Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ФИЛОСОФИЯ-КАЗ / Философия шпор / философияяяяяя шпор.docx
Скачиваний:
82
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
109.95 Кб
Скачать

2) Бейклассикалық философия тақырыптары және бағыттары.

Бейклассикалық пен классикалық философияның арасындағы қақтығыстың орталық мәселесі рационалдық ақыл оға , оның рөліне байланысты болады.

Бейклассикалық философия адамзаттың рухани байлығының ерекше бөлігі. Бұл философия адамзат ақыл ойының түрлі салаларына байланысты тұжырымдар жасап, жауап береді. Ол іштей біртекті емес , онда көптеген бағыттар, тұжырымдамалар мен теориялар бар.Оның ішінде жаңа әлемдік және экологиялық мәселелер көп.Қазіргі заман философиясының ерекше сипаты және белгілері төмендегідей: 1) « Практицизм» дара тұлға мен әлеуметтің, материалдық пен руханидың нақты шынайы өмірге бағытталуы. 2) «Эволюционизм» табиғатта, қоғамда және адам танымында эволюция идеясының кең тарауы. 3) « Релятивизм» адам білімінде салыстырмалылық идеясының көп орын алуы. 20 ғ. Философиясында бір біріне қарама қарсы сипаттағы екі негізгі бағытты байқауға болады. Біріншісі сциентицизм (лат.scientia ғылым ), кіншісі антисциентицизм. Бұл рационализм мен иррационализм арасындағы қатынас, ғылыми техникалық прогресске байланысты қарама қарсы көзқарастар: Сциентизм таным теориясында ақыл ойға , оның негізіндегі дәлелденген білімге сүйенеді, яғни рационалдық. Рационализмнің қызметі екі сатыдан тұрады. Антисциентизм иррационалдық құбылыстарды мойындап, логикалық тәсілді жоққа шығарады. Ғылыми адамды шынайы біліммен қамтамасыз ете алмайды. Логиканың орнына интуициялық әдісті ұсынды, шындықты тікелей тәжірибенің көмегінсіз ашуға болады деп санайды.

3) Қазіргі ғылымдағы эфир, кварк сияқты ұғымдар қай мағынада өмір сүреді: ешуақытта бақыланбайтын реалдылық ретінде ме; әзірше көрінбейтін реалдылық ретінде; немесе ойдағы шартты конструкция ретңнде ме? Философиялық талдау

Меніңше, эфир, кварк дегендер ойдағы шартты конструкция деп түсінемін. Не үшін бұлай түсінемін, өйткені жарықтың толқындық теориясы бойынша жарық әлемдік эфирде тоналады. Алғаш Гюгенс - Френель тұстарында, эфир ерекше серпімді орта деп ұйғарылып, кейін Максвелл теория шыққан. Эфир электромагниттік толқындар, әрі жарық толқыны да таралатын орта деп саналды. Эфирді бар деп болжау эфирдің қасиетін, эфир мен кәдімгі дененің бір біріне әсер ету сипатын тәжірибе жасап зерттеуді қажет етті. Алдымен мөлдір денелер қозғалғанда олардың ішіндегі эфир бірге қозғала ма, яғни лоар эфирді ілестіре ме, ілестірмейді ме, соны анықтау қажет болды. Осыны анықтау үшін француз физигі Физо тәжірибе жасады, бірақ ол тәжірибе нөлді көрсетті, яғни эфир жоқ. Кейіннен белгілі физик А. Майкельсон қозғалмайды деп саналатын эфирге қатысты жердің қозғалысын анықтамақ болып, интерференциалық тәжірибе жасады. Майкельсон тәжірибесінен куткен нәтиже шықпады. Яғни эфир жоқ бұл тек ойдағы шартты конструкция ретінде қалып қойды. Кварккв келетін болсақ, тәжірибе бұны да нақты көрсете алмай отыр, кейіннен шыққан теориялар оның өзі бірнеше боліктерден тұрады деп айтылып жүрді. Бұл Зенон антиномиясына сәйкес келіп тұр.

6 - билет

  1. Экзистенциализмнің негізгі принциптері мен бағыттары.

ХХ ғ идеалистік ф\ң басты үш бағытының бірі – экзистенциализм. Бірақ бұл субьективті идеализмге жатады.ХIХ ғ пайда болған антропологиялық фил\ң абстрактілі , жалпылық диктатынан бас тартуы, нақты адамның өміріне жалпы алғанда жаңында құптарлық , болашағы зор бағыт. ХХ ғ бұл бағыт экзистенциализмде өз дамуын тапты.Оның мақсаты классикалық мән философиясын адамның өмір сүру философиясымен алмастыру болды. Өкілдері: Н. Бердяев, А.И.Шестов, К.Ясперс, М.Хайдеггер, Ж.П Сартр, А. Камю, Г. Марсель. Экзистенциализмнің басты категориялары: жалғыздық, жаттандылық, үрей, жауапкершілік, ажал т.б. , мақсаты - адамның мәндік сипатын ,оның қайғылы дәрменсіз жағдайын ескере отырып, оған рақымшылық , кешірім жасау. Адамда өмір сүру оның мәнінен бұрын , ал жануарлар мен өсімдіктерде бұған керісінше болады дейді, философия өкілдері. Сартр былай дейді: «Ұста пышақ жасайды, бірақ оның мәні пышақтан бұрын пайда болады». Адам туғаннан кейің адамдық мәнге ие болғанша , ең алдымен оның өмір сүруі қажет. К. Ясперстің пікірінше , « Өлім ,қиналу, үрей, айыптылық, уайым, күрес, рухани ауру адамның өмір шектеріне жатады. Тек осы минуттарда ғана адам өзінің нағыз өмір сүруін ұғынады, ал кәдуілгі уақытта олар кәдімгі болмыстың күнделікті ,тікелей болуы арқылы жасырцынып жатады.Экз\ді де дүниеге әкелген осы қауіп - қатерлі жағдайлар. Бұл фил\ң ХХ ғ\ң 20- жылдарында дүниеге келуі де кездейсоқ емес. Ол дүниежүзілік 1 – ші империалистік соғыстың зардабын шеккен , мүгедек, жетім жесірлердің қайғысынан туындаған. Осы қасіретті қайғы мен уайым экз\нен жұбаныш тапты. Экз\м ең біріншіден индивидуалды адам өмір сүруінің шынайлығына мазасызданады. Ол еркіндікті табиғилықтан да, барлық тұлғасыз күштерден де іздейді. Алдыңғы орынға сезім , бірақ жай ғана сезім емес, сезіну, алаңдау, мазасыздану үдерісі шығады.

Соседние файлы в папке Философия шпор