Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
123
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
119.84 Кб
Скачать

3. Біз кімбіз, біз қайданбыз, қайда барамыз және неге үмітенуге болады тақырыбына эссе.

Гоббс бойынша «адам-күрделі машина. Адамның аяқтары мен қолдары дөңгелек, жүрегі механизм». әл-Фараби бойынша «біздің бара жолымыз бақыт».Бұл тақырыпқа әр түрлі тұрғыдан қарауға болады. Діни тұрғыдан қарасақ, біз бүкіл әлемді жаратушы Аллаһ Тағаланың жаратқан пенделеріміз. Бұл жалған өмір - Аллаһтың берген сынағы. Осы сынақтан өтуімізге байланысты мәңгілік өмірде өз жазамызды немесе сыйымызды аламыз. Аллаһтың берген сынақтарына сабырлықпен өте білсек, құлшылықтарымызбен, ғибадаттарымызбен, игі істерімізбен Аллаһтың разылығын таба білсек, Иншаллаһ барар жеріміз – жәннат. Ал, керісінше болса, Аллаһтың разылығына қол жеткізе алмасақ, барар жеріміз – тозақ. Барлығы да бір Алланың қолында. Биологиялық тұрғыдан қарасақ, біз саналы тіршілік иесіміз. Жануарларға тіршілік ету үшін инстинкт жеткілікті болса, адамдарға сана берілген. Біз де табиғаттың бір бөлігіміз. Табиғат заңдарына бағынамыз. Мақсатымыз – артымыздан ұрпақ қалдыру, адамзат тіршілігін сақтап қалу.Біз әлеуметтік тіршілік иесіміз. Бұл дегеніміз, біз қоғамсыз өмір сүре алмаймыз. Қоғамдағы қатынастар арқылы біз өмірімізді мәнді де сәнді ете аламыз. Қоғаммен бірге өркениетті дамытып, көптеген жетістіктерге жете білдік. Сол арқылы адамзат өркениетін дамыту, қоғамдық қатынастарды дамыту біздің мақсатымыз болып табылады. Білім мен ғылымды дамыту арқылы келер ұрпаққа өсиеттер қалдыру, өркениеттің және мәдениеттің жаңа сатысына көтерілу де біздің мақсатымыз. Менің қолдайтыным біріншісі.

14.Билет

1. Орта ғасырдағы Батыс философиясы

Құлдық және буржуазиялық қоғам арасында мың жылдай үстемдік құрған феодалдық құрылыс жатыр. Бұл дауірдің өзіндік философиясы схоластика деп аталды. Схоластар білімнің дінге қатынасы төңірегінде қалыптасты. Олар ақылдан діни сенімді жоғары қойды. Схоласиардың талас пікірі жалпылық және жекелік қатынасы. Философия тарихында бұл таласты әмбебептар(универсалдар), яғни жалпылық ұғымның табиғаты жайлы айтыс. Мұны шешудің түрлі жолдары айтылады. Біреуі – жалпы ұғым - әмбебаптар адам санасынан, нақты зат атауынан тыс өмір сүретін шындық деп түсіндіреді. Бұл көзқарасты жақтаушылар реалистер деп аталады. Бұған қарама қарсы екінші пікір бойынша әмбебаптар адамнан, нақты заттардан тыс өмір сүрмейді. Бұл тек нақты заттарды ерекшелеп, атау арқылы пайда болған жалпылық ұғым. Бұл пікір бойынша «жалпы адам» дүниеде жоқ, адам қашанда нақты бейне. Ал «адам» деген жалпы атау – ол нақты адамдардың бәріне тең, ортақ ұғым. Бұл пікірді жақтаушылар «номиналистер» деп аталады. Реализм өкілдері – Альберт фон Больштедт, Ф.Аквинский, Дунс Скот, Раймунд Луллий, т.б. альберттің пікірінше әмбебаптар үш түрлі өмір сүреді: 1. заттар бұрын құдай санасында пайда болып, сол арқылы барлық заттар, тіпті бүкіл әлем жаратылды; 2. заттардың өзінде көптің бірі ретінде; 3. заттардан соң адам санасында бұрынғының белгісі ретінде өмір сүреді. Ф.Аквинскийдің айтуы бойынша, әрбір заттың, бүкіл өмірдің жалпы түрі құдай, олай болса одан тәуелсіз дүниеде еш нәрсе жоқ. Фома философиясы мән және өмір сүру төңірегінде құрылды. өмірде бұл екеуі жеке, бірінен-бірі алшақ тұра алады және өмір сүру мәнінен жоғары. ал құдайда бұл екеуі бір ажыратылмайды.құдайдың бар екенін Фома бес түрлі жағдаймен дәлелдейді: 1) қозғалыс; 2) себеп; 3) кездейсоқтық пен қажеттілік; 4) кемелдік деңгейі; 5) мақсат. Номиналистер болса материалистік бағытты ұстанды.өкілдері: Роджер Бэкон, Уиллиям Оккам, Николай Оразмский, т.б. олар нақты заттарды зеттеуге шақырады. Жалпы тек қабылдайтын субъектінің басында пайда болады. Санадан тыс өмір сүретін жалпылық жоқ, тек нақты заттар бар деп түсіндірді. Нақты затқа жалпының да жекенің де керегі жоқ, деді Уиллиям Оккам. әмбебаптар – олар үшін – тек белгілер, бірақ олар барлық затарға қолданылмайды, өзара ұқсас заттарға ғана қолданылады, - деді. Роджер Бэкон схоластиканы сынады. Шындыққа жету үшін нақты ғылымдарды, яғни ертедегі ғылымдарды білу қажет деді. Николай Оразмский де ғалым болған, дінге сенбестік білдірген.

Соседние файлы в папке Философия шпор