Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
123
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
119.84 Кб
Скачать

2) Қоғам ұғымы және құрылымдары

Қоғам дегеніміз адамдардың алуан түрлі сапалы іс әрекеті мен қызметінің нәтижесінде жай адамдар бірлігі. Адамдар қоғамда өмір сүріп әрекет етеді, ол қоғамның ажырамас бір бөлігі. Адамзат қоғамы табиғаттың ерекше бөлігі, ол табиғаттың ұзақ уақыт эволюциялық даму нәтижесінде пайда болады. Адамзат қоғамы әлемдегі барлық тірі жүйенің ең жоғарғы сапалы даму дәрежесінің көрсеткіші. Адамзат тарихындағы қоғамның дамуы мен қалыптасуы туралы осыдан жүз жыл бұрын жане қазіргі кезде жоғарыдағыдай пікір жоқ. Қоғамда көптеген жасырын терең құпиялар көп, оларды қыл оймен танып білу өте қиын. Қоғамды зерттейтін ғылымдар әлі жас деуге болады. Олар ; филослфия, социология, тароих, демография жане т.б. , бұлар өздеріне зерттеу обьектісі болатын материалдарды әлі толық жинап ала алған жоқ.

Қоғамды идеалистік тұрғыдан танып білу әлі күнге дейін басым, оның мәнісі мынада;

Қоғамды билейтін күш идея. Әр дәуір идеяға байланысты өзгереді. Бірақ сол идеялардың қалай пайда болатыны қаралмады.

Қоғамның дамуында обьективтік диалектикалық заңдылық және детерминистік байланыс бар екендігі ескерілмеді.

3.Жаттанудың осы заманғы формалары мен шешу жолдарын талдаңыз.

Жаттану - өздері жасаған,өз іс әрекеті туындыларының адамдарға үстемдік етуі, адамдарға қарсы тұратын жау күшке айналуын білдіретін ұғым. Адамдардың практикалық және рухани қызметі нәтижелерінің қоғамдық қатынастар(немесе қалыптасқан дәсрүрлер мен ұғымдардың) дамуының құралы болуының орнына,керісінше,адамдарды өз дамуының құралына айналдыруы. Жаттануды алғаш байқап ол туралы ой айтқан XVII ғ француз Руссо және неміс Шиллер, Гете ағартушылар болды. Жаттану проблемасын зерттеу кейіннен неміс классикалық философиясында жалғасты.Әсіресе, Гегель философиясында жаттану идеясы кең орын алды.Оның ойынша,бүкіл объективті дүние табиғат рухтың жаттанған формасы іске асқан түрі,дамудың белгілі бір сатысы.Рухтың одан әрі дамуы табиғаттан,әлемнен өзін өзі тануы және табуы,сол арқылы табиғи меңіреуліктен босанып,таза рух қалпына қайта оралуы деген.Гегель жаттану мен затануды бір нәрсе деп қарады.Дегенмен, Гегельдің түсіндіруінде, еңбектің әлеуметтік мәні туралы ақиқат пікірлер де бар.Фейербах дінді адам мәнінің анық өзінен жатануы деп қорқытты.Адам еңбегінің оның өзінен жаттануының тарихи себептерін материалистік тұрғыдан алғаш түсіндірген Маркс болды.Маркстың ойынша жаттану адамдардың субъект,яғни өз тарихының бірден бір авторы болып қалыптасуында тарихының субъектісі болып үлгермеген адамдар өзін

12билет

2.Философиядағы сана мәселесі. Өзіндік сана.

Сананың пайда болуының екі жағы бар:

1.Биологиялық шарттары: а) адамға ұқсас биологиялық түрдің пайда болуы

Б) бастағы ми, нерв жүйесінің күрделенуі

В) дене құрылымы, тік тұрып жүруі

2.Әлеуметтік негізі:

А) еңбек құралдарын жасап, заттарды өңдеуі, күшінің көбеюі

Б) сөз, тілдің пайда болуы. Сөз өз кезегінде абстракциялық ойлауды дамытады

В) адамдар арасындағы қатынастардың жетіліп, сүйіспеншілік өседі.

С)адам санасынан тыс өмір сүретін құбылыстардың күрделенуі.

Өзіндік сана сананың жетілген дәрежесі. Оның негізгі көрсеткіші өз ерекшклігіңді түсіну. Жетілген сана өзіндік сана, қайталанбайтыныңды түсіну. өзіндік сана адамның танымдық , өнегелік . діни, эстетикалық және саяси салаларда өзінің іс әрекетін субъект ретінде түсінуі. Басқа сөзбен айтқанда, өзінің адамгершілігін, мақсатын, идеалын және жүріс тұрысының дәлелін білуі, өзінің басқа біреулермен салыстыру арқылы кім екенін анықтауы. Жеке және қоғамдық сана , олардың диалектикалық байланысы бар. Әр адам саналы . Қоғамдық сана жеке саналардың жай қосындысы емес, сонымен бірге жоғарғы күрделі жиынтық. Сана әрадамның жеке басына, біліміне, өмір сүруінің жағдайына, мінезіне байланысты қалыптасады.

3. Позитивизм «Өлшенбейтін ұғымдардың барлығы ғылымға жатпайды» деген ұраннан басталды. Осы тұжырымдама қай жағынан дұрыс, қай жағынан бұрыс.

Позитивизм дұрыс пікір болып дүниеге келді, оның негізін салған Огюст Конт және Джон Стюарт Милль, Герберт Спенсер. Бұл философияның негізі Д.Юм мен И.Кантқа тіреледі. Олардың мақсаты – ғалымдарды толып жатқан алдын ораған ойлардан, былайша айтқанда, философиядан азат ету. Олардың пікірінше, әрбір ғылым өз алдына философия.Сол ғылымдарды зерттеу қажет. Позитивизм – идеалистік философия, оның ішінде субьективтік идеализм. Позитивизм эволюциясы үш кезеңнен өтті. Бірінші кезеңі – позитивизм, екінші кезеңі – эмпириокритицизм, үшінші кезеңі – неопозитивизм немесе логикалық позитивизм. Позитивизмнің пайда болуына әсер еткен Гегель диалектикасының дүниеге келуі. Диалектиака метафизиканың кемшіліктерін айқын көрсетті. Одан соң, сол кезге дейінгі философия ғылымдардың ғылымы делініп келді.Бірақ нақты ғылымдардың тез қаулап дамуы философияның енді ғылымдардың ғылымы емес екенін айқын дәлелдеді. Осы себепті арнаулы философиядан бас тартып, жаңа жол іздестіріле бастады. Эмпириокритицизмді жақтаушылар біздің санамыздан тыс объективтік өмір бар, бірақ ол біздің сезімдеріміздің жиынтығы, қосындысы, деді. Эмпириокритицизм позитивизмге қарағанда шындықтан әлдеқайда алшақ. Эмпириокритицизм біздің сезімімізден тыс ешнәрсе жоқ, барлық дүниені біздің сезіміміздің нәтижесі деп қорытынды жасап, объективті өмірді субъективті сезімге айналдырды. Позитивизмнің үшінші түрі неопозитивизм немесе логикалық позитивизм. Ол XX ғ. 20-жылдары дүниеге келді. Өкілдері: Морис Шлик, Рудольф Карнап, Отто Нейрат, Филипп Франк, т.б. Бұлар өз ойларын қатаң түрде ғылыми логикаға негіздемек болды. Осыдан келіп математикалық логика дүниеге келді. Сондай-ақ, әрбір сөздің мағынасын ашу мәселесі, ақырында, себептілік, қажеттілік, мүмкіндік, бөлшек, т.б. категориялар мәселесі туындады. Неопозитивистер ғылыми пікір айтудың екі жолы: эмпирикалық және логикалық-математикалық жолы бар, деді. Тек қарап, көзбен көру қажет әдісті эмпирикалық әдіс дейді. Ал егер көзбен көруге болмаса, онда логикалық-математикалық әдіс қолданылады. Оны тавтология деп те атайды. Неопозитивистер ғылымдардың объективті заңдылықтары болатынын мойындамайды.Ғылым заңдары абсолют емес. Ғылымдарды ғалымдардың субъективті топшылауы деп тұжырымдады.

13- билет

Соседние файлы в папке Философия шпор