- •I тарау. Компьютерді құрастыру және жаңғырту
- •1.1 Компьютерді орнату
- •1.1-Сурет. Шлицелік бұрауыш
- •1.2-Сурет. Жүйелік блоктың артқы тақтасы
- •1.3-Сурет. Sсsі – адаптері
- •1.4-Сурет. Sсsі интерфейстерінің ағытпалары
- •1.2 Компьютерде жұмыс істеу
- •1.5-Сурет. Жүйелік блоктың алдыңғы тақтасы
- •1.3 Компьютер құрастырушының аспаптары мен құрал-саймандары
- •1.4 Компьютерді құрастыру және бөлшектеу
- •1.10-Сурет. Антистатикалық қолғап және білезік
- •1.11-Сурет. Жүйелік қорабының айырып-қосқыштар мен индикаторлардың қосу схемасы
- •1.15-Сурет. Тестілеу утилитасының Windows Vista терезесі
- •II тарау. Компьютерге техникалық қызмет ету және ақау іздеу құралдары
- •2.1. Ақауларды анықтауға арналған bios құралдары
- •2.1-Сурет. Bios жүйесі
- •2.2-Сурет. Post-тақшасы
- •2.2. Дыбыстық сигналдар
- •2.3. Мәтіндік сигналдар
- •2.4. Ақаулықтарды іздеу және жоюдың негізгі бағыттары
- •2.3-Сурет. Everest бағдарламасы
- •2.4 -Сурет. Pc Wizard 2008 бағдарламасы
- •2.5. Профилактикалық шаралар бағдарламасы
- •2.5-Сурет. Желдеткіштер
- •2.6-Сурет. Процессорға ілетін кулер
- •2.7-Сурет. Дискіні дефрагментациялау утилитасы
- •2.8-Сурет. Hd Tune бағдарламасымен дискілердің жағдайы тексеру
- •III тарау. Компьютердің негізгі құраушыларын жөндеу және ақауларын анықтау
- •3.1. Қауіпсіздік техникасы
- •3.2. Жүйелік блоктың қорабы
- •3.1-Сурет. Жүйелік блоктың қорабы
- •3.3. Процессорды жаңғырту
- •3.2-Сурет. Процессорлар
- •3.4. Жүйелік тақшаны таңдау
- •3.3-Сурет. Жүйелік тақшаның артқы тақтасы
- •3.4-Сурет. Белгілі типке жататын жүйелік тақшаның ағытпалары
- •3.5. Жадтың қателерін жою
- •3.5-Сурет. Жедел жадылар
- •3.6. Ақпарат жинақтауыштар
- •3.6-Сурет. Fdd диск-жетегі
- •3.7-Сурет. Cd-rom және dvd-rw диск-жетектері
- •3.8-Сурет. 4Гбайттық флэшка
- •3.9-Сурет. Қатқыл дискі құрылымының схемасы
- •3.10-Сурет. Ata(ide) қатқыл дискіні қосу
- •3.11-Сурет. 2 қатқыл дискілерді қосу тәсілі
- •3.12-Сурет. Sata қатқыл дискіні қосу
- •3.13-Сурет. Ata/sata интерфейсінің кабельдері
- •3.7. Бейнекартаның ақаулары
- •3.14-Сурет. NVidia GeForce 7800 gtx бейнеадаптері
- •3.8. Дыбыстық карта және акустикалық жүйе
- •3.15-Сурет. Аккустикалық жүйелер
- •3.9.Қоректендіру блогы
- •3.16-Сурет. Қоректену блок
- •IV тарау. Бағдарламалық жасақтаманы баптау
- •4.1. Антивирустік тексеріс
- •5.1-Cурет. Eset nod32 бағдарламасы
- •4.2. «Трояндарды» және тыңшы бағдарламаларды жою
- •5.2-Cурет. Ad-Aware se бағдарламасы
- •4.3. Реестрді тазарту
- •5.3-Cурет. TweakNow RegCleaner бағдарламасы
- •4.4 Деректерді мұрағаттау және қалпына келтіру
- •4.5. Деректерді қалпына келтіру
IV тарау. Бағдарламалық жасақтаманы баптау
Компьютерді құрайтын орталық процессор, жедел жады, қатқыл дискі және басқа аппараттық бөлшектерден жинақталған құрал ғана емес, сонымен қатар бағдарламалық бөлім – операциялық жүйе және қосымша бағдарламалар. Егер мехникалық құрылғылары мерзімді профилактиканы талап етсе, онда бағдарламалық бөлімі міндетті түрде қажет етеді, себебі бағдарламалық бөлім 100 пайыздық жағдайдың 90 пайыз жағдайында компьютердің істен шығуына себеп болады. Сондықтан әркез операциялық жүйені алдын-ала профилактикадан өткізіп тұру керек, олай етпеген жағдайда оны қайта орнатуға тура келеді, ол бүкіл қолданбалы бағдарламаларды қайта орнатуды қажет етеді.
Операциялық жүйенің алдын-ала профилактикасын жасау өте қарапайым, ағымды және кейінгі әрекеттерден тұрады:
Компьютердегі барлық файлдарды әркез антивирустық бақылаудан өткізу;
Зиянды бағдарламаларды жүйелік ізденістен өткізіп жойып отыру, мұндай бағдарламалар көбінесе интернеттен түседі;
Компьютерді көбінесе зиянды бағдарламалардан қорғайтын брандмауэрді баптап отыру;
Реестрды бағдарламалық “қоқысынан” жие тазартып отыру
Маңызды жүйелік жаңартуды орнатып отыру, оларды операциялық жүйе шығаратын ресми веб-сайттардан мүлдем тегін көшіріп алуға болады.
4.1. Антивирустік тексеріс
Вирусты жазу тарихы алғашқы компьютерлердің көп көлемде пайда болуымен басталды. Бұрынғы уақытта вирустар қарапайым әрекеттер жасайтын болатын. Әрі кеткенде, уақытша компьютерлерді істен шығаратын әдейі вирустар да болған.
Қазіргі кезде вирустардың мақсаты күрделілек, себебі ол белгілі бір компьютерлік объектіні қатардан шығаруға бағытталған, сонымен қатар ол тек бір компьютер болуы мүмкін және бір мекеменің немесе қаржы бөлімінің мыңдаған компьютерлері болуы мүмкін.
Ол өзінің қарсыласын шатыстыру үшін, электронды құжаттарды ұрлау, қаржы көзбояушылығы және т.б. әркеттерді іске асырады.
Жалпы айтқанда, оның тарихы өте шытырман және шеті көрінбейді. Сондықтан вирустан сақтану үшін арнайы бағдарламалар ойлап шығарылды, олар – антивирустік дестелер, олар компьютердегі “шақырылмаған қонақтардың” санын тексереді. Қазіргі кезде бұндай бағдарламалар шынайы уақытта жұмыс істейді және олар компьютердегі бар файлды ғана емес, сонымен қатар компьютерге түскен кез келген объектіні сараптайды. Мұндай бағдарламаның әркездік жаңартушы антивирустік базасы және вирустың көзін анықтай алатын жақсы ойластырылған алгоритм іздеушісі болады, сондықтан олар толықтай компьютерді бүкіл вирустардан қорғайды.
Қазіргі кезде антивирустік бағдарламалар өте көп. Олардың әрбіреуінің артықшылығы мен кемшілігі бар: кейбіреуі жылдам тексергенімен, антивирустік жаңартуларды сирек жүктейді, ал кейбіреулер күн сайын жаңартуларды жүктейді, бірақ келген немесе жазылған электрондық хаттаманы тексере алмайды.
Антивирустік дестелердің ең мықтылары: DrWeb, ESET NOD32, AntiVir, Kaspersky, Avast, McAfree және т.б.
NOD32 бағдарламасы бірнеше модульдерден тұрады, оның әрбіреуі белгілі бір қолдану жағдайына сүйенеді. Мысалы: файлдық жүйелік мониторы, POP3 және HTTP протоколдарына арналған интернет-мониторы, Microsoft Outlook-ке арналған MAPI электрондық поштаның мониторы, және т.б. Сонымен қатар оның құрамында бағдарламаның жаңаруына және вирустық мәліметтер базасына жауап беретін модульдер бар.
Егерде файлдарды сканерлеу модулін қосқымыз келсе, терезенің сол жағынан “Сканерлеу” бөлігін таңдап алу жеткілікті. Сол кезде оң жақта компьютерді тексерудің екі түрі пайда болады.