Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

ФИЛОСОФИЯ-КАЗ / Философия шпор / жаңа билеттер

.doc
Скачиваний:
34
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
35.84 Кб
Скачать

10. Антик дәуіріндегі философия. Космостан адамға дейін

Көне шығыс философиясынан кейін біз Батыс философиясына көшеміз. әдебиетте оны антикалық философия дейді. Оның отаны қазіргі Греция. Грек философиясының әлеуметтік экономикалық негіздері патрихалдық құлдық қоғамнынан дамыған құл иеленушілік қоғамға көшу, қосымша құнды өсірудің негізінде байлықтың көзі ашылып қала мемлекеттердің қалыптасуы интелленгенцияның дүниеге келуі т.с.с. Бұл үрдістер 6-5 б.э.д. өтті. Грек философиясының қайнар көзі оның бай мифологиясында. Антик философия белгілі дәрежеде қалыптасқан философияның тұрпайы болса да , алғашқы кезеңіне жатады. Бұл дәуір философиясында бірнеше дәуір өкілдері дүниеге келді. Оның бастамасы Милет қаласынан шықты. Фалес сауда адамы. Анаксимандр оның пікірінше дүние негізі су немесе басқа бір зат емес, белгісіз, байыпталмайтын апейрон. Анаксимен дүниенің негізін aua деп есептеген т.б. өкілдер.

Орыс философиясында он сегізінші ғасырдан бастап, антропокосмизм идеялары пайда болды. Яғни адамның жер бетіндегі орны емес, оның ғарыштағы рөлі зерттеле бастайды. Орыс философиясындағы бұл мәселеге қатысты негізгі идеялар:

  1. ғарыштағы адамзаттың өлместігі ( Циолковский)

  2. биосфераның ноосфераға өтуі ( Вернадский)

  3. табиғатты зерттеп, өткен ұрпақтарды тірілту (Федоров)

  4. күн мен биосфераның ажырамас байланысы ( Чжичевский)

  5. сананың ғарыштық дамуы (Ферих)

олардың бар адам өмірін болашағын космоспен байланыстырған.

12. Кеңістік пен уақыт мәселесі

Уақыт пен кеңістік материяның өмір сүру формалары. Философияның көңіл аударатын материяға қатынасы, яғни Уақыт пен Кеңістік шындық па әлде санада ғана өмір сүретін таза абстракт па деген мәселе. Идеалист Философтар Уақыт пен Кеңістіктің материяға тәуелділігін жоққа шығарып, олардан не жеке адам санасының формасы ( Беркли, Юм, Мах) немесе сезімдік қабылдаудың тәжірибеге дейінгі априорлық формасы түрінде ( Гегель) қарастырады. Материализм Уақыт пен Кеңістіктің материядан ажырағысыз екендігі олардың жалпылығы мен әмбебаптығынан көрінеді. Кеңістік бір мезгілде қатар өмір сүретін объектілердің орналасу ретін көрсетеді. Ал Уақыт бірінен соң бірі болатын құбылыстардың өмір сүру ретін белгілейді, яғни kez kelgen материалдық процесс бір бағытта өткеннен болашаққа қарай дамуы. Маркс пен Энгельс Уақыт пен Кеңістіктің үнемі қозғалыстағы материямен жай сыртқы байланысын ғана мойындамайды сондай ақ қозғалыс Уақыт пн Кеңістіктің мәні болып табылады, демек, материя, қозғалыс, Уақыт пен Кеңістік бірінен бірі бөлінбейтін бірлікте екендігін мойындайды.Бұл идея қазіргі заман физикасында толық дәлелденді. Ертедегі натурфилософтардың ( Демокрит, Эпикур) атомдық көзқарасына сәйкес жаратылыс зерттеушілер 20ғ дейін Кеңістікті бос қуыспен теңестіріп келді, оны абсолютті деп санап, барлық жерде әрдайым бірдей және қозғалмайды, ал уақыт біркелкі өтеді деп түсіндіреді. Қазіргі заманғы физика Кеңістік денелер орналасқан бос kuys және Уақыт шексіз әлемнің барлық жерінде бірдей деген ескі түсініктерді текке шығарды. Уақыттың өтуі мен денелердің тұрқы сол денелердің қозғалу жылдамдығына тәуелді екенін, төрт өлшемді континуумның (уақыт кеңістіктің) құрылысы немесе қасиеттері заттар массасының жиынтығына және олардан туатын тартылыс өрісіне байланысты өзгеретіндігін жалпы салыстырмалық теориясы дәлелденді. Уақыт пен Кеңістіктің қазіргі заманғы теориясын жасауда Лобачевскийдің Риманның Гаустың идеялары маңызды рөл атқарады. У пен К жайлы біздің түсініктеріміздің өзгермелілігін идеализм олардың объективтік шындық екендігін жоққа шығару үшін пайдаланады. Адамның дүниетанымы дамыған сайын У пен Ктің объективтік шындық екендігі жайлы барған сайын терең де дәл мәліметтер беруде.

4. Философияның скептицизм және оның мәселелері

Жалпы грекше skeptikos қарастырушы, зерттеуші, сынаушы деген мағынада айтылған. Ол объективті шындықты танып білу мүмкіндігіне шүбә келтіретін философиялық концепция. Скептицизмнің ақыры агностицизмге және негилизмге әкелді. Скептицизмнің қоғам дамуының барысындағы бұрынғы қоғамдық идеалдардың ескіріп, жаңалары әлі күш ала қоймаған кезеңдерде белең алады. Философтардың доктрина тоқырауы тұсында бұрынғы философияның жүйелерге реакция түрінде пайда болды. Бұл жүйелер бір бірімен қайшылыққа түсе отырып, сезімдік дүниені ащыгөйлек пайымдар көмегімен түсіндіруге әрекеттенді. Пиронның , Аркесилайдың, Карнсадтың , Энесидемнің, Сеист Эмпириктің ілімдерінде скептицизм барынша айқын көрінеді.

Жалпы қабылданған және дәлелденген білімнің мүмкіндігіне шүбә келтіру скептицизмнің этикалық негізі болды. Монтеньнің, Шарронның, Бейльдің және басқа да еңбектерінде теологиялық аргументтерге шүбә жасалды жеке материализмнің қанат zhayuna негіз қаланды.

Қазір философияда скептицизмнің дәстүрлі аргументтерін позитивизм өзінше қабылдап, тікелей тәжірибе жасау арқылы тексерілмейтін болжамдарды тұжырымдауды ,пікірлерді жоққа шығарады, скептицизм диалектикалық материализмде таным элементі ретінде мойындалғанымен ( күдік,өзара,сын т.б.) философиялық концепция деңгейіне абсолюттендірілмейді. Ең басты мәселе де осы болып отыр.

2. Абстракциядан нақтылыққа өрлеу тәсілін қай нақты ғылымдардың қалыптасу тарихынан айқын көруге болады.

Абстракция ( лат. Abstraction дерексіздену) бүтіннің бір жағы, бөлшегі, біржақтылық., қарапайымдылық, дамымағандық

Нақтылық ( лат.concretus қоюланған біте қайнасқан) көпжақтылық күрделілік дамығандық тұтастық

Абстракциядан нақтылыққа қарай өрлеу санада тұтас обьектіні теориялық жағынан жаңғыртудың тәсілі болып табылады, ал нақты ғылым танымды өрістетудің , ұғымдардағы обьектіні жүйелі түрде бейнелеудің жалпыға бірдей формасы болып табылады.

Соседние файлы в папке Философия шпор