оғындай,
Көлденеңдеп зырғисың», - деп сүйсіне қарайды.
XV ғ. өмір сүрген Қазтуған Сүйінішұлы - Еділ мен Жайық арасын мекендеген ұлыстарды өмір бойы бірлікке шақырып, ел-жұртына тыныштық, бақ-дәулет тілеген жырау.