
- •2)Материяның негізгі құрылымдық деңгейлері
- •3.Философиялық дискурс.Мемлекет.Ерік.Теңдік
- •1.Философиядағы адам мәселесі
- •2) Тәсіл мен методология мәселесі. Методологияның деңгейлері.
- •1)Сана және бейсаналық сфера
- •2. Ақиқат мәселесі және оның критерилері. Ақиқатты процесс ретінде қарастыру
- •3. Абстракциядан нақтылыққа өрлеу тәсілін қай нақты ғылымдардың қалыптасу тарихынан айқын көруге болады.
- •1)Миф. Мифтің ерекшеліктері және функциясы
- •2) Бейклассикалық философия тақырыптары және бағыттары.
- •2) Адам және Әлем. Антроптық принцип .
- •1.Абайдың қара сөздері
- •2.Философияның негізгі категориялары.
- •3. Адамның мәні қай мағынада бар: ерекше субстанция ретінде ме немесе жан ретінде ме немесе филасофиялық талдау ретінде ме?
- •1. Философияның скептицизм және оның мәселелері
- •2. Ғылым дамуындағы революция. Ғылыми революцияның түрі.
- •3. Гегель философиясы бойынша әр халық еріктілік ұғымын қай деңгейде түсінсе соған сай қоғам құрады.
- •1. Ф. Бэконның адасушылық туралы
- •2) Қоғам ұғымы және құрылымдары
- •3.Жаттанудың осы заманғы формалары мен шешу жолдарын талдаңыз.
- •1. И. Канттың философиясы. Импиративтік принцип
- •2. Диалектиканың негізгі принциптері мен заңдары және олардың танымдық рольдері
- •3. Біз кімбіз, біз қайданбыз, қайда барамыз және неге үмітенуге болады тақырыбына эссе.
- •14.Билет
- •1. Орта ғасырдағы Батыс философиясы
- •2) Мәдениеттің философиялық түсінігі.
- •1) Қайта өрлеу дәіріндегі гуманистік антропоцентризм. Понтеизм
- •2) Онтологияның негіздері. Болмыс категориясы.
- •3. Нақты ғылымдардағы сәйкестік,толықтырмалы және конфронтация принциптері қай диалектикалық заңдармен байланысты.
- •1.Дүниетаным ұғымы, құрылымы және тарихи түрлері.
- •3. Гейзенбергтің анықсыздық принципінің философиялық интерпретацияларын талдаңыз, қайсысы ақиқат?
- •1. Антик дәуіріндегі философия. Космостан адамға дейін
- •2.Канттың категориялар туралы ілімі мен антиномиялары. Жаңалықтары мен кемшіліктері
- •3. Глобольды мәселердің философиясы . Себептері мен шешу жолдары.
- •1) Спинозаның пантистік философиясы.
- •2) Танушы процесс ретінде қарастыру. Ғылыми танымның деңгейлері.
- •3) Декарт бойынша «Мен ойлап тұрмын, сондықтан, мен бармын.» Осы принциптің интерпретациясын талдаңыз.
- •1) Гегель жүйесі және тәсілі.
- •2. Антропосоциогенез мәселесі.
- •3. Зенон антиномиялары мен нақты ғылымдардағы шексіздік мәселелерінің арасындағы байланысты және шешу жолдарын көрсетіңіз.
- •1.Философияның негізгі мәселелері.Дүние және адам
- •2. Дүниенің ғылыми бейнесінің эволюциясы
- •3.Адамның екі жақты антиномиялық қызметін қалай түсінесіз?
- •21 Билет
- •1.Философияның функциялары.
- •2. Кеңістік пен уақыт мәселесі
- •3.Трансценденталдық идеялар.Құдай,Әлем,Мен қай мағынада өмір сүреді?
- •22 Билет
- •1. Экзистенциялистік филасофия
- •2. Тіршіліктің мәні және оның пайда болуы.
- •3. Сананы материяға, жаны энергияға теңейтін бағыт дұрыс па? Философиялық талдау.
- •1)Ежелгі Шығыс философиясындағы адам мен дүние мәселесі
- •2. Критикалық рационализм
- •3. К. Поппер бойынша «Кез келген теория эксперимент арқылы жалғанға айналатын гипотеза.»
- •1. Лейбниц монадологиясы.
- •1.Идеалдық мәселесі.
- •2.Ғылым және философия.
- •3.Философиялық дискурс: адамның табиғаты мен өмір сүру мәні
2. Дүниенің ғылыми бейнесінің эволюциясы
Қоғамдық болмыстың әсерінен адамның әрекеттену, ой алмасу жолында қалыптасатын кісілік қасиеттерінің ішіндегі аса маңыздысы – дүниеге көзқарас. Кез-келген кісіні алып қарасақ, оның дүниетанымы діни де, материлистік те, ғылми да, ғылымға жат та т.б. болып шығуы мүмкін. Егер оның көзқарасының әлеуметтік жағына назар аударсақ, қандай қоғамдық топтарға,қозғалыстарға қызмет ететінін, қандай топтар мен қозғалыстарға қарсы екенін, интернационалист не ұлтшыл, революционер не кертартпа екенін аңғаратын боламыз.
Дүниеге көзқараспен бірге адамның ішкі сипаты қалыптасады. Сипат дегенімз адамның әлеметтік орта тәрбие жасайтын ықпалынан пайда болатын мінез-құлқындағы, іс-әрекетіндегі тұрақты психологиялық стиль, әдетке айналған тәртіп. Мұндай сипат «негізі қаланып», жетілген шақта адам өзінің «адамдық» мәнін көрсете алады, қоғамдағы өзіне тиісті орынға ұмтылу құқығына ие болады.
Дүниеге көзқарастың әлеуметтік-психологиялық сипаттың ең прогресшіл, бой түрлерін алсаңыз да, егер олар өздеріне күш беріп, шынайы мақсатқа бағыттаушы, іске бастаушы ерік жігерімен қосылмаса жансыз, пайдасыз бейне болып қала береді. Психикалық қызметтің саналы және ең белсенді, қозғауға жеңіл қыры, бөлімі болып табылатын жігер адамның алдына қойылған мақсатпен тығыз байланысты және оған жетуді қамтамасыз етудегі бірден бір сенімді рухани күш. Бұл жағынан алғанда, жігерді көздеген мақсатты іске асыруға ниеттелген әрекетке, іс-қимылға ауысысып отыратын терең сенім идеясы десек те болады. Психикалық әрекеттің басқа да түрлері тәрізді жігер де қоғамдық орта мен тәрбиенің әсеріне бағынады. Сондықтан оны ақылдың күшімен белгіленген ортаға салып отыруға болады.
3.Адамның екі жақты антиномиялық қызметін қалай түсінесіз?
Адам-қайшылықты пенде.Оның,бір жағынан,-денесі,екінші жағынан,сана,рухы бар екенін әркім біледі.Оған да басқа тіршіліктерге сияқты су,ауа,жылу,қоректену,ұрпақ жалғастыру т.с.с. қажет.Сонымен қатар ол дүние жөнінде ойланады,өмірде өз орнын іздейді,шаттанады,қайғырады,сүйеді,жек көреді т.с.с.Егер жануарды оның инстинктері итермелесе,адам өз инстинктерін әлеуметтік нормаларға бағындырады,ол- өз-өзін бақылауға ала алатын пенде.Десек те,адамның бұл ішкі қайшылығы философияда әр түрлі шешіледі.Мысалы,орта ғасырлардағы діни философияда адамды рух ретінде өте биік деңгейге көтеріп,дене ретінде құлдыратып,тіпті жануарлардан да төмен қояды.
Жаңа дәуірдегі философияда бұл мәселе жөнінде бір-біріне қарсы тұрған(негіздеу)биологиялық және әлеуметтік редукционизмді келтіруге болар еді.
Бірінші тұжырымда адамның дене құрылысының ерекшеліктері асыра бағаланып,олар оның ішкі мән-мағынасын анықтайды деген пікір қалыптасқан.Оған нәсілшілдік,ломброзияндық,әлеуметтік-дарвинизм,әлеуметтік биология бағыттары жатады.Әлеуметтік редукционизмге келер болсақ,оның шынайы өкілі ретінде марксизмді келтіруге болады.Бұл ілімдегі түсінік бойынша,адамның терең мәнін нақтылы түрде қалыптасқан «қоғамдық қатынастар жиынтығы»құрайды,яғни ол-оның әлеуметтілігінде.