- •1. 2009 Жыл «Қазақстан темір жолына» не берді?
- •1.Басқару орталығының міндеті не?
- •1.2009 Жылы қосылған маңызды екі инфрақұрылымдық серпінді жоба ...?.
- •1. «Эволюшн» сериялы тепловоздың ерекшелігі мен артықшылығы
- •Жоқ!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!
- •1.Қазақстанның болат жолы қанша шақырымды құрайды?
- •1. «Түрксіб» темір жолының бас инженері
- •1. 2009 Жылы қосылған маңызды екі инфрақұрылымдық серпінді жоба ...?.
- •1. Басқару орталығының міндеті не?
- •1. 2009 Жыл «Қазақстан темір жолына» не берді?
- •8. Кәсіби сөздерге қатысы жоқ саланы анықтаңыз.
- •9. Термин сөзді қатарды табыңыз.
- •10. Кәсіби сөзді анықтаңыз.
- •8. «Қуу» етістігі ауыспалы мағынада қолданылған сөйлемді табыңыз.
- •9. «Құлып» сөзі тура мағынасында қолданылған сөйлемді табыңыз.
- •9.«Мереке» тақырыбына қатысты сөздерді көрсетіңіз.
- •10.Берілген мақал қай тақырыпқа жазылғанын көрсетіңіз.
1. «Түрксіб» темір жолының бас инженері
А) Т.Рысқұлов
Ә) М.Тынышпаев
Б) В.Журавский
В) М.Жұмабаев
Г) Қ.Тоқпанов
2. «Эволюшн» сериялы тепловоздың ерекшелігі мен артықшылығы
А) дизайны мен қозғалтқышында
Ә) қозғалтқышы мен теллекоммуникациясында
Б) дизайны мен жанар-жағар майды үнемдеуі
В) жанар-жағар майды үнемдеуі мен
Г) автоматикасында
3. Локомотивтерді құрастыруға арналған жаңа заводтың іргетасы қашан қаланды?
А) 2009 жылы
Ә) 2010 жылы
Б) 2011 жылы
В) 2007 жылы
Г) 2006 жылы
4. «Эволюшн» сериялы тепловоз қашан шықты?
А) 2009 жылы
Ә) 2010 жылы
Б) 2011 жылы
В) 2007 жылы
Г) 2006 жылы
5 .2009 жылы салынған қаржы неге жұмсалды?
А) қызметкерлерге үй салу;
Ә) жаңа вокзалдар салу;
Б) транзиттік жолдар салу;
В) телекоммуникациялар дамыту және жаңа құрылыстар салу;
Г) вагон-мейрамханалар салу;
6.Тура мағыналы сөзді табыңыз.
А) құлақ салды;
Ә) құлақ етін жеді.
Б) баспасөз – қоғамның құлағы, тілі.
В) құлағым ауырып жүр.
Г) ақпа құлаққа айтсаң, ағып кетеді.
7. Ресейде темір жолды салу мен жобалау туралы алғашқы кітаптың авторын көрсетіңіз.
А) Р.Треветик;
Ә) П.П.Мельников;
Б) Д.Стефенсон;
В) Ж.Бодо;
Г) С.Морзе;
8. Тепловоздың алғашқы нұсқасы қалай аталған?
А) Поезд;
Ә) Тепловоз;
Б) Паровоз;?????
В) Локовоз;
Г) Мотовоз;
9. Жедел өткен шақта тұрған сөйлемді көрсетіңіз.
А) А.С.Попов радио байланысты ойлап тапты.
Ә) Тепловоздың бұрынғы атауы мотовоз болған.
Б) Бұнда химиялық кәсіпорын кешендері орналасқан.
В) Алматыда “Алматы -ашытқы” заводы бар.
Г) Президент ауыл шаруашылығын дамытуға күш салмақшы.
10.Салыстырмалы шырай формасын көрсетіңіз.
А) аппақ, сары;
Ә) телефон, телеграф;
Б) қиындау, алысырақ;
В) өте әдемі;
Г) cары, қара.
Блок 2.Көп нүктенің орнына қажетті сын есімдерді қойып, сөйлемдерді толықтырыңыз.Қажетті сын есімдер: түсінікті, этикалық-дидактикалық, модельдік.
а) Ақын өз кітабын Орта Азия түркілеріне түсінікті болған шағатай тілінде жазған. ә) «Диуани хикметте» түркі халықтары фольклорының модельдік тәсілдері шебер пайдаланылған. б) «Ақыл кітабы» - Қожа Ахмет Иассауидің этикалық-дидактикалық мазмұндағы әдеби шығармасы.
Блок 3. «Локомотив, Вагон, Тепловоз» туралы туралы айтып беріңіз.
Локомотив – рельсті жолдармен пойызды немесе жеке вагондарды қозғалтуға арналған машина. Локомотив латынның loco moveo – орнынан қозғалтамын деген сөзінен шыққан. Оның жылулық және электрлік түрлері бар. Орнатылған күш қондырғыларына (қозғалтқыш түріне) сәйкес жылулық локомотивтерге паровоз (бу машинасы орнатылған), бу турбовозы (бу турбинасы орнатылған), тепловоз, мотовоз (іштен жанатын қозғалтқыш орнатылған), газ турбовозы (газ турбинасы орнатылған), ал электрлік локомотивтерге контактілік (түйіспелік) және аккумуляторлы электровоздар (электр қозғалтқыштары орнатылған) жатады. Осы аталған локомотивтердің қозғалтқыштары будың, жанар майдың, газ бен электр тогының энергияларын оны қозғалысқа келтіретін механикалық энергияларға түрлендіреді. Пайдалану мақсатына қарай локомотив магистральды және өнеркәсіптік болып ажыратылады. Магистральды локомотив жүк пойызы мен жолаушылар пойызын жүргізетін және стансалық жұмыстарға пайдаланылатын локомотивтерге бөлінеді. Өнеркәсіптік локомотивтер зауыт ішілік жүктерді және кен орындары мен шахталарда, т.б. орындарда жүк тасымалдайды. Алғашқы локомотивтер (паровоздар) Ұлыбританияда 19-ғасырдың басында (1803, 1814), ал Ресейде 1834 ж. жасалды. Магистральды жүк паровоздарының соңғы түрінің қуаты 1800 кВт, жылдамдығы 80 км/сағ болса, жолаушылар паровоздарының қуаты 1900 кВт, жылдамдығы 125 км/сағ-қа дейін жетті. 20-ғасырдың басында паровоздар қуатты әрі пайдалы әсер коэффициенті жоғары тепловоздармен, электровоздармен алмастырыла бастады. Қазіргі қос секциялы жүк тепловозының қуаты 2200 кВт, жылдамдығы 100 км/сағ, ал жолаушылар тепловозының жылдамдығы 160 км/сағ-қа дейін жетіп, пайдалы әсер коэффициенті 20 – 21% (29 – 32%-ға дейін жетеді). 1895 ж. АҚШ-та алғашқы тұрақты ток электровозы жасалды. Қазақстанда 1933 жылдан бастап электровоздар қолданыла бастады. Электровоздардың қуаты жоғары, жылдамдығы 110 км/сағ-қа жетеді. Қазір локомотив паркінің негізін тепловоздар мен электровоздар құрайды. Жылдамдығы 200 км/сағ-қа жететін авиациалық газ турбиналары турбопойыздар мен реактивті және турбовинтті қозғалтқышы бар локомотивтер сынақтан өтуде
|
ҚазККА
«Тілдер » кафедрасы |
Емтихан билеті № 8
Пән: Кәсіби қазақ тілі |
Бекітемін: кафедра меңгерушісі Жардамалиева Ж.Б. ________________________ «_31_»_10_ 2013ж Хаттама № ____2___ |
Блок 1. Мәтін бойынша тесттерге жауап беріңіз.
