
- •Серік Мырзалы
- •Isbn 9965-814-7
- •Isbn 9965-814-7
- •I тарау. Мәдениет аясындағы философия және оның адам мен қоғам өміріндегі алатын орны
- •§ 1. Дүниеге көзқарас және оның тарихи формалары
- •§ 2. Философия - ғылым әлде өнер ме?
- •§ 3. Философия пәні
- •§ 4. Философиянын негізгі мәселесі. Бірінші жағы
- •§ 5. Философияның негізгі мәселесі. Екінші жағы (танымдық)
- •§ 6. Философияның негізгі функциялары
- •Рефераттар тақырыптары:
- •Ойланыңыз:
- •I бөлім. Мәдениет аясындағы философияның тарихи типтері
- •II тарау. Көне заман мәдениеті аясындағы философия
- •§ 1. Философия тарихы дегеніміз не?
- •§ 2. Көне Қытай мәдениеті аясындағы философия
- •Даосизм ағымы
- •Моральдық мәселелер
- •Әлеуметтік-саяси көзқарастар
- •Таным мәселелері
- •Материалистік ағымдар
- •§ 3. Үнді мәдениет аясындағы философия
- •Джайнизм философиясы
- •Буддизм
- •§ 4. Антикалық мәдениет аясындағы философия
- •Грек мифологиясы
- •Гректердің «Жеті даналары»
- •Элея мектебі. Парменид пен Зенон
- •Демокриттің атомистік ілімі
- •§ 5. Дүниені зерттеуден адам мәселесіне бетбұрыс. Софистика. Сократ ілімі
- •Сократ ілімі
- •§ 6. Классикалық кезең. Философияда ұлы жүйелерді жасаушылар. Платон мен Аристотель
- •Логика мәселелері
- •Аристотельдің бірінші физикасы
- •§ 7. Эллинистік-Римдік философия
- •Киниктер
- •Эпикур философиясы
- •(Thеоs-құдай, lоgos-ілім)
- •Стоицизм (Стоя) философиясы
- •Скептицизм
- •Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
- •III тарау. Орта ғасырлар мәдениеті аясындағы философия
- •§ 1. Ортағасырлық философияның ерекшеліктері
- •Гностиктер ілімі
- •§ 2. Патристикалық философия. Киелі Августиннің ілімі. (раtrіs - лат. Сөзі, - әке).
- •Адам мәселесі
- •Ақиқат және оған жету мәселесі
- •Құдай мәселесі
- •Үштік мәселесі
- •Дүниенің жаратылу мәселесі
- •Мәнгілік пен уақыт мәселесі
- •Ерік, бостандық және игі дәнекерлік
- •«Жердегі қала» мен «Құдай қаласы»
- •§ 3. Схоластикалық философия (sсһоlаstіса - лат. Сөзі, оқушы, ғалым)
- •Онтология (болмыс) мәселелері
- •Уильям Оккам ілімі
- •Уильям Оккамның номинализмі
- •Уильям Оккам ұстарасы
- •§ 4. Исламдық ортағасырлық мәдениет аясындағы арабтық-мұсылмандық философия
- •Онтологиялық (болмыстық) ілім
- •Әл-Фарабидің интеллект (ақыл-ой) жөніндегі ілімі
- •Әл-Фарабидің әлеуметтік-саяси, этикалық көзқарастары
- •Ибн-Сина мен Ибн Рошд
- •Ибн-Халдун - ұлы тарихшы, әлеуметтік және саяси философ
- •IV Қайта өрлеу (Ренессанс) мәдениеті аясындағы философия
- •§ 1. Қайта өрлеу дәуірінің ерекшеліктері
- •§ 2. Қайта өрлеу заманындағы адам мәселесіне жаңаша бетбұрыс
- •§ 3. Николай Кузанский - Қайта өрлеу заманы философиясының ұлы тұлғасы
- •§ 4. Қайта өрлеу заманындағы әлеуметтік философиялық көзқарастар. Николло Макиавелли
- •§ 5. Діни реформация және оның капиталистік қатынастардың қалыптасуы мен дамуындағы рөлі
- •§ 6. Қайта өрлеу заманындағы ғылыми жетістіктер және олардың философиялық-ой пікірге тигізген әсері
- •V тарау. Жаңа Уақыт мәдениетіндегі Батыс Еуропалық философия
- •§ 1. Ф.Бэкон - Жаңа дәуірдегі философияның алғашқы өкілі
- •§ 2. Р.Декарттың рационалдық философиясы
- •Дүниетану мәселелері. Күмәндану принципі
- •Рационалдық әдіс
- •§ 3. Т.Гоббстың философиялық көзқарастары
- •Адам мәселесі
- •§ 4. Б.Спиноза философиясы
- •Гносеология (дүниетаным) мәселелері
- •§ 5. Г.В.Лейбниц және оның монадологиясы
- •§6. ДЛокктың философиялық көзқарастары
- •Гносеологиялық мәселелер
- •VI тарау. XVIII ғасырдағы Ағарту философиясы
- •§ 1. XVIII ғ. Ағылшын философиясы
- •Шефтсберри мен Мандевиль. Моральдық мәселелер
- •Д. Юм және оның сындық скептицизмі
- •§ 2. Француз ағартушылары
- •Вольтер
- •Тарих философиясы
- •Жан-Жак Руссо
- •Адам мәселесі
- •Теңсіздік мәселесі
- •VII тарау. Хуііі-хіх ғғ. Неміс мәдениет аясындағы классикалық философия Кіріспе сөз
- •§ 1. И.Канттың өмірі мен шығармашылық жолы
- •Моральдық мәселелер
- •Еріктік мәселесі
- •Құқ және мемлекет мәселелері
- •Тарих философиясы
- •§ 2. Фихтенің философиясы
- •Тарих философиясы
- •Мемлекет пем құқ мәселелері
- •Дінге қарай бетбұрыс
- •§ 3. Шеллинг және оның философиясы
- •Табиғат философиясы
- •Өнер философиясы
- •§ 4. Гегель - неміс классикалық философиясының шыңы
- •§ 5. Фейербахтың философиялық антропологиясы
- •Рефераттар тақырыбы:
- •VIII тарау. Маркстік философия
- •Рефераттар тақырыптары:
- •IX тарау. XIX ғ. Мәдениетіндегі бейклассикалық философия
- •§ 1. А.Шопенгауердің әлемдік еркі
- •§ 2. С. Кьеркогердін философиясы
- •Рефераттар тақырыптары:
- •X тарау. Хіх-хх ғғ. Ресей мәдениеті аясындағы философия
- •§ 1. Славянофилдер мен батысшылар ағымы
- •§ 2. В.С.Соловьевтін «бәрінің бірліктегі» философиясы
- •Адам, қоғам, тарих мәселелері
- •§ 3. Діни экзистенциализм мен антропология
- •§ 4. Ғарыш философиясы
- •XI тарау. Қазақ мәдениет шеңберіндегі отандық философия
- •§1. Қазақ руханиятының ерекшеліктері
- •§ 2. Қазақ мифологиясы. Алғашқы философиялық түсініктер
- •§ 3. Орта ғасырдағы отандық философия
- •«...Есепті сөз - ер сөзінің асылы,
- •§ 4. Хү-хvіIғғ. Қазақ жырауларының шығармашылығы
- •«Алаң да алаң, алаң жұрт,
- •«Кіндігімді кескен жұрт,
- •«...Айнала бұлақ басы тең,
- •Осы ақынның сөзімен айтсақ: «Асан атты іспетті
- •§ 5. XIX ғ. Ағартушылық философия
- •Еріншек, бекер мал шашпақ -
- •§ 6. XX гасырдағы отандық философия
- •Шәкәрім философиясы мен ағартушылық идеялары
- •XX ғасырдың басындағы ағартушы-демократтардың философиялық ой-пікірлері
- •Бір өртке қаудан шыққан душар болып,
- •Кеңестік дәуірдегі отандық философия
- •Егемен Қазақстан жне философиялық ой-пікірдің дамуы
- •Рефераттар тақырыбы:
- •XII тарау. XX ғасыр мәдениеті аясындағы философия Кіріспе сөз
- •§ 1. Неопозитивизм ағымы
- •§ 2. Феноменология
- •§ 3. Герменевтика
- •§ 4. Өмір философиясы
- •Ф.Ницше және оның «билікке деген еркі»
- •Фрейдизм ағымы. Сана мен бисаналық мәселелері
- •§ 5. Экзистенциализм философиясы
- •§ 6. XX ғ. Діни философия
- •XX ғ. Христиандық философия
- •XX ғасырдағы Шығыс діни философиясы
- •Рефераттар тақырыптары:
- •II бөлім. Философияның негізгі мәселелері
- •XIII тарау. Болмыс философиясы (Онтология )
- •§ 1. Болмыс ұғымы
- •§ 2. Жалқылық пен жалпылық
- •§ 3. Тәуелсіздік пен тәуелділік
- •§ 4. Құбылыс және мән
- •§ 5, Сапа мен сан ұғымдары
- •§ 6. Өлшем мен секіріс
- •§ 7. Қозғалыс
- •§ 8. Кеңістік пен уақыт
- •§ 9. Қозғалыс тетігі
- •§ 10. Қозғалыс пен даму
- •§ 11. Даму бағыттығы
- •§ 12. Дамудағы өрлеу (прогресс) мәселесі
- •§ 13. Жүйе, элемент, құрылым
- •§ 14. Бүтін және бөлшек
- •§ 15. Мазмұн және форма
- •§ 16. Детерминизм. Себеп пен салдар
- •§17.Мүмкіндік пен шындық
- •§18. Қажеттілік пен кездейсоқтық
- •§19. Қажеттілік пен еріктік. Жауапкершілік
- •§ 20. Материя мен сана - шегіне жеткен қарама-қарсылық
- •XIV тарау. Эпистемология. Таным мәселелері
- •§ 1. Таным дегеніміз не?
- •§ 2. Танымның практикалық табиғаты
- •§ 3. Таным құрылымы
- •§4. Танымдағы ақиқат мәсслесі
- •§ 5. Таным денгейлері мен әдістері
- •Синергетика методологиясы
- •§ 6. Ғылым, техника және білім философиясы
- •Рефераттар тақырыптары:
- •Өз бетінше дайындыққа арналған сұрақтар:
- •XV тарау. Әлеуметтік философия. Қоғам болмысы
- •§ 1. Қоғам ұғымы
- •§ 2. Тарих философиясы
- •§ 3. Формациялық және цивилизациялық-мәдени тұрғыдан қарағандағы Қазақстан қоғамы
- •§ 4. Қоғам өмірінің негізгі салалары
- •XVI тарау. Рух философиясы
- •1. Философия тарихындағы рух ұғымы
- •§ 2. Рух және руханият ұғымдары
- •§ 3. Құндылықтар әлемі
- •Рефераттар тақырыптары:
- •XVII тарау. Философиялық антропология. Адам болмысы
- •§ 1. Адам ұғымы
- •§ 2. Адамның дүниеге келу мәселесі
- •§ 3. Адамның биологиялық және әлеуметтік табиғаты
- •§4. Адам өмірінің мән-мағынасы
- •§ 5. Адамның өлімі мен өлместігі
- •XVIII тарау. Жаһандану (глобализация) үрдістерінің философиялық астары.
- •§1. Жаһандану дегеніміз не?
- •§2. Жаһандану үрдісі шеңберіндегі өзекті мәселелер
- •§ 3. Дүниежүзілік қауымдастық шеңберіндегі тәуелсіз Қазақстан (қорытынды есебінде)
- •I тарау. Мәдениет аясындағы философия
Демокриттің атомистік ілімі
Элеаттардың көтерген мәселелеріне Эмпедокл мен Анаксагорға қарағанда басқаша жауап берген Левкипп пен Демокрит болды.
Егер біріншілер Дүниенің негіздерін құрайтын әртүрлі сападағы стихиялар, заттардың тұқымдары т.с.с. деген тұжырымға келсе, Левкипп пен Демокрит өздерінің атом жөніндегі ілімдерінде Дүниенің негізінде жатқан сандық жағынан әртүрлі ұсақ бөлшектер жөніндегі ілімдерін ұсынады.
Левкипп (V б.ғ.д.) Милетте туғанымен, Элеяға келіп, өз ілімін таратады. Демокрит (460 б.ғ.д. туған) Левкиптің шәкірті болған.
Левкипп пен Демокрит ғылымға атом ұғымын, әрі қарай бөлінбейтін, көзге көрінбейтін, өте ұсақ, сапасыз, тек қана бітімі, көлемі жағынан бір-бірінен айырмашылығы бар ұсақ бөлінектерді ұсынады.
Атомистер бейболмыс өмір сүрмейтінін қолдады, өйткені бірдеме Дүниеге келгенде, бар ұсақ бөлшектердің қосындысынан пайда болады, ал ол бөлшектер тарай бастаса, ол зат құриды. Әрине, атомдар қозғалуы үшін кеңістік керек, сондықтан олар Дүниені орасан зор қуыс ретінде карады. Егер біз кеңістіктен атомдарды алып тастасақ, онда ештеңе жоқ, тек қуыс кана қала береді. Олай болса, ештеңе өмір сүреді.
Дүниедегі атомдардың саны шексіз болғаннан кейін, кеңістік те шексіз, өйткені шектелген кеңістікке шексіз атомдар сыймас еді. Дүниенің кеңістіктегі шексіздігі уақыттың да мәңгілігін, қозғалыстың да бастауының жоқтығын мойындауға мәжбүр етеді.
Атомистика Дүниенің пайда болуын қозғалыс арқылы түсіндіреді (бірінші сатыда). Алғашында атомдар кеңістікте ешқандай тәртіпсіз түрде өмір сүреді. Олар оны күннің көзі түскен кездегі үй ішінде сәулеге шалынып көзге көрінетін, қалқып жүрген өте ұсақ шаңмен салыстырады. Екінші сатысында ауыр салмақты атомдардың жеңіл бөлшектермен соқтығысуының нәтижесінде пайда болатын дауылға ұқсас қозғалыс туады. Бүл «дауылда» бір-біріне ұқсас атомдар басқалардан бөлініп, Дүние өмірге келеді.
Үшінші атомдардың қозғалысы - ол заттың бетіндегі өте жеңіл атомдар. Олар заттан ұшып, біздің түйсіктерімізге әсерін тигізіп, иісті тудырады.
Атомистердің айтуына карағанда, 4 стихияның атомдары әртүрлі. Оттың атомдары ең кіші және дөңгелектеу болып келеді, қалған атомдарының бітімі кубқа ұқсайды. Олардың ішіндегі ең кішісі ауаны құрайтын атомдар, орташа көлемдісі суды, үлкендері жерді құрайды.
Атомдардың жалпы саны шексіз болғаннан кейін, ғарышта әртүрлі Дүниелер бар. Біреулерінде күн мен ай болмауы мүмкін, кейбіреуінде екі-үштен болуы мүмкін, біреулерінде тіршілік болса, келесілерінде болмауы ғажап емес ...
Сонымен Демокриттің Дүние жөніндегі ілімінде ешқандай Құдай, я болмаса басқа рухани күш жоқ: ол бэрін де механистік көзқарастың шеңберінде түсіндіргісі келеді.
Атомистердің философиясының тамаша жері: олар алғашқы рет себеп, қажеттілік деген ұғымдарды философияға еңгізеді. Демокриттің ойынша, әр нәрсенің өз себебі бар, ол қажеттіктен туады. Сондықтан Дүниеде ешқандай кездейсоқтық жоқ. Белгілі бір құбылыстың себебі ашылмаған кезде, оны адамдар кездейсоқ деп атайды.
Адам мен таным мәселелеріне келер болсақ, Демокрит адамның жан дүниесін мойындайды. Ол дөңгелек, тез қозғалатын, оттың атомдарына ұқсас бөлшектерден тұрады. Олай болса, адам өлгенде оның жан дүниесі де жойылады, атомдар кеңістікке тарап кетеді (жан-жаққа). Ал түйсік пен ойлау мәселелеріне келсек, онда жан дүниені құрайтын атомдардың түйсіктік қасиеттері бар екен. Заттардың үстінде орналасқан жеңіл атомдар адамның түйсіктеріне жетіп, өзінің әсерін тигізген кезде, біздің жан дүниемізде неше түрлі сезімдер мен түсініктер пайда болады. Сезімдік және ақыл-оймен тануда Демокрит сезімдік танымның адамды қателестіруі мүмкін екендігін, сондықтан оны ақыл-ойға тоқу керектігін айтады.
Атомистика шеңберіндегі әлеуметтік және моральдық мәселелерге келетін болсақ, демократиялық саяси тәртіп - ең тиімді қоғамды ұйымдастыру түрі. Демократия бүзылмауы үшін, адамдарды тәрбиелеу керек.
Адам өзінің табиғаты бойынша өмірден ләззат алуға, зардаптан қашуға тырысады. Бірақ Демокрит ләззатты өлшемді табумен теңестіреді. Адамға ең жақсы нәрсе - еутемия - жақсы көңіл-күйде болу, ешқандай қорқыныш сезімі, я болмаса аса құмартудан алшақ болу. Дүниеге салқын сезіммен қарап, даналыққа көтерілу - адамның ең биік мұраты.