Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
123
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
119.84 Кб
Скачать

3. Гегель философиясы бойынша әр халық еріктілік ұғымын қай деңгейде түсінсе соған сай қоғам құрады.

Гегель өз ілімін жаңа негіздерден алып шығады. Өзіне дейінгі ойшылдармен салыстырғанда Гегель болмыстың жаңа түсініг береді. Гегель болмысты субъект ретінде түсінді. Шынайы субъект Абсолюттік идея болып табылады.

Әрбір табиғи зат , қоғам және адамның рухани өмірінің құбылыстары Абсолюттік өзіндік өзгеруінің диалектикалық үдерісі ретінде көрінеді және ол қажетті.Осылайша, Гегель Канттың табиғат және еркіндік деген салаларға бөлген жіктеуін қабылдамай, жаңа нұсқа ұсынды.Гегельдің ойынша мәденилену ретінде, өзінің табиғи және индивидуалдық шектеулілігін , партикулярлық және жеке мүдделерді игеріп, оны жалпылыққа дейін көтеру үдерісі ретінде көрінеді. Әлемдегі адам болмысы мақсат өоя білу және оған жету қабілеттерімен , тек ішкі рухани тұрғыда еркіндікке ие болу ғана емес , қойылған мақсаттарды жүзеге асыра отырып, нақты практикалық тұрғыда ад еркіндікке ие болумен сиаптталады.Еркін рух өзінің жүзеге асуын нақты өмірден, тарихтан, объективті рух саласынан табуы тиіс. Еркіндік дейді Гегель, танылған қажеттілік болып табылады. Адам ақыл ойдың көмегімен әлемді , оның заңдарын тани отырып , оны өзгертуге қабілетті, әлемді бағындыруға өз күші мен қуат жігерін жұмсай отырып, өз үстемдігін орнатуға қабілетті. Адамның өзі өзгертіп құрған әлемі еуропалықтың әлемі б.т. және ол өзге халықтар үшін Канон болып саналады. Бұл әлем «адам өзінің сана сезіміне толық қолы жеткен , ешқандай бқгет, кедергі жоқ деп саналатындай өзіндік сенімнің дәрежесіне ие болған, және, сондықтан барлық нәрселерден өзінің қатысын көре алатын ақыл ойдың әлемі болып табылады. Сондықтан мұнда білімге деген шексіз ұмтылыс үстемдік етеді.»

10 – билет

1. Ф. Бэконның адасушылық туралы

Ф.Бэкон Лондонда жоғарғы қызметкердің отбасында туды, 20 жыл бойы оның әкесі ең соңғы күніне дейін мемлекет орындарында қызмет атқарады. Шешесі Анна Кук өте білімді болған. Бэкон Аристотель, Платон ,Софокл және басқа ойшылдардың еңбегін оқып, зерттеді. Оларға сыни көзбен қарады. Бэкон ақиқатқа жету үшін адам ақылында кездесетін жалған пікірдің әр түрлерінен (идолдардан) құтылуды ұсынды. Ол елестердің төрт түрін көрсетті;

1) « Тектік елестер» Ол адам табиғатының өзінен , адам ақылы мен сезім мүшелерінің жетілмеуінен болады:

2) « Үңгір елестері» Ол адамның қоршаған дүниені субьективтік қажеттілік түрде қабылдауымен байланысты:

3) «Нарық» (немесе базар алаңындағы) елестері, ол дұрыс емес, не дәл емес сөздердің нәтижесінде туады.

4) «Театр» елестері беделге , соның ішінде дәстүрлі философиялық жүйелерге сөзсіз сенуге болудан шыққан.

Ол танымның жолындағы кедергілерді алып тастауды ұсынады, адамды жаңа ақиқатты игеруге шақырады. Елесті жоюдың негізгі құралы тәжірибеге жүгіну және нақты деректерді ғылыми әдіспен талдау дейді. Мұндайды эмпиризм деп атайды. Ақиқат әдісті таңдау проблемасын Бэкон аллегориялық (әдебиетте, өнерде дерексіз, деректі , нақты бейнелер арқылы көрсету) , әсіресе мысалдарда, ертегілерде көп қолданылатын тәсілдермен шешеді. Оның пікірінше, танудың үш долы бар: өрмекші, құмырсқа және ара жолдары. Бұлардың әр қайсысының өзінің жағымды және жағымсыз жақтары бар.

«Өрмекшінің жолы» - ақиқатты «таза» санадан шығару әрекеті. Бұл жлд фактілер мен шындықты дәлелдейді. Мұндай әдіспен алатын қорытынды білім гипотеза, ғылыми болжам түрінде болады. Олар ақиқат немесе болжам болуы мүмкін. Бұл әдісті догмаларды ұстанушылар мен рационалистер қолданады. Өрмекшінің өрмегі секілді ақылдарын ттоқиды.

«Құмырсқа жолы» бір жақты эмпиризм, тек фактілерді жинау. Эмпириктер құмырсқа секілді жекеленген фактілерді ьабандылықпен жинайды, бірақ бұл әдіс аз нәтиже береді, себебі зерттеуші зерттеу затының мәнін толық болмайды.

« Ара жолы» алғашқы екі әдістің жақсы жағын біріктіреді. Олардың әрқайсысының бар кемшіліктен бос көмегінің арқасында эмпириядан теория көтеріледі. Өсімдіктердің гүлінен нектар жинайтын, оны балға айналдыратын ара іскер болуы керек.

Бэкон теория мен практиканың танымда сезім мен рационалдықтың бірлігін жақтады. Бірақ жаратылыстанудың дамуында математиканың ролін кемітті, Коперниктің гелиоцентрлік жүйесін мойындамады. Соған қарамай ол эксперименттік ғылымның негізін қалады. Бэконның басты шығармасы «Жаңа Органон» , ол танымның методологиясы. Бэкон негізгі әдіс ретінде индукцияны ұстанады. Ол тәжірибе мен экспериментке, сонымен бірге сезімдегін қорытындылау және талдау әдісі арқылы айқындайды. Индукция жеке ойлардан жалпы қорытындылар шығаратын ойлау тәсілі.

2. Вернадскийдің ноосфера туралы ілімі. Адамзаттың жетілуіне сай биосфера өзінің келесі саналық сатысына Ноосфераға (Ноос ақыл, ой деген сөзінен шыққан ) өтеді. Ноосфера туралы ғылымның негізін қалаған орыс ғалымы И.В.Вернадский (1863 - 1945) Ноосфера : ақыл ой өрісі ойланып істейтін әрі басқарылып отыратын әрекеттің көрінісі. Табиғатты жоспарлы жүйелі әрә сапалы түрде пайдалану, өзгерту, түрлендіру жемісі. Ақыл ойдың құдіреті арқылы дүниеге келтірілген ғажайып техникалық құралдар табиғатты бүлдірмей оны сақтауға , гүлдендіре түсуге тиісті. Ноосфера ақыл ой сферасы , адамның өмірінде, оның материалдық және рухани мәдениетінде пайда болады. Ноосфера әрдайым ұлғаяды және болмыстың басқа да салаларына тарайды . Келешекте ноосфера жер үстінде жетекші болып космосқа ауысады деген ойларды айтып , Вернадский биосфераның ноосфераға өтуінің әлеуметтік табиғи негізгі алға шарттарын анықтады: 1) жер шарының әлемдік тарихын қамту және адамзатты біртұтастыққа айналдыру. 2) байланыс құралы мен жетістіктерді айырбастауды қайта құру. 3) энергияның жаңа көзін табу. 4) барлық адамдардың тұрмыс халін көтеру және олардың теңдігіне жету.

  1. Жаңа технологиялар мен біздің табиғатқа сай әлеуметтік сұраныс арасындағы байланысты көрсетіңіз.

Антика заманында техника түсінігі адамның жасампаз іскерлігі мен ішкі қабілетін, осы іскерліктің өзіндік сонымен бірге адам әрекетінің жемісті болуындағы көмегін айады. Техниканың әлеуметтік мәні және сипаты:

Жеке еңбек қаруын техникаға жатқызуға болмайды;

«techne» антикада жерді өңдеу, аң аулау, теңізде жүзу, дәрігерлік, тоқыма, қару жасау және театр өнерін техникалық білім өндіріс процесінде ой арқылы объектіні құрастырады, проекті жасайды. Оны мақсатты құрал ретінде көру қажет.

Техниканың даму барысын табиғаттың өзгерту мүмкіндігі бар. Бір жағынан, техника мен табиғат ұқсайды, ал екінші жағынан, ол табиғатты адамның керегіне қарай өзгертеді. XVII- XVIII ғғ. Ғылыми революция дәуірінде батыс еуропа елдеріндегі өндірістегі өсгерістер , латын «technica ars» (өндірістегі өнер әдісі) француз тіліне «tehnijes» содан кейін неміс тіліне «technic» болып сөйтіп термин арнайы мамандық бола бастайды. Жаңа дәуірде ол күрделі құралдардың бірлігін , әрекетін және еңбек қаруы және машина ретінде қарстырылды. Сондықтан, бұл сөздің мәні өзгереді. Органикалық табиғат саласында ауылшаруашылық, техника, биотехнология және т.б. пайда болды. Сонымен бірге, техникаға ойлау , айтысу өнерлері жатады: ес (мнемотехника), сурет салу , музыка аспабында ойнау; өндірісті, мемлекетті басқару техникасы түсініктері кең түрде қолданыла бастады.

Сонымен қазіргі замандағы техника түсінігі мынадай деуге болады:

- білім саласында эмпириялық пен теориялық білімді байланыстырушы жүйе саласында көрінеді;

- адам әрекеті саласында: барлық құралдармен іс қимыл мүмкіндіктері және қажеттілігіне сәйкес табиғатты және үстемдігін орнатудың амал тәсілдерінің жиынтығы;

- шеберлік пен дағдылықтың бірлігі , кәсіп ерекшелігіне байланысты адамдардың әрекетінің түрі.

Қазіргі замандағы ғылыми техникалық прогресс (ҒТП) кезінде адамдар өте жоғары дәрежеде білімді болуы керек. Авто маттандыру және кибернетизациялау жұмысшылардың уақытын үнемдейді ,өндірістің жаңа түрлері пайда болады. Техника және ҒТП адам ақыл ойының зор табысы. Осы табыстарға сүйене өндіргіш күштер дамыды.

11-билет

1. Р. Декарттың философиясы.

Декарт Рене (1596–1650). Ол философияның, физиканың, математиканың және дамуына үлкен әсер етті. Декарт дуализм мен рационализмнің өкілі. Дедуктивтік – рационалистік әдісінің негізін қалады. Геометриялық оптиканы, аналитикалық геометрияны, координаттар жүйесін жасады, идеясын ұсынды. Космологияда (дүниенің құрылымы), космогонияда (планеталардың пайда болуы және құрылымы), физика және физиологияда Декарт материалист. Ол дүниенің өздігінен жаралғанын, оның объективті даму құқықтарының бар екенін, бірақ олардың механикаға негізделгенін айтты. Психологияда, таным теориясында ол – «Мен ойлаймын, олай болса өмір сүремін»(Cogilo, ergo zum) –деген қағидаға сүйенеді.

  1. Әлемде адамға түсініксіз көптеген заттар мен құбылыстар өмір сүреді. Олар бар ма? Олардың қасиеті қандай? Мысалы: Құдай бар ма? Дүниенің шегі бар ма?

  2. Қай затқа, қай құбылысқа күмән келтірмеуге болады? (Қоршаған орта өмір сүре ме? Күн жарқырай ма?

  3. Олай болатын болса тек күмәндану анық факт және еш дәлелдің қажеті жоқ.

  4. Күмәндану ойдың қасиеті, демек шын өмір сүретін адам күмәнденеді, ойлай алады, яғни адам ойлайды.

  5. Сондықтан ойлау болмыстың да, танымның да негізі. Ол ақыл ойдың жұмысы, олай болса болмысв ақыл ойда бар.

Декарт болмыс проблемасын зерттеу барасында болмыстың мәнін сипаттайтын ұғымды шығаруға болады, оны субстанция деп атайды. Субстанция – ішкі бірлігі жағынан қаралатын объективтік шындық, қозғалыс біртұтас, үздіксіз дамып отыратын материя. Субстанция– дүниеде бардың бәрі, өз өмірінде басқаға ешқандай тәуелді, тек өз өзіне ғана тәуелді.

Соседние файлы в папке Философия шпор