
- •I тарау. Компьютерді құрастыру және жаңғырту
- •1.1 Компьютерді орнату
- •1.1-Сурет. Шлицелік бұрауыш
- •1.2-Сурет. Жүйелік блоктың артқы тақтасы
- •1.3-Сурет. Sсsі – адаптері
- •1.4-Сурет. Sсsі интерфейстерінің ағытпалары
- •1.2 Компьютерде жұмыс істеу
- •1.5-Сурет. Жүйелік блоктың алдыңғы тақтасы
- •1.3 Компьютер құрастырушының аспаптары мен құрал-саймандары
- •1.4 Компьютерді құрастыру және бөлшектеу
- •1.10-Сурет. Антистатикалық қолғап және білезік
- •1.11-Сурет. Жүйелік қорабының айырып-қосқыштар мен индикаторлардың қосу схемасы
- •1.15-Сурет. Тестілеу утилитасының Windows Vista терезесі
- •II тарау. Компьютерге техникалық қызмет ету және ақау іздеу құралдары
- •2.1. Ақауларды анықтауға арналған bios құралдары
- •2.1-Сурет. Bios жүйесі
- •2.2-Сурет. Post-тақшасы
- •2.2. Дыбыстық сигналдар
- •2.3. Мәтіндік сигналдар
- •2.4. Ақаулықтарды іздеу және жоюдың негізгі бағыттары
- •2.3-Сурет. Everest бағдарламасы
- •2.4 -Сурет. Pc Wizard 2008 бағдарламасы
- •2.5. Профилактикалық шаралар бағдарламасы
- •2.5-Сурет. Желдеткіштер
- •2.6-Сурет. Процессорға ілетін кулер
- •2.7-Сурет. Дискіні дефрагментациялау утилитасы
- •2.8-Сурет. Hd Tune бағдарламасымен дискілердің жағдайы тексеру
- •III тарау. Компьютердің негізгі құраушыларын жөндеу және ақауларын анықтау
- •3.1. Қауіпсіздік техникасы
- •3.2. Жүйелік блоктың қорабы
- •3.1-Сурет. Жүйелік блоктың қорабы
- •3.3. Процессорды жаңғырту
- •3.2-Сурет. Процессорлар
- •3.4. Жүйелік тақшаны таңдау
- •3.3-Сурет. Жүйелік тақшаның артқы тақтасы
- •3.4-Сурет. Белгілі типке жататын жүйелік тақшаның ағытпалары
- •3.5. Жадтың қателерін жою
- •3.5-Сурет. Жедел жадылар
- •3.6. Ақпарат жинақтауыштар
- •3.6-Сурет. Fdd диск-жетегі
- •3.7-Сурет. Cd-rom және dvd-rw диск-жетектері
- •3.8-Сурет. 4Гбайттық флэшка
- •3.9-Сурет. Қатқыл дискі құрылымының схемасы
- •3.10-Сурет. Ata(ide) қатқыл дискіні қосу
- •3.11-Сурет. 2 қатқыл дискілерді қосу тәсілі
- •3.12-Сурет. Sata қатқыл дискіні қосу
- •3.13-Сурет. Ata/sata интерфейсінің кабельдері
- •3.7. Бейнекартаның ақаулары
- •3.14-Сурет. NVidia GeForce 7800 gtx бейнеадаптері
- •3.8. Дыбыстық карта және акустикалық жүйе
- •3.15-Сурет. Аккустикалық жүйелер
- •3.9.Қоректендіру блогы
- •3.16-Сурет. Қоректену блок
- •IV тарау. Бағдарламалық жасақтаманы баптау
- •4.1. Антивирустік тексеріс
- •5.1-Cурет. Eset nod32 бағдарламасы
- •4.2. «Трояндарды» және тыңшы бағдарламаларды жою
- •5.2-Cурет. Ad-Aware se бағдарламасы
- •4.3. Реестрді тазарту
- •5.3-Cурет. TweakNow RegCleaner бағдарламасы
- •4.4 Деректерді мұрағаттау және қалпына келтіру
- •4.5. Деректерді қалпына келтіру
1.3 Компьютер құрастырушының аспаптары мен құрал-саймандары
Алдымен компьютерді құрастыру, бөлшектеу, жөндей немесе техникалық қызмет ету үшін біршама аспаптар мен құрал-саймандар қажет болуы мүмкін.
Инженер-электроншының үнемі қолданатын құрал-саймандары 1.10-суретте көрсетілген.
1.6-сурет. Дәнекерлейтін аспаппен жұмыс жасау кезі
1.7-сурет. Инженер-электроншының құрал-саймандары
Кұраушылар микросхемасының жұмыс жасау қабілетін тексеру үшін мультиметр қажет. Ол әртүрлі электр көрсеткіштерін тексереді.
1.8-сурет. Көпқызметті мультиметр
1.9-сурет. WDD Weller дәнекерлейтін аспаптар жүйесі
Сервистік орталықтарда есептеуіш және кез келген электроникасы бар тұрмыстық техникаларды арнайы жөндеу аспаптары болады, солардын бірі дәнекерлейтін аспаптар жүйесі.
Жөндеу жұмыстарының түрлеріне қарай қосымша құраушыларын бөлек сатып алуға болады (әр түрлі мөлшерлі қондырмалар). 1.12-суретте дәнекерлейтін аспаптар жүйесінің негізгі құраушылары көрсетілген.
Атап кететін жайт, кез келген электрониканы дәнекерлеу уақыты 3 секундттан аспауы тиіс, себебі жоғары температурадан жұмысқа жарамды элементтер қызып кетуі мүмкін. Сондықтан қиын жерлерін трафаретті қондырмалар көмегімен дәнекерлейді.
Әсіресе, элементтерді микросхемалық тақшаға дәнекерлеп жапсыруға қажеті қорытпа (припой, қалайы) арқылы ұстатады.
1.4 Компьютерді құрастыру және бөлшектеу
Компьютерді құрастыру үшін алдымен антистатикалық қолғап немесе антистатикалық білезікті қолға тағу керек. Осы құралдар болмаған жағдайда, құрылғыларды ағытпаларына орнатар кезде, екінші қолмен жүйелік блоктың қорабын ұстап тұру қажет.
1.10-Сурет. Антистатикалық қолғап және білезік
Компьютерді құрастыру мен бөлшектеу үшін мынадай алгоритм бойынша қызмет еткен жөн:
Алдымен орнататын құрылғылардың орауларын шешу керек;
1.15-суретте көрсетілгендей қажет құрал жабдықтарды жинақтап алыңыз;
Әрбір бөлшектің аталуын дәл білуге ұмтылыңыз;
Жүйелік блокқа орналастырылатын жүйелік тақтаның орны мен оны бекітуге қажет болатын бұрандалар мен саймандарды дайындаңыз;
Қорапты өз ыңғайыңызға қарап, көлденеңінен оң жақ бетін төменге қаратып үстелге қойыңыз;
Жүйелік блогына жүйелік тақшамен келетін енгізу-шығару тақтасын жүйелік блоктың ішінен орнату керек;
Монтаждық көзге жүйелік тақшаның тесікшелері дәл келетіндей етіп жай ғана қойыңыз;
Дәлдікке көзіңіз жетсе ғана бұрандаларды бекітіңіз.
Процессорды жүйелік тақшаның процессорлық ұясына орнату (кейде жүйелік тақшаны жүйелік блогына салмастан бұрын тақшаны тегіс жерге қойып процессорды орнатып алады);
Процессордың үстіне термосықпаны жағып, кулерді орнату (термосықпа процессор мен салқындатқыш арасындағы жылу алмасуын жақсартады);
Қоректендіру блогы баусымдары жүйелік тақшаға жалғанатындай етіп, қораптың сыртқы артқы тақтасына коректендіру блогынан электр тогына жалғайтын ағытпа қарайтындай етіп оң жақ жоғары жағына орналастырып бекітіңіз;
Диск-жетектерді (FDD, CD-DVD) компьютердің алдыңғы тақтасына орналастырыңыз;
Қатқыл дискіні қораптың ішкі алдыңғы бөлігіндегі орынға орналастырып, бұрандалармен бекітіңіз;
Бейнекартаны, жедел жадыны жалғаңыз.
Жүйелік блогына желдеткіштерді орнату;
Тағы басқа құрылғылар болса жүйелік блоктың бітеуіштерін ағытып алып орнатуға болады;
Құрылғылардың барлығын орнатқан соң кабельдер мен байсымдарын ағытпаларына орнату қажет;
Компьютер жұмысқа дайын екеніне көз жеткізіңіз.
Осы әрекеттерден соң жүйелік блоктың қорабын жабуға болады.