
- •75.Эмпир. Таным
- •69.Теориялық таным
- •Ежелгі Шығыс философиясы
- •Қайта өрлеу және Жаңа Заман философиясы
- •64.Сана.
- •67.Таным-шындықты бейнелеу,обьктісі,субьектісі
- •65.Таным теориясы
- •63.Сана ж-е тіл,ойлау ж-е тілбгылым
- •65.Таным теориясы
- •60.Позитивизм
- •50. Сана
- •68.Таным логикалық кез
- •73.Кундылык
- •74,Экзистенциялизм
1-билет
3-cұрақ,14- cұрақ.
Антикалық философия төмендегi кезеңдерге бөлiнедi:
1. Көне грек философиясы, немесе архаизм (көне, ескi, атам заманғы) б.з.д. VI-V ғ басындағы кез болады. Mектептер: Милет мектебi (Фалес, Анаксимандр, Анаксимен); Пифагор және пифагоршылар; Элеаттар (Парменид, Зенон); атомшылар (Левкипп, Демокрит). Мектептерден тыс тұрған философтар: Гераклит, Эмпедокл және Анаксагор.
2. Классикалық кезеңнiң негiзгi мектебi софистер (Горгий, Гиппий, Протогор және т.б.). Алдымен бұларға қосылған, кейiн оларды сынаға Сократ, Платон және оның мектеп академиясы, Аристотель және лицей мектебi.
3. Эллиндiк кез (б.з.д. IV – б.з. V ғ.). Mектебi: Эпикур және Эпикуршiлер ( Лукреций Кар), Стоиктер (Зенон, Луций Анней Сенека, Марк Аврелий); скептиктер (Пиррон, Секст Эмпирик); кинктер (Антисфен, Диоген Синопский); неоплатонизм (Плотин, Прокл, Янвлих).
Антикалық философияның (даму кезеңiне тәуелсiз) негiзгi сипаты ғарыштық логоцентризм. Логос – ежелгi философияның орталық ұғымы. Гректер ғарышты тәртiпке салынған және антикалық адамды да тәртiпке салынған және үйлесiмдi жүйелер деп көрсетедi. Адам бойындағы зұлымдық пен шалалық нақты бiлiмнiң жеткiлiксiздiгi ретiнде түсiндiрiледi және оны философия көмегiмен толықтыруға болатынына сенедi.
Көне грек философиясының негiзгi тақырыбы - ғарыш, физика. Алғашқы грек философтарын физиктер, ал философияны натурфилософия деп атады. Элеаттардың философиясы бiрте-бiрте натурфилософиялық мотивтерден айырыла бастады. Ендi болмыс, оның құрлымы ойлаудың басты тақырыбы болып қалды.
Көне грекияның атақты философы – Фалес. Фалестiң пiкiрiнше, барлық тiршiлiктiң негiзi – су. Фалес құдайды жоққа шығарады, бiрақ әлемдi түсiндiруде құдайға жүгiнедi. Оны сол кездегi ең батыл, таң қалдыратын тiрлiк иесi дедi. Фалес: тiршiлiк мәннiң ең ежелгiсi – Құдай, өйткенi ол тумаған. Бәрiнен де әдемi - әлем, өйткенi оны құдай жасаған. Бәрiнен де данышпан уақыт, өйткенi ол бәрiн шешедi, - дейдi.
Анаксимандр алуан түрлi табиғаттың негiзiнде әлде бiр белгiсiз және шексiз материя жатады деп ойлады, оны апейрон деп атады.
Анаксимен – материалист . Оның iлiмiнше барлық нәрсе бастапқы материядан – ауадан пайда болады және қайтадан соған айналады.
Ертедегi грек материалистерiнiң өзiне тән өзгешелiгi мен ең маңызды табысы стихиялық диалектика болды. Оны Гераклит дамытты. Эфестен шыққан Гераклит (б.з.д. 540-460ж) шындық дүниенiң өзгерiп отыратыны жайында аса ұлы пiкiр айтты: «Дүние дегенiң – аққан су», табиғаттың түп негiзi – от, ол әрдайым өзгередi. Ол қарама-қарсылықтың бiрлiгi мен күрес заңын ұсынды. Бұл заң диалектиканың негiзгi заңы: суық жылыға, жылы – суыққа айналады, дымқыл зат құрғайды, құрғақ нәрсе – дымқылданады. Барлық әлем әр уақытта ұдайы қозғалыста және өзгерiсте болады. Табиғаттағы осындай қарама-қарсы және мәңгi болып тұратын байланысты ол жалпыға бiрдей «логос» заңдылығы деп атады. Демек, «логос» - әлемдiк ақыл-ой.
Пифагор (б.з.д.584-500 ж) ежелгi грек философы және математигi. Бiрiншi бастама, тiршiлiктiң негiзi - сан деп есептеген. Барлық қоршаған шындықты таңбалап санға теңедi. «Санның арқасында өлшеуге және тануға да болады»,- дейдi. Категорияларды бөлiп көрсету арқылы әлемнiң бiрлiгiнiң диалектикасын (тақ пен жұп, жарық пен қараңғы, тура мен қисық, оң мен сол, әйел мен еркек т.б.) көрсеттi. Ол жанның өлмей көшетiнiне сендi, бұл кейiн неоплатонизмде қайтып жаңғыртылды.
Элеаттар – Элей философия мектебi б.з.д. ҮI–Ү ғғ – ежелгi Элейде, қазiргi Италия территориясында өмiр сүрдi. Өкiлдерi: Парменид, Зенон Элейский, Мелисс Самосский.
Парменид – бiрiншi болып «болмыс» түсiнiгiн еңгiздi. Оның пiкірiнше дүниеде тек бiр ғана болмыс бар. «Болмыс бар, биболмыс – жоқ». Биболмысты тану, немесе ол туралы пiкiр айту мүмкiн емес. Сондықтан әлем болмыспен тығыз және үздiксiз толтырылған. Сезiмдiк қабылдау нағыз бiлiмдi бермейдi. Тек философиялық ақыл-ойға салу арқылы ақиқатқа жетуге болады. Элеаттар тану мәселелерiнде, сезiмдiк таным («докса» – пiкiр) және идеалдың жоғарғы рухани таным деп қатал түрде бөледі. Бұл монизмдi жақтаушылар – көпшiлiк құбылысты бiрлiк бастамадан шығарады.
Элейден шыққан ойшылардың жаңалығы мынада: космологияны онтологияға (болмыс теориясына) өзгерту, өзiндiк философиялық категорияларды ойлап табу («болмыс», «биболмыс», «ойлау»), диалектикалық тәсiлдi еңгiзу мен пайдалану арқылы философияда дәлелдеудiң қажеттiлiгi мен оның тәсiлдерiн қолдануды (абсурдқа әкелу принципi) мойындау. Зенонның апориялары өзiндiк заңдылықтың күш-қуатын бекiтетiн тәжiрибе деректерiне күмән келтiретiн логос позициясын күшейтуге бағытталған. Егер Парменид философиялық тезистердi дәлелдесе, Зенонды Аристотель диалектиканың атасы деп атады (қарсыластың пiкiрiн терiске шығаратын диалогты пайдалануына байланысты). Зенон әдiсi – жағымсыз жағдайды дәлелдеу. Парменидтың “Қайшылық заңына” ол “Үшiншiнi жоққа шығару” заңын қосты. Зенонның “Ахилес”, “Дихотомия”, “Жебе”, “Стадион” және басқа апориялары философия ұрпақтары мен көпшiлiк үшiн алынбас қамал болды.
Зенонның “Ахилл және Тасбақа” апориясы (апория – түсiнiксiз қайшылық).
Қорытынды: Ахилл ешқашан да Тасбақаны қуып жете алмайды. Кеңiстiкте шексiз бөлiнетiн немесе бөлiнбейтiн интервалдардың (аралықтар) өмiр сүруi мүмкiн болса, онда қозғалыстың болмайтындығы туралы тұжырым жасауға болады.
Зенон бойынша кеңiстiк өзiнiң құрлымы бойынша шексiз (континуальдық), немесе оның бiр шекке (дискреттiк) дейiн бөлiнетiн және одан ары ұсаққа бөленбейтiн интервалдары бар. Егер кеңiстiк белгiлi бiр шекке дейiн бөлiнетiн болса, онда жебе туралы апория қолданылады.
Қорытынды: Ешқандай қозғалыс жоқ, тек кеңiстiктiң әр түрлi аралығында қозғалыссыз орналасу бар.
Ежелгi Грециядағы материалистiк бағыт кейiнгi кезеңде Демокриттiң (б.з.д. 460-370 жылдар шамасы) философиясынан толығырақ көрiндi. Демокриттiң көзқарасы бойынша, нақты дүниенi, негiзгi кеңiстiктi толтырып тұратын атомдар. Олар табиғаттың бөлiнбейтiн және мәңгi өмiр сүретiн ең кiшi бөлшектерi. Атомдар мәңгi қозғалып тұрады, бiр-бiрiмен соқтығысып шағысып жатады.
Бәрi де үнемi өзгеру үстiнде болады, бәрi де заңды түрде және қажетiне қарай өтедi. Демокрит табиғат пен қоғам құбылыстарын детерминизм (барлық заттар мен құбылыстардың заңды, себептi-шартты байланысы туралы iлiм) принципi негiзiнде дәлелдейдi.
Классикалық кезең. (Б.з.д. V ғ.). Классикалық кезең тақырыбы – адам мәнi, оны танудың ерекшелiгi, философиялық бiлiмнiң синтезi, әмбебабтық философияны құру. Атап айтқанда осы кезде таза идеялық, теориялық философия қалыптасты және оның бiлiм түрiнiң басқаларына қарағанда алғашқы болды. Теориялық философия қағидасының негiзiнде құрылған классикалық кезеңнiң негiзгi проблемалары: онтология, антропология, гносеология.
Сократ (б.з.д. 469-339 жж) туралы Аристотель мен Платонның айтуы бойынша бiлемiз. Сократ әлем құрлымын, заттардың (физикалық) табиғатын танып бiлуге болмайды, тек өзiмiздi ғана бiлуiмiз мүмкiн дейдi. Сократтың басты мақсаты – жастарды өз философиясы арқылы тәртiптi өмiр сүруге баулу. Көбiнесе пiкiр таласы және өз айтыстарымен шұғылданған. “Менiң бiлетiнiм – еш нәрсе бiлмейтiнiм” – дейдi ол. Сократ этика саласында өнегелiктi ақиқат және даналық пен теңестiрдi.
Платон (б.з.д. 428-347 жж). Объективтiк идеализмнiң негiзiн қалаушы, әрi Сократтың шәкiртi. Объективтiк идеализм бойынша болмыстың мазмұнын идеялар, рухани мәндер жасайды. Заттар мәңгi өмiр сүрмейдi, сағым сияқты жоғалып кетедi. Олар тек мәңгi өмiр сүретiн және өзгермейтiн ұғымдардың көлеңкесi ғана.
Платон өзiнiң көптеген iзбасарлары секiлдi болмыс пен биболмыс мәселесiн шешуге ұмтылады. Ол бойынша болмыс – бұл идеялар (эйдостар), ал биболмыс – материя. Болмыс – эйдос: идеалдық санадағы объект, таза мән, ол материалдық заттарға қатысты төрт қызмет атқарады: заттарға себеп, үлгi, түсiнiк және мақсат болады. Идея мәңгi, тұрақты, өзгермейтiн бiрлiкте және т.б. Бұл Парменидтiң болмысқа берген сипаттамаларына сәйкес, ол - әлемнiң негiзгi бiр абсолютi.
Платон диалектик ретiнде ешқандай абсолют, қарама-қарсылықсыз толық болмайтынын бiледi. Сондықтан болмыс биболмыспен толтырылуы керек, яғни әлемдегi құбылмалық, өлiм, жалғыздық және ерiксiздiкпен толықтырылады.
Платонның “Тимей” диалогында ғарыш теориясы дамиды. Ғарышты Демиург жасайды. Физикалық әлем немесе сезiммен қабылданатын ғарыш әлемi мынандай кестеде берiледi: үлгi (идеялар әлем), көшiрме (физикалық әлем) және Жаратушы (Демиург) – үлгiге сәйкес көшiрменiң авторы.
Платонның ойынша нағыз шын бiлiм сезiмнен тыс мәңгiлiк идеялар әлемi туралы бiлiм болып табылады. Оны табудың жолы - адамның мәңгiлiк жанының өлетiн денеге кiрмей тұрғандағы идеялар дүниесiндегi «Өмiрiн еске түсiруi».
Платон әлеуметтiк философия саласында мiнсiз мемлекет iлiмiмен белгiлi. Бұл мемлекетте азаматтарды үшке бөледi: билеушi философтар, жауынгер әскерлер және қолөнершiлер. Мемлекеттiң негiзiнде - әдiлдiк жатыр. Негiзгi еңбектерi: “Мемлекет”, “Теэтет”, “Федон”, «Протогор», «Пир», «Софист» т.б.
Аристотель (б.з.д. 384 –322 жж) Стагирда туған, Платонның шәкiртi, кейiннен оның идея туралы теориясын сыни тұрғыдан қайта пайымдаған. Оның қарсылығы мынада: идеялар ақылдан тыс тәуелсiз өмiр сүре алмайды.
Аристотель өткен философия тарихының дамуын жинақтап, философиялық бiлiмдi жүйеледi. Аристотельдiң философияға кiргiзген жаңалықтары: дұрыс ойлаудың заңдары мен түрлерi туралы формалды логиканы жасауы. Аристотель антикалық философ-ойшылдарының iшiнде алғашқы болып философиялық бiлiмдi нақты ғылымнан бөлдi. Болмыс мәселесiн шешуде Аристотель төрт бастамалық себеп туралы iлiмдi жасады:
а) форма - заттың мәнi, оның құрылымы және түсiнiгiмен байланысты;
ә) материя-барлық заттарды құрайтын форма (мәндiлiк, бастапқы, белсендi, субстанция) және мәңгi, бiрақ әрекетсiз материя ( тек зат болуға мүмкiндiгi бар субстарт,), бұл материализмге жақындататын дуалистiк оқуға ұқсас;
б) бастапқы қозғаушы күш – форманың бiр сипаты, ең соңында формалардың формасы Құдай болып табылады.
в) мақсаттылық – бұл форманың бiр сипаты, ана немесе мына заттың «не үшiн», өмiр сүруiне байланысты анықталады.
Аристотель бойынша қозғалыстың әр түрлi сапалық сипаты болады және ол өзiнiң алты: 1) пайда болу, 2)жоғалу, 3) бiр күйден екiншi күйге ауысу, 4) үлкею, 5) кiшiрею, 6) орнын ауыстыру – түрiнде көрiнедi. Сөйтiп қозғалыстың мазмұнын зерттеуде алға қарай қадам жасалды. Алғашқы болып категориялар (жалпы ұғымдар) жүйесiн жасауға, олардың өзара байланасын, диалектикалық қатынасын табуға ұмтылды.
Эллиндiк дәуiр (б.з.д. IV ғ аяғы – б.д. V ғ.) ең ұзақ уақытты алып жатыр. Эллиндiк деп атауға сол кездегi ең кең аймаққа тараған (Жерорта Теңiзi, Таяу Шығыс, Солтүстiк Африка), басқалармен салыстырғанда өте жоғары саналатын грек мәдениетінiң элементтерi Рим жаулаған тайпа мен халықтардың тұрмысына және әдет-ғұрпына белсендi түрде ене бастауы. Римнiң өзi де эллиндiкке айнала бастады. Бұл кезеңнiң негiзгi тақырыбы - ырық, бостандық, мораль және сүйiспеншiлiк; бақыт және өмiрдiң мәнi, ғарыштың құрылымы, адам және әлемнiң мистикалық әрекеттестiк өзара қатынасы болды. Эллинизм негiзiнде аксиология мен праксеология мәселелерiн қарастырады, философияның орталық мәселесi этика болды. Эллинизм дәуiрiнде философиялық ойлар негiзiнде көп мектептер мен бағыттар пайда болды. Олар:
Эпикуризм (Эпикур, Лукреций Кар)
Стоицизм (Зенон Стоик, Сенека, Марк Аврелий)
Скептицизм (Пиррон, Секст Эмпирик)
Кинизм (Диоген Синопский, Антисфен, Кратет)
Неоплатонизм (Плотин, Профирий, Ямвлик, Прокл)
Эпикуризмнiң негiзiн салушы Эпикур (б.з.д 341-270 жж.) аса көрнектi философ-материалист, Демокриттың атом теориясын жасаудағы iзбасары бола тұрып, оны толық мойындамады. Эпикурмеизмнiң ең iрi өкiлi Тит Лукреций Кар (б.з.д. 99-55 жж.), римдiк философ әрi ақын, “Заттардың табиғаты туралы” поэманың авторы. Онда ол атомизм идеясын насихаттады, эпикуреизмдi эллиндiк дәуiрдiң атомизмi ретiнде сипаттады.
Эпикур б.з.д. 306 ж. Афинде “Эпикур бақшасы” деген атпен белгiлi мектеп ашты. Оның философиясы сол кездегi философияның барлық бөлiгiн қамтиды. Оның ұраны: ”Көзге көрiнбей өмiр сүр”. Онтологияда атом туралы iлiмдi ары дамытты. Таным туралы iлiмiнде Эпикур сенсуалистiк көзқараста болды. Ол сенсуалистiк көз қарасқа, сондай-ақ дәйiктi атеизмге сүйене отырып өзiнiң этикасын жасады. Оның аты этика iлiмiн жасаумен шықты. Философияның мәнi табиғатты, қоғамды адам ақылының заңдылығымен түсiну. Стоицизм - өте ұзақ тарихы бар антикалық мектеп. Бұл мектептiң негiзiн Зенон Китион салды. Алғашқы кезде Зенон өзiнiң мектебi үшiн портик (үй алдына тiреумен көтерiп қойған, қабырғасыз төбелi қалқа - гр. стоя) жалдап, Афинде жақтастарын жинады. Рим стоицизмiнiң ең көрнектi ойшылары: Луций Анней Сенека және Марк Аврелий. Сенека император Неронның тәрбиешiсi. Ол адамгершiлiктi насихаттайды. Қоғамдық өмiрде қайыспауды, тек өзiңнiң рухани күйiңе көңiл аударуға шақырады. Өмiр сүрудiң мәнi тыныштық пен пайымдау арқылы пайда болатынын көрсетедi. Адамзаттың дамуының шексiз мүмкiндiгiне сенедi.
Стоиктер танымның көзi түйсiк дейдi. Олар бiздiң жадымызда жиналады. Түйсiк пен қабылдау да, оларды салыстыра отырып, объектiлердiң айырмашылығының белгiлерiн бөлемiз, одан түсiнiк құрастырылады. Оның кейбiр идеялары неоплатонизмге ендi, стоицизм христиан философиясына, соңынан ортағасырлық мұсылман философиясының қалыптасуына әсер еттi. Жаңа дәуiр философтары: Декарт, Спиноза және ХХ ғасыр өкiлi Делез олардың iлiмiне көп көңiл аударды.
Скептицизм Эллинизмдегi тағы бiр философиялық бағыт. Философиялық тұрғыдан стоицизм мен скептицизм бiр-бiрiмен жалғасып жатыр. Олардың мәнi – дүниенi танудағы бiршама мүмкiндiкке күмәндану.
Пиррон өзiнен бұрынғы данышпандардың көзқарастарын талдай келiп, олар дүниенiң пайда болуы мен мәнiн әртүрлi түсiндiредi, олай болса, олардың бiреуiн жақтау қиын. Қандай да зат “осы” болса, “осы еместен” артық болмайды. Сондықтан Пиррон дүние туралы ешбiр пiкiр айтпауымыз керек дейдi. Толық сабырлық, қызықпаушылық, алаңсыздықты (атараксия) сақтап, бақытты болуға шақырады.
Кинизм философиясы атауын Афин төбешегiнде орналасқан “Киносарг” (“қырағы төбет” немесе “ақ төбет” деген гимнасийдан алады, онда алғашқы киниктер (кюнокс – ит) шұғылданды (осыдан кинизм –“ит философиясы”, “ит мектебi” латын тiлiнде), бұл мектептiң iзбасарларын – супiсi – циниктер деп атады. Мектептiң негiзiн салған Антисфен (б.з.д. 444-368жж.) ол алдымен софист Горийден, кейiннен Сократтан дәрiс алды. Олар даңқты және байлықты ең соңғы моральдық iс-әрекет ретiнда қабылдамайды және “рахаттың өзiн рахаттанып жек көрген”, бiлiмдiлiк пен тәрбиенi де жаратпады. Космополитизмдi патриотизмнен жоғары қоя отырып, “әлем азаматы” идеясын ұсынды.
Ең әйгiлi өкiлi Синоптан шыққан Диоген: “Қауымсыз, үйсiз, отансыз” өмiр сүрудi өзiне мақтаныш тұтып, iс-әрекетiнде қолданды. Афинге келген Александр Македонский Диогенмен кездесуге тiлек бiлдiредi. Ол алаңда еш жанға көңiл бөлмей демалып жатқан Диогенге: “Не сұраймын десең өз еркiң”- дейдi. Ол оған: “Маған күндi көлеңкелемей, әрi тұр”- деп жауап береді. Бұған патша «егер мен Александр болмасам, Диоген болар едiм»,- дейдi. Кинизмнiң басты мәселесi – философиялық терең теорияны жасау емес, қоғамға жат құбылыс – жалғыздық, жоқшылық, қаңғыру секiлдi ерекше өмiр бейнесiн философия арқылы негiздеу және өз әрекетi арқылы тексеру.
Неоплатонизм – Платон идеяларының негiзiнде дүниеге келген философиялық бағыт. Негiзiн салаушы Плотин, ежелгi римнiң идеалист-философы. Ол Платонның сезiмдiк, денелiк әлемдi қабылдауды сезiмнен тыс нақтылыққа қарсы қоюына сүйендi. Бiрақ Плотин болмыстың жоғарғы сатысы, оның негiзi идея емес, бiртұтас Игiлiк дедi. Оны ол Күнмен теңестiредi. Одан күн секiлдi жарық шығады, яғни эманация (сәуле, шашу, өту) туады, одан Болмыс Ақыл (нус) идеяларының мазмұны пайда болды.
Ақыл уақыттан тыс өмiр сүредi. Ол өзiн өзi таниды, ой мазмұны - идеяларды жасайды. Бұл процесс жалпы идеялардан басталады (болмыс, қозғалыс және тыныштық, сәйкестiк және айырмашылық), бұлардан басқалар пайда болады. Ақыл барлық заттардың алғашқы бейнесi. Ақылдың эманациясы (өтуi) өзiнiң кезегiнде әлемдiк жанның пайда болуына алып келедi. Плотин философиясында болмыс құрылымы емес, әдiстемелiк идеалары жемiстi болды. Неоплатонизм идеялары христиандық философияға зор әсер етуiнiң нәтижесiнде ұзақ өмiр сүрiп келдi. Бұл философия осылайша антикалық философияның аяғы және еуропалық ортағасырдағы дiннiң бастамасы болды
5-cұрақ
Философиядағы адам мәселесі.
«Адам» деген ұғым – адам баласына тән жалпы қасиеттердің жиынтығын білдіретін түсінік.Адам жаратылыстың, табиғаттың туындысы және әлеуметтік феномен. Ол табиғат жасамаған заттар мен құбылыстарды өз қолымен, ақылмен жасайды.
Діни ұғымдар бойынша дүние адам үшін жаралған деп, көбірек айтылады, өмір адамға, адам көңіліне жол табу мақсатына бағындырады. Мұсылман және Христиан діндері, иудаизмнің Библиядағы мифін қабылдап адамның азап шегуін бұрынғы ең бастапқы күнәсі үшін тартатын жазасы дейді. Одан құтылудың жалғыз жолы - Құдайға құлшылық етіп табына беру деп уағыздайды.
Ежелгі үнді философиясы мен дінінде адам әлемдік жанның бір бөлігі ретінде қаралды. Жанның біреуден екіншісіне көшуі туралы ілімде, тіршілік иелері (өсімдіктер, жануарлар, адамдар) мен Құдай арасында өтуге болатын жылжымалы шекара бар. Бірақ ең маңыздысы - бостандыққа ұмтылу тек адамға ғана тән, оған жету үшін құштарлықтан құтылу, болмыстың эмпирикалық жолы, сансара - карма заңдарын білу қажет. Упанишадтың пафосы- шабыт, сезім шаттығы, ықлас, ынта, жігерлену. Упанишад үнді философиясының дамуына зор ықпал көрсетті.
Қытай философиясында Конфуций СЯО-ға (ұлдың сый-сияпат көрсетуi, әке -шешені және үлкендерді сыйлауы), ең икемді әдіспен үлкен жанұяны, елді басқаруға, этикет, әділеттік және мінез-құлыққа ерекше көңіл аударады. Конфуций ең алғашқы болып «Өзіңе қаламағанды басқаларға қалама», - деп, ең басты моральдік - этикалық принципті өмірге әкелді.
Даосизм, оның негізін салушы Лао-цзы бойынша, Дао (жол) - көрінбейтін, барлық жерде бар, өзінен өзі пайда болатын табиғат, заңдылық, оған жеке адамның мінез - құлқы мен ойлары да жатады. Адам өмір бойы дао принципін ұстануы керек, адам өз мінез - құлқын табиғатпен бүкіл әлеммен келістіруі керек. Бұл iлiм кейін Қытайдың негізгі бір діні ретінде дамыды.
Діни - этикалық ілім - буддизм, адам мәселесін ең жоғарғы биікке көтеріп, өмірді түгелдей соған арнау жайында баяндайды.
Ежелгі антика заманында адамды космос бейнесінде, «кішкентай әлем» (микрокосмос) ретінде қарады. Адам туралы мәселені алғашқы рет Сократ қойды. Ол рационалдық этиканың негізін қалады, ол адамның ішкі дүниесін, оның жаны мен ізгілікті ісін түсінуді ұсынды. «Ізгілік» дегеніміз – білім, «Жақсылық пен әділдікті танып білген адам жамандық пен әділетсіздіктен аулақ болады», - дейді. Платон ілімі бойынша адамда мәңгiлiк жан мен өткiншi дене қосылады. Жан - денесіз идея әлеміне жатады. Адам болса дербес рухтың сақтаушысы.
Аристотель құлдарды адам деп санаған жоқ, «сөйлей білетін жануар» деп атады. Құл иесі құлға қайырымды бола алмайды. Сол сияқты әкесінің баласына қайырымды болуы міндетті емес, өйткені ол оның меншігі болып есептелінеді, ал баланың әкеге қайырымды болуы міндетті, себебі әкесіз бала дүниеге келмейді. «Адам қоғамдық хайуан, тек ақылы бар», - деп санады.
Христиан дінінде адам ұғымы Құдай бейнесінде қаралады. Адамды бағалауда ақыл-ой емес, жүрек негіз болады. Жүрек (Көне өсиетте - (Ветхий завет) - 851 рет қайталанады).
Фома Аквинский: «Адам - дене мен жанның бірлігі. Хайуан мен періштенің аралығындағы нәрсе. Жан мәңгілік өлмейтін жақсылық сәулесі. Адам денесі - құмарлық пен ынтызарлықтың, жындардың ұясы», - дейді.
Ортағасырдағы Шығыс философы Әл-Фараби: «бақыт - әр адамның көздейтін мақсаты, үлкен игілік. Адамда сол мақсатқа жетуге мүмкіндік беретін үш түрлі тамаша табиғи қабілет болады, ол: ерекше жасалған дене құрылысы, жан құмарлықтары, ой-парасаты»,-деген.
Әл-Фараби адамның жан дүниесін жетілдіру мәселесін философиялық тұрғыдан зор білгірлікпен жан-жақты да терең зерттеп, талдау жасайды.
Қайта өрлеу (ренессанс) дәуірінде Адам өзін-өзі билеу еркі, мақсаты бар тіршілік иесі ретінде қабылданды. Ол өзінің көптеген эстетикалық қасиеттеріне байланысты сезімтал дене иесі.
Жаңа Заман философиясының өкілдері: Бэкон, Декарт, Гоббсс, Спиноза - адамның өз болашағы өз қолында, Құдайдан да, басқадан да тәуелсіз, ол тапқыр да белсенді жасампаз тағдыр иесі, өз өмірінің саналы субъектісі. Адамның ерекшелігі де, рухани күйі де оның ақыл-ойында, яғни ойлау қабілетінде деп есептедi. Декарт, ойлауды адамның өмір сүруінің нақты куәсі дейді. «Мен ойлай аламын, олай болса өмір сүремін». Адам - ақыл-ойы бар тіршілік иесі. Дене мен жанның арасында ортақтық жоқ. Дене белгісіздікте болса, жан ойлайды, жанның айқын маңызы – сана, ақыл-ой.
Бірінші рет философияда «антропология» терминін Кант кіргізді. Ол адам мәселесін екі жақты қарады. Біріншіден, ол табиғат әлемi және табиғи қажеттілікке тәуелді болса, екіншіден, адам еркіндік әлемі ретінде қаралды. «Адамның барлық іс-қимылының басқа біреудің еркіне бағынышты болуынан асқан сорақы сұмдық мүмкін емес»,- деді.
Неміс романтизмінiң (XVII-XIX ғғ. басында) өкілдері, Гете, Гердер, кей жағдайда қайта өрлеу дәуіріне оралып, ойлауды шектеп адамның сезімдік саласын одан жоғары қояды. Новалистің (неміс ақыны, философы) пікірінше, ойлау - тек қана сезімдік түс.
Гегель адам тарихи деген идеяны дамытты. Ол үшін адам - рухтың жалпылық қасиеті, рухани іс-әрекеттің субъектісі, мәдениет дүниесін жасаушысы.
Фейербах пен Чернышевский өздерінің ілімінде адамды негізгі зерттеу мәселесіне айналдырды. Адам сезімдік, денелік тіршілік иесі және осының нәтижесі саналды.
Маркс: адамды жасайтын, оның еңбекке деген ынтасы, іс-әрекеті, ал қоғамдық болмыс адам санасын анықтайды дейді. Марксизм философиясы қоғамдық сана, қоғамдық болмыс, таптар мен мемлекет, өндіріс тәсілі, мәдениет мәселелерін өте терең зерттейді, бірақ адам мәселесі көмескі күйінде қалған. Ал, өмір болса адам туралы мәселені зерттеуді, оған нақты зер салуды талап етеді. Негізгі мәселе: адам қашан жаралған? қалай пайда болды? деген сұрақтарға жауап іздеу. Менің болуымның міндетті шарты - «сенің, басқалардың болуы» дейді Фейербах.
Өмір философиясының өкілдері адамның ерекшелігін өмір феноменімен, кейде органикалық, биологиялық ұғымдармен көбірек жақындастырады (Ницше). Немесе мәдени-тарихи мағынада түсіндіреді (Дильтей). Өмір философиясында алдыңғы шепке адамның ойдан тыс қабілеті қойылады: сезім (Гаман, Якоби), ырық (Шопенгауэр), интуиция (Баадер, Бергсон). Олар сананы санасыздыққа жиі-жиі қарсы қояды. Фрейд және (фрейдизм) санасыздықты санадан артық көреді. Адамзат мәдениетінің, діннің шығуының қайнар көзін санасыздықпен байланыстырды, бұл жөнінде адам өз-өзіне толық жауап бере алмайды дейді.
Экзистенциализм - ең алдымен адамның дербес нақты өмір сүруіне мән береді және материализмнің, сциентизмнің үстемдігін жоққа шығарады. Бірінші орынға сезімді, тек жай сезім емес, сезіну, уайымдауды қойды. Қысқаша уақытта сезіну орына ұзаққа созылған сезімдер: қайғыру, жалғыздық, қорқу және т. б. қойылады.
Адамның табиғи (биологиялық) және қоғамдық (әлеуметтік) мәні. Адам «табиғи жаратылыстың дамуы» арқылы осы күнгі дәрежеге жетті және күрделі феномен ретінде қалыптасты. Саналы адам (Home sapens) 50 мың жыл өмір сүріп келе жатқан болса, адамның жалпы тарихы шамамен 3-3,5 миллион жылдай болады.
Ақылды адамның пайда болуының негізі неде? Адамның еңбегі арқылы пайда болған заттардың (жасанды табиғаттың) және тілдің пайда болуында. Еңбек, сана, ойлау және тіл - бір-бірімен тікелей байланысып жатқан процесс. Бұл жерде антропогенез (адамдардың шығу тегін зерттейтін антропологияның бір бөлігі), антропосоциогенез (әлеуметтік себептерді анықтау) деректері көп жәйді анықтайды. Мәдениет жоқ жерде - жетілген қоғам жоқ, қоғамсыз - жетілген адам жоқ.
Жан-жануардан адамның ерекшелігі неде?
1. Еңбекке икемделген өзгеше дене мен келбетi бар.
2. Санасы, ойлау мүмкіндігі бар.
3. Өзінің негізгі діні, сенімі бар.
4. Адамдар арасындағы қарым-қатынасты қолдап, дамытады.
5. Өндірістің пайда болуына, өзгеруіне байланысты өзін-өзі қамтып, өзгере білуінде.
Сондықтан еңбек өндірісі қоғамның, оның дамуының негізі болып есептеледі. Адамның негізгі айырмашылығы құрал-сайман жасай алатындығы. Артефакт (алғашқы қару) - немесе алғашқы зат. Тастан жасалған садақтың ұшынан бастап, ғарыш корабліне дейін қару және заттардың бәрі де адам ойы мен еңбегінің нәтижесі. Ең алғашқы құрал: аң аулау, өзін қорғау үшін қолға ұстаған тас, таяқ және басқа заттар.
Лақтыруға, соғуға ыңғайлы болу үшін адамдар оны өңдеп икемдеген. Ондай қару кімге қажет болған? Икемсіз әлсіз, не жүгіре алмайтын адамдар, күш иелеріне қарсы тұру үшін қолға қару ұстауды жөн көрген. Ф. Ницшенің пікірінше, «адам деградацияға ұшыраған хайуаннан шыққан».
Кейін қаруды басқаларды өзіне бағындыру үшін, үйірін қорғау үшін құрал-саймандарды еңбек ету тәсіліне айналдырады. Еңбек құралы, қару табиғаттан дайын түрде берілмейді, оларды жасау, қолдануды жас ұрпаққа үйрету үшін сөз керек, тілді дамыту қажеттілігі туады. Ал сөз абстракциялық ойлаудың көзі.
Адам - ол белгілі-бір дәрежеде биологиялық және әлеуметтік тіршілік иесі. Биологиялық - тірі адам, тірі организм, және оның әлеуметтік қоғамдық мәні бар. «Адам мәні, Маркс айтқандай, оның сақалында және бойында емес, оның әлеуметтік орны мен атқаратын ісінде».
Адамның биологиялық сипаты неде? Ертедегі дүниеде адам өмірі 20-22 жас болды. Бірте-бірте адам өмірі жақсаруына байланысты ұзара бастады. Медицина ғылымының дамуы, денсаулықтың жақсаруына алып келді. Ғылыми-техникалық революцияның желістерінің арқасында жылы үйлер, азық түлікпен қамтамасыз етудің ұтымды тәсілдері, адамның білімі мен тәрбиесінің жас кезінен жолға қойылуына жеттік.
Адам дамуына кедергі болатын жағдайлар: ауа райы, экология, жердің улануы, көлдердің, жануар, өсімдік түрлерінің жоғалуы және т. б. Алғашқы кезде адамдар хайуандар секілді үңгірде тұрған. Ол кезде жыныстық қатынастар реттелмеген болатын. Оны эндогамия (endog- іштей, games- жыныстық, некелік қатынас) деп атайды. Ол адамзаттың денсаулығына, тұқымның өсіп дамуына зиянын келтірді, түрлі жазылмайтын аурулар адамзаттың келешегіне қатер туғызды.
Сондықтан адамдар жақындар арасындағы некелік қатынасқа ерте бастан тиым салған. Экзогамия (гр. exo - сырттан) пайда болды. Үйленуге адамды тыс жерден, сырттан, басқа ру ішінен іздеу тәртібі қалыптасты.
Қоғамдық болмыстың әсерінен қалыптасатын адамдағы үш жақты мағына:
1. Жеке адам, пенде (индивид)
2. Индивидуальность (даралық, ерекшілік)
3. Тұлға, Кісі (личность)
1. Жеке адам - жалпы адамзаттың өкілі. Көптің бірі ретінде адамға тиісті қасиетке, келбетке ие болуы керек.
2. Индивидуальность (ерекшелігі) - адамзаттық қасиеті дараланып көрінетін әрбір жеке адамның өзіне ғана тән дауысы, жүріс-тұрысы, білімі, бет-пішіні, бұл ерекшеліктері қайталанбайтын феномен. Адам – таза қағаз емес, онда мәдениет өзінің жазуларын түсірген: ол тіршілік иесі, күш-қуаты, ақыл-ойы, сезіну-күйінуі бар және сонымен бірге нақты ұйымдасқан, сыртқы жағдайларды өзіне сәйкес өзгерте білетін жан.
3. Тұлға, Кісі (личность) - деп ержеткен, бұғанасы қатқан, ақылы толған, өз ісіне өзі жауап бере алатын, өзінің дүниеге көзқарасы бар адам. Кісі әлеуметтік іс-әрекет иесі ретінде өндірістің қоғамдық қатынастың, қоғамдық сананың субъектісі болып табылады. Тұлға - әр түрлі дәрежедегі қоғам топтарының да жауапкершілігін өзіне ала алатын кісі.
Адамның туып өскен, тәрбиеленген қоғамы қандай болса, оның өзі де сондай болады. Дүниеде қанша адам болса, сонша мінез, сипат болады. Әр адам ең алдымен бүкіл адамзат қауымының мүшесі. Яғни онда шыққан нәсілінен, ұлтынан, табынан, жынысынан, туған жерінен тәуелсіз есті және тәрбиелі адамның барлығына ортақ қуану, қайғыру; балажандық, ананы сүю, махаббат, әділеттілікті ұнату сияқты адами қасиеттер болады.
Адамның ақыл-ойы мен сезімі өте күрделі биологиялық, психологиялық, әлеуметтік құбылыс.
Күшті сезім, зерде, яғни интелекттің, еріктің араласқан түйіндері арқылы, әлеуметтік өлшем психологиялық қасиетке ұласады.
Тән мен жан бірлігі, адам жанының ерекшілігі оны табиғат әлемінен бөліп тұр. Қазіргі заманда «жанның» орнына, синонимы ретінде «психика» деген сөз қолданылады. «Психика» дегеніміз «адамның ішкі дүниесі», «адамның рухани әлемі». Адам ерекшілігінің негізінде рухани дүние жатыр. Адамның биологиялық және әлеуметтік өлшемдерінің өзара диалектикалық байланысын, бір-біріне тәуелділігін сөз еткенде, адамның хайуандық қалдықтардан бірте-бірте арылып «әлеуметтену» (социализация) процесіне кіретінін ұмытпау керек.
Маркс: «Аштық қашанда аштық, бірақ пышақ пен шанышқының көмегі мен піскен етті жеу арқылы жоюға болатын аштық бір бөлек те, қолдың тырнақтың, тістің көмегімен жұлқылап шикі ет арқылы жойылатын аштық бір бөлек», - деген.
Ғылымда адамды ерекше бағалайды, әсіресе, қоғамдық ғылым оған арнайы көңіл аударады. Адамды - ғылымның нысаны ретінде - антропология, тарих, социология, биология, медицина, психология және т. б. зерттейді. Адам философиясы немесе антропологиялық философия дегеніміз адам туралы ілім.
Қазіргі замандағы антроптық принциптің фундаменталдық (негізгі) қағидасы философия мен ғылымға көп ене бастады. Ол әлемді күрделі әрі өздігінен ұйымдасқан жүйе және адамды ондағы негізгі элемент ретінде қарауды талап етеді. «Бір қалыпты адам», ерекше объект деген көзқарасты қалыптастыра отырып, адам әлемді бақылаушы және өзіндік реттеушісі ретінде, әлемнің физикалық параметрі әр алуан түрінің құрылымымен, әр түрлі дәрежесімен байланыс орнатты. Ғылымда (оның ішінде жаратылыстануда), адам қызметінде субъекті мен объекті арасындағы ажыратуды жеңу, табиғат пен адамның жақындасуын көрсетеді.
40.tipa sultanmakhmut turali ait.astinda aiel tensizdigi Сұлтанмахмұт Торайғыров
ол Алаш партиясының мүшесі, хатшы болған. Тәтті тілек, әрбір жаңалық халқыма жақсылық болып оралса деп бар жан-тәнімен тіледі. «Қамар сұлу», «Кім жазықты» романдарында ғасырдан келе жатқан әлеуметтік теңсіздікті, қыздарды малға сату, шалдарға еріксіз тоқал ету секілді ескі реакциялық әдет-ғұрыптарды әшкерледі.
Басқа да халқының зиялы өкілдері өз шығармаларында халық сана-сезімін ояту, әйел теңдігін жақтау, керенаулықтан құтылуды сөз етті. Мұны Көбеевтің С. «Қалың мал» романы, М. Дулаттың «Бақытсыз Жамал» романы, М. Әуезовтың «Қорғансыздың күні» әңгімесітереңкүрсініспен қозғады
3-билет
6-cұрақ
Ортағасыр философиясы.
«Ортағасыр» термині түсіндірілуді керек етеді. Бұл ұғым еуропа түсiнiгi бойынша дiннiң үстемдiгi, ғылым үшiн қаратүнек заман орнады дегенмен тең - шын мәнiсiнде шығыс елдерiнде бұл ғылым мен дiннiң үйлесiмдi даму кезеңi болды. Оны араб елдерiнiң тарихынан айқын көремiз. Материалистiк көзқарас, нақты ғылымдар зерттеулерi Үндi, Қытай елдерiнде де дәстүрлi еркiн жолмен дами бердi.
Еуропалық философияда бұл термин христиан дінімен байланысты. Христиан діні біздің жыл санауымыз бойынша І-ІІ ғ.ғ., құлиленуші қоғамның күйреуі, Рим империясының құлау кезеңінде пайда болды. Еуропалық христиан немесе ортағасыр философиясы І-ХV ғ. аралығын алып жатыр. Христиан дінінің тарай бастауына байланысты, оның догматтарын рационалдық (ақыл-ой) арқылы көрсету мәселесі қойылды. Сонымен бірге антикалық философтардың еңбегін пайдалану мақсаты үстем болды. Ортағасырлық ойлау мен пайымдауда екі түрлі дәстүр анықталды: а) Христиан дінінің негізін түсіндіру. б) Антикалық философияның идеалистік жағын қолдану.
Ортағасыр философиясы негізінен шіркеу догматымен есептесе отырып дамыды. Сол кездегі философияның өмір сүруі шiркеу билiгiнiң ыңғайына, тарихи жағдайға байланысты болды. Шіркеу мен дін қоғамдағы әлеуметтік өмірдің табиғи көрінісі болды. Олардың абсолюттік үстемдігi философияның және бүкіл мәдениеттің ойдағыдай дамуына мүмкіндік туғызбады. Философия негізінен діни қағидаларының қасиетті мәтіндерін түсіндірумен шұғылданды. Сонымен бірге философия мәселелерінің де ерекше түрі болды. Мысалы: Әлемді құдай жаратқан ба, әлде өзінше өмір сүре ме? Адамның ерік-бостандығы мен құдайдың қажеттілігі қалай үйлеседі? деген сұрақтар туындайды.
Ортағасыр философиясындағы негізгі мәселелері: Онтология, антропология, гносеология.
1. Онтология (болмыс). Барлық тіршіліктің алғашқы себебі Құдай. Құдай құдіреті тіршілік иесі ретінде дүниені, адамды жаратқан және оны басқарып, әркімнің өмірін болжап отырады. Теоцентрлік (тео-құдай орталықта) ойлауда адамның мінез-құлқын, қоғамды анықтайтын күш - Құдай, ол барлық әлемдi, тіршілікті жаратушы. Құдай дүниені жоқтан жаратты делінген көзқарасты Креационализм (лат.creatio-жасау) дейді.
Құдай және оның жаратқан дүниесі екі нақты әр түрлі онтологиялық (болмыстық) жағдайларда көрінеді, олар бір-біріне ауыспайды. Құдай мәңгі, өзгермейді, бәрінен де тәуелсіз, ол барлық тіршіліктің көзі және оны тану мүмкін емес. Құдай ең жоғарғы игілік. Ал, дүние болса керісінше, құбылмалы, тұрақсыз, ауыспалы және жақсы жетілмеген. Антропология мәселесі: Антропология - адам туралы ілім. Осы ілімде адамды құдай жаратқан және өзіне ұқсас етiп жасаған. Бірақ, адам табиғаты екі жақты. Яғни, жан мен тән. Жан болса рухани ғана емес, құдай берген игілік, дене - шайтан қонысы. Ортағасыр философиясы өзінің онтология мен антропологиясын ақыл-оймен негіздеу қиын болғандықтан өзіне тән гносеологиясын жасады.
Гносеология - тану мәселесі, діни философияда ақиқатты мойындау ақыл-ойға сүйенбейді, ол тек ішкі қайғы-қасіретке, тілекке еш уақытта ойланбай толғанбай-ақ сай болуы керек дейді. «Сенемін, тіпті ақыл-ойға сай емес сандырақ болсада» - бұл діни гносеологиялық қағида
Батыстық ортағасыр философиясы екі кезеңінен тұрады:
1. Патристика (Pater-әке, шіркеу әкейлерінің діни философиясы).
2. Схолостика (лат. тілінде мектеп деп аталады). Қазір схоластика деген ұғым өмірден алшақ, практикалық жағынан пайдасыз сөзге үйір дегеннің синонимі.
Философия тарихы Патристика кезеңін Іғ.-VІғ. болды деп анықтайды. Христиан дінінің догматын (қағидасын) жасаушылар. Тертуллиан Карфагенский (160-220жж.) Климент Александрийский (150-215жж.) Аврелий Августин (Блаженный) (354-430жж.), Ориген (185-253жж.), Боэций (480-526жж.).
Патристика - христан-дiни ойшыларының ең басты мақсаты, дiни-теориялық iлiмiнiң жиынтығы, және дiннің теориясын негiздеу және қорғау. Осыған сәйкес «патристика»-қасиеттi аңыздарының негiзiн салған бiрнеше аралықты көрсетуге болады:
1. Апостолдық патристика кезеңі (б.д II ғ. ортасына дейiн). Апологеттер II-III ғғ. Христан дiнiн оның көптеген жауларынан - Рим мемлекетiнен, пұтқа табынушылар философиясынан қорғап, христан-дiни көзқарасын түсiндiру арқылы қалыптастырды.
2. Классикалық патристика, IV-V ғғ ортасы - христандық дiни ойлаудағы көзқараста теологиялық догматтардың үлгiсi қалыптасты. Негiзгi мәселе: құдайдың мәнi мен оның үш жақтылығы: Құдiреттi Құдай, оның Ұлы және қасиеттi Рухтың арақатынасы туралы болды.
3. Ең соңғы кезең (VI-VIII ғғ.) - теологиялық мәндегi энциклопедиялық жүйелердi жинақтау, догматтарды қалыпқа келтiру.
Патристиканың iрi өкiлiнiң бiрiне тоқталайық. Августин (Блаженный)-354-430, Христиан теологі, епископ, Гиппон қаласында (солтүстік Африка, Рим империясы) Христиан дініндегі католицизм ағымының негізін салды. Негізгі шығармасы «Құдай қаласы туралы». Бұл еңбек жүздеген жылдар бойы діни ілімді таратуда, зерттеуде және оны оқуда басты құрал саналды.
Аврелий Августин өзінің Құдай қаласы туралы еңбегінде атақты ойын түсіну үшін сенемін, сену үшін түсінемін («credo ut untelliyam intellido ut credam») деп негіздейді. Оның философиясы: «Сенімсіз - білімде ақиқат жоқ» деген принципке бағынады. Ол тарихты, адам тағдырын фаталистік тұрғыдан түсінетін діни концепцияны ұсынды.
«Схоластика» кезеңі - философиялық ілімі «схолостика». Оның өкілдері: И. С. Эриуген, Бонавентура, Альберт Великий, Фома Аквинский, Иоанн Росцелин, Пьер Абеляр, Ансельм Кентерберийский және т.б. Бұлар патристика көтерген мәселелерді жалғастырды. Мазмұны бойынша бұрынғыдай құдай және күнәден құтылудың құпиясымен байланысты, бірақ алдыңғы қатарға ақыл-ой мен сенім, дін мен ғылым мәселелері шықты.
Ортағасырлақ схоластика оралымды болды, ол өзінің формаларын жиі ауыстырып отырды, диалектиканы діннің догматтарын дәлелдеу үшін пайдалануға тырысты, болмыс, мән, форма және басқалар секілді философиялық ұғымдарды бұрмалап түсіндірді, таным теориясын былықтырды.
Схоластар білімді екіге бөлді:
1. Түсініктеме жүрмейтін, аян арқылы берілген табиғаттан тыс жайлар (яғни, Құдайдың Библияға салған дайын ойлары);
2. Адамның ақыл-ойымен табылған бiлiм (яғни, адам Библия мәтіндерін ашып, Құдайдың идеясын түсінді).
Ортағасырлық схоластикада әмбебаптылық (Универсалии лат. niversalis-жалпы). Әмбебаптық нақты объектiге тән, оның анықталған түрi болады. Бұл мәселесi төңірегіндегі дау-жанжал үлкен орын алды. Схолатикадағы орталық айтыс номинализм мен реализм арасында жүрдi. Ол христиан дініндегі құдайдың үштік мәні туралы догматты және Құдайдың болмысын дәлелдеуге байланысты.
Номинализм (лат. Nomina - есім, атау) дегенiмiз философиялық ағым, ол бойынша жалпылық жекені айқындай алмайтыны былай тұрсын, тіпті нақты өмір сүрмейді де. Жалпы идеялар бос сөз, жеке заттарға адам тарапынан берілетін атаулар ғана, шын өмір сүретін тек жеке заттар, ал адам болса сол жеке заттар мен құбылыстарды ғана танып біледі. Номинализмде материяның алғашқылығы туралы материалистік ұғым қалыптасты. Бұл ілім дін иелерінің ашу ызасын тудырды.
Реализм (лат realis - шындық, заттық) жалпы ұғымдар, әмбебаптық (универсалийлер) реалды, әуелбастан өмір сүреді – дейдi. Ансельм Кентерберийскийдің пікірінше, жалғыз құдай өмір сүреді, дүниеде бар нақты заттар мен құбылыстардың бастамасы бiр құдай, демек жеке заттардың болуы жаратушы құдайға байланысты.
Антикада әмбебаптылық мәселесі алғашқы рет Порфирийдің еңбегінде қойылды, бірақ ортағасырлық схоластикаға Боэций арқылы енді, және ол Порфирийдің еңбектеріне берген түсініктемелеріне байланысты болды.
Фома Аквинский - ірі ортағасырлық философ, схоластикалық жүйені жөнге келтіруші. Католик шіркеуінде үстемдік ететін томизм бағытының негізін салушы. Негізгі еңбегі: «Теология жиынтығы», «Пұтқа сенушілерге қарсы сумма». Ол Құдайдың өмір сүруінің бес дәлелін айтады:
1. Қозғалыс: Барлық қозғалысқа дем беретін, яғни қозғаушы алғашқы күш - Құдай.
2. Себеп: Барлық өмір сүретін тіршіліктің себебі, барлығының бастама себебі - Құдай.
3. Кездейсоқтық және қажеттілік. Кездейсоқтық, қажеттілік мүмкіндік пен шындықтан туады, олай болса алғашқы шындық - Құдай.
4. Сапалық дәрежесі: Барлық тіршіліктің алуан түрлі сапалық дәрежесі (жақсы, жаман, көп, аз) бар, олай болса кемеліне жеткен тіршілік те бар - ол Құдай. Әлемдегі барлық заттар бірімен-бірі сәйкестеніп, қиылысып байланысқан, оны жасайтын Құдай.
5. Мақсат: Қоршаған ортада қандай болса да мақсат бар, бәрі де мақсатқа бағытталады әрі мәні бар, олай болса, әлдеқандай ақыл-ойға сиятын бастама бар. Яғни бәрін мақсатқа бағыттап, бәріне мән беретін - Құдай.
Аквинский Аристотель ілімінің материалистік идеяларын алып, оның идеалистік элементтерін күшейту бағытында қызмет етеді.
Аквинскийдің негізгі қағидасы - сенім мен сананың үйлесімдігі. Ақыл-ой құдайдың болмысын саналы түрде дәлелдеп, сенімнің ақиқаттығына қарсы пікірді қабылдамайды. Аквинскийдің пікірінше, барлық өмір сүретін заттар құдайдың құдіреті бойынша қалыптасады.
44/ Ыбрай Алтынсарин. Торғай жерінде 1841 дүниеге келді. атасы Балқожа бидің қолында тәрбиеленеді1850-1857 жж. Орынбор Шекара Комиссиясының қазақ балалары үшін ашылған мектебін бітірді. Шығыс зерттеушісі В. Григорьевтен дәріс алды. Елге қайтқан соң қаржы жинап мектеп ашты. . 1879 ж төрт тараудан тұратын «Қырғыз хрестоматиясын», «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралын» жазды. Оның шығармалары: «Надандық», «Бай баласы мен жарлы баласы», «Лұқпан Хәкім», «Қыпшақ Сейтқұл» және «Асан мен Үсен» Қоғамдық-саяси және философиялық көзқарасында утопиялық түсініктер басым болды. Мәселені шешу кілті оқуда, ағарту ісінде деп санады. Білім мәселесінде мектептегі діни-схоластикалық оқуға қарсы болды. Білімнің көзі ғажайып рухқа сенуде емес, табиғи әлемде, сондықтан білім ғажайып жол, Құдай арқылы емес, адамның қабілеті мен еңбегінің арқасында жиналады дегенді ұстанды. Тәжірибелік тұрғыдан танып білудің қажеттілігін атап көрсетеді Алтынсарин дүниеден қайтқанша миссионерлік зұлымдықпен ашық күресіп келді. Миссионер – мемлекет тарапынан қолдау тауып, бөтен діндерді уағыздаушы, таратушы. Миссионерлік қызмет атқару - экономикасы төмен, білімнен кенжелеп қалған, дамымаған елдерде христиан дінін насихаттау арқылы патшаның отаршылдық саясатын жүзеге асыруға жәрдемдесу. Ол мұндай отаршылық саясатқа қарсы болды.
71.Адам, Тұлға
Ақылды адамның пайда болуының негізі неде?Адамның еңбегі арқылы п б заттардың ж/е тілдің пайда болуында.Еңбек,сана,ойлау ж/е тіл-бір-бірімен тікелей байланысып жатқан процесс.Антропогенез- адамдардың шығу тегін зерттейтін антропологияның бір бөлігі,антропосоциогенез-әлеуметтік себептерді анықтау.
Жан-жануардан адамның ерекшелігі неде?
1. Еңбекке икемделген өзгеше дене мен келбетi бар.
2. Санасы, ойлау мүмкіндігі бар.
3. Өзінің негізгі діні,сенімі бар.
4. Адамдар арасындағы қарым-қатынасты қолдап, дамытады.
5. Өндірістің пайда болуына,өзгеруіне байланысты өзін-өзі қамтып, өзгере білуінде.
Адам-белгілі-бір дәрежеде биологиялық ж/е әлеуметтік тіршілік иесі.Биологиялық тірі адам-тірі организм, және оның әлеуметтік қоғамдық мәні бар.
Қоғамдық болмыстың әсерінен қалыптасатын адамдағы үш жақты мағына:
1.Жеке адам, пенде (индивид)
2.Индивидуальность (даралық, ерекшілік)
3. Тұлға, Кісі (личность)
1.Жеке адам - жалпы адамзаттың өкілі. Көптің бірі ретінде адамға тиісті қасиетке, келбетке ие болуы керек.
2.Индивидуальность (ерекшелігі) - адамзаттық қасиеті дараланып көрінетін әрбір жеке адамның өзіне ғана тән дауысы, жүріс-тұрысы, білімі, бет-пішіні, бұл ерекшеліктері қайталанбайтын феномен. Адам – таза қағаз емес, онда мәдениет өзінің жазуларын түсірген: ол тіршілік иесі, күш-қуаты, ақыл-ойы, сезіну-күйінуі бар және сонымен бірге нақты ұйымдасқан, сыртқы жағдайларды өзіне сәйкес өзгерте білетін жан.
3. Тұлға-деп ержеткен, бұғанасы қатқан, ақылы толған, өз ісіне өзі жауап бере алатын, өзінің дүниеге көзқарасы бар адам. Кісі әлеуметтік іс-әрекет иесі ретінде өндірістің қоғамдық қатынастың, қоғамдық сананың субъектісі болып табылады. Тұлға - әр түрлі дәрежедегі қоғам топтарының да жауапкершілігін өзіне ала алатын кісі. Адамның ақыл-ойы мен сезімі өте күрделі биологиялық, психологиялық, әлеуметтік құбылыс.
Ғылымда адамды ерекше бағалайды,қоғамдық ғылым оған арнайы көңіл аударады.Адамды - ғылымның нысаны ретінде-антропология, тарих,социология,биология жәнет.б .зерттейді. Қазіргі замандағы антроптық принциптің фундаменталдық қағидасы философия мен ғылымға көп ене бастады. Ол әлемді күрделі әрі өздігінен ұйымдасқан жүйе және адамды ондағы негізгі элемент ретінде қарауды талап етеді. «Бір қалыпты адам», ерекше объект деген көзқарасты қалыптастыра отырып, адам әлемді бақылаушы және өзіндік реттеушісі ретінде, әлемнің физикалық параметрі әр алуан түрінің құрылымымен, әр түрлі дәрежесімен байланыс орнатты. Ғылымда адам қызметінде субъекті мен объекті арасындағы ажыратуды жеңу, табиғат пен адамның жақындасуын көрсетеді.
4-билет
75.Эмпир. Таным
Танымның эмпириялық және теориялық дәрежесі және құрылымы бар.Олар төмендегідей кезеңдерді қамтиды:
1. Адамның шындықты бейнелеуінің сатылары - сезімдік және рационалдық.
2. Білімнің түрі - эмпириялық және теориялық, ғылымға дейінгі (қарапайым) және ғылым.
3.Білімнің құрылу тәсілі-ғылыми, болжам, абстракты теория, ғылыми жүйе.
Эмпириялық (тәжірибелік)-адамның тәжірибесіне негізделген.Ғылымның эмпирикалық деңгейінде,ғалым сезім мүшелерінің дүниетану күштілігіне, приборлардың оларды арттыра түсу мүмкіндігіне сүйенеді. Микроскоп нәрселердің аса ұсақ детальдарын көруде көздің қабілетін арттыратындығы соншама, бұған ешқандай жаттығу арқылы жету мүмкін емес.Приборлар сезім мүшелерінің күш-қуатын арттырып қана қоймайды,сондай-ақ бізге қабылдаудың қосымша органдарын береді десе де болады.
Теориялық деңгейі. Ғылыми зерттеу дегеніміз проблема қоюдан басталады. Проблема - адам әлі танып білмеген, бірақ танып білуі керек нәрсе, құбылыс. Осыған байланысты, соларды түсіндіруге бағытталған ұғымның, идеяның, белгілі бір көзқарастың қортындысын теория дейміз.
Гипотеза-ой қорыту жүйесі арқылы бірқатар фактілер негізінде объектінің байланысы,себептері туралы тұжырым жасалады, алайда оны әбден анықталған деп санауға болмайды.Болжам-объективті дүниенің заңдарына негізделген болашақта не болатыны, қандай жаңалықтар ашылатыны туралы білім.
Методология-адамның теориялық және практикалық қызметіндегі принциптік жүйелері, ұйымдастыру тәсілі және осылар туралы ілім. Ғылыми таным әдістерінің үш түрі бар:а)эмпирияалық зерттеу әдісі;ә) теориялық және эмпирияалық деңгейде қолданылатын әдістер; б) теориялық зерттеу әдісі.
І.Эмпирияалық зерттеу объектіні сезім мүшелерімен, приборлармен қабылдау, қадағалау .Объектіні белгілі бір мерзім аралығында ұйымдасқан түрде жүйелі бақылай отырып, ондағы өзгерістерді тізу, суреттеп жазу.
а)Бақылау–дүниедегi заттар мен құбылыстарды мақсатка сай жоспарлы түрде, үнемi қадағалап қабылдап отыру.
ә)Эксперимент-зерттеліп жатқан объектіге тікелей әсер ету арқылы процестеріне араласу. Зерттеуші объектіні кездейсоқ жағдайлардан оқшаулап алып, бөліп қарайды. Қажет болған жағдайда әлде неше рет қайталайды.
б)Өлшеу-тиісті өлшеуіш аспаптардың көмегімен эмпириялық деңгейде зерттелетін материалдық объектілердің сипаттамаларын (салмағы, ұзындығы, бөлшектігі, нүктелік шамасы, жылдамдығы т. б.) тексеріп жазу.
в) Салыстыру – объектiлер арасындағы ұқсастық және өзгешiлiк жақтарын анықтау мақсатында оларды бiр-бiрiмен салыстыру. “Барлығы да салыстыруда танылады” қағидасын есте ұстау.
ІІ. Теориялық және эмпирикалық деңгейде қолданылатын әдістер.
1.Анализ.2.Синтез.3.Аналогия.4.Индукция5.Дедукция
ІІІ Теориялық зерттеу әдістері. (идеализация, формализация, модельдеу, аксиомалық)
1.идеализациялау.2.Формализация.3.Модельдеу 4.Аксиомалық
43/Қазақ жеріндегі ХІХ ғ. қоғамдық-саяси және философиялық ой-пікірдің өкілі - қазақтың тұңғыш ресми ғалымы, көрнекті ұлы Ш. Уәлиханов (өзінің аты Мұхамед - Ханафия), ағартушы-демократ. Ол: ориенталист (шығыстың тілі мен мәдениетін зерттеуші ғалым), этнограф, географ және тарихшы Алғашқы білімін қазақ мектебінде алып, арабша хат таныды. Омбыдағы Кадет корпусына 1847 ж. түсіп, 1853 ж. бітірді«Ыстық көл сапарының күнделігі» деген ғылыми еңбек шығарады. 1856 ж Қытайдағы Құлжа қаласына жасаған 3 айлық сапардың нәтижесінде «Құлжа қаласы» деген еңбек жазды Қоғамдық өмірді түсіндіруде ол идеалистік көзқараста болды. Әлеуметтік бақытсыздықтың себебін жаппай сауатсыздықтан іздеді, «Әділетті басшы» идеясын жақтады Дүниетанымдық көзқарасы көп жағдайда материалистік көзқарасқа жақын келеді Материя мен сананың арақатысын материалистік тұрғыдан шешті Дін түрлерінің ішінде ислам мен христандыққа қарағанда буддизмді «гуманистік ілім» деп бағалады.
9-сұрақ
Георг Вильгельм Фридрих Гегель (1770-1831 жж.). Гейдельберск, одан соң Берлин университеттерінде профессор. Өз заманның атақты, әрі бүкіл Еуропаға белгілі беделді философ, әрі неміс классикалық философиясының шоқтығы биік өкілі.
Гегельдің философиясының үлесі және ерекшелігі:
1. Объективтік идеализм теориясын жасады. Негізгі өзегі абсолюттік идея - әлемдік Рух.
2. Канттың, Фихтенің және Шеллингтің еңбектерін зейін қойып зерттеп, идеалистік диалектиканың жалпы теориясын жасады және оны білімнің әр түрлі салаларына қолданды. Диалектикалық әдісінде ол қозғалыстың дамуының үздіксіз екенін үйретті.
3. Гегель өз философиялық жүйесінде дүниежүзілік ақыл-ойдың абсолюттік және әбден жетілген көрінісін жасауға тырысты. Гегельдің жүйесі мен әдісі бір-біріне қайшы, керітартпа.
Осыдан шығатын қорытынды:
а) философиялық жүйесі метафизикалық.
б) диалектикалық әдісі прогресшіл жағынан көрінеді.
Гегель жүйесі. Гегель нақтылықты (немесе бүтін болмысты) түсiнуде, идеяның мәні ретіндегi - әлемдік ақыл-ойды, Логосты, Рухты, Сананы, Субъектіні -Абсолют деп атады (барша дүниенің, бүкіл болмыстың пәрменді бастамасы, жаратушысы). Абсолюттың маңызды қасиеті - шығармашылығы, белсенділігі, дамуы және күшеюі болады. Ол өзінің дамуында әр түрлі сатыдан өтеді, өзінің өмір сүру формасында әр түрлі көріністе болады. Сонымен бірге өзінің жоғарғы мақсаты - өзін-өзі тануға ұмтылады.
Абсолют үштік түрде құрылған, Еуропалық философияда ертеден бар және дәстүрлі христиан діні іліміндегі үштікпен байланысты. Абсолюттік идеядан Табиғат, Табиғаттан Рух туады, бірақ, қалай тууы түсіндірілмейді, тек шыққан нәтижені факт ретінде көрсетеді.
Гегель философиясының негізі әлемдік Рух, абсолюттік идеяның бүкіл дүниені жаратқаны. Табиғат - әлемдік рухтың таза идеядан абсолюттік идеяға айналуы. Идея ешқандай мазмұнсыз «таза болмыс» немесе «ештеңе» болып табылады. Содан пайда болу, «туу» деген ұғым шығады. «Нақты болмыстың пайда болуы» - заттар мен құбылыстар дүниесіне әкеледі, яғни идея материалдық заттарға айналады: механикалық құбылыстар, химиялық қосылыстар, тіршілік, адам мен адамзат қоғамы түрiнде дамиды.
Адам пайда болғаннан кейін, идея адамның санасында ойлау формасына қайта айналады. Адам санасы дамыған сайын идея материядан қол үзіп алшақтай береді. Ол өзінің бүкіл өткен жолын ұғына келе өз дамуын аяқтайды, бастапқы өз күйіне келеді. Ендi «Таза болмыс» ретінде емес, бүкіл өз мазмұнын барынша өрістеткен, болмысқа айналады. Гегельдің пікірінше, табиғат абсолюттік идеяның екінші өмірі, бірақ ол дамымайды, дамитын тек идея. Диалектиканы жасай отырып, Гегель бүкіл дүниені - табиғатты, қоғамдық өмірді және ойлауды - шексіз қозғалу, өзгеру және даму процессі деп көрсетуге тырысты. Ол диалектиканың негізгі принциптерін, заңдарын, категорияларын белгілеп берді. Табиғаттың, қоғамның, ойлаудың дамуы диалектиканың заңдарына бағынады деген оның идеясы өте игілікті болады. Алайда, объективті идеалист болғандықтан, Гегель дүниенің барлық құбылысының негізінде қайдағы бір абсолюттік идеяны, әлемдік рухты алды. Ұғынудың жоғарғы сатысы өзiнiң философиясында берiлген деп, Гегель ендi басқа философияның болуы мүмкiн емес деп өзiнiң диалектикалық iлiмiне қайшы пiкiр айтады. Бұл оның философиялық жүйесi мен ойлау тәсiлiнiң арасындағы қарама-қарсылық.
Ең маңызды еңбегінің бірі «Логика ғылымы» үш бөлімнен тұрады: 1. Болмыс. 2. Мән. 3. Ұғым.
Гегель өзінің логикасында шындықтың өзінен-өзі қозғалуы және өзінен-өзі дамуы жөнінде пайдалы пікір ұсынды. Бірақ ол шындықты ойлаумен теңестірді. Бұл еңбегінде диалектикалық үш заңды - идеалистік тұрғыдан зерттеп көрсетеді: Қарама-қарсылықтың бірілігі мен күресі заңы - дамудың негізгі қайнар көзі.
1. Санның сапаға айналу заңы - барлық болмыс қалай өзгеретiнiн ашады.
2. Терістікті терістеу заңы - өзгеріс қай бағытта болады деген сұраққа жауап береді.
Тарих философиясында:
1. Адамзаттың тарихын кездейсоқ оқиғалардың тізбегі немесе ұлы адамдардың өмірінің тарихы емес, заңды процесс деп көрсетті.
2. Географиялық ортаның рөлі жөнінде, экономика жөнінде, әлеуметтiк таптардың күресі және басқалар жайында бірсыпыра қызықты идеялар айтты.
3. Мемлекеттің кемеліне келіп гүлденуінің негізгі шарты - ерікті жеке меншіктің дамуымен байланысты деп санады.
6-билет
21-сұрақ.Абай Құнанбаев. Абай басқа философтар секілді әдейілеп философиялық трактаттар жазбаған. Бірақ, оның өлеңдері мен қара сөздері философиялық салиқалы ойларға, терең мағыналы толғауларға толы. Ол философиялық ойдың заңғар биігіне арнайы оқудан емес, өмір мен болмысты тоқу арқылы жеткен табиғаттың өзі тудырған ғұлама.
Абай өз философиясында, адам болам десең бес нәрседен қашық бол, бес нәрсеге асық бол: өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ - бес дұшпаның білсеңіз. Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым ойлап қой - бес асылың көнсеңіз деп өсиет айтады. Өсиеттерінің бірі - Бірлік: бірлік тірліктің алды, бірлік жоқ болса, оның үстіне күндестік қосылса, адамдардың әлеуметтік күйі құлдырап, төмендей беретінін айта келіп: «Бірлік жоқ, береке жоқ, шын пейіл жоқ. Сапырылды байлығың, баққан жылқың» деп жазды. Қоғамдағы бір жағымсыз, зиянды құбылыс - маскүнемділіктің дерт болып жайылып бара жатқандығын көрегендікпен әшкерелейді. «Арақ ішкен, мас болған жұрттың бәрі, не пайда не залалды біле алмай жүр». Абай білімсіздіктің, надандықтың, әлеуметтік ауыр жағдайға алып келетіндігін көрсетеді.
Ғылымды әлеуметтік жағдайды жаңартудың құралы ғана емес, прогресске жетудің жолы дейді. Өзінің 17-ші сөзінде ғылымның әлеуметтік рөліне кең әрі терең тоқтап, ақыл, қайрат, жүректі айтыстыра келеді де, ғылымға жүгіндіреді. Надан ел қуанбас нәрсеге қуанады және қуанғанда не айтып не қойғанын өзі білмей есі шығады, ұялмас нәседен ұялады, ұяларлық нәрседен ұялмайды. Қазақтың әлеуметтік өмірінің ауырлығын көп зерттеген Абай одан бүкіл адамзат баласына қатысты қорытындылар шығарады. Адам баласын қор қылатын үш нәрсе: 1. Надандық. 2. Еріншектік. 3. Залымдық деп қорытындылайды. Абай жан-жақты, үйлесімді дамыған адамды қалыптастыруды армандайды. Сондай кісілерден тұратын қоғам ғана әділеттік теңдік орнатады деп үміттенді.
72.Ақиқат-алған білімнің шындыққа сәйкестігі. Егер сәйкес болмаса, білім жалған.
ақиқаттың теориясы :
Корреспонденттiк -ақиқат бiлiм ретiнде шындыққа сәйкес түсiндiрiледi.
Прагматикалық ақиқат:Қандай ой-пiкiр,н-се әрекет болса да,егер ол пайда әкелсе ғана – ақиқат ( Джеймс).
Когеренттiк ақиқат - ойлаудың өзiмен өзiнiң келiсуi,ондағы қайшылықтың жоқтығы (Кант, Гегель).
Ақиқат еш нәрсеге байланысты емес. Сондықтан ақиқат әр түрлі-объективтік, абсолюттік, салыстырмалы (относительдік), нақты:
Объективтік ақиқат деп біздің білімімiздің субъектiге тәуелсіз өмір сүретін мазмұнын айтамыз. Объективтiк пен субъективтiк–бұл екi бөлек ақиқат емес, ғылыми теорияда, бiлiмде бiрiккен, екi қарама-қарсы сипаты бар, бiр ақиқат болады.
Абсолюттік ақиқат-бұл шындықтың дәл және түгел бейнеленуі, ол объективтік ақиқаттың мызғымайтын беріктігі. Бұл білімнің болашақта теріске шығарылуы немесе анықталуы мүмкін емес, ол сөзсіз айқын нәрсе. Салыстырмалы ақиқат-ол бір шама дұрыс, негізінен алғанда дәл білім, бірақ толық емес, танып білу үстінде толықтырыла анықтала түседі, түзетіліп отырылады.
Ақиқаттың нақтылығы-абсолюттік пен относильдік ақиқаттың диалектикасының бірлігі.Таным объектiсiне, фактілерге, оның жағдайына тарихи қарастырылу деңгейінде нақты тәсіл қолдану барысында нақты ақиқат принципі пайда болады.
Ақиқаттың критерийі (өлшемi) не?.Практиканың барысында бiздiң ұғымдарымыз тексерiледi, олардың ақиқаттылығы немесе жалғандығы анықталады, дұрыс емес теориялар шығарылып тасталады.Практика ұғымы өте кең түрде қолданылады, қазiргi ғана емес, келешектегi өмiрдi де қамтиды,сондықтан ол ең негiзгi,бiрақ өте жалпы ақиқат өлшемi болып келедi.Жаңа теория, iлiм, идеялардың ақиқаттылығын бүгiнгi күнде анықтау қажеттiлiгi ғылыми-техникалық прогресс кезеңiнде арта түседi.Сондықтан ақиқат өлшемі ретінде ғылыми тәжiрибеде бақылау, эксперимент жасаудың тәжiрибелерiн де қарастырамыз.
8-билет