
- •2)Материяның негізгі құрылымдық деңгейлері
- •3.Философиялық дискурс.Мемлекет.Ерік.Теңдік
- •1.Философиядағы адам мәселесі
- •2) Тәсіл мен методология мәселесі. Методологияның деңгейлері.
- •1)Сана және бейсаналық сфера
- •2. Ақиқат мәселесі және оның критерилері. Ақиқатты процесс ретінде қарастыру
- •1)Миф. Мифтің ерекшеліктері және функциясы
- •2) Бейклассикалық философия тақырыптары және бағыттары.
- •2) Адам және Әлем. Антроптық принцип .
- •1.Абайдың қара сөздері
- •2.Философияның негізгі категориялары.
- •3. Адамның мәні қай мағынада бар: ерекше субстанция ретінде ме немесе жан ретінде ме немесе филасофиялық талдау ретінде ме?
- •2. Ғылым дамуындағы революция. Ғылыми революцияның түрі.
- •3. Гегель философиясы бойынша әр халық еріктілік ұғымын қай деңгейде түсінсе соған сай қоғам құрады.
- •1. Ф. Бэконның адасушылық туралы
- •2) Қоғам ұғымы және құрылымдары
- •3.Жаттанудың осы заманғы формалары мен шешу жолдарын талдаңыз.
- •1. И. Канттың философиясы. Импиративтік принцип
- •2. Диалектиканың негізгі принциптері мен заңдары және олардың танымдық рольдері
- •3. Біз кімбіз, біз қайданбыз, қайда барамыз және неге үмітенуге болады тақырыбына эссе.
- •14.Билет
- •1. Орта ғасырдағы Батыс философиясы
- •2) Мәдениеттің философиялық түсінігі.
- •1) Қайта өрлеу дәіріндегі гуманистік антропоцентризм. Понтеизм
- •2) Онтологияның негіздері. Болмыс категориясы.
- •3. Нақты ғылымдардағы сәйкестік,толықтырмалы және конфронтация принциптері қай диалектикалық заңдармен байланысты.
- •1.Дүниетаным ұғымы, құрылымы және тарихи түрлері.
- •3. Гейзенбергтің анықсыздық принципінің философиялық интерпретацияларын талдаңыз, қайсысы ақиқат?
- •2.Канттың категориялар туралы ілімі мен антиномиялары. Жаңалықтары мен кемшіліктері
- •3. Глобольды мәселердің философиясы . Себептері мен шешу жолдары.
- •1) Спинозаның пантистік философиясы.
- •2) Танушы процесс ретінде қарастыру. Ғылыми танымның деңгейлері.
- •3) Декарт бойынша «Мен ойлап тұрмын, сондықтан, мен бармын.» Осы принциптің интерпретациясын талдаңыз.
- •1) Гегель жүйесі және тәсілі.
- •2. Антропосоциогенез мәселесі.
- •3. Зенон антиномиялары мен нақты ғылымдардағы шексіздік мәселелерінің арасындағы байланысты және шешу жолдарын көрсетіңіз.
- •1.Философияның негізгі мәселелері.Дүние және адам
- •2. Дүниенің ғылыми бейнесінің эволюциясы
- •3.Адамның екі жақты антиномиялық қызметін қалай түсінесіз?
- •22 Билет
- •1. Экзистенциялистік филасофия
- •2. Тіршіліктің мәні және оның пайда болуы.
- •3. Сананы материяға, жаны энергияға теңейтін бағыт дұрыс па? Философиялық талдау.
- •1)Ежелгі Шығыс философиясындағы адам мен дүние мәселесі
- •2. Критикалық рационализм
- •3. К. Поппер бойынша «Кез келген теория эксперимент арқылы жалғанға айналатын гипотеза.»
- •1. Лейбниц монадологиясы.
- •1.Идеалдық мәселесі.
- •2.Ғылым және философия.
2) Адам және Әлем. Антроптық принцип .
«Адам» деген ұғым адам баласына тән жалпы қасиеттердің жиынтығын білдіретін түсінік. Адам жаратылыстың, табиғаттың туындысы және әлеуметтік феномен. Ол табиғат жасамаған заттармен құбылыстарды өз қолымен, ақылмен жасайды. Діни ұғымдар бойынша, дүние адам үшін жаралған деп көбірек айтылады. Адам туралы мәселені алғаш рет Сократ қойды. Ол рационалдық этиканың негізін қалады, ол адамның ішкі дүниесін, оның жаны мен ізгілікті түсінуді ұсынды. Платон ілімі бойынша, адамда мәңгілік жан мен өткітші дене қосылады. Ақылды адамның пайда болуы ның негізі неде? Адамның еңбегі арқылы заттардың және тілдің пайда болуында. Еңбек,сана, ойлау және тіл бір бірімен тікелей байланысып жатқан процесс. Антропогенез адамдардың шығу тегін зерттейтін антропологияның бір бөлігі, антропосоциогенез әлеуметтік себептерді анықтау. Адам белгілі дәрежеде биологиялық және әлеметтік тіршілік иесі. Биологиялық тірі адам тірі организм, және оның әлеметтік қоғамдық мәні бар. Ғылымда адамды ерекшк бағалайды, қоғамдық ғылым оған ерекше көңіл аударады. Адамды ғылымның нысаны ретінде антропология, тарих, биология, социология және т.б. зерттейді. Қазіргі замаңғы антроптық принциптің фундаментальдық қағидасы философия мен ғылымға көп ене бастады. Ол әлемді күрделі әрі өздігінен ұйымдасқан жүйе және адамды ондағы негізгі элемент ретінде қаруды талап етеді. « Бір қалыпты адам» , ерекше обьект деген көзқарасты қалыптастыра отырып, адам әлемді бақылаушы және өзіндік реттеушісі ретінде, әлемнің физикалық параметрі әр алуан түрінің құрылымымен, әр түрлі дәрежесімен байланыс орнатты. Ғылымда адам қызметінде субъект пен объекті арасындағы ажыратуды жеңу, табиғат пен адамның жақындасуын көрсетеді.
3. Ақиқат бар ма: объктивті реалдылық ретінде; немесе анықтама бойынша берілетін шартты конструкция ретінде; немесе жоқ па? Философиялық талдау. Ақиқат – танымның негізгі мақсаты. Өйткені таным процесіндегі субьтінің белсенділігіне байланысты қалыптасқан жаңа білім зерттеліп отырған обьектіге сәйкес келуі немесе келмеуі керек. Осыған орай ғылым мен философияда ақиқат проблемасы алға тартылады. Ақиқат мәселесі күмәнсіз, яғни шынайы және адекватты білім мәселесі. Ақиқат дегеніміз не? Аристотель өзінің “Метафизикасында” ақиқатты бізді қоршаған дүниедегі заттар мен құбылыстардың адам сананһсында бейнеленуі деп түсінді. Шын мәнінде, ақиқат дегеніміз субьект пен обьект арасындағы өзара байланыс негізінде жүріп жататын әлеуметтік- тарихи процесс. Абстрактілі ақиқат жоқ, ақиқат барлық жағдайда нақты. Ақиқаттыңтнақтылы обьекті жөніндегі барлық түсінікте рдің, абстракциялардың синтезінде, бірлігінде. Қазіргі идеалистер ақиқаттың ғылымға қарсы бірсыпыра өлшемдерін айтып жүр. Бұлардың қатарына:Мах пен Авенариус сияқты эмпириокритиктер-ң “ойды үнемдеу” принципі (не үнемді болса сол ақиқат); У.Джеймс пен Д.Дьюн атты прогматиктердің қолайлылық пен пайдалылық принципі (пайдалы, тиімді болатын теория – ақиқат теория); А.Пуанкаренің, Э.Леруаның конвенционализм принципі шартты келісімге не сай келсе – сол ақиқат, пікірлерлердің қиқаттығы тек тілдің қалай болса солай таңдап алынған ережелерін сақтаумен ғана байланысты деп есептейді неопозитивистер. Позитивистердің пікірінше, “болмыс”, “материя”, “сана” жəне т.б ұғымдарға, абстрактылық ойлауға сүйенетін дəстүрлі философия енді жарамсыз, себебі, тек тəжірибе немесе ғылыми эксперимент арқылы тексерілген позитивті, жағымды білім ғана ақиқат. «Ақиқат дегеніміз - субъективтілік. Философия таңданудан немесе танымға деген құштарлықтан емес, күйзелістен басталады» -деген Къеркегор Өмір сүрген адам азап шегу мен уайым-қайғыдан қашып құтыла алмайды, тіпті олар өмір сүруге қажетті нəрселер деп тұжырымдады. Ал Бэкон “екі ақиқат” теориясын ұсынады.Философия ақыл-ойға жүгініп, ол əлсіздік танытқанда теологияға да арқа сүйесе, артық болмайды. Бірақ олар бір-бірінің ісіне араласпауы қажет. “Ақиқат беделдің емес, уақыттың туындысы”.Декарт :Ақиқат деп ақиқат екені күмəнсіз нəрсені ғана қабылдау қажет. Асығыстық пен нанымға орын болмауы тиіс, тек ақылға айқын, нақты тұжырымды ғана қабылдау керек. Картезиандық рационализмнің бұл принципін интуиция ұғымын білдіреді. Декарт бұл қасиетті табиғи, бірақ сезімдік емес, интеллектуалдық сəуле деп түсінеді біз анық қабылдайтын нəрселердің бəрі ақиқат, бірақ олар ақылымыз арқылы, ойымыз арқылы қабылданады. «Ақиқат дегеніміз ғылымға тең философия, ақиқат адам жанының тұңғиығында.” дейді Томас Аквинат. Августин ақиқатқа жету үшін жаны тап-таза, ашық, айқын болуы тиіс. Адамды Құдай сезімдік дүниенің соңғы “рационалды жануары” ретінде жаратқан, оның жаны өлмейді,мəңгілік, ол өлетін болса, ақиқат та өледі.Аристотель : “Ақиқаттың тұңғиығына жете алмайды .Ақиқаттың қайдан шыққанына ұялатын ештеңе жоқ, ол тіпті біз танымайтын, білмейтін алыс елдерден болса да. Ақиқат іздеген адамға ақиқаттың өзінен жақсы ештеңе де жоқ, ақиқатты менсінбей, оны айтқан немесе бізге жеткізгендерге жоғарыдан қарауға болмайды: ақиқатпен ешкімді төмендету мүмкін емес, керісінше - ақиқат кез-келген адамды нұрландырады”.Бердяев: “Ақиқат еркіндікте жəне еркіндік арқылы танылады”. “Ақиқатқа - аллаға ұласуға жетеді. Ақиқатқа жету қиын, бірақ оған ұмтылу, нəпсіні тиып, бойында аллаған махаббат пен имандылық қалыптастыру” - əрбір мұсылманның міндеті дейді Йассауи. Аквинат: “Философия – барлық ақиқаттың негізі болатын ақиқат (Құдай) туралы ілім”.
№7-билет