Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
123
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
119.84 Кб
Скачать

2. Тіршіліктің мәні және оның пайда болуы.

Тіршілік өзгермелі заттардың өзара байланыстары мен әрекеттерінің алуан турлілігі. Заттардың тіршілік етуін олардың ішкі мәнімен де, болмысымен де теңгеруге болмайды. Тіршілікті бір опасыз, кездейсоқ жне уақытша нәрсе, заттардың мәнінен, негізінен төмен деп есептейтін философиялық теориялар қате. Бірақ заттардың мәніне­ мүлде жоқ нәрсе ретінде, не мүлде түсініксіз, адам танымы мен практикасының өресі жетпейтін нәрсе ретінде қарастыратын тіршілікті заттардың мәнінен жоғары деп табатын теория да дұрыс емес. Дұрыс көзқарас мынаған тіреледі: тіршіліксіз мәннің де болуы мүмкін емес, мәнсіз тіршілік ақылға сыймайды. Бұндай жағдай тек сыртқы пішін, тынымсыздық, кездейсоқтық қана көрінеді. Тек тіршілікпен мәннің, болмыс пен жаратылыстың бірлігі ғана барлық тіршілік атаулыны танып білуге мүмкіндік береді.

3. Сананы материяға, жаны энергияға теңейтін бағыт дұрыс па? Философиялық талдау.

Негізінен алғанда, сана мен материяның арақатынасын анықтауда 3 бағыт бар. Оның бірі: материализм, екіншісі: идеализм, үшіншісі: реализм.

Материализм бағытының негізгі категориясы материя ұғымы. Бұл бағытты ұстайтын ойшылдар алғашында дүниенің негізін нақтылы сезімдік заттардан көрді. Мұндай көзқарастың көне замандағы шыңы Демокриттің атомдық теориясы.

Ештеңеден ештеңе пайда болмайды, сондықтан атомдар мәңгі өмір сүреді, оның бұл дүниеге қатысы жоқ деген батыл көзқараста болды.

Материя дегеніміз обьективті шындықты біздің санамызда бейнелейтін философиялық категория, яғни ұғым.

Ал идеалистік бағыт өмірдің рухани жағын негізгі деп есептейді. Лейбниц идеалистік философияның жаңа түрін дүниеге әкеледі. Адам өзінің ішкі жан дүниесінің бар екенін өз тәжірибесінде анықтайтын болса, онда басқа заттардың да жаны бар деп ойлауға болады. Реалистік жүйе бойынша материя мен форманың екеуінің де тең құндылығын айтады. Оның формуласы материясыз форма, формасыз материя жоқ. Бұл формуланы нақтылай келе, материяны мүмкіндік, форманы шындық іске асушылық ретінде тусінеді.

Жан Платон философиясында мәңгілік идея, Гегельде материямен байланысын білдіретін рухтың төменгі, сезім түйсіктің көрінісі.

23- билет

1)Ежелгі Шығыс философиясындағы адам мен дүние мәселесі

Ежелгі Шығыс күрделі өркениет типі, оның жалпы белгілерінің сипаты;

Өркениетінің негізі егін шаруашылығы, жер өңдеу – бұл жағдайда жер мен су мемлекеттің меншігінде болады.

Мемлекеттің құрылысында орталыққа шоғырланған бюрократтық өкіметі болды.

Мемлекеттің , абсолюттік өкіметтің басқарушысы фараон, патша, император.

Халықтың көпшілігі тұйықтау, шашылған ауылдық қауымда өмір сүрді, мемлекетке тәуелді болды. Адам өзін табиғат пен қоғамнан не обьективтік , не субьективтік деп бөлмейді. Бұл жағдай жоғарғы дәрежедегі рухани мәдениеттің спецификасын анықтайды. Алғашқы таптық құлиеленушілік қоғам Шумер , Египет мемлекеттерінде пайда болды. Алғашқы философиялық ойлар алғашқы астрлономия, космология, математика ілімдерімен және ескі мифологиямен тығыз байланысты, Философия қоғамдық сананың ерекше формасы ретінде әлі бекіне қойған жоқ. Шаруашылық талаптары нақты ғылымдардың дамуын қажет етті, Вавилон математиктері алгебра мен геометрияның бастауын Абыздардың мифтік құдайлар туралы ілімі дүниенің пайда болуы іліміне ұласты. Құдайлар атасы Ай. Құдайлар жұлдыздар болып саналды. Күн соларды сөндіретін , өлім әкелетін зұлымдық күш делінді.осы көзқарастарға қарсы атейстік ойлар туды, Вавилонның аса көрнекті әдеби мұрасы « Өмірдің мәні туралы құл мен оның иесінің айтысы» еңбегі. Оның ұмыт болған авторы діни қағидаларды сынап, о дүниедегі өмір үшін құдайларға құрбандық шалуды ақылсыздық деп есептеыді. Қытай ең жоғарғы философияны әлемге алып келді. Батыс бұл деңгейге алі жеткен жоқ дейді. Бұл секілді қарама қарсы пікірдің өмір сүруінің себебі философияның эталондық үлгісі ретінде Батысеуропалық философиямен шұғылдану вариантының алынуына байланысты.

Соседние файлы в папке Философия шпор