Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Касиби билет .docx
Скачиваний:
44
Добавлен:
08.04.2015
Размер:
130.88 Кб
Скачать

1.Қазақстанның болат жолы қанша шақырымды құрайды?

А) 14 мың шақырым

Ә) 13 мың шақырым

Б) 24 мың шақырым

В) 17 мың шақырым

Г) 27 мың шақырым

2.Жүк тасымалдау қанша пайызды құрайды?

А) 45%

Ә) 65 %

Б) 62%

В)70%

Г) 60 %

3. Жолаушы тасымалы қанша пайызды құрайды?

А) 45%

Ә) 65 %

Б) 62%

В)70%

Г) 60 %

4. Темір жолдың артықшылықтары?

А) транзиттілігінде

Ә) көп салалы болғандығында

Б) шекараға жақын болғандығында

В) маневрлі болғандығында

Г) вагондарының аз болғандығында

5. 2009 жылы салынған қаржы:

А) 111 миллиард

Ә) 110 миллиард

Б) 121 миллиард

В) 114 миллиард

Г) 101 миллиард

6. М.Тынышпаевтың туған жерін көрсетіңіз.

А) Сарқант;

Ә) Боралдай;

Б) Қазығұрт;???????

В) Семей;

Г) Ақтөбе;

7. Термин сөз ғылымның қай саласынан: нақты, құн, үнемшіл

А) автомобиль;

Ә) құрылыс;

Б) байланыс;

В) экономика;

Г) медицина;

8. Тасымалдауға болатын сөздерді көрсетіңіз

А) М.Тынышпаев, Қ.Сәтпаев;

Ә) 50 см, 40 тонна;

Б) ҚазККА, ТМД;

В) әже, әке;

Г) қала, жолдас;

9. «Теміржолшы» сөзі қалай жасалып тұр.

А) қос сөз;

Ә) қысқарған сөз;

Б) түбір сөз;

В) біріккен сөз;

Г) сөз тіркесі;

10. Мәскеу-Петербург темір жолы қашан салынған

А) 1851 жыл;

Ә) 1856 жыл;????//

Б) 1890 жыл;

В) 1890 жыл;

Г) 1990 жыл;

Блок 2.Берілген сөйлемдердегі жақша ішіндегі сөздерді синонимдерімен ауыстырып айтыңыз.

1) М.Шоқай түрік халықтарының саяси санасын оятуда үлкен еңбек сіңірген. 2) Түрік қағидаларын зерттеуші және түрікшілдік қоғамына зор көнілімен қараған М.Шоқай түрікшілдік туын жоғары ұстады. 3) М.Шоқай Түркістан автономиясын «Түркістан ұлт-азаттық ісінің» басы деп бағалаған. 4) Мұстафаның негізгі мақсаты: Ресей топырағында тұратын барлық түрік ұрпақтарын біріктіру. 5) М.Шоқайдың Түркістан ұлттық тәуелсіздігі жолындағы түрікшілдік идеясы «Жаңа Түркістан» журналында жарияланып отырған.

Блок 3. Қазақ даласындағы алғашқы темір жолдар туралы айтып беріңіз.

“Қазақстан темір жолы” ұлттық компаниясы – Еуразия кеңістігіндегі магистральды жүйенің аса ірі операторы және республикамыздағы бірден-бір темір жол тасымалдаушысы. Қазақстанның болат жолы 14 мың шақырымнан астам магистралды, 700-ден артық пайдалану және жөндеу деполарын құрайды.

Темір жолды Қазақстанның күретамырлары деп тегін айтпаса керек. Сала елдегі жолаушы тасымалы айналымының 60 пайызынан астамын және жүк айналымының 70 пайызына жуығын өз мойнына алып отыр. Қазақстан темір жолының тағы бір ерекшелігі оның аса әлеуетті транзиттік мүмкіндіктерінде.

Осыдан жүз жылдан сәл астам мерзім бұрын қазақтың ұлан-ғайыр даласын ұйқысынан оятып, алғашқы паровоз гудогы жаңа темір жол дәуірінің басталғанын жария етті. Сол мерзімнен бергі Қазақстан шойын жолының тарихы даңқты да ерлікке толы беттерден тұрады. Ақиқатын айтқанда, теміржолшылардың жасампаз еңбектерінің арқасында ғана болат жол бүгінде еліміздің ірі де қуатты өндіріс саласына айналды.

Темір жолдың бүгінгі дамуы мемлекеттік деңгейдегі серпінді жобаларға арқа сүйейтіні рас. Тек 2009 жылы ғана салаға салынған күрделі қаржы 110 миллиард теңгеге жуықтады. Бұл сомалар шойын жолдардың сан тарау буындарын күрделі жөндеуге, жылжымалы құрамды жаңалауға, инфрақұрылымдарды, телекоммуникацияларды дамытуға және жаңа құрылыстар салуға жұмсалды.

Темір жол көлігін дамыту бағдарламасына сай 2020 жылға дейін салада мол өзгерістер болмақшы. Аталған құжат реформалардың сатылап жүруіне, мемлекеттік үйлестірудің тәртіптерін өзгертуге және жеке капиталды тарту арқылы жаңа инвестициялық бағдарламаны іске асыруға негізделген. Бір сөзбен айтқанда, болат жолдағы жаңа стратегия тиімділігі жоғары ұлттық компания қалыптастыруға мүмкіндік бермекші. Бағдарламаның шеңберінде салаға 1,5 мың локомотив, 76 мыңнан астам жүк және 1,5 мың жолаушы вагондарын сатып алу қарастырылған. Инвестицияның жалпы сомасы 4 миллиард теңгеден асады

ҚазККА

«Тілдер » кафедрасы

Емтихан билеті № 7

Пән: Кәсіби қазақ тілі

Бекітемін:

кафедра меңгерушісі

Жардамалиева Ж.Б.

________________________

«_31_»_10_ 2013ж

Хаттама № ____2___

Блок 1. Мәтін бойынша тесттерге жауап беріңіз.